Тест: Анатомия


Список вопросов


1. І мойын омыртқасының ерекшеліктері:

1) басы, құрығы, денесі
2) денесі, ұштары бар
3) арқа өсінділері ұзын
4) қабырғалық шұңқыршалары бар
5) денесі жоқ, алдыңғы және артқы доғалардан тұрады

2. VІІ мойын омыртқасының ерекшелігі:

1) арқа өсіндісінің болмауы
2) ұзын арқа өсіндісінің болуы
3) көлденең өсіндісінің болмауы
4) |қысқа арқа өсіндісінің болуы
5) тісті өсіндісінің болуы

3. ІІ мойын омыртқасының ерекшелігі:

1) біз тәрізді өсіндісі бар
2) қосымша өсіндісі бар
3) еміздікше өсіндісі бар
4) тісті өсіндісі бар
5) қанатша өсіндісі бар

4. Төстің бөлімдері:

1) тұтқасы, денесі, семсер тәрізді өсіндісі
2) тұтқасы, денесі, тісті өсіндісі
3) денесі, бүйірлі массалары
4) тұтқасы, денесі, құс тұмсық тәрізді өсіндісі.
5) денесі, құйрығы, тұтқасы

5. Бұғананың ұштары:

1) төстік, құс тұмсықтық
2) төстік, акромиалды
3) жоғарғы, төменгі
4) құс тұмсықтық, иықтық
5) алдыңғы, артқы

6. Жауырынның өсінділері:

1) құстұмсықты, акромиальді
2) жоғарғы, төменгі
3) тәждік, шынтақтық
4) алдыңғы, артқы
5) қабырғалық, төстік

7. Қол басы бөлімдері:

1) тілерсек, табан, саусақ бунақтары
2) білезік, табан, тілерсек
3) алақан, табан, саусақ бунақтары.
4) білезік, алақан, саусақ бунақтары
5) білезік, тілерсек, саусақ бунақтары

8. Жамбас сүйекті түзетін сүйектер:

1) шат, сегізкөз,шонданай
2) мықын, шат, шонданай
3) сегізкөз, шат, ортан жілік
4) сегізкөз, мықын, шонданай
5) шат, ортан жілік, шонданай

9. Сегізкөздің бүйірлі бөлімінің буындық беті:

1) самайлық
2) құлақшалық
3) қосымшалық
4) ұйқылық
5) қабырғалық

10. Көлденең сызықтар сегізкөздің … бетінде орналасқан.

1) жоғарғы
2) төменгі
3) ұяшықты
4) артқы
5) алдыңғы

11. Қырқалар сегізкөздің ... бетінде орналасады.

1) жоғарғы
2) медиальды
3) төменгі
4) артқы
5) алдыңғы

12. Аяқ басының бөлімдері:

1) білезік, алақан, саусақ бунақтары
2) тілерсек, білезік, башпай бунақтары
3) тілерсек, алақан, саусақ бунақтары
4) алақан, табан, башпай бунақтары
5) тілерсек, табан, башпай бунақтары

13. Иық белдеуінің сүйегі:

1) шынтақ жілік
2) кәрі жілік
3) төс
4) тоқпан жілік
5) жауырын

14. Жауырынның буындық ойысында ... орналасады.

1) акромион
2) латералдық бұрыш
3) төменгі бұрыш
4) құстұмсықтәрізді өсінді
5) жоғары бұрыш

15. Жауырын қылқаны жауырынның ... орналасады.

1) жоғары бұрышында
2) латералді бұрышында
3) төменгі бұрышында
4) артқы бетінде
5) қабырғалық бетінде

16. Иықтық (акромион) және құстұмсықтәрізді өсінділері бар сүйек:

1) жауырын
2) кәрі жілік
3) тоқпан жілік
4) шынтақ жілік
5) төс

17. Екі мойны бар сүйек:

1) тоқпан жілік
2) шынтақ жілік
3) кәрі жілік
4) асықты жілік
5) ортан жілік

18. Қол ұшының (басының) бөлімі:

1) білезік
2) толарсақ
3) апофиз
4) аяқ бақайшықтары
5) тілерсек

19. Аяқ ұшының (басының) бөлімі:

1) білезік
2) метафиз
3) толарсақ
4) қол ұшы сүйектері
5) тілерсек

20. Мықын, шонданай және қасаға сүйектері бітесіп, жамбас сүйекке ... қосылады.

1) қасағалық қырда
2) симфиз аймағында
3) бұдырмақ аймағында
4) ұршық ойығында
5) құлақтәріздес бетте

21. Омыртқа өсіндісі:

1) тәждік өсінді
2) құстұмсықтәрізді өсінді
3) иық өсіндісі (акромион)
4) бізтәрізді өсінді
5) қылқанды өсінді

22. Мойын омыртқаларына тән анатомиялық құрылымдар:

1) емізіктәрізді өсінді
2) көлденең өсінділеріндегі тесік
3) бізтәрізді өсінді
4) тәждік өсінді
5) қабырғалық шұңқырлар

23. Омыртқа бағанасында мүйіс ... орналасқан.

1) V-бел омыртқасының сегізкөзбен қосылған жерінде
2) V-бел омыртқа денесінің тұсында
3) сегізкөз омыртқасы деңгейінде
4) ІІІ және IV бел омыртқаларының арасында
5) IV және V-бел омыртқаларының қосылған жерінде

24. Сегізкөздің құлақтәрізді буындық беті … орналасқан.

1) дорсалды бетінде
2) сегізкөз ұшында
3) жамбастық бетінде
4) сегізкөз негізінде
5) латералды бөлігінде

25. Қылқанды өсіндісі екіге айырылған және көлденең өсіндісінде тесігі бар омыртқа:

1) қатардағы кеуде омыртқасы
2) бірінші кеуде омыртқасы
3) мойын омыртқасы
4) жетінші мойын омыртқасы
5) ауыз омыртқа (атлант)

26. Иық белдеуінің сүйектері:

1) кәрі жілік
2) жауырын
3) І-кеуде омыртқасы
4) шынтақ жілік
5) бірінші қабырға

27. Сегізкөздің тақ қыры … құралған.

1) көлденең өсінділерінің бітісуінен
2) буындық өсінділерінің бітісуінен
3) сегізкөздік мүйізшелерден
4) денелерінің бітісуінен
5) қылқанды өсінділердің бітісуінен

28. Бассүйек күмбезінің анатомиялық құрылымдары:

1) шеке сүйектері
2) шүйде сүйектің негізгі бөлігі
3) сынатәрізді сүйектің кіші қанаттары
4) сынатәрізді сүйектің үлкен қанаттары
5) түрік ертоқымы

29. Жұтқыншақтық төмпешік мисауытының …сүйегінде орналасқан.

1) самай
2) сынатәрізді
3) шүйде
4) маңдай
5) шеке

30. Мисауытының … сүйегінде үлкен және кіші қанаттар орналасқан.

1) сынатәрізді
2) самай
3) шүйде
4) шеке
5) маңдай

31. Мисауытындағы …сүйекте гипофизарлық шұңқыр орналасқан.

1) маңдай
2) сынатәрізді
3) шүйде
4) самай
5) торлы сүйек

32. Жоғарғы жақсүйек қойнауы … ашылады

1) мұрын-көзжас өзегіне
2) жоғарғы мұрын жолына
3) сына-таңдай шұңқырына
4) ортаңғы мұрын жолына
5) төменгі мұрын жолына

33. Шынтақ буынында жасалатын қозғалыстар:

1) әкету, бүгу
2) бүгу, жазу
3) бүгу, бұру
4) әкету, әкелу
5) бүгу, айналдыру

34. Тізе буынының буын қуысы ішінде орналасқан байламдар:

1) қысқа
2) доға тәрізді
3) қиғаш
4) ұзын
5) крест тәрізді

35. Шынтақ буынының пішіні:

1) жалпақ
2) шығыр тәрізді
3) цилиндр тәрізді
4) шар тәрізді
5) айдаршық

36. Жіктер байланыстардың … түріне жатады.

1) синэластоз
2) синхондроз
3) симфиз
4) синостоз
5) cиндесмоз

37. Жамбас буынының пішіні:

1) шығыр тәрізді
2) элипс тәрізді
3) цилиндр тәрізді
4) тостағанша тәрізді
5) жалпақ

38. Шат сүйектердің арасындағы байланыс түрі:

1) диартроз
2) синдесмоз
3) синостоз
4) синхондроз
5) симфиз

39. Сүйектер арасында дәнекер тін орналасқан қосылыс:

1) синостоз
2) синдесмоз
3) гемиартроз
4) синхондроз
5) диартроз

40. Сүйектер арасында шеміршек тін орналасқан қосылыс:

1) синдесмоз
2) синхондроз
3) диартроз
4) синостоз
5) гемиартроз

41. Сүйектер арасында сүйектік тін орналасқан қосылыс:

1) синхондроз
2) гемиартроз
3) диартроз
4) синостоз
5) синдесмоз

42. Үш және одан да көп буындық беттері бар буын:

1) қарапайым
2) үйлесімді
3) күрделі
4) жартылай буын
5) кешенді

43. Сирақ-асық буынын құруға ... қатысады.

1) қайықтәрізді сүйек
2) өкше сүйек
3) шаршытәрізді сүйек
4) медиалды сынатәрізді сүйек
5) асықты жілік

44. Иық буыны қызметі бойынша:

1) амфиартроз
2) екі білікті
3) гемиартроз
4) көп білікті
5) бір білікті

45. Кеуденің беткей бұлшықеті:

1) ішкі қабырғааралық
2) үлкен кеуде
3) сыртқы қабырғааралық
4) көкет
5) қабырғаасты

46. Санның алдыңғы топ бұлшықетіне ... бұлшықет жатады.

1) жартылай жарғақты
2) екібасты
3) үшбасты
4) жартылай сіңірлі
5) төртбасты

47. Иықтың алдыңғы топ бұлшықетіне ... бұлшықет жатады.

1) төртбасты
2) екібасты
3) жұмыр пронатор
4) шынтақтық
5) үшбасты

48. Көздің айналасында радиарлы орналасқан қатпарлар түзетін бұлшықет:

1) самайлық
2) медиалді қанаттәрізді
3) үлкен бетсүйектік бұлшықет
4) латералдық қанаттәрізді
5) көздің дөңгелек бұлшықеті

49. Ымдау бұлшықеті:

1) самайлық
2) ромбтәрізді
3) жоғарғы ерінді көтеретін
4) пирамидалық
5) трапециялық

50. Мимикалық бұлшықеттердің ерекшелігі:

1) бүгуге қатысады
2) сүйектерден басталып, сүйектерге бекиді
3) жазуға қатысады
4) теріге бекиді
5) жұтуға қатысады