Тест: Оқу сауаттылығы


Список вопросов


1. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала . Бала – жасы кәмелетке толмаған, жан-жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жекетұлға. Ал баланың жекетұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тәрбие берушілер - ата-ана, отбасы, араласатын ортасы, жолдастары, тәрбиешісі, ұстаздары. Жеке баланың бойындағы ар-ұяты, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілігі отбасынан басталады. Сондықтан отбасы – бала тірбиесінің ең алғашқы ұжымы. Осы ұжымның әрбір мүшесі өзара сүйіспеншілікпен,береке-бірлікпен, сыйластықпен бала тәрбиесіне араласса, кәмелетке толғаннан кейін саналы, тәрбиелі жекетұлға қалыптасады. Өркениетті қоғам дамыған сайын бала саны азайып келеді. Бір баласы бар отбасы тәрбиесіндегі ең басты мәселе – балалар қарым-қатынасы жоқтығында. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Ата-ананың, ата-әженің жалғыз балаға артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, баланың эгоистік жақтарының басым болуына септеседі. Көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер, іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Кейінгі кезде немере, шөбере туыстарды айтпағанның өзінде, бірге туған бауырлардың да туыстық қатынастары салқындай бастағаны аңғарылады. Көпбалалы отбасының балалары ауылда, мектепте, ұжымда, қатар құрбылары арасында тез сіңісіп кетеді, өйткені олар отбасында бір-біріне қамқорлық, құрмет жасауды көріп өседі. Ал бір баламен шектелген отбасындағы балада жатырқау, тасбауырлық сезімдер нығая түседі. 1. Жан-жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жекетұлға кім?

1) достар
2) бала
3) әке
4) ата-ана
5) ана

2. 2. Бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы?

1) сыныбы
2) бірге жүретін достары
3) отбасы
4) достары

3. 3. Саналы, тәрбиелі жекетұлға қалыптасуына себепкер қасиеттер?

1) көңіл бөлмеу
2) сүйіспеншілік
3) қаталдық
4) жек көру

4. 4. Бір баласы бар отбасы тәрбиесіндегі ең басты мәселе –

1) қызғаншақтық
2) көңіл бөлмей
3) бір үйде ағайынды балалардың көп болуы
4) балалар қарым-қатынасының жоқтығында

5. 5. Ата-ана тарапынан балаға артық көңіл бөлудің зияны?

1) ерке болады
2) белсенділігінен айырады
3) еріншектік басым болады
4) сенімсіздік туғызады

6. Бір баламен шектелген отбасындағы қиындық?

1) мейірімді болады
2) көпшіл болады
3) тасбауыр болады
4) балажан болады

7. Сөйлемдегі сызықшаның қойылу себебін анықта! Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.

1) төл сөз
2) қос сөз
3) бастауыш пен баяндауыш атау тұлғадағы зат есім.
4) Жалпылауыш мүшенің алдынан қойылып тұр.

8. Салалас құрмаластың қай түрі?Көпбалалы отбасының балалары ауылда, мектепте, ұжымда, қатар құрбылары арасында тез сіңісіп кетеді, өйткені олар отбасында бір-біріне қамқорлық, құрмет жасауды көріп өседі.

1) қарсылықты салалас
2) себеп-салдар салалас
3) талғаулы салалас
4) ыңғайлас салалас

9. 9. Сөйлемдегі қарамен белгіленген бірыңғай мүшені анықта Ал бір баламен шектелген отбасындағы балада жатырқау, тасбауырлық сезімдер нығая түседі.

1) Бірыңғай толықтауыш
2) Бірыңғай анықтауыш
3) Бірыңғай пысықтауыш
4) Бірыңғай бастауыш

10. 10. Сабақтастың қай түрі? Осы ұжымның әрбір мүшесі өзара сүйіспеншілікпен,береке-бірлікпен, сыйластықпен бала тәрбиесіне араласса, кәмелетке толғаннан кейін саналы, тәрбиелі жекетұлға қалыптасады.

1) шартты бағыныңқылы сабақтас
2) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
3) мезгіл бағыныңқылы сабақтас
4) қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас