Тест: Офтальмология


Список вопросов


1. Көз алмасының сыртқа қарай шығуы ... деп аталады.

1) гифема
2) экзофтальм
3) гемофтальм
4) энофтальм
5) анофтальм

2. Көз алмасының ішке қарай ығысуы .. деп аталады.

1) гемофтальм
2) анофтальм
3) экзофтальм
4) энофтальм
5) гифема

3. 6 жасқа дейінгі балалардың көз өткірлігін ... кестесімен тексереді.

1) Орлованың
2) Сивцев-Головин
3) төртнүктелі түсті тест
4) Рабкин
5) сипаптоформен

4. Көздің шеткі көру қабілетін ... аппараттарымен тексереді.

1) Рот
2) тонометр
3) Орлова
4) периметр, кампиметр
5) төртнүктелі түсті тест

5. Көру мүшесінің түсті сезу қызметін ... тізбесімен анықтайды.

1) Орлованың
2) аномалоскоп, Рабкин
3) микроскоп
4) төртнүктелі түстітест
5) Рот

6. Көздің бинокулярлы қызметін ... құралымен зерттейді.

1) Рот
2) Орлова
3) төртнүктелі түсті тест
4) Сивцев
5) Рабкин

7. Көз түбінің тамырларына енгізетін контраст ерітіндісі:

1) колларгол
2) пилокарпин
3) атропин
4) флюоресцеин
5) протаргол

8. Айналы офтальмоскопты ойлап шығарған ғалым:

1) Маклаков
2) Ломоносов
3) Вест
4) Гельмгольц
5) Филатов

9. Көздің өткірлігін анықтауға ... кестелері қолданылады.

1) Рабкин
2) Поляк
3) Рабкин,Ландольт сақиналарының
4) Сивцев-Головин, Орлованың
5) Маклаков

10. Науқас 4 м. қашықтықта Сивцев-Головин тізбесінің 1 қатарын оқыса, оның өткірлігі ... тең болады.

1) 0,08-ге
2) 0,2-ге
3) 0,5-ке
4) 0,16-ға
5) 0,04-ке

11. Аккомодацияда ... элементтері өзгереді.

1) алдыңғы қуыстың сұйықтығы
2) бұршақ, алдыңғы қуыс, қарашық
3) қасаң қабық, қарашық
4) бұршақ, тор қабығы
5) көз ішінің қысымы

12. Көздің жас мүшелерінің өткізгіштігін ... әдістерімен зерттейді.

1) жас мүшелерінің эхография
2) жас мүшесінің флюоресцентті ангиография
3) жас жолдарының томография
4) жас жолдарын жуу және рентгенография
5) жас жолдарын зондпен кеңіту

13. Күндіз көру (фотопиялық көру) ... аппаратымен жүзеге асырылады.

1) мультиполярлы
2) ганглионарлы
3) сауытшалы
4) таяқшалы
5) пигментті

14. Қызыл түсті сезу мүкістігі ... деп аталады.

1) тританопия
2) протанопия
3) дейтеранопия
4) цианопсия
5) ксантопсия

15. Көзді ... бұлшықет қозғайды.

1) 10
2) 7
3) 6
4) 4
5) 8

16. Көз бұршағының ядросы ... дамиды.

1) 10 жаста
2) 45 жаста
3) 15 жаста
4) 20 жаста
5) туылған кезде

17. Көздің орталық көру қабілеті ... атқарылады.

1) көру жүйке үрпішесімен
2) дақ шұқыршасымен
3) таяқша мен сауытшалармен
4) тамырлармен
5) таяқшалармен

18. Көру саңылауы арқылы ... өтеді.

1) жоғарғы шаралық көк тамыр
2) үшкіл, шығыршықтық жүйкесі
3) көру жүйкесі, көздің артериясы
4) үшкіл , көру жүйкесі
5) ми жүйкесі, кірпікті артериялар

19. Көз ішінің сұйықтығы .... арқылы шығады.

1) кірпікті дене
2) алдыңғы қуыстың бұрышы
3) шынылы дене
4) қасаң қабығы
5) бұршақ

20. Көздің ішіндегі сұйықтықтың қызметіне ... жатпайды.

1) қасаң қабықты қоректендіру
2) жарық сындыру
3) бұршақты қоректендіру
4) алмасу заттарды шығару
5) аккомодация

21. Кері офтальмоскопияда .... қолданылады.

1) диафаноскоп
2) айналы офтальмоскоп
3) визускоп
4) тонометр
5) периметр

22. Маклаков әдісі бойынша көздің ішкі қысымын ... салмағымен өлшейді.

1) 17гр
2) 10гр
3) 16гр
4) 5гр
5) 15гр

23. Көз жасын ... бөледі.

1) жас нүктесі
2) жас безі
3) қабақтар
4) мұрын-жас өзегі
5) жас еті

24. Жастың бактерияға қарсы әсері ... сипатталады.

1) химопсинмен
2) лидазамен
3) лизоциммен
4) гиалуронидазамен
5) фосфатазамен

25. Көздің жас безі ... бастап жұмыс істейді.

1) 10 айдан
2) туылғаннан бастап
3) 2-3 жылдан
4) 1 жастан
5) 2 айдан

26. Көз алмасын сыртқа қарай ... аударады.

1) кірпікті бұлшықет
2) сыртқы тік бұлшықет
3) үстіңгі тік бұлшықет
4) төменгі тік бұлшықет
5) ішкі тік бұлшықет

27. Көз алмасын төменге қарай ... аударады.

1) төменгі қилы бұлшықет
2) сыртқы тік бұлшықет
3) ішкі тік бұлшықет
4) төменгі тік бұлшықет
5) үстіңгі тік бұлшықет

28. Боумен қабықшасы ... арасында орналасқан.

1) қасаң қабықтың эпителийі мен строманың
2) эндотелий мен десцемет қабықшасының
3) эпителий мен десцемет қабықшасының
4) строма мен эндотелий
5) строма мен десцемет қабықшасының

29. Қалыпты жағдайдағы қарашықтың мөлшері:

1) 2,5мм
2) 3мм
3) 5мм
4) 6мм
5) 1,5мм

30. Қалыпты жағдайда алдыңғы қуыстың тереңдігі:

1) 7-8мм
2) 0,3-0,5мм
3) 6мм
4) 3мм
5) 1мм

31. Көз бұршағының сындыру күші:

1) 19 Д
2) 30 Д
3) 40 Д
4) 7 Д
5) 60 Д

32. Нәрестелер мен ересектерде көз алмасының орташа білік ұзындығы:

1) 16 – 30 мм
2) 24 – 26 мм
3) 19 – 20 мм
4) 17 – 21 мм
5) 16 – 24 мм

33. Көздің ішіндегі сұйықтық ... бөлінеді.

1) тор қабықтан
2) шынылы денеден
3) меншікті тамырлы қабықтан
4) нұрлы қабықтан
5) кірпікті денеден

34. Миопияда тор қабықтың ажыратылуының алдын-алуы ... болып табылады.

1) кератотомия
2) гониотомия
3) лазерлік күйдіру
4) иридэктомия
5) склеропластика

35. Астигматизмді түзету жолдары:

1) гониотомия
2) склеротомия
3) кератометрия
4) цилиндрлік жанаспалы
5) цилиндрлік сфералы

36. Көздің түбінде патологиялық өзгерістер ... пайда болады.

1) астигматизмде
2) анизейконияда
3) анизометропияда
4) жақын көргіштікте
5) алыстанкөргіштікте

37. Аккомодация тарылғанда, қарашық:

1) сопақ тәріздес болады
2) жылжиды
3) кішірейді
4) үлкейеді
5) пішіні өзгермейді

38. Ересектерде көздің физикалық рефракциясының орташа көрсеткіші:

1) 18,0 Д
2) 50,0 Д
3) 60,0 Д
4) 44,0 Д
5) 5,0 Д

39. Алыстан жақсы көрінетін нүкте, көзден 50см қашықтықта орналасқан, адамның рефракциясын атаңыз:

1) гипертромия
2) 1,0 Д-лік гиперметропия
3) миопия
4) эмметропия
5) астигматизм

40. Көздің негізгі оптикалық жүйесіне ... жатады.

1) ақ қабық пен қарашық
2) тор қабық пен қарашық
3) нұрлы қабық пен қарақ
4) қасаң қабық пен қарақ
5) кірпікшелі дене мен қасаң қабық

41. Миопия ... сипатталады.

1) сәулелер тор қабықтың артында жиналуымен
2) күшті аккомодациямен
3) күшті рефракция және әлсіз аккомодациямен
4) сәулелер тор қабықта жиналуымен
5) әлсіз рефракция және күшті аккомодациямен

42. Қарашықты ... ерітіндісі тарылтады.

1) бетоптик
2) пилокарпин
3) левомицетин
4) альбуцид
5) дикаин

43. Қарашықты ... ерітіндісі кеңейтеді.

1) альбуцид
2) дикаин
3) пилокарпин
4) атропин
5) бетоптик

44. Рефракцияның объективті зерттеу әдісіне ... жатады.

1) кампиметрия
2) периметрия
3) адаптометрия
4) тонометрия
5) скиаскопия

45. Ақ қабық ... қызметін атқарады.

1) пигмент бөлу
2) қорғанышты
3) аккомодациялық
4) жарықты өткізу
5) синтездік

46. Әлсіз жарық сәулесінде қарашық:

1) кішірейеді
2) көлденең болады
3) ұлғаяды
4) қисық болады
5) сопақ болады

47. Көздің өткірлігінің қалыпты жағдайдағы көру бұрышы ... тең болады.

1) 1 сек.
2) 5 метрге
3) 5 мин.
4) 1 мин.
5) 5 сек.

48. Бактериялық конъюнктивитте ... дәрілері қолданылады.

1) траватан, левомицетин
2) интерферон
3) квинакс
4) окумед, моксицин
5) тобрекс, ципромед

49. Мерездік кератит басқаша ... деп аталады.

1) іріңді
2) склерозды
3) терең шекті
4) паренхималы
5) терең диффузды

50. ... көздің жітілігі жарықты сезінуге дейін төмендейді.

1) макрофакияда
2) катарактада
3) лентиконуста
4) лентиглобуста
5) микрофакияда