Тест: Хирургиялық аурулар


Список вопросов


1. Жедел аппендициттің қандай асқынуы операцияға кері көрсетпе болады

1) аппендикулярлы инфильтрат
2) перитонит
3) жедел ішек өтімсіздігі
4) диафрагмаасты абсцессі
5) аппендикулярлы абсцесс

2. Аппендэктомиядан кейін қандай асқынулар болмайды?

1) пилефлебит
2) эзофагит
3) жараның іріңдеуі
4) жайылған перитонит
5) құрсақ қуысына қан кету

3. Жедел аппендицит пен жедел холецистит диагнозын дифференцициялағанда ең тиімді тәсіл

1) интоксикациялық лейкоцит мөлшерін анықтау
2) лапароскопия
3) ангиография
4) холецистография
5) экскреторлы урография

4. Жедел аппендицит пен оң жақ бүйрек түйнемесін дифференциациялағанда не қолданылмайды?

1) ұрықбауды блокадалау
2) зәрді жедел тексеру
3) бүйрек артериясы ангиографиясы
4) спазмолитиктер салу
5) наркотиктер ендіру

5. Жедел аппендицит диагностикасында мына тәсілден басқаның бәрі қолданылады

1) лабораториялық зерттеу
2) қынап арқылы қарау
3) лапароскопия
4) ирригоскопия
5) тік ішек арқылы қарау

6. Үйінде аппендицитке күмән тұған науқасқа не жасалу қажет?

1) гипертониялық клизма жасау
2) ауыруды басатын препараттар беру
3) госпитализациялау
4) спазмолитиктер тағайындау, іш босататын препараттар
5) ішіне салқын басу

7. Жедел аппендицитке тән емес симптом

1) Ровзинг
2) Кохер-Волкович
3) Ортнер
4) Воскресенский
5) Бартомье-Михельсон

8. Өзін-өзі қамтамасыз ете алатын,бірақ кәсіби еңбекке жарамсыз науқас мүгедектіктің ...тобына жатады

1) Бесінші
2) Үшінші
3) Төртінші
4) Бірінші
5) Екінші

9. Толық еңбекке жарамсыз және бөтен көмекті қажет ететін науқас мүгедектің ...тобына жатады

1) Бесінші
2) Төртінші
3) Бірінші
4) Үшінші
5) Екінші

10. Алматы мед.институтының бірінші ректоры:

1) Т.Р.Шамбалов
2) Х.Х.Досмухамедов
3) С.М.Асфандияров
4) М.С.Маскаев
5) А.Ю.Ниязов

11. Қазақ ұлтынан шыққан бірінші дәрігер

1) Сергазин М
2) Асфандияров
3) Айтбакин Е
4) Майлин ТИ
5) Сералин А

12. Ресейден қазақ еліне бірінші болып жіберілген хирург:

1) Борисов М.Н
2) Сеченов А.А
3) Сергачев А.А
4) Петров А.С
5) Иванов С.М

13. Мәскеуде орталық қан құю институты ...жылы ашылды

1) 1931
2) 1918
3) 1926
4) 1927
5) 1919

14. Мәскеуде госпитальды хирургияның ашылуы туралы үкімін шығарған

1) Петр І
2) Пирогов
3) В.И.Ленин
4) Николай паиша
5) Екатрина ІІ

15. Қан йаналу шеңбері заңдылығын ашқан ғалым

1) Боткин
2) Гарвей
3) Авицина
4) Пирогов
5) Гален

16. Француз хирургия академиясы ...жылы құрылды?

1) 1731
2) 1751
3) 1715
4) 1745
5) 1703

17. Құрсақ қуысына өт қабының перфорациясы қандай белгімен көрінеді?

1) ауыру белдемше тәрізді жүреді
2) өт қабы ұлғаюы сезіледі
3) сарғаю
4) шок, перитонит
5) панкреатит

18. Жедел холецистит кезінде дамыған холангиттің негізгі белгілерін атаңыз:

1) Щеткин-Блюмберг белгісі оң мәнді, лейкоцитоз
2) ішек парезі
3) Курвуазье белгісі оң мәнді, қанда билирубин деңгейінің жоғарылауы, бауыр көлемінің кішіреюі
4) белдеме тәрізді ауырсыну, сарғаю
5) бауыр көлемінің ұлғаюы, жоғары қызба, сарғаю

19. Механикалық сарғаюдың диагностикасындағы ең тиімді тәсіл қандай?

1) лапароскопия
2) УДЗ
3) инфузиялық холангиография
4) ретроградты панкреатохолангиография
5) компьютерлі томография

20. Жедел холециститтің асқынуына жатпайтынын ата:

1) механикалық сарғаю
2) бауыр циррозы
3) перитонит
4) перивезикалды абсцесс
5) өт қапшығы эмпиемасы

21. Жедел холециститке тән емес симптомды табыңыз:

1) Ортнер
2) Щеткин-Блюмберг
3) Мерфи
4) Курвуазье
5) Мюсси-Георгиевский

22. Өт тасы пайда болуының себептеріне жатпайтынын көрсет:

1) өттің ақпай, қоюлануы
2) зәр шығару жолдарында тастың пайда болуы
3) өт ағуының бұзылуы
4) өт инфицирленуі
5) өттің физико-химиялық құрамының бұзылуы

23. Қандай жағдайда науқас мәжбүр қалыпта болмайды?

1) бауыр коликасында
2) бүйрек коликасында
3) іш пердесінің жедел қабыну ауруларында
4) асқазан-ішектен қан кетуде
5) ішек өткізбеушілігі кезінде

24. Қандай жағдайда науқас мәжбүр қалыпта болмайды?

1) бауыр коликасында
2) бүйрек коликасында
3) ішек өткізбеушілігі кезінде
4) іш пердесінің жедел қабыну ауруларында
5) асқазан-ішектен қан кетуде

25. Бауыр тұйықтығы қай уақытта жоғалады?

1) жедел аппендицитте
2) бүйрек ұстамасында
3) асқазан-ішектен қан кетуде
4) ішек өтімсіздігінде
5) қуыс мүшелердің тесілуінде

26. "Гиппократ беті" перитониттің қай сатысына тән?

1) бастапқы
2) реактивті
3) токсикалық
4) терминалды
5) орталық

27. Іштің жедел хирургиялық ауруларына не тән емес?

1) жоғары лейкоцитоз
2) ауыр интоксикация
3) перитониттің бірден дамуы
4) естен тану
5) іштің бірден ауыруы

28. Қандай науқастарда іш бұлшық етінің қатаюы дамиды?

1) ішек өтімсіздігінде
2) бауыр түйнемесінде
3) бүйрек түйнемесінде
4) асқазан ішек қан кетулерінде
5) ішастар қабынуы (перитонит) кезінде

29. Ұлтабар жарасы тесілгенде оң мықын аймағы етінің қатаю себебін түсіндір

1) асқазан ішіндегі қышқыл заттардың оң жақ канал арқылы төмен ағуы
2) жайылған перитониттің дамуы
3) құрт тәрізді өсіндімен висцеро-висцералды байланыс
4) құрсақ қуысында ауа жиналуы
5) жұлын нерві арқылы рефлексті байланыс

30. Жара ауруында қан кетулердің қандай түрлері кездеседі?

1) жалған және шынайы
2) құрсақ қуысына
3) айқын және жасырын
4) жабық және ашық
5) құрсақ қуысына және ас қорыту жолына

31. Қара түсті нәжіс қай кезде пайда болады?

1) жедел холецистит
2) жаралы колит
3) мезентериалды тамырлардың тромбозы
4) 12-елі ішек жарасының қан кетумен асқынуы
5) геморроидалды қан кету

32. Тесілген жара ағымы кезеңдерінің реті қандай ?

1) реактивті, терминалды, жалған тәуірлену
2) реактивті,
3) терминалды, реактивті, жалған тәуірлену
4) жалған тәуірлену, терминалды, реактивті
5) жалған тәуірлену, реактивті, терминалды

33. Ойық жаралар қай жерде орналасқанда жиі малигнизацияланады?

1) асқазанның үлкен йірімінде
2) пиязшықта
3) он екі елі ішектің пиязшығының аборалды бөлігінде
4) он екі елі ішектің пиязшығының оралды бөлігінде
5) асқазанның кіші иірімінде

34. Массивті қан кетуге тән емес симптом

1) тахикардия
2) бас айналу
3) бозару
4) АҚҚ бірқалыпты болуы
5) брадикардия

35. Қан кетуді тоқтатудың бақылау әдісі

1) УДЗ
2) асқазанды зондтау
3) рентгеноскопия
4) эндоскопия
5) жалпы айналымдағы қанды анықтау

36. Жараның жасырын перфорациясы нені білдіреді?

1) жарадан қан кету
2) асқазанның шыға беріс бөлігінің тарылуы
3) жараның ракқа айналуы
4) жараның жақын жатқан ағзаларға енуі
5) жараның көршілес ағзаларға жасырын енуі

37. Қан жоғалту дәрежесін қалай анықтайды ?

1) АҚ өлшеу,ішті пальпациялау
2) жалпы айналымдағы қанды,Hb,Ht,эритроциттерді анықтау
3) қанды биохимикалық тексеру
4) қан тобын анықтау
5) қан ұю уақыты,коагулограмма

38. Гастродуоденалды қан кетуді анықтаудың негізгі әдісі қандай ?

1) гастрофиброскопия
2) асқазанды зондтау
3) УДЗ
4) ректороманоскопия
5) рентгеноскопия

39. Қан ағып жатқан ойық жараның негізгі белгісі

1) эпигастриидің ауыруы
2) дефекациядан кейін қан кету
3) алқызыл қанды нәжіс
4) арықтау,іш қату

40. Асқазан эвакуациясын анықтау әдісі

1) рентгенологиялық тексеру
2) компьютерлі томография
3) гастрофиброскопия
4) УДЗ
5) дуоденалды зондтау

41. Асқазан немесе 12 елі ішек жарасының пенетрациясы

1) 12 елі ішек пиязшығының тыртықты-жаралы деформациясы /
2) жараның ісікке (ракқа) айналуы
3) жараның бос құрсақ қуысына енуі
4) асқазанның сыртынан қысым түсуінен деформациялануы
5) жараның жақын жатқан ағзаларға енуі

42. Асқазан және 12 елі ішек жарасының жедел асқынуын анықтаңыз

1) жараның ісікке айналуы
2) жара перфорациясы,қан кету
3) 12 елі ішек пиязшығының тыртықты-жаралы деформациясы
4) жараның жақын жатқан ағзаларға енуі (пенетрация)
5) асқазанның шыға беріс бөлігінің тыртықты стенозы

43. Құрсақ алды липомасы немен мінезделеді?

1) ішектің айналып кетуі
2) жарық қапшығының болмауы
3) іштің ақ сызығының үлкен дефектісімен
4) үлкен шарбының жиі қысылуымен
5) копростаздың дамуына бейімділігі

44. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы жиі немен сипатталады?

1) асқазаннан жеңіл қан кету
2) гиперсекреция
3) төс арты ауруы
4) асқазаннан ауыр қан кету
5) клиникалық симптомдармен бірге жүрмейді

45. Операциядан кейін жарықтардың даму себептері

1) кәрі жас
2) операциялық жараның іріңдеуі
3) азу
4) бұлшық етті кесудегі қателік
5) операциядан кейінгі науқастың ерте тұруы

46. Инвагинация симптомына не жатпайды?

1) іштің толғақ тәрізді ауыруы
2) қара май тәрізді нәжіс
3) колбаса тәрізді түзілімнің пальпаторлы білінуі
4) инвагинаттың түсіп кетуі

47. "Жедел ішек өтімсіздігі" диагнозын қоюда қандай зерттеу тәсілі қолданылмайды?

1) қанның биохимиялық анализі
2) құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
3) барийдің ішек арқылы жылжуын R-логиялық қарау
4) лапароскопия
5) ЭФГДС

48. Нәжісті құсық симптомы қай жағдайда болады

1) жедел холецистит
2) жедел аппендицит
3) жара аурулары
4) ішек өтімсіздігінің соңғы сатылары
5) жедел панкреатит

49. Тоқ ішек өткізбеушілігінің ең жиі себебін ата

1) инвагинация
2) ісік
3) түйінді түзілім
4) ішек құрттары
5) жабысқақтар (спайки)

50. Кімде ішек инвагинациясы жиі кездеседі?

1) жүкті әйелдерде
2) ішек туберкулезімен ауыратын адамдарда
3) жасөспірімдерде
4) қарт адамдарда
5) балаларда