Тест: ars мпс 2


Список вопросов


1. Бүйректің мына жасушаларының қайсысы электронды микроскопиялық құрылысы бойынша асқазанның париетальды жасушаларына ұқсас екенін көрсетіңіз:

1) дистальді түтікшелердің эпителиіндегі жасушалары
2) нефрон ілмегіндегі эпителий жасушалары
3) проксимальді түтікшелердің эпителий жасушалары
4) жинағыш түтікшелерінің ашық түсті жасушалары
5) жинағыш түтікшелерінің күнгірт түсті жасушалары

2. Жинағыш түтікшелерінің қабырғасындағы күңгірт түсті нефроциттердің қызметін табыңыз

1) простагландиндердің синтезіне қатысады
2) судың реабсорбциясына қатысады
3) тұз қышқылын синтездейді
4) белоктардын реабсорбциясына қатысады
5) рениннің синтезіне қатысады

3. Жинағыш түтікшелерінің қабырғасындағы, ақ түсті нефроциттердің қызметін табыңыздар

1) судың реабсорбциясына қатысады
2) тұз қышқылының синтезіне қатысады
3) рениннің синтезіне қатысады
4) белоктардың реабсорбциясына қатысады
5) көмірсулардың реабсорбциясына қатысады

4. Бүйректің эндокриндік аппаратының қандай жасушалары зәрдегі Na + мөлшерінің ауытқу ерекшеліктерін анықтайтынын біліңіз

1) юкставаскулярлы
2) тығыз дақтағы эпителиоциттер
3) юкстагломерулярлы
4) мезангиоциттер
5) подоциттер

5. Бүйректің қай жасушасы ренин гармонын түзетінін анықтаңыз?

1) жинағыш түтікшелерінің жасушалары организации
2) иректелген түтікшелердің нефроциттері
3) подоциттер
4) макрофагтар
5) юкстагломерулярлы

6. Ренин аппаратының юкставаскулярлы жасушалары қайда орналасқанын табыңыз?

1) бүйрек денешіктерін қоршайды
2) қан тамырлар шумағының арасында
3) қанды әкелетін және алып шығатын артериолалар мен тығыз дақ арасындағы конус тәрізді кеңістікте
4) жинағыш түтікшелердің жанында
5) иректелген проксимальді түтікшелерде

7. Төмендегі құрылымдардың қайсысы бүйректің интерстициальді жасушаларында кездеседі?

1) цитотрабекулалар мен цитоподиялары
2) простагландиннің түйіршіктері
3) жасуша ішіндегі секреторлы каналдары
4) шашақты жиегі
5) базальді сызықтары

8. Жасуша аралық затта макро-молекулаларды синтездеуге қабілетті бүйрек денесінің жасушаларын атаңыз

1) мезангиальді
2) Юкстагломерулярлы
3) Юкставаскулярлы
4) эндотелиальді
5) подоциттер

9. Қан капиллярлары шумағының арасында орналасқан бүйрек денешігінің жасушалары қайсысы екенін табыңыздар

1) юкставаскулярлы
2) юкстагломерулярлы
3) мезангиальді
4) эндотелиальді
5) тығыз дақ жасушалары

10. Мына жасаушалардың қайсысында несеп ағардың кілегейлі қабығын тыстайтын эпителии

1) көп қатарлы кірпікшелі
2) ауыспалы
3) көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
4) көп қабатты жалпақ мүйізделген
5) бір қабатты жалпақ