Тест: Психиатрия


Список вопросов


1. Шизофрения кезінде байқалады:

1) Деменция лакунарлы
2) Делириоздық синдром
3) Синдром саңыраулық
4) Амбулаторлық автоматизм
5) Психикалық автоматизм

2. Елестік сезім, айналадағы әлемнің жалғандығы бұл:

1) Көру галлюцинациясы
2) Ойдан кетпеу
3) Метоморфопсия
4) Инсценировка сандырағы
5) Дереализация

3. Эпилепсия кезіндегі ойлау қандай болады:

1) Дұрыс жауап жоқ
2) Тығыз
3) Ешбірі
4) Жеделдетілген
5) Шашыраңқы

4. Ұстамаға қарсы препараттарға төмендегілердің барлығы жатады, біреуінен басқа:

1) Дұрыс жауап жоқ
2) гексамидин
3) рисполепт
4) дифенин
5) карбамазепин

5. Эпилептикалық статус - сипатталады:

1) бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады
2) Дұрыс жауап жоқ
3) қысқауақыттылықпен
4) үздіксіз бір-бірінен кейін кезектесетін эпилептикалық ұстамалар топтамасы
5) науқастың ұзақ уақыт комада, сопорда немесе сөнуде болуы

6. Шизофрения кезінде байқалады:

1) Дұрыс жауап жоқ
2) амбулаторлы автоматизм
3) кататониялық ступор
4) аура
5) абсанс

7. Эпилепсия кезіндегі мынадай қорқынышты көру галлюцинациялар болады:

1) Дұрыс жауап жоқ
2) акинетикалық ұстамаларда
3) сананың қарауытқан жағдайында
4) сомнамбулизмде
5) абсанс кезінде

8. Шизофрения үшін танымдық әрекет бұзылысының мына түрі тән емес:

1) неологизмдердің
2) сандырақтың
3) жалған галлюцинациялардың
4) ойлау пысықталуының
5) Дұрыс жауап жоқ

9. Заманауи клиникалық тәжірибеде шизофренияның қай типі жиі кездеседі?:

1) параноидты
2) Дұрыс жауап жоқ
3) шизоаффективті тип
4) гебефрениялық
5) кататониялық

10. Шизофрения кезінде мына синдром байқалады:

1) апато-абулиялық
2) дисмнестикалық
3) психоорганикалық
4) Корсаков синдромы

11. Эмоциялық симптомдарға қайсысы жатады

1) Галлюцинация
2) Сенестопия
3) Гиперстезия
4) Эйфория
5) Гипестезия

12. Сенсопатиялық симптомдарға қайсысы жатады

1) Енжарлық
2) Галлюцинация
3) Дисфория
4) Дистимия
5) Эйфория

13. Психиатрия

1) балалар ауруларын зерттейтін пән
2) ісік ауруларының пайда болу себебтерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап зерттейтін пән
3) медицинананың негізінен операция жасау арқылы емделетін ауруларды зерттейтін пән
4) Психикалық аурулардың көріністерін, этиологиясымен патогенезин қарастыратын ғылым
5) организм мен оның жеке жүйелері, органдары, тіндері мен клеткалары қызметтерін зерттейтін пән

14. Патологиялық аффект дегеніміз - ... .

1) психотравманың әсерінен сананың бұлыңғырлауымен жүретін қимыл әрекет бұзылысы
2) эмоция әлсіздігі
3) көңілді-күйінің қанағатсыздықпен жүретін төмендеуі
4) психотравманың әсерінен сананың бұзылыссыз жүретін қимыл әрекет бұзылысы
5) көңіл-күйдің жоғарлауымен жүретін қимыл әрекетінің шапшаңдауы

15. Гипертимиялық бұзылыстарға ... жатпайды.

1) экстаз
2) эйфория
3) мания
4) гиперкинезия
5) мория

16. Дисфория дегеніміз ... .

1) көңіл-күйдің өзгеруі
2) қорқыныш пен күдіктің қатар жүретін жағдайы
3) агрессия мен ызақорлық қатар жүретін жағдай
4) үрейлену
5) көңіл-күйдің төмендеуі

17. Науқас өзінің жақын адамдарына деген жанашырлық пен махаббатын жоғалтқан кезін ... дейді.

1) депрессия
2) эмоциональды тұрақсыздық
3) эмоционалдық топастық
4) апатия
5) эмоционалды сәйкессіздік

18. Есте сақтау қабілетінің өткен шақтағыларын ұмытуын ...дейді .

1) фиксациялық амнезия
2) гипомнезия
3) прогрессиялық амнезия
4) антероградтты амнезия
5) ретроградтты амнезия

19. Амнезия ... тән емес.

1) интоксикацияға
2) ми қан тамырының ауруларына
3) мидың атрофиялық процесстеріне
4) сана бұзылысына
5) шизофренияға

20. Науқас өткен уақытпен өмір сүруі ... деп аталады.

1) эхомнезия
2) криптомнезия
3) конфабуляция
4) прогрессиялық амнезия
5) амнезия

21. Фиксациялық амнезия ... синдромына жатады.

1) делириозды
2) маникальды
3) депрессивтiк
4) астениялық
5) Корсаков

22. Патология жағдайында туылып, түзетуге келмейтін қате пікірлерді ... деп атаймыз.

1) жабысқақ идеялар
2) аса бағалы идеялар
3) жалған ойлар
4) сандырақ
5) иллюзия

23. Сананың психикалық патологиясына ... жатпайды .

1) обнубиляция
2) сананың қарауытып бұзылуы
3) делирий
4) онейроид
5) сопор

24. Психиатриялық ауруханада жедел емдеудi ... қажет етпейдi.

1) өзiне-өзi қол жұмсау
2) психомоторлық қозу
3) истериялық невроз
4) эпилептикалық статус
5) сананың қарауытқан бұзылуы

25. Кенет психозақымнан туындайтын ступорды - ... дейміз.

1) гебефреникалық синдром
2) кататоникалық
3) депрессивті
4) психогенді
5) апатикалық

26. Психиатриялық және наркологиялық күндiзгi ауруханаларда ... емдiк жәрдем көрсетуге болмайды.

1) емделем деген ойы бар маскүнемдiктiң І- стадиясы
2) эпилептикалық статустарды
3) шизофрения, баяу өтетiн түрiн
4) астено-ипохондриялық белгiсi бар ауруларды
5) жарақаттық церебрастениямен ауруларын

27. Учаскелiк психиатрдың мiндетiне ... жатпайды.

1) диспансеризация есебiне алу
2) профилактикалық жұмыс жүргізу
3) амбулаториялық емдеу
4) диагноз қою
5) соттық-психиатриялық сараптау

28. Психиатриялық ауруханада жедел емдеудi ... қажет етпейдi.

1) эпилептикалық статус
2) өзiне-өзi қол жұмсау
3) психомоторлық қозу
4) сананың қарауытқан бұзылуы
5) истериялық невроз

29. Психиатриялық ауруханалардың мiндетiне...кiрмейдi.

1) ауруханада емдiк жәрдем көрсету
2) психикалық ауруларды емдеу және әлеуметтiк қалпына келтiру шараларын жүргізу
3) соттық-психиатриялық, медициналық-әлеуметтік сараптау жүргiзу
4) жедел бас жарақатының емдеу
5) тұрғындар ортасында алдын-алу және санитарлық ағарту жұмыстарын жүргiзу

30. Жедел психоз кезiнде емдеу шаралары... жүргiзiледi.

1) үйде
2) емханада
3) ауруханада
4) күндiзгi ауруханада
5) санаторийлерде

31. Психикалық ауруларды зерттеудiң генетикалық әдiсiне... жатады.

1) иммунологиялық
2) биохимиялық
3) психологиялық
4) ассоциативтi-эксперименттiк
5) егiздiк

32. Қабылдау процессінің төмендеуiн ... деп атайды.

1) анестезия
2) агнозия
3) гипестезия
4) парестезия
5) гиперестезия

33. Функциональді галлюцинация дегеніміз ... .

1) галлюцинациялық бейне көру аймағында орналасады
2) көзді жұмған кезде көрінетін галлюцинациялар
3) тітіркендіргіш бар кезде галлюцинациялар болып, жоқ кезінде олардың болмауы
4) гигрикалық галлюцинациялар
5) сендірілген галлюцинациялар

34. Сенестопатия ... сирек кездесетін дерт.

1) шизофренияда
2) ми тамырларының ауруларында
3) ипохондриялық невроздарда
4) реактивтi галлюцинозда
5) соматогендiк психикалық бұзылыстарда

35. Қарапайым көру галлюцинацияларды ... дейдi.

1) рефлекторлы галлюцинациялар
2) гипнопомпикалық галлюцинациялар
3) фотопсия
4) вербальды галлюцинациялар
5) парейдолиялық галлюцинациялар

36. Липман симптомында ... галлюцинациялар кездеседі.

1) дұрыс жауап жоқ
2) гипногогикалық
3) Гипнопомпикалық есту
4) функциональді
5) енгізілген

37. Дене схемасының бұзылуы ... кездеседі.

1) сана патологиясында
2) сенестопатияларда
3) галлюцинацияларда
4) психосенсорлық бұзылыстарда
5) иллюзияларда

38. Шынайы көру елестеушiлiгi ... жағдайларында жиi кездеседi.

1) эпилепсия
2) алкогольдi галлюциноз
3) реактивтi психоздар
4) алкоголдiк делирий
5) шизофрения

39. Асқазанның ішінде «тірі нәрселердің» барын ... дейміз.

1) сенестопатиялар
2) висцеральді галлюцинациялар
3) шынайы галлюцинациялар
4) иллюзиялар
5) аутометаморфопсиялар

40. Қоршаған айналаны анық емес, бұлыңғыр сияқты қабылдауды ... дейміз.

1) иллюзия
2) амнезия
3) дереализация
4) метаморфопсия
5) бағыт – бағдарсыздану

41. Шынай галлюцинацияның белгісіне ... жатады.

1) анықтығы мен айқындығы
2) галлюцинациялар басының ішінде орналасуы
3) психикалық «өзіндігіне» әсерленуі
4) науқас өз жағдайын түсініп саналы түрде бағалауы
5) жасанды болуы

42. Иллюзия дегеніміз ... .

1) шын затты қате, жалған қабылдау
2) қате ойлау
3) бас iшiнде бейнелердi көру
4) аяқ-қолының үлкейгендiгiн сезіну
5) жоқ затты қабылдау

43. Сөздiң грамматикалық құрылымы өзгермегенімен оның мағыналық мазмұнының жоқтығы ... деп аталады.

1) үзiлгендiк
2) паралогия
3) амбиваленттік
4) резонерлік
5) байланыссыздық

44. Сандырақ белгілеріне ... жатпайды.

1) логикалық коррекциялаудың мүмкін еместігі
2) сандырақ ойының дұрыстығына сенуі
3) ойдың жабысқақтығы
4) ойының дерттік салдарынан түзілуі
5) ойдың патологиялық мазмұны

45. Жалпы дәрiгерлік салада жиi қездесетін сандырақты ... деп атайды.

1) дiни
2) ипохондриялық
3) аңду
4) улану
5) әсер ету

46. Біріншілік сандыраққа ... жатпайды.

1) өзін-өзі кінәлау сандырағы
2) қызғаныш сандырағы
3) текті сандырақ
4) жаңалық табу сандырағы
5) реформаторлық сандырақ

47. «Ашықтық ой» симптомы ... болып табылады.

1) паранояльдік синдром
2) психикалық автоматизмнің сенестопатиялық компоненті
3) Корсаков синдромы
4) психикалық автоматизмнің моторлық компоненті
5) психикалық автоматизмнің идеаторлық компоненті

48. Паранойяльдық сандырақ кезiнде ... байқалмайды.

1) өзiнiң дұрыстығына жаңа дәлелдер iздеуі
2) галлюцинациялар қосыла жүруi
3) логикалық түзетудiң мүмкiнсiздiгi
4) басқа психопатологиялық симптоматиканың жоқтығы
5) «дәлелдердiң» бiр жүйелiлiгi

49. Ойлау бұзылыс кезінде ерекше мән беруді ... ойлау дейміз.

1) символикалық
2) резонерлық
3) паралогикалық
4) инкогеренттік
5) амбиваленттілік

50. Қызғаныш сандырағы көбіне.... кезінде кездеседі.

1) маникальды-депрессивтiк психоз
2) кәрiлiк деменция
3) инволюциялық психоз
4) наркоманиялық
5) маскүнемдiк