Тест: Респ Уля


Список вопросов


1. Тыныштық жағдайдағы ересек адамның тыныс алу жиілігі мынаған тең:

1) 50-60/мин
2) 30-40/мин.
3) 25-30/мин;
4) 10-12/мин;
5) 16-20/мин;

2. Өкпенің серпімді қасиеті неге байланысты?

1) плевра қуысында оң қысым
2) плевра қуысында теріс қысым
3) эластикалық талшықтар, альвеолярлы сұйықтық, өкпенің созылуы және бронх бұлшықеттерінің тонусы;
4) сурфактанттың болуы және плевра қуысында ауаның болмауы;
5) атмосфералық қысымның өкпеге әсері;

3. Гипоксия

1) организмде және тканьдерде O2 жеткiлiксiздiгi
2) қанда O2 кернеуi төмендеуi
3) қанда O2 кернеуi жоғарылауы
4) организмде және тканьдерде O2жетiспеуiнен және CO2 (артық) мөлшерде болуы
5) қанда O2 кернеуi төмендеп, CO2 кернеуi жоғарылауынан

4. Өкпенiң тiршiлiк сиымдылығы:

1) жәй дем шығарғаннан кейiн қосымша шығарылатын ауа көлемi
2) жәй дем алған соң, қосымша демдi iшке тартқанда кiретiн ауа көлемi
3) жәй дем алғанда өкпеде қалатын ауа көлемi
4) жәй дем алғаннан кейiн, демдi жәй шығарғанда шығатын ауа көлемi
5) терең дем алған соң, қатты дем шығарғанда шығатын ауа көлемi

5. Оттегінің кернеу күшіне байланысты оксигемоглобиннің мөлшерін көрсететін сызық, бұл:

1) оксигемоглобиннің ыдырау сызығы
2) пневмограмма
3) СО2 диссоциациясы қисық сызығы
4) спирограмма
5) Гоорвег-Вейсс қисық сызығы

6. Қандағы гемоглобиннің оттегімен максимальдық қанығу дәрежесі, аталады:

1) қандағы оттегінің артерио-венулярлық айырмашылығы.
2) оттегінің қанығу коэфиценті
3) қандағы оттегінің кернеуі
4) оксигемоглобиннің қисық диссоциациясы
5) қанның оттегіге қанығу сыйымдылығы

7. Қалдық ауа мен резервтік дем шығару ауасы көлемдерінің қосындысы, бұл:

1) қалдық көлем
2) тыныс алғандағы резервті көлем
3) өкпенің функционалды қалдық көлемі
4) тыныс алу көлемі
5) өкпенің жалпы сиымдылығы

8. Өкпенің тіршілік сиымдылығы және қалдық ауа көлемдерінің қосындысы, бұл:

1) тыныс алғандағы резервтік көлем
2) өкпенің жалпы сиымдылығы
3) қалдық көлем
4) өкпенің функционалды қалдық көлемі
5) тыныс алу көлемі

9. Альвеоладағы ауаның газдық құрамы:

1) O2-20% , CO2-3,5-4%, N-76%
2) O2-19-20%, CO2 -2-3% , N-79%
3) O2-14-14,5%, CO2-5,5-6%, N-80%
4) O2-16-16,5%, CO2-3,5-4%, N-79%
5) О2-14,0%, CO2-5,5%, N-80,5%

10. Карбоангидраза ферменті:

1) плазмада көмір қышқылының түзілуін жылдамдатады
2) эритроциттерде көмір қышқыл түзеді
3) эритроциттерде гемоглобинді түзеді
4) плазмада көмір қышқылының түзілуін төмендетеді
5) эритроциттерде көмір қышқылының диссоциациясын тежейді

11. Деммен бірге шығатын ауаның газдық құрамы

1) O2-20% , CO2-3,5-4%, N-76%
2) O2-19-20%, CO2 -2-3% , N-79%
3) O2-14-14,5%, CO2-5,5-6%, N-80%
4) О2-16,0%, CO2-4,5%, N-79,5%
5) O2-10%, CO2-3,5-4%, N-79%

12. Адам бірнеше рет терең тыныс алғанда, тынысалуда байқалады:

1) тыныс жылдамдайды
2) бәсеңдейді
3) күшейеді
4) диспноэ
5) өзгермейді

13. Көмірқышқыл синтезін жылдамдатады:

1) карбоангидраза
2) фосфатаза
3) протеаза
4) мальтаза
5) амилаза

14. Физиологиялық өлі кеңістік қандай көлем алады:

1) газ алмасу жүрмейтін тыныс алу жолдары мен альвеола
2) газ алмасу жүретін альвеола
3) газ алмасу жүретін тыныс алу жолдары мен альвеола
4) газ алмасу жүретін тыныс алу жолдары
5) газ алмасу жүрмейтін тыныс алу жолдары

15. Анатомиялық өлі кеңістік қандай көлемді алады:

1) газ алмасу жүретін альвеола
2) газ алмасу жүретін тыныс алу жолдары мен альвеола
3) газ алмасу жүрмейтін тыныс алу жолдары мен альвеола
4) газ алмасу жүретін тыныс алу жолдары
5) газ алмасу жүрмейтін тыныс алу жолдары

16. Егер қанда көмірқышқыл газ деңгейі артса, тыныс алу жиілейді:

1) ерікті эйпноэ
2) ерікті апноэ
3) рефлекторлық апноэ
4) гиперпноэ
5) ерікті диспноэ

17. Диафрагманы нервтендіретін мотонейрондар орналасады:

1) Вароли көпірінде
2) сопақша мида
3) жұлынның кеуде сегментінде
4) жұлынның бел сегментінде
5) жұлынның мойын сегментінде

18. Жұлын мен сопақша ми шекарасынан кескенде тыныстың өзгеруi:

1) тыныс алу тереңдейдi
2) тыныс алу жиiлейдi
3) тыныс алу тоқтап қалады
4) тыныс алу сирейдi
5) өзгермейдi

19. Дем алу кезінде өкпенің ауамен керілуі:

1) дем алу кезеңі ұзаққа созылады және тыныс тереңдейді
2) келесі тыныс алуды кешіктіреді (экспираторлық тежелу рефлексi)
3) кезекті дем алудың тоқтауы /экспираторлық-жеңілдетуші рефлекс/
4) тыныс алуды жылдамдатады (рефлекторлық диспноэ)
5) дем алудың бірден тоқтауы мүмкін (инспираторлық тежелу рефлексi)

20. Функционалды топтар мен оларға қатысты бұлшықеттер арасында сәйкестік орнатыңыз. А-инспираторлық Б-экспираторлық 1) құрсақ қабырғасының тік бұлшықеті 2) сыртқы қабырға аралық,шеміршек аралық,диафрагма 3) ішкі қабырға аралық, тік, кеуде бөлімінің көлденең және қиғаш бұлшықеттері 4) ішкі қабырға аралық, сыртқы қабырға аралық,диафрагма

1) А-3, Б-4
2) А-4, Б-1
3) А-1, Б-1
4) А-1, Б-2
5) А-2, Б-3

21. Өкпе тіршілік сиымдылығы мен оларға кіретін ауа көлемінің арасындағы сәйкестікті орнатыңыз. А-ӨТС. Б-өкпенің жалпы сыйымдылығы В-өкпенің функционалды қалдық сыйымдылығы 1. тыныс алу және қалдық көлемі. 2. дем шығарудың тыныс алу және резервтік көлемі. 3. резервтік дем шығару көлемі және қалдық көлемі 4. дем алудың резервтік көлемі, дем шығарудың резервтік көлемі, тыныс алу көлемі 5. ӨТС және қалдық көлемі

1) А-2,Б-3, В-4
2) А-5, Б-5, В-1
3) А-4,Б-5,В-3
4) А-1, Б-2, В-3
5) А-2, В-4, Б-4

22. Инспираторлық бұлшық еттерге жатады:

1) сыртқы қабырға аралық, шемiршек аралық, диафрагма (көк ет)
2) қабырға аралық, шемiршек аралық, диафрагма
3) құрсақ қабырғасының тiк етi, сыртқы қабырғааралық, шемiршек аралық еттер
4) диафргама, шемiршек аралық, құрсақ қабырғасының тiк етi
5) iшкi қабырға аралық, сыртқы қабырға аралық, құрсақ қабырғасының тiк етi

23. Экспираторлық бұлшық еттерге жатады:

1) iшкi қабырғаралық, құрсақ қабырғасының тiк, көлденең және қиғаш еттер
2) диафрагма, құрсақ қабырғасының тiк және көлденең бұлшық еттер
3) шемiршек аралық еттер, құрсақ қабырғасының қиғаш еттер
4) сыртқы қабырғаралық еттерi мен құрсақ қабырғасының еттерi
5) iшкi қабырға аралық, шемiршек аралық, диафрагма

24. Тыныс алу жүйесiне жатады:

1) мұрын қуысы, жұтқыншақ, кеңiрдек, брохтар, альвеолалар
2) ауа жолдары және өкпе
3) ауа жолдары, өкпе, тыныс еттер, жүйкелер және тыныс алуды реттейтін жүйке орталықтары
4) өкпе, жүйелер және тыныс алуды реттейтiн орталықтар
5) жүйкелер және тыныс алуды реттейтін жүйке орталықтары

25. Гиперкапния бұл:

1) қанда оттегi кернеуiнiң төмендеуi
2) қанда көмiрқышқыл газы кернеуiнiң төмендеуi
3) ұлпаларда өттегi кернеуiнiң төмендеуi
4) қанда көмiрқышқыл газы кернеуiнiң жоғарылауы
5) қанда оттегi кернеуiнiң жоғарылауы

26. Гипокапния бұл:

1) қанда оттегi кернеуiнiң төмендеуi
2) қанда көмiрқышқыл газы кернеуiнiң төмендеуi
3) қанда көмiрқышқыл газы кернеуiнiң жоғарылауы
4) ұлпаларда өттегi кернеуiнiң төмендеуi
5) қанда оттегi кернеуiнiң жоғарылауы

27. Ирритантты рецепторлар қозған сәтте:

1) адам жөтеледі, тыныс жиілейді
2) бронхтар ашылады
3) тыныс тоқтайды
4) гиперкапния
5) гипокапния

28. Апноэ кезінде тыныс:

1) өзгермейді
2) тоқтайды
3) күшейеді
4) тыныс жылдамдайды
5) бәсеңдейді

29. Артериялық хеморецепторларды тiтiркендiредi:

1) қанда СО2 мен О2 көбеюi
2) қанда СО2 мен О2 азаюы
3) СО2 азаюы және О2 көбеюi
4) қанда СО2 кернеу күшінің азаюы
5) СО2 көбеюi және О2 азаюы

30. ӨТС анықталады:

1) спирометр
2) тонометр
3) термометр
4) волюмоспирометрмен