Тест: Психология 1 деңгей


Список вопросов


1. Психологияның зерттеу пәні:

1) санадан тыс
2) iс-әрекет
3) мінез-құлық
4) Сана
5) Психика

2. “Псюхе” ұғымы келесі мағынаны білдіредi:

1) Жан
2) Ойлау
3) iс-әрекет
4) Сана
5) мінез-құлық

3. Зерттеуді құрай алу және өзгерту мүмкіндігіне ие болуының басты жетістігі:

1) тест
2) анкета
3) сауалнама
4) эксперимент
5) бақылау

4. Алғашқы рет эксперименталды психологиялық лабораторияның ашылуы:

1) 1879ж. (В.Вундт)
2) 1900ж., (Вертгеймер)
3) 1899ж., (С.Л.Рубинштейн)
4) 1889ж., (Л.С.Выготский)
5) 1897ж., (Ж.Пиаже)

5. Топтағы тұлға аралық қарым-қатынастардың психологиялық зерттеуi:

1) контенттi талдау
2) интроспекция
3) шкалалау
4) корреляция
5) социометрия

6. Индивид үшiн қажеттi және оның еркiн сипаттайтын тұлғаның қасиеті:

1) құштарлық
2) жинақылық
3) қорқақтық
4) ұялшақтық
5) сабырлылық

7. Психологиядағы қоғамдық-тарихи категория болып есептелінетін:

1) талант
2) адам
3) даралық
4) индивид
5) тұлға

8. «Жан бөлінбейтін шар тәріздес атомдардан құралған»,- деп айтқан ғалым...

1) Эмпедокл
2) Гераклит
3) Аристотель
4) Платон
5) Демокрит

9. Саналы түрде өзiн-өзi жетiлдiруге бағытталған адамның iс-әрекетi:

1) ойын
2) шара
3) әуестiк
4) өзiне есеп беру
5) құмарлық

10. Ерiк -жiгер реттеуiне қатысты емес:

1) ұзақ мерзiмдi мақсаттарды өз алдына саналы тұрғыда қою
2) органикалық қажеттiлiктердi үнемi қанағаттандыруға ынталану
3) тұлғаның ерiктiк қасиеттерiн дағдыландыру
4) адам өзiнiң мiнез-құлқын бақылауына ие болу
5) ырықты тұрғыда ырықсыз психикалық үрдiстердi қайта құру

11. Зерттеу әдістерінің төмендегі түрі адамның психикалық ерекшеліктерін табиғи тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді

1) анкета
2) интервью
3) сынақ /тест/ әдісі
4) эксперимент
5) бақылау

12. Адам интеллектісінің өзін-өзі талдағыштық қасиеті:

1) рефлексия
2) дедукция
3) абстракция
4) инсайт
5) регрессия

13. Психиканы бейнелеуді сипаттайтын дәл анықтаманы тап

1) организмнің тіршілігі үшін маңызды көріністерді хабарлайды
2) қоршаған ақиқаттың фотографиясы болып табылады
3) ортаға белсенді әсер етеді
4) құбылысты тек оны тікелей әсер ету сәтінде бейнелендіреді
5) ақиқат шындықтың субьективті көрінісін қалыптастырады

14. З.Фрейд негiзiн қалаған теория:

1) бихевиоризм
2) психоанализ
3) гештальт психология
4) гуманистік психология
5) ассоциативті психология

15. Психология сана туралы ғылым ретінде:

1) XVI ғасырда пайда болды
2) XІХ ғасырдың 2-ші жартысында пайда болды
3) XХ ғасырда пайда болды
4) XV ғасырда пайда болды
5) XVII ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуымен байланысты пайда болды

16. Күнделiктi өмір жағдайында өткiзiлетiн эксперименттiң түрі:

1) анықтаушы
2) қалыптастырушы
3) пилотажды
4) табиғи
5) лабораториялық

17. Қабілет жіктеледі:

1) ырықты және ырықсыз
2) туа біткен және үйреншікті
3) арнаулы және үйреншікті
4) тура және жанама
5) жалпы және арнаулы

18. Мiнез-құлықтың қоғамға қарсы үлгiлерi:

1) байланыстар түсінігі
2) қылықтардың сипаты
3) топтық мiнез-құлықтар
4) әлеуметтiке қарсы нормалар
5) қарым-қатынастар

19. Қажеттiлiктер пирамидасының авторы:

1) З. Фрейд
2) К. Роджерс
3) А. Маслоу
4) Э. Фромм
5) В. Франкл

20. Адамның өзін және шындықты қайта құруға бағытталған белсенділік түрі:

1) қозғалыс
2) инстинкт
3) сезiм
4) рефлекс
5) iс-әрекет

21. Эмоция теориялары:

1) Б.Скиннердің концепциясы
2) Гиппенрейтердің теориясы
3) Ухтомскийдің теориясы
4) Джемс-Ланге теориясы
5) Э.Кречмер типологиясы

22. Қолайсыз әсерден пайда болатын шиеленiскен күй:

1) жабырқау
2) фобия
3) апатия
4) дистресс
5) стресс

23. Адамды іс-әрекетке жетелейтін:

1) қабылдау
2) мотив және қажеттiлiк
3) ес және қиял
4) сөйлеу мен ойлау
5) ойлау мен тіл

24. Тануға қажеттiлiк ретiнде көрiнiс беретiн интеллектуалды сезiм, бұл:

1) эмоция
2) ерiк
3) стресс
4) стеникалық сезiм
5) қызығушылық

25. Іс-әрекеттiң құрылымына қатыстысы:

1) бейнелер мен ұғымдар
2) рефлекстер мен реакциялар
3) ынталар мен қызығу
4) инстинкттер мен соқыр сезімдер
5) мотивтер мен мақсаттар

26. Ерікті зерттеудегі теориялар:

1) психосемантикалық
2) психолингвистикалық
3) мотивациялық
4) психофизикалық
5) психофизиологиялық

27. Психология дербес ғылым бола бастады:

1) XV ғғ..
2) XIX ғғ..
3) X ғғ..
4) XI ғғ..
5) VI ғғ..

28. Вербальды емес коммуникацияға кіреді:

1) перцепция
2) пантомимика
3) фасцинация
4) сенсибилизация
5) адаптация

29. Өзiнiң албырттық реакцияларын жоюға көмектесетiн тұлғаның қасиетi:

1) ынталық
2) батылдық
3) шешiмге келу
4) өзiн-өзi реттеу
5) жiгерлiк

30. Өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы:

1) эмпатия
2) көңіл күй
3) аффект
4) фрустрация
5) стресс

31. Гиппократ келесі ұғымның авторы:

1) атом
2) синестезия
3) ой, пiкiр әлемі
4) фрустрация
5) темперамент

32. Еріктің дайындық кезеңі:

1) амалдар
2) жаттығу
3) орындау
4) бақылау
5) мақсат қою

33. Гипократ бойынша сангвиник темпераментінде ағзада қай сұйықтық басым болады:

1) қара өт
2) су
3) шырыш
4) өт
5) қан

34. Психикалық қалып:

1) ерiк
2) сөйлеу
3) темперамант
4) ойлау
5) сезiм

35. Төмендегi атаулардың ерiк қасиетiне жатпайтыны:

1) ақыл-ой
2) дербестiк
3) батылдық
4) қайсарлық
5) мақсаттылық

36. Әрекеттердi орындау тәсiлiнiң аталуы:

1) шарт
2) мiндет
3) қызмет
4) операция
5) мақсат

37. Жоғары қажеттiлiктерге қатыстысы:

1) биологиялық қажеттiлiктер
2) тұқым жалғасу түйсiгi
3) мәдени, рухани қажеттiлiктер
4) ағзаның қорғаныс механизмі
5) тамақты қажет ету

38. Қажеттiлiк – бұл:

1) соңғы нәтижедегі жеңіс
2) тілді үйренуге құлшыныс
3) мұқтаждықтан туатын күй
4) ұнаған заттарына әуестiк
5) мотивті ниет деп түсіну

39. Фрустрация дегеніміз - ... кезіндегі адамның күйі:

1) аффект
2) анализ жасау
3) қиялдану
4) қиыншылықтарды жеңе алмау
5) мақсатына жету

40. Табанды адам дегеніміз кім:

1) жөнсіз жалтақтай беретін адам
2) күмәнді жоя алмайтын адам
3) әлсіз адам
4) тұрақсыз адам
5) өзі қабылдаған шешімдеріне тұрақты адам

41. Жеке адам дәрежесіне көтерілудің негізгі көзі-

1) жаратылыстан тыс күш
2) нәсілдік белгілер
3) қоршаған орта
4) гендік бағдарлама
5) өткен әулет тәжірибесі

42. Адамның өз борышын орындауы тәуелді :

1) ерікке
2) мінезге
3) танымға
4) қабілетке
5) сезімге

43. Еріктің ырықты әрекет түрі-

1) жөтелу
2) ашуға берілу
3) түшкіру
4) ыстықтан қолды тартып қалу
5) жаттау

44. "Рефлекс" ұғымын ғылыми тұрғыда бірінші суреттеген:

1) В.Вундт
2) Декарт
3) Пиаже
4) Гиппократ
5) Б.Спиноза

45. Психикалық құбылыстардың жіктелуі:

1) психикалық үрдіс, мінез-құлық, қабілет, психикалық қасиет
2) психикалық үрдіс, психикалық күй, психикалық қасиет
3) психикалық күй, психикалық жағдай, психикалық қалып
4) психикалық қасиет, психикалық үрдіс, танымдық үрдіс
5) психикалық қасиет, психикалық жағдай, психикалық қалып

46. "Гомеостазис" ұғымы адам қажеттілігінің иерархиясындағы көрсетілген деңгейлерінің біріне сәйкес келеді:

1) педагогикалық
2) физиологиялық
3) махаббат қажеттілігіне
4) жетістік қажеттілігіне
5) өзіндік актуализациялау

47. Іс-әрекет теориясының авторы:

1) А.Н.Леонтьев
2) З.Фрейд
3) Дж.Уотсон
4) С.Л.Рубинштейн
5) К.Левин

48. Психологияның пәнін стимулдар мен реакциялар қатынасы ретінде қарастыратын психологиялық бағыт:

1) бихевиоризм
2) гештальтпсихология
3) фрейдизм
4) сана психологиясы
5) когнитивті психология

49. Тұлғаның мәдени-тарихи дамуын сипаттау үшін "интериоризация" ұғымын пайдаланған:

1) Л.С.Выготский
2) А.Н.Леонтьев
3) П.Я.Гальперин
4) С.Л.Рубинштейн
5) Ж.Пиаже

50. Арман - ... ерекше түрі:

1) қиялдың
2) сөйлеудің
3) ойлаудың
4) эмоцияның
5) еріктің

51. Ерік құбылысын дұрыс сипаттайтын анықтама,бұл:

1) саналы түрде тоқтамға келу
2) жағдайға икемделу
3) көңіл күйдің босап кетуі
4) сана мен мінез-құлықтың дезорганизациясы
5) мазасыздану

52. Эмоцияны ақпараттық процесс ретінде сипатталады деген:

1) П.В.Симонов
2) А.Р.Лурия
3) Б.И.Додонов
4) В.К.Вилюнас
5) Ф.Е.Василюк

53. Адам психикасының инстинктердің қызметімен байланысты бөлшегі:

1) санадан тыс бөлшек
2) сезімдік ұлпа
3) миының бөлшегі
4) жекеленген мән
5) сана

54. Әсер ететін заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесін организмдердің бойында қалыптастыру

1) перцептивті психика
2) сенсорлы психика
3) интеллектуалды мінез-құлық
4) инсайт
5) сана

55. Адамның мәдени-тарихи жетілуі келесі принциппен тығыз байланысты:

1) сана мен әрекет бірлігі
2) даму
3) кері байланыс
4) доминанта
5) детерминизм

56. Ойлауды эксперимент арқылы алғаш рет зерттеген мектеп:

1) вюрцбург
2) бихевиоризм
3) гештальтпсихология
4) ассоционизм
5) француз әлеуметтік мектебі

57. Психикалық үрдістерге жатпайды:

1) аффект
2) түйсіну
3) ойлау
4) ес
5) қабылдау

58. З.Фрейд қолданбаған ұғым:

1) ұжымдық бейсаналық
2) либидо
3) бейсаналық
4) сублимация
5) эдип комплексі

59. Дара айырмашылықтарды көп зерттейтін психологияның саласы:

1) дифференциалды психология
2) жас ерекешелік психологиясы
3) әлеуметтік психология
4) инженерлік психология
5) еңбек психологиясы

60. Ж.Пиаженің еңбегі:


61. Тұлғаның өзін-өзі өзектендіру (самоактуализация) теориясын жасаған гуманистік бағыттың өкілі

1) А.Маслоу
2) К.Роджерс
3) Г. Олпорт
4) В. Франкл
5) Э.Фромм