Тест: Уля)респ


Список вопросов


1. Мұрын қуысындағы тыныс алу бөлігінің шырышты қабығының эпителийі:

1) ауыспалы
2) көп қабатты жалпақ мүйізделген
3) көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
4) көп қатарлы призмалы кірпікшелі
5) бір қабатты жалпақ

2. Мұрын қуысындағы кіреберісін тыстайтын эпителийді көрсетіңіз:

1) ауыспалы
2) көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
3) көп қатарлы призмалы кірпікшелі
4) бір қабатты жалпақ
5) көп қабатты жалпақ мүйізделген

3. Тыныс алу жүйесіндегі түтікше мүшесінің қайсысында талшықты шеміршекті қабығында 16-20 гиалинді шеміршекті жартылай сақинашықтары бар:

1) орташа бронх
2) ірі бронх
3) кеңірдек
4) басты бронх
5) көмекей

4. Кеңірдектің кілегейлі қабығында шырышты бөлетін жасуша:

1) эндокринді
2) антиген түзетін
3) бокал тәрізді
4) кірпікшелі
5) базальді

5. Кеңірдектегі кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасын түзетін қандай тiн:

1) тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні
2) борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні
3) тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні
4) ретикулярлы
5) ак май тіні

6. Ірі гиалинді шеміршек пластинка төмендегі берілгендердің қайсысының қабырғасында кездеседі?

1) кеңірдекте
2) көмекейде
3) майда бронхта
4) орташа бронхта
5) ірі бронхта

7. Ірі бронхтың кілегейлі қабығының эпителийі қайсысы:

1) көп қатарлы кірпікшелі
2) бір қабатты жалпақ
3) бір қабатты куб тәрізді
4) ауыспалы
5) бір қабатты призмалы

8. Зерттеу көрсеткендей өкпе бронхтарының құрамы төрт қабықтан тұратыны белгілі, ал фиброзды – шеміршекті қабығының құрамында эластинді шеміршек аралшықтары да бар. Осындай морфологиялық құрылыс ерекшеліктері болатын қандай өкпе құрылымы?

1) орташа бронх
2) респираторлы бронхиола
3) майда бронх
4) терминальді бронхиола
5) ірі бронх

9. Қабырғасы алғашқыда екі қатарлы, кейін бір қатарлы кірпікшелі эпителиймен тысталған, шеміршек пен бездері болмайды, ал кілегейлі қабығының етті пластинкасы жақсы дамитынын анықтаңыз:

1) соңғы ( терминальді ) бронхиолалар
2) орташа бронхтар
3) ірі бронхтар
4) басты бронхтар
5) ұсак бронхтар

10. Бронх демікпесімен ауыратын адамдарда уақытша тұншығу байқалады. Бұл мына бронхтардың қайсысының ет жасушаларының жиырылу қабілетіне байланысты екенін анықтаңыз:

1) басты бронхтардың
2) майда бронхтардың
3) орташа бронхтардын
4) терминальді бронхиолалардың
5) ірі бронхтардың

11. Өкпенің майда бронхтарының кілегейлі қабық эпителийі:

1) екі катарлы кірпікшелі
2) көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
3) ауыспалы
4) көп қатарлы кірпікшелі
5) бір кабатты призмалы

12. Тыныс алу жүйесіндегі қуысты түтікшелі мүшесінің, кілегейлі қабығы бір қабатты куб тәрізді, кірпікшелі эпителиймен астарланған болып табылады:

1) ұсак бронх
2) орташа бронх
3) ірі бронх
4) соңғы ( терминальді ) бронхиолалар
5) басты бронх

13. Терминальды және респираторлы бронхиолалардағы Клар жасушасынан синтезделеді:

1) иммуноглобулин
2) коллаген
3) эластин
4) шырышты секрет
5) сурфактант компоненттері

14. Ауаның химиялық құрамын анықтауға қатысатын тыныс алу жүйесі мүшесінің кілегейлі қабығының қандай жасушасы?

1) қыстырма
2) бокал тәрізді
3) эндокринді
4) хеморецепторлы
5) кірпікшелі

15. Бұл кұрылым қандай жастағы адамға тән: өкпенің қалыпты жағдайда микросуреттерден дәнекер тінді құрылым аздап өскен және бронхтардың қабырғасында тұздың шөгіндісі байқалады.

1) жаңа туған нәрестеге
2) пісіп жетілген шаққа
3) балалық кезге
4) сәбиге
5) егде алдамдарға

16. Газ алмасу процесі қан мен ауа арасында мыналардың қайсысында жүреді?

1) термінальді бронхиолаларда
2) майда бронхтарда
3) орташа бронхтарда
4) альвеолаларда
5) ірі бронхтарда

17. Құрылымдық компоненті сурфактант болып табылатын орму сүзгі қайсысы екендігін анықтаңыз:

1) гемато - энцефаликалық
2) гемато - Тимустық
3) аэрогематикалық
4) гемато - тестикулярлы
5) сүзгілік

18. Сүзгінің құрамында аэрогематикалық барьер болатыны қайсысы?

1) эндокринді жасушалар
2) респираторлы альвеолоциттердің жұқарған бөлігі
3) кірпікшелі жасушалар
4) Клар жасушалары
5) І типтегі альвеолоциттерін

19. Өкпе альвеолаларындағы респираторлы эпителиоциттің қандай пішіні бар?

1) жұлдыз пішіндес
2) конус тәрізді
3) биік призмалы
4) куб тәрізді
5) жалпақ созылыңқы

20. Өкпе альвеоласында секреторлы эпителиоцитен не бөлінетінін табыңыз:

1) сурфактант компоненттері
2) иммуноглобулин
3) коллаген
4) шырышты секрет
5) эластин

21. Өкпеқап эпителийін анықтаңыз:

1) бір кабатты жалпақ және куб тәрізді
2) көгі қатарлы кірпікшелі
3) көп кабатты жалпақ мүйізделмеген
4) көп кабатты жалпақ мүйізделген
5) ауыспалы

22. Жарықпен микроскопиялық зерттеу кезінде жасушаларында ірі базофиль түйіршіктері байқалатын тері эпидермисінін қабатын анықтаңыз:

1) мүйізді
2) тікенекті
3) базалды
4) дәнді
5) жылтыр

23. Тері эпидермисі өсу қабаты қандай?

1) мүйізді қабатының ішкі аймағы
2) мүйізді қабатының сыртқы аймағы
3) жылтыр
4) дәнді
5) базальды

24. Тері эпидермисінде дифференциялану процесі аяқталған мүйізді жасушадан құралған қабатты табыңыздар:

1) тікенекті
2) мүйізді
3) дәнді
4) жылтыр
5) базалды

25. Тері эпидермисі регенерациясына не қатысады?

1) эпидермистің базалды қабатындағы бағаналы жасушалар
2) Меркель жасушасы
3) лимфоциттер
4) эпидермис ішіндегі макрофагтар
5) меланоциттер

26. Гормонға ұқсас заттарды (бомбезин , ВИП , энкефалиндерді) тері эпидермисінде бөлетін жасушаны анықтаңыз:

1) меланоциттер
2) кератиноциттер
3) Меркель жасушалары
4) эпидермис ішіндегі макрофагтар
5) лимфоциттер

27. Тері эпидермисінде ең көп жасушаны белгілеңіз:

1) эпидермальді макрофагтар
2) кератиноциттер
3) лимфоциттер
4) Меркель жасушалары
5) меланоциттер

28. Тері пигментоциттерінің қандай эмбрионалды шығу тегі бар?

1) дерматом
2) ішек түтігі
3) жүйке қыры
4) мезенхима
5) эктодермальді плаколалар

29. Тері эпидермисі эктодермасынан дамитын қандай жасушалар бар?

1) эпидермис ішіндегі макрофагтар
2) кератиноциттер
3) лимфоциттер
4) меланоциттер
5) Меркель жасушалары

30. Эпидермистің қандай жасушасында нейралды шығу тегі болатыны көрсетіңіз?

1) Меркель жасушалары
2) эпидермис ішіндегі макрофагтар
3) лимфоциттер
4) дәнді қабатының жасушалары
5) жылтыр кабатының жасушалары

31. Механорецепторлық қызмет атқаратын тері эпидермисіндегі жасушаларды табыңыздар:

1) меланоциттер
2) кератиноциттер
3) лимфоциттер
4) эпидермис ішіндегі макрофагтар
5) Меркель жасушалары

32. Теріге Күннің күлгін көк сәулені өткізбейтін қандай жасуша?

1) меланоциттер
2) кератиноциттер
3) эпидермис ішіндегі макрофагтар
4) лимфоциттер
5) Меркель жасушалары

33. Тері эпидермисінің базалды қабатында жасушалардың пішіні қандай?

1) цилиндр тәрізді
2) жалпак
3) шар тәрізді
4) жұлдыз тәрізді
5) конус пішіндес

34. Тері эпидермисінің тікенекті қабатындағы жасушаларының пішіні қандай?

1) шар тәрізді
2) жалпак
3) көпбұрышты
4) жұлдыз тәрізді
5) конус пішіндес

35. Тері дермасының торлы қабатын түзетін дәнекер тінінің қандай түрі?

1) ретикулярлы
2) май тіні
3) тығыз қалыптасқан талшықты
4) борпылдақ калыптаспаған талшыкты
5) тығыз қалыптаспаған талшықты

36. Тері дермасының еміздікті қабатын түзетін дәнекер тінінің қандай түрі:

1) тығыз қалыптаспаған талшықты
2) борпылдақ қалыптаспаған талшықты
3) тығыз қалыптасқан талшықты
4) ретикулярлы
5) май тіні

37. Адам саусақ терісіндегі тек өзіне ғана тән суретті анықтайтын ерекшелігін табыңыз:

1) эпидермистің қалыңдығы бірдей емес
2) тер шығатын саңылаулары болады
3) дермасында торлы кабаты болады
4) тері астында май қабаты болады
5) дермасында еміздікті қабаты болады

38. Түктің өсуі төмендегі жасушаның қайсысымен жүзеге асатындығын анықтаңыз:

1) түктің боз затының жасушалары
2) сыртқы эпителиальді түбір қынабының жасушалары
3) түк түйінінін (матриксі)
4) ішкі эпителиальді түбір қынабының жасушалары
5) түк қапшығының жасушалары

39. Түк сабағы құрамында не болады?

1) эпидермистің өсу қабатындағы кератиноциттер
2) меланоциттер
3) мүйізді қабыршақтар
4) эпидермис ішінде макрофагтар
5) Меркель жасушалары

40. Түк түбірінің аяқталатын жері қай жақ екенін көрсетіңіз:

1) түктің воронкасы (эпидермистің дерманың ішіне карай иілген бөлігі)
2) түктің түйіні (матриксі)
3) май безі
4) түк капшығы
5) түкті көтеретін бұлшық еті