Тест: Экономика 121-150


Список вопросов


1. Ұлттық экономиканың пайда болуымен байланысты жағдай

1) мануфактураның
2) Экономикалық және әлеуметтік жағдайды дамытуын қамту
3) еңбектің жаңа түрлерінің шығуымен
4) трансұлттық компаниялардың пайда болуымен
5) ақшаның пайда болуымен

2. Ұлттық экономика ... арқылы анықталады.

1) өмір сүру деңгейі
2) зейнетақы мөлшері
3) тиімділік
4) жалақы
5) өндіріс шығындары

3. Ғылым ретінде ұлттық экономиканың алғашқы атауы

1) қолданбалы экономика
2) Экономикс
3) жалпы экономика
4) экономика
5) экономикалық теория

4. Экономика - бұл:

1) адамдардың өндірістік әрекеті
2) адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруда табиғатқа әсер етуі
3) өндіргіш күштерге мемлекеттің ықпал етуі
4) материалдық игіліктерді өндіру бойынша қоғамдық қатынастар
5) шаруашылық жүргізу бойынша адамдар арасындағы қатынастар

5. Экономикалық білімдегі экономикалық теорияның маңызы

1) қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынас
2) адамдардың қоршаған ортаға деген қатынасы
3) адамдардың ғылымға деген қатынасы
4) өндіріс көлемі туралы толық ақпарат береді
5) адамдардың заттар мен меншіктерге қатынасы

6. Сауданы ұлғайтуды және алтынды жинақтауды мемлекетке ұсынғандар

1) физиократтар
2) классиктер
3) меркантилистер
4) маржиналистер
5) утопистер

7. Меркантилизмнің көзқарасы бойынша:

1) байлық материалдық өндірісте жасалады
2) байлық дегеніміз - алтын
3) байлық еңбек өнімдерін тиімді бөлудің нәтижесінде пайда болады
4) сауда эквивалент тауарлардың айырбасын білдіреді
5) абсолютті артықшылығы бар тауарларды өндіруші мануфактураны қолдау қажет

8. Қаржылық есеп беру құжаттарына жатпайды:

1) қаржы - шаруашылық қызметтіњ нєтижесі туралы есеп;
2) ақша қаражаттарыныњ қозғалысы туралы есеп
3) түсінік хаттар
4) бухгалтерлік баланс
5) табыстар мен шығындар есебі

9. Меркантилизмнің екінші кезеңі ұсынған теория

1) өндірістік баланс
2) төлем балансы
3) ақша балансы
4) сауда балансы
5) қаржылық баланс

10. Қазіргі экономикалық теориядағы кейнстік бағыттың қолдайтыны:

1) экономиканы мелекеттің реттеуін шектеуді
2) жиынтық сұраныс арқылы нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуді
3) еркін бәсеке арқылы барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді
4) аралас экономикаға қарағанда нарықтық жүйенің артықшылығын
5) экономиканың толық еркіндігін

11. «Қоғам байлығы саудада емес, материалдық өндіріс сферасында қалыптасады» деп тұжырымдаған мектеп

1) әлеуметтік бағыт
2) тарихи
3) утопиялық
4) маржиналистік
5) классикалық

12. «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» кітабының авторы

1) А. Смит
2) К. Маркс
3) Д. Рикардо
4) Л. Вальрас
5) П. Самуэльсон

13. Экономикалық теорияның пәніне қатысты емес талдау

1) пайданы барынша молайту
2) өндіріс шығындарын анықтау
3) өндіріс факторларын тиімді пайдалану
4) шексіз өндірістік ресурстарды пайдалану
5) қажеттіліктерді дербес таңдау механизмі

14. Жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін анықтау:

1) Көлденең тадау әдісі
2) салыстырмалы талдау әдісі
3) факторлық талдау әдісі
4) қаржылық коэффициенттер әдісі
5) трендтік талдау әдісі

15. Экономикалық мақсатқа жатпайтын жауапты таңдаңыз.

1) экономикалық өсу
2) адамдардың әл-ауқатын арттыру
3) толық жұмыспен қамту
4) экономикалық тиімділік
5) саяси тұрақтылық

16. Неоклассикалық бағыттың негізгі сипаттық белгілері:

1) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еркін бәсеке арқылы шешуі
2) патернализмді және институционалдық көзқарастарды ұстануы
3) тиімді бюджет-салық саясаты мен фискалдық саясатты ұсынуы
4) экономикаға мемлекеттің араласуын қолдауы
5) нарықтық қатынастардағы мемлекеттің белсенділігін жақтауы

17. Монетаризм теориясы ... ұсынады.

1) несие пайызын жоғары көтеруді, теңгерілген мемлекеттік бюджетке жетуді
2) ақша массасын мемлекеттік бақылауды, теңгерілген мемлекеттік бюджетке жетуді
3) ақша массасын мемлекеттік бақылауды
4) теңгерілген мемлекеттік бюджетке жетуді
5) несие пайызын жоғары көтеруді, ақша массасын мемлекеттік бақылауды

18. Экономикалық заңдарда сипатталатын байланыстар

1) субъективті-психологиялық
2) әлеуметтік-саяси
3) моральдық-этикалық
4) заңдық-құқықтық
5) себеп-салдарлы

19. Экономикалық жүйені дамытудың қазіргі кездегі мақсаттары:

1) тек қана экономикалық тиімділік және әлеуметтік бағытталу
2) жаһандық және күрделі экономикалық мәселелерді шешу
3) әлеуметке және жаһандық мәселелер бойынша бағыт-бағдар алу
4) ақша массасын мемлекеттік бақылау және экономикалық тиімділік
5) экономикалық тиімділік, әлеуметке бағытталу және жаһандық мәселелерді шешу

20. Микроэкономика ғылымының зерттейтін мәселесі

1) ресурстарды бөлу
2) экономиканы тұтас жүйе ретінде қарастыру
3) индивидтердің әрекетін жетелеуші мотивтер
4) ел экономикасында жұмыспен қамту
5) бағалардың жалпы деңгейі

21. Капиталдың айналым жылдамдығы – бұл:

1) жұмыс күшінің бір өндіріс кезеңіндегі ауысуы
2) бір жыл ішінде қорлардың жасайтын айналымдар саны
3) өнімнен түскен қаржыны кәсіпорынға қайтару мерзімі
4) өндіріс уақыты
5) айналым уақыты

22. Экономикалық процесстерді зерттеуде қолданылмайтын әдістер

1) математикалық
2) индукция және дедукция
3) картографиялық
4) анализ және синтез
5) графиктік

23. Адамдардың өндірістік, қоғамдық тұтыныстарын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеті –

1) өзіндік құн
2) нарықтық құн
3) қоғамдық құн
4) тұтыну құны
5) айырбас құн

24. Маржинализмнің көзқарасына қайшы келетін жағдай

1) құбылыстарды субъективті сезімдер арқылы бағалау
2) сапалық талдау маңызды
3) барлық процестердің негізі - шекті, соңғы жағдайлар
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің жүйесі
5) сандық талдау маңыздылығы

25. Физиократтар ілімінің басты мазмұны:

1) сауда дегеніміз өндірілген игіліктермен айырбас
2) шаруаларды әртүрлі салықтардан босату
3) байлықтың көзі еңбекте және қосымша құнда
4) әлемде табиғи тәртіп бар, оны тану қажет
5) байлықтың көзі ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімдері

26. Шынайы өмірде болмайтын экономикалық жүйе:

1) таза капитализм
2) орталықтандырылған
3) дәстүрлі капитализм
4) аралас экономика
5) әкімшіл-әміршіл

27. Нарықтық экономика жағдайындағы банктік несиенің маңызды мақсаты

1) айырбастың кеңеюі
2) кәсіпкерге қайырымдылық көмек
3) капиталдың сақталуы
4) несие пайызын бөліп шығару
5) тұтынудың жетілуі

28. Швецияға тән экономикалық жүйе

1) әміршілді-әкімшілдік жүйе
2) аралас жүйе
3) таза нарықтық жүйе
4) таза капитализм жүйе
5) дәстүрлі нарықтық жүйе

29. Нарықтық жүйеде кездесетін фундаменталды мәселе:

1) инвестициялар
2) сиректік
3) технологиялар
4) өнеркәсіп
5) тұтынушы

30. Аралас экономикалық жүйе дегеніміз:

1) дамуы мемлекет және нарықпен реттелетін алуан түрлі меншік нысандарына негізделген жүйе
2) нарықтық және дәстүрлі реттеуге негізделген жүйе
3) шаруашылық дамуы, баға тетігі мен мемлекеттік басқару арқылы реттелетін, жеке меншікке негізделген жүйе
4) мемлекеттік, орталықтандырылған және жоспарлы реттеу әдістерне негізделген жүйе
5) өндіріс ресурстарының іс жүзінде қолданыс табуы дәстүрлер мен жоспарлау арқылы анықталатын жүйе