Тест: Басқару психологиясы


Список вопросов


1. Басқару психологиясы бұл:

1) Адамның еңбектегі шығармашылығын зерттеумен айналысатын психология ғылымының бір саласы
2) Адамның еңбекке қатынасы мен нақты еңбек іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттеумен айналысатын психология ғылымының бір саласы
3) Топтағы жеке тұлғалардың дамуы мен қалыптасуын зерттеумен айналысатын психология ғылымының бір саласы
4) Басқару қызметінің психологиялық заңдылықтарын зерттеумен айналысатын психология ғылымының бір саласы
5) Басқару қызметін диагностикалайтын психология ғылымының бір саласы

2. Ағылшынның «management»(менеджмент) сөзі қандай мағыналарды білдіреді:

1) Еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру деген мағынаны білдіреді
2) Еңбек өнімділігін арттыру деген мағынаны білдіреді
3) Адамдардың бірлесіп қызмет істеуге шақыру деген мағынаны білдіреді
4) Басқару, еңбекті ғылыми ұйымдастыру деген мағынаны білдіреді
5) Атқару, орындау деген мағыналарды білдіреді

3. Басқару психологиясының негізгі жалпы міндеті:

1) Еңбек өнімділігін жетілдіру
2) Ұйымдағы психологиялық жағдайларды зерттеу мен өлшеу
3) Басқару қызметінің психологиялық заңдылықтарын зерттеу
4) Басқару жүйесіндегі жұмыстардың сапасы мен тиімділігін жоғарылату
5) Басқару ұйымдарында диагностикалық зерттеулер жүргізу

4. Ф.У.Тейлордың «Ғылыми басқарудың принциптері» атты еңбегінің жарық көрген жылы:

1) 1920ж.
2) 1915ж.
3) 1910ж.
4) 1911ж.
5) 1906ж.

5. 1885-1920 жылдар аралығында қалыптасқан ғылыми басқару мектебінің өкілдері:

1) Э.Толмен, К.Л.Халл, Б.Ф Скиннер, Г.Эббингауз
2) Г.Эббингауз, Дж.Уотсон, Э.Торндайк, Б.Ф.Скиннер
3) Э. Мэйо, М.Фоллетт, А. Маслоу. Ф. Тейлор
4) Ф.Тэйлор, Ф.Гилберт,Л.Гилберт, Г.Эмерсон
5) А.Файоль, Л.Урвик, Д.Мунк, Э.Реймс

6. ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында пайда болған адами қатынастар және мінез-құлық мектебінің қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті ғалымдар:

1) Ф.Тэйлор, Ф.Гилберт
2) Э.Толмен, К.Л.Халл
3) А.Файоль, Л.Урвик
4) Э. Мэйо, М.Фоллетт
5) Г.Эббингауз, Дж.Уотсон

7. Басқару қызметін өзара байланысты басқару қызметінің үздіксіз сериялары ретінде қарастырған ғылыми-теориялық бағыт:

1) Когнитивтік
2) Мінез-құлықтық
3) Жүйелік
4) Процестік
5) Жағдайлық

8. Басқару қызметін жеке элементтерден тұратын тұтастық ретінде қарастырған ғылыми-теориялық бағыт:

1) Когнитивтік
2) Мінез-құлықтық
3) Жүйелік
4) Процестік
5) Жағдайлық

9. Ұйымда болып жатқанның барлық себептерін нақты жағдайлардан іздеу керек деген ұстанымды ұстанатын ғылыми-теориялық бағыт:

1) Когнитивтік
2) Мінез-құлықтық
3) Жүйелік
4) Процестік
5) Жағдаяттық

10. Психологиядағы мінез-құлықты зерттеген шетелдік бағыт:

1) Сенсуалистік
2) Гуманистік
3) Психоанализ
4) Бихевиоризм
5) Гештальтпсихология

11. Басқару психологиясында ортақ мақсат, мүдделер мен бағдарламалар негізінде әрекет ететін және өзара реттелетін адамдар бірлестігі мен тобын не деп атайды?

1) Халықтар
2) Бірлескен адамдардың көңіл-күйі
3) Тобыр
4) Ұйым
5) Көпшілік

12. Психология ғылымындағы іс-әрекет бағыты бойынша қажеттіліктің заты бұл:

1) Әрекет
2) Іс-әрекет
3) Міндет
4) Мотив
5) Мақсат

13. 1920-1950 жылдар аралығында қалыптасқан әкімшілік (классикалық) мектептің көрнекті өкілдері:

1) Э.Толмен, К.Л.Халл, Б.Ф.Скиннер, Г.Эббингауз
2) Г.Эббингауз, Дж.Уотсон, Э.Торндайк, Б.Ф.Скиннер
3) Э. Мэйо, М.Фоллетт, А. Маслоу. Ф. Тейлор
4) Ф.Тэйлор, Ф.Гилберт, Л.Гилберт, Г.Эмерсон
5) А.Файоль, Л.Урвик, Д.Мунк, Э.Реймс

14. Басқару қызметінде математика, статистика, инженерлік ғылымдарды басшылыққа алу керек деп санаған мектеп:

1) Гештальтпсихология мектебі
2) Іс-әрекет мектебі
3) Мінез-құлық мектебі
4) Сандық әдістер мектебі
5) Сапалы әдістер мектебі

15. Басқарушылық қарым-қатынастың субординациялық формасы қандай нормаларға негізделеді

1) Әкімшілік-қызметтік
2) Әкімшілік-құқықтық
3) Әкімшілік-моральдық
4) Моральдық-психологиялық
5) Әкімшілік-психологиялық

16. Бірлескен іс-әрекеттің мақсатына сай көшбасшының қол астындағыларға әсер ету тәсілдері мен әдістерінің, нысандарының жүйесін не деп айтады?

1) Басқару сипаты
2) Басқару тәсілі
3) Басқару жүйесі
4) Басқару қызметі
5) Басқару стилі

17. Беделге және харизмге (өзгені өзіне иілдіруге) негізделетін - қарым-қатынаста өз ықпалын барынша жүзеге асыратын тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сипаты:

1) Авторитарлық
2) Әріптестік
3) Анархиялық
4) Либеральды
5) Демократиялық

18. Басқару қызметінде табысқа жетуге ұмтылу мен әрбір қызметкердің кәсіби деңгейдін бірінші орынға қоятын көшбасшының стилі:

1) Әріптестік
2) Іскерлік
3) Либеральды
4) Демократиялық
5) Авторитарлық

19. Басқару қызметінде қол астындағы әрбір қызметкерге еркіндік беретін әріптестік стилін не деп атайды?

1) Іскерлік
2) Либеральды
3) Авторитарлық
4) Әріптестік
5) Демократиялық

20. Іс-әрекет теориясы бойынша қажеттілік бұл:

1) Іс-әрекет мақсаты
2) Мағыналы мотив
3) Мағына тудырушы мотив
4) Адам құмарлығы
5) Объективті мұқтаждық

21. Іс-әрекет теориясы бойынша мотивтің мақсатқа қатынасы бұл:

1) Мақсат
2) Міндет
3) Мағына
4) Мотив
5) Құмарлық

22. Іс-әрекет бағыты бойынша мақсат арқылы басқарылатын іс-әрекеттің бір бөлігі бұл:

1) Әдеттер
2) Операциялар
3) Іс-әрекеттер
4) Дағдылар
5) Әрекет

23. Іс-әрекет бағыты бойынша міндет арқылы басқарылатын әрекеттің бір бөлігі бұл:

1) Іс-әрекеттер
2) Дағдылар
3) Әдеттер
4) Әрекет
5) Операциялар

24. Іс-әрекет теориясы бойынша тілеген нәтиженің бейнесі бұл:

1) Құмарлық
2) Іскерлік
3) Қажеттілік
4) Мақсат
5) Мотив

25. А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы бойынша мотив қалыптасуының психологиялық механизмі бұл:

1) Іскерлік
2) Құмарлық
3) Мотив
4) Қажеттілік
5) Эмоция

26. А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы бойынша мәннің жеке жағдайы бұл:

1) Іскерлік
2) Құмарлық
3) Мотив
4) Іскерлік
5) Мағына

27. Тұлғаның мотивациялық шеңбері өзінің несімен ерекшеленеді?

1) Мінез-құлықты түрткілеуімен
2) Оятушылық қабілетімен
3) Қажеттіліктердің жүйесімен
4) Мотивтердің санымен
5) Иерархиялық құрылымымен

28. Мінез-құлықты оятатын және оған бағыт беретін қажеттіліктің затын не деп атайды?

1) Эмоция
2) Қызығушылық
3) Құмарлықтар
4) Сана
5) Мотив

29. Тұлғаның мотивациялық шеңберін қажеттіліктердің жүйесі ретінде қарастырған психолог:

1) П.Я.Гальперин
2) К.Роджерс
3) З.Фрейд
4) А.Маслоу
5) А.Н.Леонтьев

30. Ұйымның маңызды ойлары мен оның мақсатына қол жеткізуді көздейтін, жан-жақты бөлшектенген, кешенді жоспарды не деп айтуға болады?

1) Қажеттілік
2) Мақсат
3) Ресурстар
4) Мотив
5) Стратегия

31. Жеке немесе ұйым мақсатына қол жеткізу үшін адамның өз іс-әрекеттері мен өзгелердің іс-әрекетін оятатын процесс

1) Қадағалаулар
2) Бақылаулар
3) Қызығушылықтар
4) Құмарлықтар
5) Мотивация

32. Басқару психологиясының зерттеу объектісі:

1) Бейнелеу процесі
2) Адам танымы
3) Мінез-құлық көріністері
4) Топтар мен көпшілік
5) Адамдардың ұйымдасқан іс-әрекеті

33. Қандай да бір белгісі бойынша бірлескен адамдардың жиынтығы

1) Қоғамдық құрылыс
2) Бұқаралық құбылыстар
3) Жұртшылық
4) Қоғам
5) Топ

34. Мүшелері бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа түспейтін, қандай да бір әлеуметтік белгісі бойынша жиналған, саны көп қауым

1) Кіші топ Тобыр Ықшам топ Ұжым
2) Тобыр
3) Ықшам топ
4) Үлкен топ
5) Кіші топ

35. З.Фрейд зерттеген теория:

1) Іс-әрекет
2) Гуманистік
3) Бихевиоризм
4) Гештальтпсихология
5) Психоанализ

36. А.Маслоу қандай бағыттың өкілі:

1) Іс-әрекет
2) Гуманистік
3) Гештальтпсихология
4) Психоанализ
5) Бихевиоризм

37. Топтық процестер мен топтық нормалардың, топтағы эмоциялық қатынастардың туындауына негіз болатын және олар дербес адамдардың тікелей қарым-қатынасынан көрінетін, топ мүшелерін ортақ бірлескен іс-әрекеттер біріктіретін, саны жағынан аз топты не деп атайды?

1) Тобырлар
2) Жұртшылық
3) Кіші топтар
4) Үлкен топтар
5) Көпшілік

38. Адамның топта алатын орны мен мәртебесін сипаттайтын түсінік

1) Бейресми көшбасшылық
2) Лаузым
3) Көшбасшылық
4) Позиция
5) Рөл

39. Адамның топтағы рөлі мен мәртебесіне сай ұстанатын ұстанымы

1) Көшбасшылық
2) Позиция
3) Лаузым
4) Рөл
5) Принцип

40. Бірлескен іс-әрекетінің дамуы жоғары дәрежеге жеткен, топ мүшелерін ортақ мақсат пен міндеттер біріктіретін адамдар тобын не деп атайды?

1) Жамағат
2) Тобыр
3) Жұртшылық
4) Көпшілік
5) Ұжым

41. Құнды бағдарлар бірлігі мен ортақ бірлескен іс-әрекеті болмаса да мүшелері қарым-қатынасқа түсе беретін аралық топты не деп атайды?

1) Референтті топ
2) Ұжым
3) Диффуздық топ
4) Шартты топ
5) Ресми топ

42. А.Маслоу бойынша ең төменгі реттік қажеттіліктердің түрі:

1) Эстетикалық
2) Әлеуметтік
3) Танымдық
4) Қарым-қатынас
5) Физиологиялық

43. А.Н. Леонтьев бойынша тұлғаға тән мотивтің түрі:

1) Мотив-оқу
2) Мотив-ойын
3) Мотив-еңбек
4) Мотив-түрткі
5) Мотив-мағына

44. А.Н. Леонтьев бойынша индивидке тән мотивтің түрі:

1) Мотив-түрткі
2) Мотив-оқу
3) Мотив-ойын
4) Мотив-еңбек
5) Мотив-мағына

45. Менеджменттің теориялық негіздемелері жөнінде мәселе көтеріп, оны кәсіби ғылымның дербес саласы ретінде қарастыруды ұсынған адам:

1) Д.Э. Мэйо
2) М.П. Фоллет
3) Ф.Б. Гильберт
4) Г.Р. Таун
5) Ф.У. Тейлор

46. Адамның атқаратын лауазымдық мәртебесіне сүйеніп, ұйымға заңды түрде ықпал етуін не деп атайды?

1) Шеберлік
2) Абырой
3) Бедел
4) Билік
5) Әсер ету

47. Авторитарлық стильде басқаратын көшбасшы ұйымдағы қызметкерлерді (қол астындағыларды) қалай мотивациялайды?

1) Мадақтау арқылы
2) Тізімде дұрыс жауап нұсқасы жоқ
3) Жеке басын үлгі ету арқылы
4) Үстемдік ету арқылы
5) Мүмкін болған жағдайлардың бәрімен

48. Демократиялық стильдегі көшбасшы ұйымдағы қызметкерлерді (қол астындағыларды) қалай мотивациялайды?

1) Тізімде дұрыс жауап нұсқасы жоқ
2) Жеке басын үлгі ету арқылы
3) Қорқыту арқылы
4) Үстемдік арқылы
5) Мүмкін болған жағдайлардың бәрімен

49. Іскерлік стильдегі көшбасшы ұйымдағы қызметкерлерді (қол астындағыларды) қалай мотивациялауы мүмкін?

1) Жеке басын үлгі ету арқылы
2) Тізімде дұрыс жауап нұсқасы жоқ
3) Қорқыту арқылы
4) Үстемдік ету арқылы
5) Мүмкін болған жағдайлардың бәрімен

50. Тұлғаның адамдар арасында мойындалған, қызмет барысында жинаған абыройын не деп атайды?

1) Рөл
2) Мәртебе
3) Лауазым
4) Билік
5) Бедел

51. Тұлға:

1) Адам қабілеті
2) Адам индивиді
3) Адамның ақыл-ойының сипаты
4) Адамға ғана тән сипат
5) Жануарларға қатысты айтылады

52. Адамның әртүрлі іс-әрекетті меңгеруінен көрінетін тұлғаның қасиеті

1) Ес
2) Ойлау
3) Мінез
4) Темперамент
5) Қабілет

53. Адамның қоршаған ортаны қабылдауы қашанда субъективті деп түсінетін психологиядағы ғылыми бағыт

1) Феноменологиялық
2) Психоанализ
3) Психоанализ
4) Іс-әрекет теориясы
5) Бихевиористік

54. Қоршаған орта қаншалықты кедергі келтірсе де бәрібір дами беретін адамда тұлғалық өсуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға деген туа берілетін қасиеттер бар деп санайтын психологиялық бағыт

1) Қатынас теориясы
2) Психоаналитикалық теория
3) Іс-әрекет теориясы
4) Гуманистік теория
5) Бихевиористік теория

55. Адамның өмір үстінде тауып алған әлеуметтік сапасы:

1) тұлға
2) индивидуалдылық
3) жануар
4) индивид
5) адам

56. Басқарушылық қарым-қатынастың қызметтік-жолдастық формасы қандай нормаларға негізделеді?

1) Әкімшілік-достық
2) Әкімшілік-моральдық
3) Әкімшілік-психологиялық
4) Моральдық-психологиялық
5) Әкімшілік-құқықтық

57. Басқарушылық қарым-қатынастың достық формасы қандай нормаларға негізделеді?

1) Әкімшілік-достық
2) Әкімшілік-моральдық
3) Әкімшілік-психологиялық
4) Моральдық-психологиялық
5) Әкімшілік-құқықтық

58. Тұлғаның қалыптасуында туа берілетін қасиеттерді шешуші деп түсінетін бағыт:

1) биогенетикалық
2) гештальт психология
3) құрылымдық
4) бихевиористік
5) социогенетикалық

59. Тұлғаның қалыптасуында қоршаған орта шешуші деп түсінетін бағыт:

1) бихевиористік
2) биогенетикалық
3) құрылымдық
4) гештальт психология
5) социогенетикалық

60. Адамның өз-өзіне, басқаларға, қоршаған ортаға және т.б. деген тұрақты таңдамалы байланысы

1) Мақсат
2) Мотив
3) Өзін-өзі бағалау
4) Қатынас
5) Нұсқау

61. Адамның қандай да бір төтенше жағдайларға қатысты санадан тыс дайындығын сипаттайтын психологиялық құбылыс

1) Мақсат
2) Міндет
3) Міндет
4) Қатынас
5) Нұсқау

62. Топ мүшелерінің өзара әрекеттестік процесін не деп атайды?

1) Топтың құлдырауы
2) Топтың ұйымшылдығы
3) Топтың құрамы
4) Топтық динамика
5) Топтың құрылымы

63. Топтық динамика топтың табиғатымен, оның даму, жетілу заңдылықтарымен, топтың басқа топтармен, институттармен байланысы бірлікте қарастырылуы керек деп ұсыныс жасаған психолог:

1) Я. Морено
2) М. Мид
3) Дж. Кеттелл
4) К.Левин
5) Дж. Уотсон

64. Топтық дианамиканың негізгі механизмі

1) Нарықтық алмасу
2) Экономикалық алмасу
3) Қаржылық алмасу
4) Құндылықтар алмасу
5) Эмоциялар алмасу

65. Коммуникативті қарым-қатынастың вербалды құралына не жатады?

1) Жестер
2) Сөз
3) Понтамика
4) Ым-ишараттар
5) Мимика

66. Тұлға құрылымынан «Мен», «Ол», «Жоғарғы мен» құрамдас бөліктерді бөліп шығарған психолог:

1) А.Маслоу
2) Э.Фромм
3) З.Фрейд
4) А.Адлер
5) К.Юнг

67. Топ дамуының көпшілік мойындаған моделін ұсынған психолог ғалымдар:

1) А. Бандура мен Д. Роттер
2) Г. Олпорт пен Р. Кеттел
3) М. Вудкок пен Д. Фрэнсис
4) Э. Холландер мен Д. Джулиан
5) Дж. Уотсон мен Э. Торндайк

68. Өз кезегінде жаңа технологиялардың ықпалы, ақшаның құнсыздануы, экономикалық бәсеңдеу секілді факторлар компанияларға қалай әсер етеді?

1) Жылдам
2) Әсер етпейді
3) Жанама
4) Баяу
5) Тікелей

69. Психологиядағы бағыттардың қайсысы мінез-құлықты зерттеу пәні ретінде қарастырды:

1) Генетикалық психология
2) Гештальтпсихология
3) Бихевиоризм
4) Психоанализ
5) Ассоционизм

70. Қабілет жіктеледі:

1) Ырықты және ырықсыз.
2) Үйреншікті
3) Тура және жанама.
4) Еңбек және оқу.
5) Жалпы және арнаулы.

71. Коммуникативті актінің тиімділігін артыру үшін бұхаралық ақпарат құралдарының көпшікке тигізетін нанымды әсерін алғаш рет қарастырған ғалым

1) Рэймонд Кеттел
2) Гордон Олпорт
3) Джон Бродес Уотсон
4) Гарольд Дуайт Лассуэлл
5) Якоб (Джекоб) Морено

72. Әлеуметтік перцепцияның механизмі

1) Регрессия
2) Фрустрация
3) Рационализация
4) Идентификация
5) Проекция

73. Психологиядағы трансактілік теорияның негізін салған психолог

1) К. Роджерс
2) А. Маслоу
3) А. Бандура
4) Э. Берн
5) Д. Роттер

74. Әлеуметтік перцепцияның заңдылығы:

1) Экспермент эффектісі
2) Шеткі орндардың эффектісі
3) Лапьер парадоксі
4) Гало немесе ореол эффектісі
5) Зейгарник эффектісі

75. Өзара әрекеттестікке түскен субъектілердің қарама-қарсы мақсаттарынан, ұстанымдарынан, пікірлерінен, көзқарастарынан туындайтын түрлі қақтығыстарды не деп айтады?

1) Бірін-бірі қабылдау
2) Бір-бірне әсер ету
3) Дау-жанжалдар
4) Ақпараттар алмасу
5) Ой бөлісу

76. Адамның психикалық өмірін бір-бірімен үнемі аяқталмайтын күресте болатын бейсаналы процестердің жиынтығы ретінде алғаш рет сипаттаған ғалым

1) К.Хорни
2) Э.Фромм
3) К.Юнг
4) А.Адлер
5) З.Фрейд

77. Психологияда алғаш рет тұлға ішіндегі жанжалдарды зерттеп, оның табиғатын сипаттаған ғалым

1) К.Хорни
2) К.Юнг
3) З.Фрейд
4) А.Адлер
5) Э.Фромм

78. Бихевиоризмнiң зерттеу пәнi:

1) Санасыздық
2) Сана
3) Іс-әрекет
4) Жан
5) Мiнез-құлық

79. Қарым-қатынасты кеңістіктік жағынан ұйымдастыруды зерттеумен айналысатын проксимиканың негізін қалаған ғалым

1) Лета Стеттер Холлингворт
2) Эдвард Твитчелл Холл
3) Эдварл Чейс Толмен
4) Гренвилл Стэнли Холл
5) Эдвард Ли Торндайк

80. Мағынаны «мен үшін мән» немесе мәннің жеке жағдайы деп түсінген психолог:

1) Д.Н. Узнадзе
2) К.К. Платонов
3) А.Н. Леонтьев
4) П.Я. Гальперин
5) С.Л. Рубинштейн

81. Шағын орталардағы (ұйымдағы) тұлғалық дау-жалдардың мазмұнын - индивидтің толық еместік кешенінен босанып шығуы мен бір адамның екінші бір адамға үстемдік етуінен көрінеді деп түсінген ғалым.

1) А.Адлер
2) З. Фрейд
3) А.Маслоу
4) К. Роджерс
5) Б. Скиннер

82. Мотивті қажеттіліктің заты ретінде анықтаған кеңес психологі:

1) В.Н. Мясищев
2) А.Н. Леонтьев
3) Л.И. Божович
4) Д.Н. Узнадзе
5) Д.Н. Узнадзе

83. Өзіне тән психологиялық ерекшеліктерімен өзгелерден ажыратылатын адамдар тобын не деп айтады?

1) Тобырлар
2) Тип
3) Көпшілік
4) Көпшілік
5) Жұртшылық

84. Кеңестік дәуірдегі грузин психология мектебінің негізін қалаған психолог:

1) В.Н. Мясищев
2) А.Н. Леонтьев
3) Л.И. Божович
4) Д.Н. Узнадзе
5) С.Л. Рубинштейн

85. Зерттелушінің өз бетінше толтыратын жазбаша сауалнамасы:

1) Тәрбилеу
2) Оқыту
3) Анкета
4) Интроспекция
5) Контентті талдау

86. Тұлғаны психологиялық қасиеттерінің, ерекшеліктерінің ортақтығына немесе ұқсастығына қарай оларды бір топқа жатқызып зерттейтін таным әдісі

1) Гносеология
2) Типология
3) Социология
4) Нейрология
5) Неврология

87. Кәсіпорындарды өзіне жүктелген еңбек қызметтерін сапалы орындай алатын білікті қызметкерлермен қамтамасыз етуге және кадрларды тиімді пайдалануға бағытталған басшылардың практикалық іс-әрекетін не деп айтады.

1) Қызметкерлерді мотивациялау
2) Қызметкерлерді мәжбүрлеу
3) Қызметкерлерді ұйымдастыру
4) Қызметкерлерді басқару
5) Қызметкерлерді жұмылдыру

88. Маңызды шешімдер мен оны қабылдауға жауап беретін ұйымда өкілеттілігі бар адамды қалай атайды?

1) Ұйым мүшесі
2) Ұйым жетекшісі
3) Ұйымның беделді адамы
4) Ұйымның бейресми көшбасшысы
5) Ұйым қызметкері

89. Лауазымдық өкілеттілігі мен ресми билігі жоқ, көпшілік мойындаған беделі мен жолын қуған ізбасарлары бар ұйым мүшелерін не деп атайды?

1) Ұйым басшылары
2) Ұйымның көшбасшылары
3) Ұйым қызметкерлері
4) Ұйым мүшелері
5) Ұйым жетекшілері