Тест: физио тыныс


Список вопросов


1. Альвеолалар қабатында:

1) эпителийден тұрады
2) дәнекер тіннен тұрады
3) шеміршекті дәнекер ұлпа
4) ет талшықтары болмайды
5) жоғарыда аталғандардың барлығы

2. Плевралық сұйықтық:

1) газ алмасуға қатысады
2) өкпені зақымданудан қорғайды
3) өкпеден ыдырау өнімдерін шығарады
4) өкпедегі газдардың әртүрлі концентрациясын сақтайды
5) өкпенің кеуде қуысының қабырғасына үйкелуін азайтады

3. Ирритантты рецепторлар қозған сәтте:

1) бронхтар ашылады
2) тыныс тоқтайды
3) адам жөтеледі, тыныс жиілейді
4) гиперкапния
5) гипокапния

4. Қалдық ауа мен резервтік дем шығару ауасы көлемдерінің қосындысы, бұл:

1) тыныс алғандағы резервті көлем
2) тыныс алу көлемі
3) өкпенің функционалды қалдық көлемі
4) өкпенің жалпы сиымдылығы
5) қалдық көлем

5. Тыныс алу орталығын қоздыратын хеморецепторлар орналасады:

1) бронхтарда
2) аралық ми
3) ортаңғы мида
4) сопақша мида
5) артерия қабырғасында

6. Апноэ кезінде тыныс:

1) бәсеңдейді
2) күшейеді
3) өзгермейді
4) тоқтайды
5) тыныс жылдамдайды

7. Ауаның өкпе арқылы өтуі қалай аталады:

1) тыныс алу қозғалыстары
2) дем алу және дем шығару
3) желдетілу
4) диффузия
5) газалмасу

8. Гипокапния – бұл:

1) қанда көмiрқышқыл газы кернеуiнiң жоғарылауы
2) қанда оттегi кернеуiнiң төмендеуi
3) қанда көмiрқышқыл газы кернеуiнiң төмендеуi
4) ұлпаларда өттегi кернеуiнiң төмендеуi
5) қанда оттегi кернеуiнiң жоғарылауы

9. Анатомиялық өлі кеңістік қандай көлемді алады:

1) газ алмасу жүретін альвеола
2) газ алмасу жүретін тыныс алу жолдары
3) газ алмасу жүрмейтін тыныс алу жолдары
4) газ алмасу жүретін тыныс алу жолдары мен альвеола
5) газ алмасу жүрмейтін тыныс алу жолдары мен альвеола

10. Артериялық хеморецепторларды тiтiркендiредi:

1) СО2 азаюы және О2 көбеюi
2) СО2 көбеюi және О2 азаюы
3) қанда СО2 мен О2 көбеюi
4) қанда СО2 мен О2 азаюы
5) қанда СО2 кернеу күшінің азаюы

11. Қалыпты тыныс алу ҚТА+резервтік дем алу РДА құрайды:

1) ӨТС
2) дем алу мөлшері
3) дем шығару мөлшері
4) резеревтік тыныс ауасы
5) резервтік дем шығару ауасы

12. Терең дем шығаруға бұлшықеттер қатысады:

1) сыртқы қабырға аралық
2) ішкі қабырға аралық
3) шеміршекаралық
4) инспираторлы
5) диафрагма

13. Егер қанда көмірқышқыл газ деңгейі артса, тыныс алу жиілейді:

1) ерікті диспноэ
2) гиперпноэ
3) ерікті апноэ
4) рефлекторлық апноэ
5) ерікті эйпноэ

14. Өкпенің тіршілік сиымдылығы және қалдық ауа көлемдерінің қосындысы, бұл:

1) өкпенің функционалды қалдық көлемі
2) тыныс алғандағы резервтік көлем
3) өкпенің жалпы сиымдылығы
4) тыныс алу көлемі
5) қалдық көлем

15. Гиперкапния – бұл:

1) қанда көмiрқышқыл газы кернеуiнiң төмендеуi
2) ұлпаларда өттегi кернеуiнiң төмендеуi
3) қанда оттегi кернеуiнiң төмендеуi
4) қанда көмiрқышқыл газы кернеуiнiң жоғарылауы
5) қанда оттегi кернеуiнiң жоғарылауы

16. Қанда көмірқышқыл газы азайса, тыныс тоқтайды:

1) апноэ
2) диспноэ
3) асфиксия
4) гипероксия
5) гипокапния

17. Плевра қабатындағы саңылау тәрізді кеңістік:

1) шеміршек
2) бұлшықет
3) эпителий
4) плевралық қуыс
5) барлық жауап дұрыс

18. Жұлын мен сопақша ми шекарасынан кескенде тыныстың өзгеруi:

1) өзгермейдi
2) тыныс алу сирейдi
3) тыныс алу жиiлейдi
4) тыныс алу тереңдейдi
5) тыныс алу тоқтап қалады

19. Физиологиялық өлі кеңістік қандай көлем алады:

1) газ алмасу жүретін тыныс алу жолдары
2) газ алмасу жүрмейтін тыныс алу жолдары
3) газ алмасу жүрмейтін тыныс алу жолдары мен альвеола
4) газ алмасу жүретін тыныс алу жолдары мен альвеола
5) газ алмасу жүретін альвеола

20. Өкпе тіршілік сиымдылығы мен оларға кіретін ауа көлемінің арасындағы сәйкестікті орнатыңыз. А-ӨТС. Б-өкпенің жалпы сыйымдылығы В-өкпенің функционалды қалдық сыйымдылығы 1. тыныс алу және қалдық көлемі. 2. дем шығарудың тыныс алу және резервтік көлемі. 3. резервтік дем шығару көлемі және қалдық көлемі 4. дем алудың резервтік көлемі, дем шығарудың резервтік көлемі, тыныс алу көлемі 5. ӨТС және қалдық көлемі

1) А-2, В-4, Б-4
2) А-5, Б-5, В-1
3) А-2,Б-3, В-4
4) А-4,Б-5,В-3
5) А-1, Б-2, В-3

21. Қалыпты тыныс алу ҚТА+резервтік дем алу РДА ауасының мөлшері:

1) 800-1000мл
2) 900-1100мл
3) 1000- 1500мл
4) 2000-2500мл
5) 2500-28000мл

22. Көкірек қуысында орналасқан, қабырғасында ет талшықтары жоқ:

1) дауыс сымдары
2) көмей
3) саңылаулар
4) альвеола
5) жұтқыншақ

23. Диафрагманы нервтендіретін мотонейрондар орналасады:

1) жұлынның мойын сегментінде
2) жұлынның кеуде сегментінде
3) жұлынның бел сегментінде
4) Вароли көпірінде
5) сопақша мида

24. Кеуде қуысының қабырғаларын қалыптастыруға қатыспайтын орган:

1) қабырға
2) төс сүйегі
3) диафрагма
4) кеуде қуысы
5) перикард қапшығы

25. Ересек адамдарда анатомиялық өлі кеңістік құрайды:

1) 7-8мл
2) 18-20 мл
3) 30-40мл
4) 80-90 мл
5) 150 – 200 мл

26. Өкпенің серпімді қасиеті неге байланысты?

1) плевра қуысында оң қысым
2) плевра қуысында теріс қысым
3) атмосфералық қысымның өкпеге әсері
4) сурфактанттың болуы және плевра қуысында ауаның болмауы
5) эластикалық талшықтар, альвеолярлы сұйықтық, өкпенің созылуы және бронх бұлшықеттерінің тонусы

27. Тыныс алу дегеніміз:

1) оттегінің шығарылуы
2) оттегі сіңіріліп, көмірқышқыл газы шығарылуы
3) минералды заттардың тотығуы
4) минералды заттардың қалпына келуі.
5) минералды заттардың тотығуы және қалпына келуі

28. Резервтік дем шығару ауасының мөлшері:

1) 800-1000мл
2) 900-1100мл
3) 1000- 1500мл
4) 2000-2500мл
5) 2500-28000мл

29. Көмірқышқыл синтезін жылдамдатады:

1) фосфатаза
2) протеаза
3) мальтаза
4) амилаза
5) карбоангидраза

30. Альвеоладағы ауаның газдық құрамы:

1) O2-20% , CO2-3,5-4%, N-76%
2) О2-14,0%, CO2-5,5%, N-80,5%
3) O2-14-14,5%, CO2-5,5-6%, N-80%
4) O2-19-20%, CO2 -2-3% , N-79%
5) O2-16-16,5%, CO2-3,5-4%, N-79%

31. Мұрын қуысындағы ауа температурасы қатты суықта да дене температурасымен бірдей, өйткені:

1) барлық жауап дұрыс
2) ол шырышпен жабылған
3) ол қанмен қамтамасыз етілген
4) ол шырышты қабықпен қапталған
5) шырышты қабықтың жасушаларында кірпікшелері болады.

32. Оттегінің альвеолалардан қанға өту процесі?

1) пиноцитоз
2) диффузия
3) белсенді тасымалдау
4) тыныс алу
5) желдетілу

33. Тыныштық жағдайдағы ересек адамның тыныс алу жиілігі мынаған тең:

1) 10-12/мин
2) 16-20/мин
3) 25-30/мин
4) 30-40/мин
5) 50-60/мин

34. Өкпе ешқашан төмен түспейді, өйткені:

1) оларда әрдайым ауа болады
2) оларда әрдайым көмірқышқыл газы болады
3) қабырғалармен қорғалған
4) қабырғаларында шеміршек бар
5) қабырғааралық бұлшықеттермен қорғалған

35. ӨТС мөлшері:

1) 800мл
2) 1100мл
3) 2000мл
4) 2800мл
5) 4000мл

36. Қандағы гемоглобиннің оттегімен максимальдық қанығу дәрежесі, аталады:

1) оксигемоглобиннің қисық диссоциациясы
2) қандағы оттегінің артерио-венулярлық айырмашылығы
3) қанның оттегіге қанығу сыйымдылығы
4) қандағы оттегінің кернеуі
5) оттегінің қанығу коэфиценті

37. ӨТС анықталады:

1) волюмоспирометрмен
2) оксиспирометрия
3) термометр
4) тонометр
5) спирометр

38. Тыныс алу орталығы орналасқан:

1) алдыңғы ми
2) аралық ми
3) ортаңғы ми
4) сопақша ми
5) артқы

39. Тыныс алу жүйесiне жатады:

1) ауа жолдары, өкпе, тыныс еттер, жүйкелер және тыныс алуды реттейтін жүйке орталықтары
2) мұрын қуысы, жұтқыншақ, кеңiрдек, брохтар, альвеолалар
3) ауа жолдары және өкпе
4) өкпе, жүйелер және тыныс алуды реттейтiн орталықтар
5) жүйкелер және тыныс алуды реттейтін жүйке орталықтары

40. Ауыр дене жұмысын орындау кезінде тыныс алу жиілейді және тереңдейді

1) апноэ
2) диспноэ
3) гипокапния
4) гипероксия
5) асфиксия

41. Резервтік дем алу ауасының мөлшері:

1) 1000мл
2) 800-1000мл
3) 1000-1100мл
4) 1500-2000мл
5) 2500-28000мл

42. Оттегінің кернеу күшіне байланысты оксигемоглобиннің мөлшерін көрсететін сызық, бұл:

1) оксигемоглобиннің ыдырау сызығы
2) Гоорвег-Вейсс қисық сызығы
3) СО2 диссоциациясы қисық сызығы
4) спирограмма
5) пневмограмма

43. Қалдық ауа мөлшері:

1) 800мл
2) 1000-1500 мл
3) 1100мл
4) 1500-2000мл
5) 2800мл

44. Дем алған кезде ауа келесі жолмен өтеді:

1) мұрын қуысы - көмей - бронхтар - трахея - өкпе
2) мұрын қуысы-көмей-трахея-бронхтар-өкпе
3) мұрын қуысы-трахея-бронхтар-көмей-өкпе
4) өкпе-бронхтар-трахея-көмей-мұрын қуысы
5) мұрын қуысы-трахея-көмей-бронхтар-өкпе

45. Әдетте, I минутта адамның тыныс алу жиілігі:

1) 10-15
2) 11-12
3) 12-16
4) 13-14
5) 15-20

46. Экспираторлық бұлшық еттерге жатады:

1) диафрагма, құрсақ қабырғасының тiк және көлденең бұлшық еттер
2) шемiршек аралық еттер, құрсақ қабырғасының қиғаш еттер
3) сыртқы қабырғаралық еттерi мен құрсақ қабырғасының еттерi
4) iшкi қабырғаралық, құрсақ қабырғасының тiк, көлденең және қиғаш еттер
5) iшкi қабырға аралық, шемiршек аралық, диафрагма

47. Адам бірнеше рет терең тыныс алғанда, тыныс алуда байқалады:

1) күшейеді
2) тыныс жылдамдайды
3) бәсеңдейді
4) диспноэ
5) өзгермейді

48. Инспираторлық бұлшық еттерге жатады:

1) қабырға аралық, шемiршек аралық, диафрагма
2) сыртқы қабырға аралық, шемiршек аралық, диафрагма (көк ет)
3) диафргама, шемiршек аралық, құрсақ қабырғасының тiк етi
4) құрсақ қабырғасының тiк етi, сыртқы қабырғааралық, шемiршек аралық еттер
5) iшкi қабырға аралық, сыртқы қабырға аралық, құрсақ қабырғасының тiк етi

49. Гипоксия:

1) организмде және тканьдерде O2жетiспеуiнен және CO2 (артық) мөлшерде болуы
2) организмде және тканьдерде O2 жеткiлiксiздiгi
3) қанда O2 кернеуi төмендеуi
4) қанда O2 кернеуi жоғарылауы
5) қанда O2 кернеуi төмендеп, CO2 кернеуi жоғарылауынан

50. Адам тыныштық жағдайда дем алады және дем шығарады:

1) 100 мл ауа
2) 200 мл ауа
3) 400 мл ауа
4) 500 мл ауа
5) 1000 мл ауа

51. Карбоангидраза ферменті:

1) эритроциттерде көмір қышқылының диссоциациясын тежейді
2) эритроциттерде гемоглобинді түзеді
3) эритроциттерде көмір қышқыл түзеді
4) плазмада көмір қышқылының түзілуін төмендетеді
5) плазмада көмір қышқылының түзілуін жылдамдатады

52. Функционалды топтар мен оларға қатысты бұлшықеттер арасында сәйкестік орнатыңыз. А-инспираторлық Б-экспираторлық 1) құрсақ қабырғасының тік бұлшықеті 2) сыртқы қабырға аралық,шеміршек аралық,диафрагма 3) ішкі қабырға аралық, тік, кеуде бөлімінің көлденең және қиғаш бұлшықеттері 4) ішкі қабырға аралық, сыртқы қабырға аралық,диафрагма

1) А-2, Б-3
2) А-1, Б-2
3) А-3, Б-4
4) А-4, Б-1
5) А-1, Б-1

53. РДА ауасы+РДШ ауасы +ҚТА құрайды:

1) ӨЖС
2) ӨТС
3) дем шығару мөлшері
4) резеревтік тыныс ауасы
5) резервтік дем шығару ауасы

54. Ауа өкпеге қандай фактор нәтижесінде енеді:

1) өкпедегі және қоршаған ауадағы газдардың әртүрлі тығыздығы нәтижесінде
2) өкпедегі және ауадағы газдардың әртүрлі концентрациясы нәтижесінде
3) плевра қуысындағы теріс қысым нәтижесінде
4) плевра қуысындағы оң қысым нәтижесінде
5) оттегінің парциальдық қысымы өзгерісінен

55. Ағза үшін энергия көзі:

1) минералды заттардың тотығуы
2) минералды заттардың қалпына келуі
3) минералды заттардың тотығуы және қалпына келуі
4) органикалық заттардың тотығуы
5) органикалық заттардың қалпына келуі

56. Дем алу кезінде өкпенің ауамен керілуі:

1) дем алудың бірден тоқтауы мүмкін (инспираторлық тежелу рефлексi)
2) кезекті дем алудың тоқтауы /экспираторлық-жеңілдетуші рефлекс/
3) тыныс алуды жылдамдатады (рефлекторлық диспноэ)
4) келесі тыныс алуды кешіктіреді (экспираторлық тежелу рефлексi)
5) дем алу кезеңі ұзаққа созылады және тыныс тереңдейді

57. Деммен бірге шығатын ауаның газдық құрамы:

1) O2-19-20%, CO2 -2-3% , N-79%
2) O2-10%, CO2-3,5-4%, N-79%
3) O2-20% , CO2-3,5-4%, N-76%
4) О2-16,0%, CO2-4,5%, N-79,5%
5) O2-14-14,5%, CO2-5,5-6%, N-80%

58. Өкпенiң тiршiлiк сиымдылығы:

1) жәй дем шығарғаннан кейiн қосымша шығарылатын ауа көлемi
2) жәй дем алған соң, қосымша демдi iшке тартқанда кiретiн ауа көлемi
3) жәй дем алғанда өкпеде қалатын ауа көлемi
4) жәй дем алғаннан кейiн, демдi жәй шығарғанда шығатын ауа көлемi
5) терең дем алған соң, қатты дем шығарғанда шығатын ауа көлемi

59. Мидың тыныс алу орталығының белсенділігіне әсер ететін тыныс алудың гуморальды реттелуін жүзеге асыратын химиялық қосылыс:

1) азот
2) муцин
3) глюкоза
4) гемоглобин
5) көмірқышқыл газы

60. Газ алмасуға қатыспайтын, тыныс жолын толтыратын ауаны:

1) резервтік дем шығару ауасы
2) резеревтік тыныс ауасы
3) қалыпты тыныс ауасы
4) өлі кеңістік ауасы
5) ӨТС