Тест: ФИЛОСОФИЯ


Список вопросов


1. Философия негізгі пәні?

1) Техника және ғылым
2) Адам және дүние
3) табиғат

2. Диалектика дегеніміз не?

1) бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.
2) мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
3) қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.

3. Догматизм дегеніміз не?

1) қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
2) айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
3) мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

4. Қай әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады?(Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б.)

1) Метафизика
2) Догматизм
3) Диалектика

5. Эклектика қандай әдіс?

1) айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
2) бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
3) мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

6. Софистика қандай әдіс?

1) айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
2) диалектикаға қарама-қарсы әдіс
3) мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

7. Мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері?

1) Догматизм
2) Герменевтика
3) Софистика

8. Философияның дүниетанымдық қызметі ?

1) бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия – танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді.
2) әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.
3) бізді қоршаған әлемді, заттар мен құбылыстарды әртүрлі құндылықтар – әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, т. б. тұрғысынан бағалау.

9. Қай философиялық қызмет бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды?

1) Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі
2) Философияның сыни-талап қызметі
3) Философияның дүниетанымдық қызметі

10. Философияның аксиологиялық қызметі?

1) бізді қоршаған әлемді, заттар мен құбылыстарды әртүрлі құндылықтар – әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, т. б. тұрғысынан бағалау.
2) қоршаған дүниенің және білімнің барлығына күмән келтіру, дүниеде жаңа пайда болғанның ерекшеліктерін іздеу, қайшылықтарын ашу, таным шекарасын кеңейту, білімді модернизациялау және анықтығын ұлғайту. Сын басқа пәндерді ғана емес, философияның өзін де қамтиды.
3) әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.

11. Философияның негізгі сұрағының гнесеологиялық жағы көрсетілген, философиялық бағыт?

1) Эмпиризм.
2) Рационализм.
3) Онтологиялық

12. Дін дегеніміз не?

1) жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
2) қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).
3) барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға тән).

13. Объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар?

1) Дүниеге көзқарас
2) Дін
3) Эмпиризм

14. Дүниенің бір бастамасы бар дейтін философиялық концепция қалай аталады?

1) центризм
2) монизм
3) монополизм

15. И.Кант танымның қандай екі деңгейін көрсетті?

1) Сезімдік және рационалдық
2) Рационалдық және эмпристік
3) Аксиологиялық және эмпристік

16. Әл – Фараби өзінің философиялық концепциясын қай бағытта қарастырды:

1) Идеалистік
2) Пантеистік
3) Материалистік

17. Қайта өрлеу философиясындағы негізгі принцип:

1) Пантеизм
2) Адамгершілік
3) Белсенділік

18. Философия қай елде пайда болды?

1) еуропа
2) ежелгі қытай
3) бір уақытта Ежелгі Үнді,Қытай және Греция

19. Философияның ерекшелігі?

1) Қатаң ғылыми ой тұжырымдардан тануға тырысу
2) Әлемді оның жалпыға ортақтығы мен тұтастығында алып тануға тырысу
3) Догматизм

20. Дәстүр философия терминің кімге жатқызады?

1) Пифагорға
2) Зенонға
3) Аристотел