Тест: Оқу сауаттылығы(ҰБТ-2022)


Список вопросов


1. 1-мәтін Қазақ балалары бес жасынан бастап атқа салт мінуге жаттығады. Ата- аналары баланың алғаш атқа мінуін қуаныш етіп, той жасайды. Атқа мінетін бала жаңа киім киіп, басына үкі тағып, «ашамай» деп аталатын екі қасы «X» түрінде айшықталып жасалған ерге мініп, туған-туысқандары мен руластарын аралайды. Туыстары оған шашу шашып, айыл-өмілдірік, құйысқан, шыбыртқы- қамшы сияқты ер-тұрмандарын байғазыға береді. Қазақ ішінде ат-көлік табу оңай, ер-тұрман табу қиын. Өйткені қазақтың өмірінің көбі ат үстінде өткен. Қазақтар «ер атымен, құс қанатымен» деп, атты ер адамның қанаты есептейді. Атқа мінуде ең алдымен ер-тоқым болуы шарт, өйткені халқымыз атқа жайдақ мінуді жаяу жүргеннен жаман көрген. Сол себепті «ат табылады, ер табылмайды» дейді. 1. Балаға арналған ер түрі

1) Өмілдірік
2) Ер-тұрман
3) Ашамай

2. 2. «Ер атымен, құс қанатымен» деп айтылуының мәні

1) Ер балалардың бес жасынан бастап атқа мінгендігінен
2) Атты ер адамның қанаты деп есептегендіктен
3) Ел ішінде ат-көлік табу оңай болғандықтан

3. 3. Мәтін бойынша әлеуметтік желінің қызметі 2-мәтін Әлеуметтік желі - тәрбиені беретін, алатын, тарататын жер емес. Тәрбиені әке-шеше ғана береді. Әлеуметтік желі - ақпарат тарататын ресурс. Сіз қандай ақпарат жазасыз, естисіз, қабылдайсыз - сіздің миыңыз сонымен толады. Ғаламтор пайдаланушыда ақпараттық иммунитет әлсіз болса, миы әлеуметтік желіде алдынан шыққан қоқыстың бәрін жұта береді. Сіздің өміріңізге, жұмысыңызға, болашағыңызға, жеке тұлғалық дамуыңызға қажетсіз ақпараттың бәрі - қоқыс. Кез келген саналы адамның алатын, тарататын ақпаратты сүзгіден өткізе алу қабілеті болуы керек. Ол үшін ақпаратты таратудың қарапайым қадамдарын басшылыққа алса болады: 1) Ол рас па, шын болған дүние ме? Ақпараттың нақты, ресми дереккөзі бар ма? Жалған ақпаратты таратып, өзімді де, өзгені де алдап, заң алдында жауапқа тартылып қалмаймын ба? 2) Таратқан ақпараттың қандай пайдасы бар? Жұртқа ол ұнай ма? Аудиторияға қандай ізгілік, жақсылық, құндылық сыйлайды? 3) Сіз бөліскен ақпарат кімге қажет? Ақпаратпен танысқан адамның жүйкесін жұқартып, миына ауыр салмақ түсірмей ме?

1) сауда жасау
2) ақпарат тарату
3) тәрбие беру

4. 4. Адамның әлеуметтік желідегі ақпараттың бәрін бірдей қабылдау себебі

1) ақпараттық иммунитеті әлсіз
2) ағзасының иммунитеті әлсіз
3) ақпараттық иммунитеті мықты

5. 5. Мәтін мазмұны бойынша ақпараттардың дұрысы 1. Ақпарат таратуда оның ресми дереккөзі ескерілуі керек. 2. Ақпаратты сүзгіден өткізе алу қабілеті болу керек. 3. Ақпарат таратуда адами құндылықтарды басшылыққа алу қажет.

1) үшеуі де дұрыс
2) екінші, үшінші
3) тек екінші

6. 6. Әлеуметтік желідегі қоқыстар 3-мәтін 1870 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деіен тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жолымыз бір болған соң, бірге келе жатқанымызда, әдеттегіше манаты Антон алдымыздан шығып, қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты: - Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйте тұрып мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жиып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабрикаларға сатып, онымен азды-көпті ақша болған соң, бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әуелі аздап, бара-бара көбірек әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақы және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі фабрикам бар. Фабрикамды балама бердім, балам да аштық көре қалмас деген үмітім бар. Себебі баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуга үйретпедім. Осы айтқанымды орындап, машықтанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон, - деді де, жөніне жүріп кетті. Антон бұл сөздерді есіткен соң, терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып, тұрып қалды. 1895 жылы Брюсель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп бұйырып тұрған бір көпестің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұртанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды да, қасыма келді. - Айып етпесеңіз, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдағы үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? - деді. Сонда ойыма түсіп таң қалып: - Сен Антонбысың? - дедім. Иә, — деді ол. - Мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бірге келген, қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме жағып, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім. Ісіме нық, малыма күтімді болдым, ақырында сол кісінің айтқанымен жүріп, міне, осы үлкен дүкеннің иесі болдым, - деді. Ы.Алтынсарин «Тіленші Антон» (аударма)

1) өміріңізге қауіп тудырмайтын ақпараттар
2) тұлғалық дамуыңызға қажетсіз ақпараттар
3) болашағыңызға қажетті ақпараттар

7. 7. Әңгіменің түйініне сәйкес келетін мақал

1) Кедейлік кетсін десең, еңбек ет.
2) Келген - дәулет, кеткен - бейнет.
3) Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

8. 8. Бейтаныс адамның ақылынан кейінгі сәттегі Антонның әрекеті

1) Тіленші болуды тоқтатпады.
2) Жолыққан кісінің ақылы көңіліне қонып, алғыс айтты.
3) Терең ойға қалып, қайыр сұрауды ұмытып тұрып қалды.

9. 9. Антонның өзгеруіне себеп болған жағдай

1) жолаушының ақылы
2) жоқшылық әсер етті
3) қайыр сұрауы

10. 10. Антонның «Ісіме нық, малыма күтімді болдым» - деген сөзінен байқалатын қасиеті

1) бауырмалдығы
2) қайсарлығы
3) еңбекқорлығы

11. 11. Мәтіннің негізгі ой-түйіні

1) еріншектіктен құтылуға болады
2) тіленшіліктен де ақша табуға болады
3) еңбек арқылы мақсатқа жетуге болады

12. 12. Мәтін мазмұнының ой реттілігі 1. Серігімнің кеңесі 2. Антонның шешімі 3. Күтпеген кездесу 4. Қайыршы бала

1) 4.3.2.1
2) 1.4.2.3
3) 4.1.2.3

13. 13. Мәтін мазмұнының ой реттілігі 1. Қыз әкесінің ризашылығы. 2. Аңшылық құрған сері жігіт. 3. Сырқат қыздың өтініші. 4. Емдік қасиеті мол, шипалы бұлақтар. 4-мәтін «Әулие кыз» бұлағы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас елді мекенінен батысқа қарай 110 шақырым жердегі Жорға тауының солтүстік беткейінде ағып жататын шипалы бұлақ «Әулие қыз» бұлағы деп аталады. Суының емдік қасиеті мол. Түрлі ауруларға ем. Барған адамдар дерттеріне шипа тауып жатады. Бұл күнде «Әулие қыз» бұлағына келіп-кетушілердің қарасы көп кездеседі. XIX ғасырдың орта шені Қоянды жәрмеңкесіне барған Садыр-Матайдың бір дәулетті адамының қызы қайтар жолда айықпас дертке ұшырапты. Сырқатынан жазылмасын білген қыз әкесіне: «Әке, жәрмеңкеге бет алған жолымыздағы ат шалдырған бұлақ басына жеткенде мен бұл дүниеден өтемін. Тағдырдың жазуына белді бекем буыңыз да, денемді сол бұлақ басына жерлеңіздер!» - деп өтінішін жеткізеді. Айтқанындай, бұлақ басына жеткенде, қыз айықнас дерті асқынып, дүниеден өтіпті. Әкесі қызының өтінішін екі етпей орындап, денесін арулап, бұлақ басына жерлепті. Қыстың аязды күндері қол байлау болып, дегені болмай, қызының басына үй тұрғыза алмасын сезген әке бұл шаруаны келер жылға қалдырып, аулына аттанады. Жорға өңіріне саят кұратын аңшылардың қатарында сол заманның серісі, сөзге шешен Төлеңгіт ішінде Қанайдан тарайтын Айнаң деген адам болады. Серіліктің дәстүрімен қыс түсе қырдың қызыл түлкісін жүйрік атпен өкшелей қуған сері жігіт түлкі жалт бергенде Бұлақтың желке тұсындағы жартасты биіктен төмен құлайды. Алайда қаншама биіктіктен құласа да, еш жері жарақаттанбай аман қалады. Өзінің амандығына көзі жеткен саятшы: «Менің аман қалуыма бір тылсым күш әсер етіп, жебесе керек. Сірә, мына бұлақтың басына жерленген адамның аруағы, киесі қорғаса керек» - депті. Мұның сырын жергілікті көпшіліктен сұрастыра келіп, бұлақ басына жерленген адамның мән- жайына қанық болады. Көктем шыға қыздың басына мазар салғызады. Көп ұзамай қыз әкесі де адамдарын сайлап, артынып-тартынып жеткенде, қызының басына тұрғызылган мазарды көріп таң-тамаша болады. Сұрастыра келе мұндай жомарттық иесі Айнаң сері екенін біледі. Ризашылыгын білдіріп, Айнаңның қарсылығына қарамастан, айдап келген малын тарту етеді, тіпті өзі алмаса да, мазар тұргызуға қатысқан жандарға бөліп беруді сұрайды. Содан Айнаң құлаған биік «Айнаң ұшқан», қыз жерленген Бұлақ «Әулие қыз» бұлағы атаныпты.

1) 1,3,4, 2
2) 2, 1, 3, 4
3) 4, 3, 2, 1

14. 14. Айнаңға берілген сипаттама

1) Шешен
2) Алғыр
3) Білімді

15. 15. «Әулие қыз» бұлағына қатысты айтылмаған нұсқа

1) Емдік қасиеті бар
2) Суы мөлдір, таза
3) Келетін адам көп

16. 16. Мәтіндегі Айнаң серінің елі

1) Шекті
2) Қанай
3) Найман

17. 17. Бұлақтың «Әулие қыз» деп аталу себебі

1) Айнаңның мазар салуына байланысты
2) Бұлақ басына жерленген қыздың киесіне байланысты
3) Қоянды жәрмеңкесіне байланысты

18. 18. Мәтінде жауабы жоқ сұрақ

1) Қыз әкесіне қандай өтініш айтады?
2) Бұлақ суының қандай қасиеті бар?
3) Қыз әкесі қандай мазар тұрғызады?

19. 19. Мәтінде сөз болатын жәрмеңкенің атауы

1) Қоянды
2) Баршатас
3) Қарқара

20. 20. Айнаң серінің аңға шыққан кезіндегі жыл мезгілі

1) көктем
2) қыс
3) күз