Тест: 61-90


Список вопросов


1. Банктің белсенді операцияларына жатады:

1) алтын валюталы қорды сақтау
2) несие беру
3) салымдарды тарту

2. Қор биржасы – бұл:

1) бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын нарық
2) тауарлар көтерме бағамен сатылатын және сатылып алынатын нарық
3) ғылыми-техникалық зерттемелер нарығы

3. Құнды қағаздар нарығының қызметін инвестициялайды:

1) коммерциялық банктер
2) азаматтар
3) мемлекет

4. Несие берудің жиынтық шарттары болып табылады:

1) мерзімсіздік, қайтарымдылық, ақылылық
2) мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық
3) өтеусіздік, қайтарымдылық, мерзімсіздік

5. Ақша-несие саясаты ... жүргізіледі.

1) мемлекет басшылығымен
2) қаржы министрлігімен
3) елдегі орталық банкпен

6. Банк пайдасы – бұл:

1) банктік несие бойынша пайыздар арасындағы айырмашылық
2) несие мен депозит арасындағы пайыздық мөлшерлеменің айырмашылығы
3) банктің барлық шығыстары мен табыстары арасындағы айырмашылық

7. Проценттік мөлшердің төмендеуімен ...

1) ақша массасына деген сұраныс жоғарылайды
2) ақша массасына деген сұраныс азаяды
3) өтімді формадағы қаражат алғысы келетіндер санының азаюы

8. Несиелендірудің негізгі принципі болып табылады:

1) мерзімділігі жөнінен сертификаттау
2) ақылылық тұрғыдан несие берілу
3) материалдық жағынан қамтамасыз етілуі

9. Төлем мерзім іұзартылған тауарды сатуда қолданылатын несие түрі

1) факторинг
2) коммерциялық несие
3) банктік несие

10. Жылжымайтын мүлікті кепілдікке алатын ұзақ мерзімді ақшалы несие

1) тұтынушылық несие
2) ипотекалық несие
3) мемлекеттік несие

11. Негізгі капитал - бұл:

1) өндірісте толық жұмсалатын және өз құнын біртіндеп сіңіретін капитал
2) өз құрамына қажетті құралдарды қосатын негізгі капитал
3) айналмалы өндірістік капитал

12. «Байлықтың көзі - ауыл шаруашылығында» деп есептеген ғылыми мектеп:

1) ағылшын классикалық мектебі
2) меркантилистер мектебі
3) физиократтар мектебі

13. Еңбек өнімділігі төмендегілердің қатынасымен өлшенеді:

1) өнімнің нақты көлемінің халық санына
2) жұмыс уақыты(сағаттар саны)өнімінің нақты көлеміне
3) капитал шығынының еңбек шығындарына

14. Айналмалы капитал – бұл:

1) жалгерлік ақы, банктік пайыз және сақтандыру төлемдері
2) өндіріс жүйесінде айналыста болатын капитал
3) шикізат, материалдар, ресурстар, отын, электр қуаты

15. Айналыстағы ақша көлемінің өсуіне тікелей әсер тигізеді:

1) шығарылатын өнім бағасының өсуі
2) ақша айналымының жылдамдығының өсуі
3) шығарылатын өнім санының азаюы

16. Өнімнің қосымша бір бірлігін өндіруге кеткен шығындар:

1) шекті шығындар
2) типтік шығындар
3) тұрақты шығындар

17. Абсолютті рентаның болу себептері:

1) жерге монополиялы шаруашылық обьектісі ретінде
2) жердің шектеулігі
3) жерге жеке меншік монополиясының болуы

18. Олигополияға мінездеме беретін белгі:

1) ұсақ фирмалардың көптігі, әртекті өнімдер, нарыққа шығу қиындығы жоқ, бірақ, ақпарат алу қиынырақ
2) ұсақ фирмалар саны көп емес, ірі фирмалар бар, нарыққа кіруде қиындықтар туындайды
3) ұсақ фирмалардың көбісі бірдей тауарлар шығарады, ақпараттың барлық түріне қолдары жетеді

19. Қаржылық институттарға қатысты анықтамаға сәйкес келмейтін жауапты көрсетіңіз.

1) банктік қарызға алу ақша ұсынысының қосымша құралы болуында
2) қаржы институттары пайда табу мақсатында өз қызметтерін ұсынады
3) банк салымдары тек қана сақтау үшін және қолма-қол ақшамен қабылдайды

20. Құрамына жеделірісалымдаркіретін ақша агрегаты

1) М2
2) М3
3) М1+М2

21. Нарықтағы жетілген бәсекелес фирма үшін тек жоғарғы пайда алу шарты:

1) MR=MC
2) Кіріс пен шығынның теңесуі
3) MR=MC=P

22. Адамның бір нәрсеге төлеу мүмкіндігі мен тілегін көрсететін термин

1) сұраныс
2) міндеттілік
3) қажеттілік

23. «Қалай өндіру керек» проблемасы тұрмайды, егер:

1) егер өндіріс ресурстарының саны қатаң тұрақтылығы және нақты тауарға байланысты
2) адамдардың тұтынуына қажетті өндіріс ресурстарының шектеулі қоры болған жағдайда
3) егер қоғам шет жақтан коррупциялық кедергісіз қызмет етсе

24. Егер қандай да бір салада бірнеше фирма нарықтың басым бөлігін бақыласа, онда мынадай тәртіп орнайды:

1) монополия
2) олигополия
3) жетілген бәсеке

25. «Не өндіру керек» деген мәселені нарықтық экономикада байланысты:

1) экономикадағы мамандану деңгейін анықтаумен
2) дамуы өкіметке байланысты болатын жүйені құру
3) өндіріс құрал-жабдықтарын әлде тұтыну заттарын өндіруді таңдау

26. Айнымалы шығындар дегеніміз:

1) сақтандыру жарналарын және банк несиесін өтеуге жұмсалатын шығындар
2) ресурс, шикізат, жалақы төлеуге байланысты шығындар
3) мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелсіз өндіріс факторларының шығыны

27. Тұрақты шығындар дегеніміз ...

1) банк несиелерінің орнын толтыру мен сақтандыру салымдарын төлеумен байланысты шығындар
2) негізгі қорларды пайдаланумен байланысты шығындар
3) шикізат ресурстар электр қуатымен байланысты шығындар

28. Экономикалық пайда – бұл:

1) жалпы пайда мен тек айқын шығындар арасындағы айырмашылық
2) жалпы пайда мен барлық шығындар арасындағы айырмашылық
3) барлық айқын және айқын емес шығындар сомасы

29. Фирманың ішкі шығыны дегеніміз ...

1) фирманың өндіріс факторларын сатып алуға жұмсаған шығыны
2) фирманың өз меншігіндегі ресурстарын пайдалалудың баламалы шығындары
3) фирманың жалақы, өз жұмысшыларын сақтандыру жарналары түрінлегі төмендері

30. Жалпы шығындар формуласын көрсетіңіз:

1) МС = АС / АТС
2) АТС = АVС + АFС + МС
3) ТС = VС + FС