Тест: Педагогика


Список вопросов


1. Педагогика ғылымының зерттеу объектісі:

1) Жеке тұлғаның даму процесі.
2) Мемлекеттің білім беру жүйесі
3) Оқушылар ұжымы
4) Қоршаған педагогикалық шындық.
5) Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс.

2. Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу пәні:

1) Жеке тұлғаның даму процесі.
2) Білім беру жүйесі.
3) Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған педагог іс-әрекеті.
4) Педагог тұлғасы.
5) Жоғары мектептегі педагогикалық процесс.

3. Педагогика ғылымының негізгі категориялары:

1) Педагог, тәрбиеленуші, мектеп.
2) Тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс.
3) Дамыту, қалыптастыру.
4) Оқыту процесі, тәрбиелеу процесі.
5) Оқу, сабақ беру.

4. Педагогика әдіснамасы:

1) Педагогикалық теорияның құрылымы және негіздері, ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың принциптері, формалары және әдістері туралы оқу.
2) Зерттеу міндеттерін шешу жолдарын көрсетеді
3) Зерттеушінің зерттелетін құбылысқа деген көзқарасы.
4) Зерттерлетін педагогикалық құбылыстың объективті қасиеттерін көрсететін заңдылықтар.
5) Іс-әрекеттке қойылатын талап, негізгі ереже

5. Зерттелетін объект туралы нақты деректер алу үшін қолданылатын педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдау:

1) Сауал-сұрақ әдісі.
2) Эксперимент
3) Әңгімелесу әдісі
4) Интервью алу.
5) Бақылау әдісі.

6. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі ретіндегі бақылау:

1) Жақсы жұмыс істегендерді мадақтау мақсатымен сенбілік кезінде сынып оқушыларын бақылау.
2) Бақылау жұмысын орындау барысында мұғалімнің оқушылар тәртібін бақылауы
3) Алдын-ала анықталған мақсатпен белгілі бір схема бойынша оқушылардың іс-әрекетін бақылау, деректерді тіркеу және өңдеу.
4) Оқушылар мен педагогтің тәжірибе алаңында өсімдіктің өсуін бақылаулары.
5) Барлық жауап дұрыс

7. Басқа жағдайда жүретін тәжірибемен немесе бақылаушы объектімен салыстырылатын, педагогикалық процесті өңдеп, ғылыми қойылған тәжірибе:

1) Бақылау.
2) Эксперимент.
3) Тәжірибені зерттеу.
4) Педагогикалық процесс
5) Экспертиза.

8. Педагогикадағы табиғи эксперимент:

1) Оқу-тәрбие процесін бұзбай зерттеу гипотезасын тексеру.
2) Зерттеу гипотезасын арнайы лабораториялық жағдайда тексеру.
3) Гипотезасы жалпы тексеру.
4) Педагогикалық процестің жүру жағдайына өзгеріс енгізу арқылы зерттеу гипотезасын тексеру
5) Қалыптасқан педагогикалық процесті тексеру.

9. Педагогикалық процестегі қалыптасқан жағдайды анықтайтын эксперимент түрі:

1) Табиғи эксперимент.
2) Қалыптастыру эксперименті.
3) Констатациялық эксперимент
4) Лабораториялық эксперимент
5) Ойша эксперимент

10. Сауал-сұрақ әдісі:

1) Анкета жүргізу.
2) Мектеп құжаттарын тексеру.
3) Бақылау.
4) Теориялық талдау.
5) Эксперттік бағалар беру.

11. Педагогтік қабілеттер:

1) Ұйымдастырушылық, дидактикалық.
2) Перцептивтік, суггестивтік.
3) Коммуникативтік, конструктивтік.
4) Зерттеушілік, ғылыми-танымдық
5) Барлық жауаптар дұрыс.

12. Зерттелетін құбылыстар арасындағы сандақ тәуелділіктерді анықтау, эксперимент және сауал сұрақ барысында алынған нәтижелерді өңдеу үшін қолданылатын әдіс:

1) Теориялық анализ.
2) Индуктивтік әдіс.
3) Дедуктивтік әдіс
4) Статистикалық әдіс.
5) Тест

13. Арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленушілердің мақсатты өзара қимылдары:

1) Оқыту процесі.
2) Тәрбие процесі
3) Педагогикалық процесс.
4) Оқу-тәрбие процесі
5) Мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыттары.

14. Тұлғаның «қалыптасу сәті»(педагогикалық жағдай):

1) Іскерліктер, дағдылар қалыптастыру негізі.
2) Педагогикалық процестің компоненттері
3) Оқыту процесінің элементарлық бөлігі.
4) Педагогикалық процестің элементарлық бөлігі.
5) Тәрбие процесінің элементарлық бөлігі.

15. Педагогикалық процестің функциялары

1) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту.
2) Педагогикалық құбылыстардың заңдылықтарын ашу, теория құру, технология жасау.
3) Білім беру орындарының жұмысын реттеу.
4) Озық педагогикалық тәжірибені қорыту, тарату.
5) Барлық жауаптар дұрыс.

16. Педагогикалық процестің тұтастығы:

1) Педагогикалық процестің функцияларының бірлікте іске асырылуы.
2) Отбасы мектеп және басқа да әлеуметтік институттардың ынтымақтастығы
3) Оқыту және тәрбие процестерінің өзара байланысы.
4) Педагог пен оқушылардың өзара бірлескен әрекеттері.
5) Барлық жауаптар дұрыс

17. Педагогикалық процестің компоненттері:

1) Педагогтер, оқушылар
2) Бала-бақша, мектеп, жоғары оқу орындары.
3) Мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, форма, нәтиже.
4) Оқыту, тәрбиелеу, дамыту
5) Оқыту бағдарламалары, оқулықтар, оқу жоспары.

18. Педагогикалық процестің қозғаушы күштері:

1) Педагогикалық процесте туындайтын қарама-қайшылықтар.
2) Жаңашыл-педагогтар
3) Жаңа педагогикалық технологиялаарды қолдану
4) Педагогикалық зерттеулер
5) Озық педагогикалық тәжірибені практикаға енгізу.

19. Педагогикалық процестің заңдылықтары

1) Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар
2) Педагогикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын, объективті байланыстар .
3) Педагогикалық процестің ережелері
4) Педагогикалық процестің принциптерінен туындайды.
5) Барлық жауаптар дұрыс.

20. Педагогтік қабілеттер:

1) Ұйымдастырушылық, дидактикалық
2) Перцептивтік, суггестивтік.
3) Коммуникативтік, конструктивтік.
4) Зерттеушілік, ғылыми-танымдық.
5) Барлық жауаптар дұрыс.

21. Оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын ғылыми нақтылайтын педагогикалық теория:

1) Оқыту технологиясы.
2) Педагогикалық технология
3) Дидактика.
4) Педагогикалық менеджмент
5) Тәрбие теориясы

22. Дидактиканың зерттеу пәні:

1) Оқыту процесі.
2) Білім беру мазмұны.
3) Сабақ беру (мұғалім іс-әрекеті) және оқудың (оқушы ісәрекеті) байланысы, олардың өзара қимылы.
4) Оқыту әдістері.
5) Тәрбие.

23. Дидактика категориясы:

1) Тәрбие мақсаты.
2) Тұлғаны қалыптастыру
3) Тұлғаны дамыту
4) Білім беру мазмұны.
5) Тәрбие әдістері

24. Оқыту мақсаты - оқушыларда интеллектуалдық іскерліктерді, түсініктерді, көріністерді, білімдерді дайын түрде қалыптастыру:

1) Дамыта оқыту.
2) Дәстүрлі дидактикалық концепция.
3) Педоцентрлік концепция.
4) Проблемалық оқыту
5) Бағдарламалап оқыту.

25. Сабақ беру басымды роль атқаратын дидактикалық жүйе:

1) Педоцентрлік концепция.
2) Дәстүрлі дидактикалық концепция.
3) Түсіндірмелі-сипаттай оқыту.
4) Дамыта оқыту.
5) Психологиялық оқыту теориялары.

26. Оқыту мақсатын іске асыруды, оқушылардың білімдерді қабылдауын, қорытуын және практикада қолдануын қамтамасыз етуге бағытталған мұғалім іс-әрекеті

1) Оқу.
2) Сабақ беру.
3) Білім беру.
4) Тәрбиелеу
5) Оқыту.

27. Оқыту процесінің бір жағы сабақ беру, ал екінші жағы – бұл:

1) Оқыту.
2) Оқу.
3) Білім беру
4) Тану.
5) тәрбие

28. Оқыту процесінің әдіснамалық негіздері:

1) Таным теориясы
2) Тарихи материализм
3) Неотомизм
4) Бихевиоризм.
5) Экзистенциализм.

29. Педагогикалық процесте іске асырылатын функциялар:

1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыыру.
2) Оқыту мазмұнын, ұйымдастыру формаларын анықтау
3) Оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу, дамыту.
4) Оқыту әдістерін, құралдарын таңдау
5) Оқыту мақсатын қою, міндеттерін анықтау

30. Оқыту процесінің қозғаушы күштері:

1) Мұғалімнің жігері.
2) Оқу тапсырмалары мен оқушылардың білім деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.
3) Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды игеру қажеттілігін оқушылардың түсінуі.
4) Дидактикалық зерттеулер.
5) Ғылым мен практиканың байланысы.

31. «Белгіліден белгісізге, жайдан күрделіге» ережелері қандай принципке жатады?

1) Ғылымилық.
2) Көрнекілік.
3) Шамаға лайықтық.
4) Теориямен практиканың байланысы
5) Жүйелілік және бірізділік

32. Оқыту принципі

1) Оқыту материалын таңдау негізінде жататын қағидилар.
2) Оқытудың ғылымилығын қамтамасыз етеін қағидалар.
3) Оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
4) Оқыту процесінің компоненттері арасындағы байланыстар
5) Орындауды қажет ететін ережелер.

33. Қандай оқыту принципі оқыту мазмұны оқушыларды ғылымның даму деңгейіне сәйкес объективті ғылыми фактілер, теориялар және заңдармен таныстыруды талап етеді

1) Ғылымилық.
2) Көрнекілік.
3) Саналылық және белсенділік.
4) Жүйелілік және бірізділік.
5) Шамаға лайықтық.

34. Қандай оқыту принципі сезім органдарын оқыту материалдарын қабылдауға және өңдеуге мақсатты қатыстыруды талап етеді:

1) Саналылық және белсенділік.
2) Ғылымилық.
3) Көрнекілік.
4) Шамаға лайықтық.
5) Жүйелілік және бірізділік.

35. Жүйелілік және бірізділік принципі:

1) Оқыту процесін және оның мазмұнын бір тәртіппен құрастыруды талап етеді.
2) Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.
3) Оқыту процесінде оқушыларды білімді практикада қолдануға ынталандыру.
4) Көрнекіліктерді қолдануды талап ету.
5) Оқушының мүмкіндіктерін ескеру.