Тест: Уля)респ


Список вопросов


1. Мұрын қуысындағы тыныс алу бөлігінің шырышты қабығының эпителийі:

1) бір қабатты жалпақ
2) көп қатарлы призмалы кірпікшелі
3) көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
4) көп қабатты жалпақ мүйізделген
5) ауыспалы

2. Мұрын қуысындағы кіреберісін тыстайтын эпителийді көрсетіңіз:

1) көп қабатты жалпақ мүйізделген
2) бір қабатты жалпақ
3) көп қатарлы призмалы кірпікшелі
4) көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
5) ауыспалы

3. Тыныс алу жүйесіндегі түтікше мүшесінің қайсысында талшықты шеміршекті қабығында 16-20 гиалинді шеміршекті жартылай сақинашықтары бар:

1) көмекей
2) басты бронх
3) кеңірдек
4) ірі бронх
5) орташа бронх

4. Кеңірдектің кілегейлі қабығында шырышты бөлетін жасуша:

1) базальді
2) кірпікшелі
3) бокал тәрізді
4) эндокринді
5) антиген түзетін

5. Кеңірдектегі кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасын түзетін қандай тiн:

1) ак май тіні
2) ретикулярлы
3) тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні
4) борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні
5) тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

6. Ірі гиалинді шеміршек пластинка төмендегі берілгендердің қайсысының қабырғасында кездеседі?

1) ірі бронхта
2) орташа бронхта
3) майда бронхта
4) көмекейде
5) кеңірдекте

7. Ірі бронхтың кілегейлі қабығының эпителийі қайсысы:

1) ауыспалы
2) бір қабатты призмалы
3) бір қабатты куб тәрізді
4) бір қабатты жалпақ
5) көп қатарлы кірпікшелі

8. Зерттеу көрсеткендей өкпе бронхтарының құрамы төрт қабықтан тұратыны белгілі, ал фиброзды – шеміршекті қабығының құрамында эластинді шеміршек аралшықтары да бар. Осындай морфологиялық құрылыс ерекшеліктері болатын қандай өкпе құрылымы?

1) ірі бронх
2) терминальді бронхиола
3) майда бронх
4) орташа бронх
5) респираторлы бронхиола

9. Қабырғасы алғашқыда екі қатарлы, кейін бір қатарлы кірпікшелі эпителиймен тысталған, шеміршек пен бездері болмайды, ал кілегейлі қабығының етті пластинкасы жақсы дамитынын анықтаңыз:

1) ұсак бронхтар
2) басты бронхтар
3) ірі бронхтар
4) орташа бронхтар
5) соңғы ( терминальді ) бронхиолалар

10. Бронх демікпесімен ауыратын адамдарда уақытша тұншығу байқалады. Бұл мына бронхтардың қайсысының ет жасушаларының жиырылу қабілетіне байланысты екенін анықтаңыз:

1) ірі бронхтардың
2) терминальді бронхиолалардың
3) орташа бронхтардын
4) майда бронхтардың
5) басты бронхтардың

11. Өкпенің майда бронхтарының кілегейлі қабық эпителийі:

1) бір кабатты призмалы
2) көп қатарлы кірпікшелі
3) ауыспалы
4) көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
5) екі катарлы кірпікшелі

12. Тыныс алу жүйесіндегі қуысты түтікшелі мүшесінің, кілегейлі қабығы бір қабатты куб тәрізді, кірпікшелі эпителиймен астарланған болып табылады:

1) басты бронх
2) соңғы ( терминальді ) бронхиолалар
3) ірі бронх
4) орташа бронх
5) ұсак бронх

13. Терминальды және респираторлы бронхиолалардағы Клар жасушасынан синтезделеді:

1) сурфактант компоненттері
2) шырышты секрет
3) эластин
4) коллаген
5) иммуноглобулин

14. Ауаның химиялық құрамын анықтауға қатысатын тыныс алу жүйесі мүшесінің кілегейлі қабығының қандай жасушасы?

1) кірпікшелі
2) хеморецепторлы
3) эндокринді
4) бокал тәрізді
5) қыстырма

15. Бұл кұрылым қандай жастағы адамға тән: өкпенің қалыпты жағдайда микросуреттерден дәнекер тінді құрылым аздап өскен және бронхтардың қабырғасында тұздың шөгіндісі байқалады.

1) егде алдамдарға
2) сәбиге
3) балалық кезге
4) пісіп жетілген шаққа
5) жаңа туған нәрестеге

16. Газ алмасу процесі қан мен ауа арасында мыналардың қайсысында жүреді?

1) ірі бронхтарда
2) альвеолаларда
3) орташа бронхтарда
4) майда бронхтарда
5) термінальді бронхиолаларда

17. Құрылымдық компоненті сурфактант болып табылатын орму сүзгі қайсысы екендігін анықтаңыз:

1) сүзгілік
2) гемато - тестикулярлы
3) аэрогематикалық
4) гемато - Тимустық
5) гемато - энцефаликалық

18. Сүзгінің құрамында аэрогематикалық барьер болатыны қайсысы?

1) І типтегі альвеолоциттерін
2) Клар жасушалары
3) кірпікшелі жасушалар
4) респираторлы альвеолоциттердің жұқарған бөлігі
5) эндокринді жасушалар

19. Өкпе альвеолаларындағы респираторлы эпителиоциттің қандай пішіні бар?

1) жалпақ созылыңқы
2) куб тәрізді
3) биік призмалы
4) конус тәрізді
5) жұлдыз пішіндес

20. Өкпе альвеоласында секреторлы эпителиоцитен не бөлінетінін табыңыз:

1) шырышты секрет
2) эластин
3) коллаген
4) иммуноглобулин
5) сурфактант компоненттері

21. Өкпеқап эпителийін анықтаңыз:

1) бір кабатты жалпақ және куб тәрізді
2) көгі қатарлы кірпікшелі
3) көп кабатты жалпақ мүйізделмеген
4) көп кабатты жалпақ мүйізделген
5) ауыспалы

22. Жарықпен микроскопиялық зерттеу кезінде жасушаларында ірі базофиль түйіршіктері байқалатын тері эпидермисінін қабатын анықтаңыз:

1) мүйізді
2) тікенекті
3) базалды
4) дәнді
5) жылтыр

23. Тері эпидермисі өсу қабаты қандай?

1) мүйізді қабатының ішкі аймағы
2) мүйізді қабатының сыртқы аймағы
3) жылтыр
4) дәнді
5) базальды

24. Тері эпидермисінде дифференциялану процесі аяқталған мүйізді жасушадан құралған қабатты табыңыздар:

1) тікенекті
2) мүйізді
3) дәнді
4) жылтыр
5) базалды

25. Тері эпидермисі регенерациясына не қатысады?

1) эпидермистің базалды қабатындағы бағаналы жасушалар
2) Меркель жасушасы
3) лимфоциттер
4) эпидермис ішіндегі макрофагтар
5) меланоциттер

26. Гормонға ұқсас заттарды (бомбезин , ВИП , энкефалиндерді) тері эпидермисінде бөлетін жасушаны анықтаңыз:

1) меланоциттер
2) кератиноциттер
3) Меркель жасушалары
4) эпидермис ішіндегі макрофагтар
5) лимфоциттер

27. Тері эпидермисінде ең көп жасушаны белгілеңіз:

1) эпидермальді макрофагтар
2) кератиноциттер
3) лимфоциттер
4) Меркель жасушалары
5) меланоциттер

28. Тері пигментоциттерінің қандай эмбрионалды шығу тегі бар?

1) дерматом
2) ішек түтігі
3) жүйке қыры
4) мезенхима
5) эктодермальді плаколалар

29. Тері эпидермисі эктодермасынан дамитын қандай жасушалар бар?

1) эпидермис ішіндегі макрофагтар
2) кератиноциттер
3) лимфоциттер
4) меланоциттер
5) Меркель жасушалары

30. Эпидермистің қандай жасушасында нейралды шығу тегі болатыны көрсетіңіз?

1) Меркель жасушалары
2) эпидермис ішіндегі макрофагтар
3) лимфоциттер
4) дәнді қабатының жасушалары
5) жылтыр кабатының жасушалары