Тест: Өткен сабақты қайталау


Список вопросов


1. Біріңғай мүшеге байланысты қойылып тұрған тыныс белгілерін табыңыз.

1) Ал, бала, бүгіннен бастап малға ие бол.
2) Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сары келген.
3) Мұғалім де, инженер де осы үйден табылады.
4) Абай үйге кірді де, отырғандарға жағалай сәлем берді.

2. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз.

1) үтір
2) сызықша
3) қос нүкте
4) дефис

3. Бірыңғай толықтауышты табыңыз.

1) Өмірді сүйген - өмірден орын табады.
2) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.
3) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.
4) Тәрбие тілден басталады.

4. Бірыңғай мүше түрін анықтаңыз. Кешкі астың алдында Абай Зере мен Ұлжанға Кәмшат жайын айтқан.

1) Бірыңғай анықтауыш
2) Бірыңғай толықтауыш
3) Бірыңғай пысықтауыш.
4) Бірыңғай баяндауыш.

5. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз. Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты, тушаны - бәрін көруге болады.

1) Бірыңғай толықтауыш.
2) Айқындауыш
3) қыстырма сөз
4) Оқшау сөз.

6. Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз. Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.

1) Бірыңғай бастауыш.
2) Бірыңғай толықтауыш.
3) Бірыңғай бастауыш.
4) Бірыңғай анықтауыш.

7. Бірыңғай мүшелі сөзді табыңыз.

1) Мен сендерге көрген әңгімелерді кітап қылып тартамын.
2) Ел сөзі әрі мақтан,әрі міндет.
3) Тыңда ,дала ,Жамбылды.
4) Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді.

8. Бірыңғай мүшелер қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан? Тек жері биік болғандықтан жеміс өседі,бірақ піспейді.

1) қарсылықты
2) мезгілдес
3) талғаулы
4) ыңғайлас

9. Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе,қандай тыныс белгісі қойылады?

1) нүктелі үтір
2) үтір
3) сызықша
4) қос нүкте

10. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.

1) Мырзабайдың баласы ақылды, бірақ еріншек.
2) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.
3) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.
4) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.