Тест: ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ


Список вопросов


1. Науқасты сұрастыру үлгісін ұсынған, осы әдісті өнер деңгейіне дейін жеткізген терапевт – ғалым …

1) Р. Лаеннек.
2) Эйнтховен.
3) Л. Ауэнбруггер.
4) Г. А. Захарьин
5) Куссмауль.

2. Перкуссия әдісін ұсынған ...

1) Куссмауль.
2) Л. Ауэнбруггер
3) Эйнтховен.
4) Р. Лаеннек.
5) Г.А. Захарьин.

3. Аускультация әдісін ұсынған ...

1) Г.А. Захарьин.
2) Эйнтховен.
3) Р. Лаэннек
4) Куссмауль.
5) Л. Ауэнбруггер.

4. Асқазанды зондтау әдісін ұсынған ғалым ...

1) Куссмауль
2) Эйнтховен.
3) Р. Лаэннек.
4) Л. Ауэнбруггер.
5) Г.А. Захарьин.

5. ЭКГ құралын ұсынған ғалым – физиолог ...

1) Л. Ауэнбруггер.
2) Г.А. Захарьин.
3) Куссмауль.
4) Р. Лаеннек.
5) Эйнтховен

6. Россияда алғашқы рет ауру тарихын кеңінен енгізген атақты орыс терапевті ...

1) С.П. Боткин.
2) Василенко.
3) М.Я. Мудров
4) С.С. Зимницкий.
5) Г.А. Захарьин.

7. Науқасты тексерудің субъективті әдісі:

1) аускультация
2) сұрастыру
3) перкуссия
4) қарау
5) пальпация

8. Науқастың өмір анамнезіндегі ең маңызы төмен мәлімет:

1) ауа райы
2) ауырған аурулары
3) еңбек және тұрмыс жағдайы.
4) зиянды әдеттері
5) жанұялық жағдайы

9. Науқастың ауру тарихы ... құжат болып табылады.

1) статистикалық, демографиялық
2) фармацевтикалық, статистикалық
3) медициналық, заңдылық
4) қаржылық, ақпараттық
5) экологиялық, заңдылық

10. Науқасты тексерудің объективті әдісіне ... жатпайды.

1) сұрастыру
2) қарау
3) перкуссия
4) аускультация
5) пальпация

11. Туа біткен ауруларды анықтауда ... маңызы зор.

1) тұрмыстық жағдайларын анықтаудың
2) эпидемиологиялық анамнезін жинаудың
3) зиянды еңбек жағдайын анықтаудың
4) жанұялық-тұқым қуалаушылық анамнезін жинаудың
5) аллергологиялық анамнезін жинаудың

12. Жіті жұқпалы ауруларды анықтауда ... маңызы зор.

1) аллергологиялық анамнезін жинаудың
2) тұрмыстық жағдайларын анықтаудың
3) зиянды еңбек жағдайын анықтаудың
4) жанұялық-тұқым қуалаушылық анамнезін жинаудың
5) эпидемиологиялық анамнезін жинаудың

13. ... асқазан, ұлтабардың ауруларын анықтауда мәні жоғары анамнездік дерек.

1) Басынан кешкен ауруларды және жұқпалы ауруларды анықтау
2) Зиянды әдеттерін, жұмыс жағдайын анықтау
3) Тамақтану сипатын және тәртібін, тамақтану жағдайларын анықтау
4) Аллергологиялық және эпидемиологиялық анамнезін жинау
5) Эпидемиологиялық анамнез жинау және жұмыс жағдайын анықтау

14. ... сананың бұзылуына жатпайтын белгі.

1) Кома
2) Ұйқысыздық
3) Сопор
4) Қозу
5) Ступор

15. ... жалпы қарау ережесіне жатпайды.

1) Жарық науқастың алдынан не қырынан түсуі
2) Бөгде шудың болмауы
3) Науқасты белгілі бір ретпен ќарау
4) Науқасты толық шешіндіріп 2-3 метр қашықтықтан қарау
5) Мүмкіндігінше науқасты күндіз қарау

16. ... науқасты жалпы қарауда анықталмайтын дерек.

1) Санасы
2) Төсектегі қалпы
3) Жүрек аймағындағы өзгерістер
4) Тері және көрінетін кілегей қабаттары
5) Дене бітімі

17. ... сананың комалық деңгейге дейінгі бұзылуына тән.

1) Спонтанды пневмоторакс
2) Крупозды пневмония
3) Жіті бронхит
4) Өкпе абсцессі
5) Тыныс жетіспеушілігінің соңғы сатысы

18. ... науқас алға қарай еңкейіп, қолдарын кереуетке тіреп отыруға мәжбір.

1) Миокард инфарктісінде
2) Бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында
3) Перикардитте
4) Бүйрек шаншуында
5) Жұрек демікпесінде

19. ... кезінде науқас төсектен аяғын төмен түсіріп, қолдарымен керуетке тірей шалқая отыруға мәжбүр.

1) Бүйрек шаншуы
2) Тыныс демікпесі
3) Стенокардия
4) Перикардит
5) Жұрек демікпесі

20. ... экссудативті перикардиті бар науқастың мәжбүрлі қалпы.

1) Басын жоғары салып жату
2) Оң қырымен жату
3) Шалқасынан жату
4) Төсекте шалқая отыру
5) Алға қарай еңкейе отыру

21. ... крупозды пневмониясы бар науқастың мәжбүрлі қалпы.

1) Шалқасынан жату
2) Еңкейіп отыру
3) Етпетінен жату
4) Ауыратын жағына жату
5) Сау жағына жату

22. «Митральды бет» ... байқалады.

1) перикардитте
2) митральды стенозда
3) қолқа ақауында
4) Иценко-Кушинг синдромында
5) үш жармалы қақпақтың жеткіліксіздігінде

23. Жұрек декомпенсациясындағы науқас (Корвизар) беті:

1) қуқыл тартқан, ісіңкі (әсіресе көз айналасында), мимикасы кедейленген
2) ай тәрізді, жылтыр, қызарған
3) сарғыш- қуқыл тартқан, көкшіл реңді, ісіңкі, көз жанары күңгірттенген
4) қызарған, мұрын, бет үшы веналары кеңіген
5) мұрны, еріндері, қабақ доғасы өскен

24. Септикалық эндокардитке тән беттің түсі:

1) қызарған
2) сарғыш
3) қуқыл
4) көкшіл
5) «сүт қатқан кофе» түстес

25. Тері түсінің көкшілдігі – ... дамиды.

1) шеткі тамырлар түйілгеннен
2) ағзада газ алмасуы тездегеннен
3) қанда қалпына келген гемоглобин жоғарылауынан
4) шеткі тамырлардаєы қан іркілісінен
5) қанда эритроциттер мен гемоглобиннің көбейгенінен

26. Тері түсінің плеторалдылығы … дамиды.

1) ағзада газ алмасуы тездегеннен
2) шеткі тамырлар түйілгеннен
3) шеткі тамырлардағы қан іркілісінен
4) қанда қалпына келген гемоглобин жоғарылауынан
5) қанда эритроциттер мен гемоглобиннің көбейгенінен

27. Тері түсінің қуқылдығы ... дамиды.

1) қанды эритроциттер мен гемоглобиннің көбейгенінен
2) шеткі тамырлар түйілгеннен
3) шеткі тамырлардағы қан іркілісінен
4) ағзада газ алмасуы тездегеннен
5) қанда қалпына келген гемоглобин жоғарылауынан

28. Сананың кома деңгейіне дейін бұзылуы дегеніміз ...

1) қозу үдерісінің басымдылығы
2) науқас терең ұйықтап жатқандай
3) тежеу үдерісінің басымдылығы
4) ұйқысыздық
5) науқас терең ұйықтап жатқандай, бірақ оятуға болады

29. «Садақа сұрау кейпі» ... тән.

1) Педжет ауруына
2) ревматизмге
3) Бехтерев ауруына
4) құяңға
5) ревматоидты артритке

30. Ортопноэ қалпы ... тән.

1) жіті миокард инфарктісіне
2) жұрек жетіспеушілігіне
3) гипертониялық кризге
4) құяң ауруының жіті ұстамасына
5) жіті тамыр жетіспеушілігіне

31. Физикалық жүктеме кезінде адамды қимылдамай тұрып қалуға мәжбүр ететін ұстамасы:

1) тыныс демікпесі
2) стенокардия
3) өт шаншуы
4) бүйрек шаншуы
5) жұрек демікпесі

32. Терінің қола түстілігі ... тән .

1) жұрек-қан тамыр жеткіліксіздігіне
2) бүйрек жеткіліксіздігіне
3) тыныс жеткіліксіздігіне
4) ішекте ас қорыту жеткіліксіздігіне
5) бүйрек үсті безі жеткіліксіздігіне

33. Саусақтардың «дабыл таяқшасы», «тырнақтардың «сағат әйнегі» тәрізденіп өзгеруі ... тән.

1) билиарлы бауыр циррозына
2) ұзаққа созылған іріңді үдерістерге
3) бронхоэктаз ауруына
4) іштен туа біткен ақаулардың «көкшіл» түрінде
5) инфекциялы эндокардитке

34. Тырнақта сызықтар пайда болуы, оның «қасық» тәрізді боп өзгеруі ... тән.

1) гемолитикалық анемияға
2) гипопластикалық анемияға
3) лейкозда
4) витамин В12 жетіспеушілік анемияға
5) теміржетіспеушілік анемияға

35. Пальпация ... негізделеді

1) ағзаның көлеміне және саусақ сезіміне
2) ағзаның қатты, жұмсақтылығына
3) тіндер тербелісінен пайда болған дыбыстарды аңғаруға
4) ағзада пайда болған дыбыстарды аңғаруға
5) көзге көрінетін өзгерістерді аңғаруға

36. Перкуссия ... негізделеді.

1) ағзада пайда болған дыбыстарды аңғаруға
2) ағзаның көлеміне және саусақ сезіміне
3) ағзаның қатты, жұмсақтылығына
4) тіндер тербелісінен пайда болған дыбыстарды аңғаруға
5) көзге көрінетін өзгерістерді аңғаруға

37. Пальпация әдісін айтарлықтай жетілдірген:

1) В. П. Образцов, Н. Д. Стражеско
2) Гиппократ
3) Г. А. Захарьин
4) С. П. Боткин
5) М. Я. Мудров

38. Пальпация кезінде дәрігердің еѕ дұрыс қалпы:

1) қалпын өзгертіп тұрады
2) дәрігер қалпының мәні жоқ
3) өзіне ыңғайлы қалыпты таңдайды
4) отырады
5) түрегеп тұрады

39. Беткейлі пальпациямен анықталмайтын деректер:

1) буындар жәйі
2) іш қуысы ағзалары жәйі
3) тері және тері асты шелдің жағдайы
4) бұлшық ет, сүйектер
5) лимфа тұйіндері жәйі

40. Перкуторлы дыбыстың негізгі параметрлері:

1) ағза көлемi
2) тіндер тербелісі амплитудасы
3) дыбыс күші
4) тіндер терендiгi
5) дыбыс ұзақтығы

41. Перкуторлы дыбыс қаттылығы ... байланысты.

1) тіндер терендiгiне
2) перкуссия күшіне
3) ағза көлемi
4) дыбыс ұзақтығына
5) тіндер тербелісі амплитудасына

42. Перкуторлы дыбыс ... қатты шығады.

1) сүйыққа толған қуысты мүшелерден
2) мүшелер қабынғанда
3) қалыпты жағдайда
4) тығыз мүшелерден
5) ауалы мүшелерден

43. Перкуторлы дыбыстың әлсіреуі, тұйықталуы ... кездеседі.

1) кеуде айтарлықтай қалыңдаса
2) сұйыққа толған қуысты мүшелерде
3) ауалы мүшені перкуссиялағанда
4) перкуторлы дыбыс амплитудасы төмендегенде
5) тығыз мүшені перкуссиялағанға

44. Перкуторлы дыбыстың әлсіреуі, тұйықталуы ... кездеспейдi.

1) перкуторлы дыбыс амплитудасы төмен болғанда
2) кеуде айтарлықтай қалыңдаса
3) сұйыққа толған қуысты мүшелер
4) тығыз мүшені перкуссиялағанда
5) ауалы мүшені перкуссиялағанда

45. Перкуторлы дыбысты төмендететін негізгі әсер:

1) кеуденiн жұқаруы
2) мүше тығыздығы
3) қабыну әсерінен мүшенің тығыздалуы
4) кеуденің айтарлықтай қалыңдауы
5) дыбыс толқындары амплитудасы төмендеуі

46. Перкуторлы дыбысты күшейтетін негізгі әсер:

1) мүшеде ауалы қуыстың пайда болуы
2) дыбыс толқындары амплитудасы өсуі
3) барлығы дұрыс
4) кеуденің жұқаруы
5) мүше ауалылығы өсуі

47. Ашық өкпелік перкуторлы дыбыс деген тұжырымның мәні:

1) дыбыс төмендеуінде
2) ауалы мүше
3) дыбыс қаттылығында
4) дыбыс күшеюінде
5) дыбыс ұзақтылығында

48. Тұйық перкуторлы дыбыс

1) дыбыстың биіктеуі
2) дыбыстың төмендеуi
3) дыбыстың әлсіреуі
4) дыбыстың қысқаруы
5) дыбыс күшеюі

49. Тимпанды перкуторлы дыбыс деген тұжырымның мәні:

1) дыбыстың биіктеуі
2) дыбыс күшеюі
3) дыбыстың қатаюы
4) дыбыстың төмендеуi
5) дыбыс ұзаруы

50. Перкуссия әдісін ұсынған Л. Ауэнбруггер перкуссиялағанда ... пайдаланды.

1) плессиметрді
2) алақанды
3) балғашаны
4) біріктірілген саусақтарды
5) плессиметр- саусақты