Тест: Қазақ әдебиеті


Список вопросов


1. «Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік...» ,- деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынған, белгілеңіз.

1) «Ереуіл атқа ер салмай»
2) «Беркініп садақ асынбай»
3) «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны»
4) «Қызғыш құс»
5) «Әй, Махамбат жолдасым»

2. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

1) «Өнер – білім бар жұрттар»
2) «Ғылым таппай мақтанба»
3) «Әке мен бала»
4) «Өлең – сөздің патшасы»
5) «Қыпшақ Сейітқұл»

3. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.

1) «Жетісу суреттері».
2) «Жұртыма».
3) «Аққу, шортан һәм шаян».
4) «Пайғамбар».
5) «Сағындым».

4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.

1) Күйші.
2) Қарашаш.
3) Мәмбет.
4) Мардан.
5) Ақан сері.

5. С. Мұқановтың қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесін танытқан өлеңін табыңыз.

1) «Майға сәлем!».
2) «Кедей баласы».
3) «Шоқпыттың шаруасы».
4) «Сүт заводы».
5) «Балқаш».

6. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.

1) С.Сараи.
2) М.Қашқари.
3) Ж.Баласағұн.
4) А.Яссауи.
5) Қорқыт.

7. Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиетінің түрін белгілеңіз.

1) Айтыс.
2) Тұрмыс-салт жыры.
3) Наурыз жыры.
4) Ертегі.
5) Мысал.

8. Асанның: ’’Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

1) Жер мәселесі.
2) Достық.
3) Қамқорлық.
4) Кешірімділік.
5) Дәстүр, салт мәселесі.

9. А.Құнанбаевтың «Аттың сыны» өлеңінен байқалатын ерекшелікті табыңыз.

1) Шебер ақындығының үстіне, білгір саятшы, сыншылығы көзге түседі.
2) Шебер ақындығы байқалады.
3) Суретшілігі анық көрінеді.
4) Шыншыл, реалистігі сезіледі.
5) Қазақ тіршілігін терең білетіні көрінеді.

10. ’’Қалың мал’’ романында: ’’Байдың қатыны өлсе,- төсегі жаңғырар, кедейдің қатыны өлсе,- басы қаңғырар’’ дегендей, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, мал берсең, қызын біреу өзі-ақ әкеп тастар,’’- деп жұбату айтушы кім екенін белгілеңіз.

1) Серғазы.
2) Қарағұл.
3) Итбай.
4) Амантай.
5) Ауыл ақсақалдары.

11. С.Сейфуллиннің Қазан қаласындағы «Матбуғат Кәримия» баспасында басылған жинағын табыңыз.

1) «Қызыл ат».
2) «Домбыра».
3) «Экспресс».
4) «Асау тұлпар».
5) «Өткен күндер».

12. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі – құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.

1) «Мен таулықпын».
2) «Қара өлең».
3) «Поэзия».
4) «Фантазия».
5) «Анау – аспан, мынау – бақ».

13. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.

1) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.
2) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.
3) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.
4) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.
5) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін образдар.

14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.

1) Т.Айбергенов.
2) Қ.Мырзалиев.
3) Т.Молдағалиев.
4) М.Шаханов.
5) А.Бақтыгереева.

15. ’’Қаңбақ шал’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін табыңыз. - Кел, жердің ішек- қарынын шығарайық.

1) 2- дәу.
2) Түлкі.
3) Шал.
4) Кемпір.
5) 1- дәу.

16. ’’Алпамыс батыр’’ жырындағы қалмақ батырын табыңыз.

1) Тайшық.
2) Ұлтан.
3) Кейқуат.
4) Қараман.
5) Қартқожақ.

17. Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жырын көрсетіңіз.

1) «Қыз Жібек».
2) «Күлше қыз».
3) «Мақпал мен Сегіз».
4) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».
5) «Айман-Шолпан».

18. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.

1) Өзінің кәсібі.
2) Өлеңдерін тарату.
3) Саяхат жасау.
4) Шұрайлы жер іздеу.
5) Игі жақсыларды жинау.

19. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз.

1) 1706-1778 жж.
2) 1670-1730 жж.
3) 1675-1768 жж.
4) 1668-1781 жж.
5) 1465-1560 жж.

20. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.

1) Қысқы ауыл суреті әсер еткен
2) Естіген хикаясы себеп болған.
3) Өз басынан өткен.
4) Жазушы қиялынан туған.
5) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.

21. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз. Аққу ұшып көлге кетті. Сұңқар ұшып шөлге кетті. Ол адасып кеткен жоқ Әркім барар жөнге кетті.

1) Жар - жар.
2) Естірту.
3) Беташар.
4) Сыңсу.
5) Той бастар.

22. Махамбет Өтемісұлының «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңі кімге арналғанын табыңыз.

1) Жәңгір ханға
2) Баймағамбетке
3) Қарауылқожаға
4) Исатайға
5) Туған жеріне

23. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.

1) Ы.Алтынсарин.
2) Ш.Уәлиханов.
3) А.Байтұрсынов.
4) М.Дулатов.
5) Ә.Бөкейханов.

24. Бейімбет Майлиннің қоғамдық маңызы үлкен әлеуметтік мәселелерді қозғайтын поэмасын белгілеңіз.

1) «Жазғы қалып»
2) «Көңіл айту».
3) «Кемпірдің ертегісі».
4) «Ауылда».
5) «Байдың қызы».

25. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын көрсетіңіз.

1) Кедейлердің аянышты халі.
2) Білім, өнер.
3) Достық.
4) Табиғат, жер.
5) Адамгершілік қасиет.

26. Ер Төстіктің қалыңдығының атын табыңыз.

1) Құртқа.
2) Кенжекей.
3) Қаракөзайым.
4) Назым.
5) Гүлбаршын.

27. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел, саналы қыз образын белгілеңіз.

1) Баян сұлу
2) Айман
3) Сұлушаш
4) Шолпан
5) Қамар сұлу

28. ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.

1) Шалкиіз.
2) Доспамбет.
3) Махамбет.
4) Жиембет.
5) Асан қайғы.

29. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз.

1) Баймағанбет.
2) Орынбай.
3) Қанай.
4) Жарылғас.
5) Жайнақ.

30. Дулат Бабатайұлының туған жылын табыңыз.

1) 1892 ж.
2) 1835 ж.
3) 1874 ж.
4) 1904 ж.
5) 1802 ж.

31. Aбайдың қай қара сөзі тек афоризмдерден тұратынын анықтаңыз.

1) Үшінші.
2) Он тоғызыншы.
3) Отыз жетінші.
4) Он бесінші.
5) Бесінші.

32. Алдар Көсенің шайтанды алдауына арналған аңыздарды сюжеті мен құрылысы жағынан әңгіменің қандай түріне жатқызуға болатынын көрсетіңіз.

1) Қорқынышты әңгіме.
2) Діни әңгіме.
3) Қайғылы әңгіме.
4) Шытырман оқиғалы.
5) Күлдіргі әңгіме.

33. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.

1) Бейне өлең.
2) Баллада.
3) Ән өлең.
4) Қара өлең.
5) Эпиграмма, арнау жырлары.

34. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.

1) Есім хан.
2) Қасым хан.
3) Абылай хан.
4) Жәңгір хан.
5) Тәуке хан.

35. Ы.Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз.

1) «Кел, балалар, оқылық!»
2) «Таза бұлақ»
3) «Асыл шөп»
4) «Қыпшақ Сейітқұл»
5) «Өнер-білім бар жұрттар»

36. "Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам". А.Байтұрсынов осы жолдарды жазуға мәжбүр болған себебін анықтаңыз.

1) Оқуға еріксіздігі.
2) Әкесінің ұсталуы.
3) Ел мұңы.
4) Кедейлік.
5) Ғашықтық.

37. Сұлтанмахмұттың балалық шағы өткен жерді табыңыз.

1) Ақтөбе.
2) Көкшетау.
3) Атырау.
4) Өскемен.
5) Павлодар.

38. Шортанбай Қанайұлының төмендегі өлең тармақтарында не айтылғанын анықтаңыз: Бай кедейді көрмейді, Кедей байға ермейді. Қызметін бір күн қылмаса, Майлы сорпа бермейді.

1) Қазақ аулындағы тап жігінің ашылғандығы.
2) Табиғаттың тамаша көрінісі.
3) Бостандықтың туғандығы.
4) Өнер, оқу, білім.
5) Әйелдер теңсіздігі

39. Бенжамен Матиптің ²Қазақ - неткен ғажайып халық² деген пікірі қай шығарманы оқығаннан кейін туындағанын көрсетіңіз.

1) Ғ.Мүсірепов ²Қазақ солдаты².
2) С.Мұқанов ²Ботагөз².
3) М.Әуезов ²Қилы заман².
4) Ғ.Мұстафин ²Миллионер².
5) М.Әуезов ²Абай жолы².

40. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз.

1) Балалары туған жерге кетіп қалған.
2) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған.
3) Балалары жоқ адам.
4) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген.
5) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен.

41. Абай: “Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз.

1) Мағауияға.
2) Әбдірахманға.
3) Құнанбайға.
4) Оспанға.
5) Ақылбайға.

42. Шәкәрімнің музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әнін табыңыз.

1) «Жастарға».
2) «Бостандық туы жарқырап».
3) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек».
4) «Ақындарға».
5) «Дүние мен өмір».

43. Міржақып Дулатов Түркістан республикасының «Ақ жол» газетіне қай жылдары қызметте болғанын белгілеңіз.

1) 1925 ж.
2) 1927 ж.
3) 1926 ж.
4) 1930 ж.
5) 1920 ж.

44. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.

1) Орыс, қарашай.
2) Ұйғыр, тәжік, чуваш.
3) Татар, қырғыз, өзбек.
4) Түрік, құмық.
5) Қарақалпақ, араб.

45. ’’Алдар Көсе’’ аңызында майдың орнына қандай зат салынатынын анықтаңыз.

1) Сүйек.
2) Тулақ.
3) Ет.
4) Тезек.
5) Құрт.

46. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.

1) Мәлік Ғабдуллин.
2) Қасым Қайсенов.
3) Бауыржан Момышұлы.
4) Талғат Бигелдинов.
5) Рахымжан Қошқарбаев.

47. ’’Жас жүрек’’ (1917 ж.) кімнің өлеңі екенін белгілеңіз.

1) М.Сералин.
2) С.Торайғыров.
3) С.Дөнентаев.
4) М.Әуезов.
5) С.Көбеев.

48. Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.

1) «Этнографиялық әңгіме.»
2) «Кездеспей кеткен бір бейне».
3) «Боранды түнде».
4) «Ананың анасы».
5) «Боранда».

49. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнектің атауын табыңыз.

1) Синтаксистік параллелизм.
2) Интонация.
3) Теңеу.
4) Саз.
5) Ырғақ.

50. Жерге қарай мал бітіп, Малға қарай құт болмақ. Қонысынан мал тайса, Құты кетіп жұт болмақ, - деген кім, табыңыз.

1) Шортанбай
2) Мұрат
3) Төле би
4) Дулат
5) Әйтеке би