Тест: Мат задачи 1-20


Список вопросов


1. Математикалық бағдарламалау математиканың үлкен тарауының құрама бөлігі болып табылады. Оны ......................деп атайды

1) критериалды талдау
2) математикалық модельдеу
3) оптимизациялау теориясы
4) жоғары алгебра
5) операцияны зерттеу

2. Қалай және қандай реттілікте нәтиже алуға болатынын көрсететін шешім тәсілі .......................деп аталады.

1) шешу әдісі
2) алгоритм
3) операция реті
4) операцияны модельдеу
5) модельдеу әдісі

3. Қандай модельдер математикалық модельдерге қарама-қайшылық ретінде қарастырылады?

1) натуралды
2) структуралық
3) функционалды
4) динамикалық
5) стохастикалық

4. Орынбасу схемасы деп нені айтады?

1) нақты схемадағы реттілікпен жалғанған схема элементтерінің орынбасу схемаларының жиынтығы.
2) тораптың топологиясы көрсетілген схеманы.
3) МЕСТ-қа сәйкес шартты белгілермен көрсетілген электрлік тізбектің элементтері көрсетілген кез-келген схема.
4) кедергілердің, ЭҚК-нің және берілетін токтардың мәндері көрсетілген схеманы.
5) электрлік тізбектің графы.

5. Орынбасу схемаларында қай түйін көрсетілмеуі мүмкін?

1) генераторлық түйін
2) нейтраль түйіні
3) жүктеме түйіні
4) тек 2 тармақ қосылатын түйін
5) тармақтардың бірі ток көзі болып табылатын түйін.

6. Зерттелетін объектіге ұқсас және оның маңызды қасиеттерін көрсететін, оқып үйрену процесі кезінде ол жайында ақпарат беретін, арнайы жасалған материалды немесе формалды-логикалық жүйе ???

1) модельдеу
2) математикалық модель
3) статикалық модель
4) модель
5) динамикалық модель

7. Моделді құру және зерттеу үрдісі

1) модельдеу
2) модель
3) математикалық модель
4) статикалық модель
5) динамикалық модель

8. Модельдеу объектісінің сипаттамаларының өзара байланысын келтіретін, оларды талдау барысында жүйе жайында қосымша ақпарат алуға және қажет жағдайда инженерлік шешім қабылдауға болатын математикалық өрнектер жүйесі

1) математикалық модель
2) модель
3) модельдеу
4) статикалық модель
5) динамикалық модель

9. Жүйенің функионалды мақсатын бейнелейтін модель

1) физикалық модель
2) аналитикалық модель
3) математикалық модель
4) оптимизациялық модель
5) ақпараттық модель

10. Модельдерге қойылатын талаптарды келтіріңіз

1) сенімділік, тұрақтылық, тиімділік (экономикалық)
2) изоморфтылық
3) статикалық және динамикалық тұрақтылық
4) барлық жауаптар дұрыс
5) адекваттылық, универсалдық, тиімділік (экономикалық)

11. Модель адекваттылығы дегеніміз не?

1) объектілердің көптеген топтарын талдауда және кез-келген кластағы есептерді шешуде қолданылуы
2) оригинал-объектіге сәйкестігі (сәйкес келуі)
3) модельді іске асыру үшін қажет ресурстардың минимал саны
4) модельдің оригинал объектімен ұқсастық деңгейі
5) объектілердің кішірейтілген көшірмелері

12. Алгоритм анықтамасын келтіріңіз

1) математикалық құрылғылардың көмегі арқылы келтірілген құбылыстың, шынайы үрдістің, объектінің жуықтатылған сипаттамасы
2) қалай және қандай реттілікте нәтиже алуды дәл көрсете алатын есептерді шығару тәсілі
3) моделдеуші жүйедегі үрдістер жайында статистикалық мәліметтерді алдыртатын компьютерлік моделдеу түрі
4) жүйенің функционалдану үрдісін ЭЕМ арқылы бейнелейтін (имитация) компьютерлік моделдеу түрі
5) бағдарламаны жасау және жүзеге асыру

13. Төменде келтірілген тұжырымның қайсысы қате?

1) оригинал объектімен белгілі бір сәйкестікте жататын қосымша объектіні модель деп түсінеді.
2) математикалық модель неғұрлым күрделі болса, алынатын нәтиже соғұрлым дәлірек болады.
3) модельдің объектімен сәйкестігін изоморфизм дәрежесі деп атайды.
4) модель элементтері мен оригинал элементтері арасында сәйкестік болуы керек.
5) модельді тұрғызу кезіндегі бастапқы ақпарат – объектінің тағайындалуы мен қасиеттері жөніндегі ақпарат болып табылады.

14. Ең жақсы технико-экономикалық шешім алуға мүмкіндік беретін модель қалай аталады?

1) имитациялық модель
2) ситуациялық модель
3) бағалау моделі
4) оптимизациялық модель
5) динамикалық модель

15. Бағдарламалық құралдарды өңдеу бүкіл процесті төменде ретсіз келтірілген этап қатарларына бөледі:

1) математикалық модельді өңдеу,
2) алгоритмдеу
3) есепті құру,
4) бағдарламалау
5) тестілеу және бағдарламаны жөндеу, Осы этаптардың шын мәніндегі дұрыс реттілігі қандай? +A) 3,1,2,4,5 A) 1,2,3,4,5 A) 1,3,2,4,5 A) 3,2,1,4,5 A) 2,3,1,4,5

16. Энергожүйесі дегеніміз не?

1) тұтыныушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ететін жүйе
2) электр энергиясын өндіруге, таратуға және тұтынуға арналған электр қондырғылары
3) электр энергиясын өндіруге, таратуға және тұтынуға арналған, біркелкі орталықтандырылған басқару жүйесі бар, электр қондырғыларының жиынтығы ??
4) электр энергиясын өндіруге, таратуға және тұтынуға арналған, біркелкі әкімшілік және техникалық басқару жүйесі бар, электр қондырғыларының жиынтығы
5) дұрыс жауабы жоқ

17. Энергожүйесінің режимі дегенміз

1) жүйенің жұмыс күйі
2) кез-келген мезеттегі күйі
3) Уақыттың кез-келген сәтіндегі немесе уақыттың қандай-да бір интервалындағы жүйенің күйі
4) кез-келген мезеттегі лездік күйі
5) уақыттың шексіз мерзіміндегі күйі

18. Барлық мүмкін боларлық нұсқалардың ішінен ең тиімдісін таңдау

1) салдау үрдісі
2) синтездеу үрдісі
3) имитациялау үрдісі
4) оптимизациялау үрдісі
5) аппроксимация үрдісі

19. Электрлік жүйені жобалау және техникалы-экономикалық көрсеткіштерін анықтау қандай режим негізінде жүзеге асырылады?

1) қалыпты тұрақтандырылған режим
2) өтпелі режим
3) апаттан кейінгі тұрақтандырылған режим
4) апаттан кейінгі тұрақтандырылмаған режим
5) ерекше режим

20. Жүйенің қандай да бір элементтері ажыратылғаннан кейін туындайтын режим

1) апаттан кейінгі тұрақтандырылмаған режим
2) өтпелі режим
3) апаттан кейінгі тұрақтандырылыған режим
4) қалыпты тұрақтандырылған режим
5) ерекше режим