Тест: ars мпс


Список вопросов


1. Аналық жыныс безінің атқаратын қызметін белгілеңіздер

1) зәр шығару
2) иммунды
3) репродуктивті және эндокринді
4) қан түзу
5) экзокринді

2. Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі аналық жыныс бездердің қызметін реттейтін қандай гормондар бар екенін табыңыздар?

1) лактотропты
2) адренокортикотропты
3) тиротропты
4) гонадотропты
5) соматотропты

3. Қай тін аналық жыныс безінің стромасын түзеді?

1) тығыз қалыптаскан талшықты дәнекер тіні
2) бірыңғай салалы ет тіні
3) ретикулярлы
4) тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні
5) борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

4. Аналық жыныс безінің боз затының құрамында не болатынын табыңыздар?

1) шеткі ( примордиальді ) фолликулдар
2) ірі қан тамырлар мен нервтер
3) үшіншілік фолликулдар
4) екіншілік фолликулдар
5) біріншілік фолликулдар

5. Примордиальді немесе шеткі фолликулдардың орналасқан аймағын табыңыздар?

1) боз затында
2) атрезиялық фолликулдардың айналасында
3) қыртысты заттың шетіндегі ақ қабықтың астында
4) бездің қыртысты затының ішіне еніп орналасады
5) үшіншілік фолликулдардың айналасында

6. Әйелдің аналық жыныс безінің примориальді фолликуласындағы жасушасы қайсысы екенін біліңіз:

1) пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы
2) овогония
3) 2 - реттік овоцит
4) 1 - реттік овоцит
5) редукциялық денешік

7. Сырты жылтыр фолликулярлы жасушамен қоршалған 1-реттік овоциті бар бездің фолликулалары қайсысы?

1) атрезиялық
2) біріншілік
3) примордиальді
4) екіншілік
5) үшіншілік

8. Құрамында бірінші ретті овоциті жылтыр сәулелі тәжді қабырғамен қоршалған, аналық жыныс безінің фоликулдары қайсысы?

1) үшіншілік
2) біріншілік
3) екіншілік
4) примордиальді
5) атрезиялық денешіктер

9. Әйелдің аналық жыныс безіндегі екінші реттік фолликул болып саналатыны қайсысы екендігін табыңыздар :

1) 2 - реттік овоцит
2) редукциялық денешік
3) овогония
4) 1 - реттік овоцит
5) пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы

10. Жылтыр және сәулелі тәж қабықтарымен қоршалған жұмыртқа төмпешігінде 2 -ші ретті овоциті бар көпіршік түріндегі, әйел жыныс безінің фолликуласының түрін анықтаңыз:

1) біріншілік
2) үшіншілік
3) примордиальді
4) екіншілік
5) атрезиялық денешіктер

11. Аналық бездің фолликуласының ортасында жылтыр қабықтың қалдығы мен тіршілігін жойған овоцит қалдығы бар, ішкі теканың интерстициальды жасушалары көбейіп гипертрофияға ұшырағаны қайсысы екенін сипатталады

1) біріншілік
2) примордиальді
3) екіншілік
4) үшіншілік
5) атрезиялық денешіктер

12. Эмбриональді даму барысында пролиферация және васкуляризация сатыларынан өтетін аналық жыныс безінің құрылымы қайсысы екенін табыңыздар

1) сары дене
2) біріншілік фолликул
3) атрезиялық фолликул
4) примордиальді фолликул
5) екіншілік фолликул

13. Аналық жыныс безінің овариальді циклдің фолликулярлы фазасында байқалатын құрылымын анықтаңыздар

1) кері даму сатысындағы сары дене
2) біріншілік , екіншілік , үшіншілік фолликулдар , атрезиялық денешік тер
3) пролиферация мен васкуляризация сатысындағы сары дене
4) безді метаморфоз сатысындағы сары дене
5) толысу сатысындағы примордиальді фолликулдар мен сары дене

14. Жатыр түтіктерінің , плацентанын және жатырдың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасында болатын цитоплазмасы оксифильді боялған , гликоген мен липопротеидтерге бай , дөңгелек пішінді , ірі жасушалары аналық жыныс мүшесінің қайсысы екендігін анықтаңыздар:

1) ретикулярлы жасушалар
2) тін базофильдері
3) макрофагтар
4) децидуальді жасушалар
5) фибробласттар

15. Аналық жыныс жүйесіндегі менструальді циклдің предменструальді кезеңінде жатырдын кілегейлі қабығының функциональді қабатының ерекшелігін анықтаңыздар

1) кабаты қалыңдайды , бездерінің шырыш бөлуі нашарлайды
2) калыңдығы сакталған , бездерінің өзегі қысқа , әрі жіңішке , түзу
3) біраз калыңдап , қайта қалпына келеді
4) сыпырылып түседі
5) кабаты калың , без өзектері иректелген , секрет белуі белсенді

16. Аналық жыныс жүйесіндегі менструальді циклдің постменструальді кезеңіндегі жатыр эндо метриінің бездерін белгілеңіздер

1) күрделі түтікшелі - альвеолярлы
2) күрделі альвеолярлы
3) қарапайым түтікшелі
4) күрделі түтікшелі
5) карапайым альвеолярлы

17. Аналық жыныс жүйесіндегі сүт безінің секреті мыналардың қайсысында түзілетіндігін анықтаңыздар

1) сүт өзектерінде
2) сүт жолдарында
3) емізігінде
4) сүт синустарында
5) альвеолаларында

18. Мына жасушалардың сперматогенезден айырмашылығы даму барысында овогенез сатыларының қайсысы болмайтындығын табыңыздар

1) пісіп жетілудегі екінші бөліну
2) түрлену
3) көбею
4) өсу
5) пісіп жетілудегі бірінші бөліну

19. Овогенездің нәтижесінен бір овогониядан пайда болатыны қайсысы екендігін табыңыздар

1) скі жұмыртқа жасуша мен екі редукциялык денешік
2) үш жұмыртқа жасушасы мен бір редукциялық денешік
3) бір жұмыртқа жасушасы мен үш редукциялық денешік
4) төрт жұмыртқа жасушасы
5) бес жұмыртқа жасушасы

20. 23 тетрада хромосомалары аналық жыныс жасушасының құрамының қайсысында екендігін көрсетіңіздер

1) жұмыртқа жасушаларын
2) 2 - ші реттік овоцит
3) 1 - ші реттік овоцит
4) овогония
5) редукциялық денешік

21. Зәрді бастапқы сүзуге қатысатын бүйрек тамырлары қандай

1) бүйрек денешігіне қанды алып келетін артериолалар
2) бүйрек денешігінің гемокапиллярлары
3) перитубулярлы капиллярлар торы
4) бүйрек денешігінен қанды алып кететін артериолалар
5) доға тәрізді артерия

22. Нефрон капсуласындағы сыртқы жапырақшалсың эпителий жасушаларының пішіні неге ұқсас

1) ромб тәрізді
2) биік призмалы
3) жұлдыз тәрізді
4) жалпақ
5) пирамида тәрізді

23. Науқастың зәрінде эритроциттердің болуы тексеру кезінде анықталды. Сондай-ақ, зәр шығару жүйесінде қабыну процесі жоқ екендігі белгілі. Осыған байланысты нефронның келесі бөлімдерінің қайсысындағы өзгерістер зәр құрамындағы эритроциттердің болуымен байланысты:

1) жіңішке түтікшелердің жоғарылаған бөлігіндегі
2) бүйрек денешіктеріндегі
3) дистальді түтікшелеріндегі
4) проксимальді түтікшелеріндегі
5) жіңішке түтікшелердің төмендеген бөлігіндегі

24. Зәрдің бастапқы реабсорбциясына қатысатын бүйректің бөлімін анықтаңыз

1) мезангиоциттер
2) подоциттер
3) перитубулярлы капиллярлар торы
4) бүйрек денешіктері
5) нефрон түтікшелері

25. Жасуша қабырғасындғы базальді лабиринті мен апикальді полюсі сызықты жиегі болатын бүйрек түтікшесінің қайсысы екенін анықтаңыз:

1) жинағыш түтікшесі
2) жіңішке түтікшелерінің төмендеген бөлігі
3) проксимальді түтікшелері
4) дистальді түтікшелері
5) жіңішке түтікшелерінің жоғарылаған бөлігі

26. Қабырғасында куб тәрізді және бір қабатты, шетті эпителийі бар бүйрек нефрон түтігін тап:

1) жинағыш түтікшесі
2) жіңішке түтікшенің төмендеген бөлігі
3) проксимальді түтікше
4) жіңішке түтікшенің жоғарылаған бөлігі
5) дистальді иректелген

27. Нефрон ілмегінің төменгі бөлігін жабатын эпителийді анықтаңыз:

1) бір қабатты жалпак
2) көп қатарлы кірпікшелі
3) бір қабатты куб тәрізді
4) бір қабатты призмалы
5) ауыспалы

28. Нефронның қай бөлігі ашық реңді, цитоплазмасы бар, және жасуша қабырғасының шеті жоқ, аласа призмалы эпителимен тысталғанын табыңыз

1) иректелген проксимальді түтікшесі
2) иректелген түтікшесінің дистальді бөлігі
3) тік проксимальді түтікшесі
4) жіңішке түтікшесінің төмендеген бөлігі
5) жіңішке түтікшесінің жоғарылаған бөлігі

29. Микроскопиялық зерттеуден өткізу барысында бүйректен дайындалған препаратты зерттеуден өткізгенде бүйрек түтікшелерінің қабырғасындағы эпителиінің жиектерінің жойылғаны байқалады . Мына түтікшелердің қайсысы сәйкес келуі мүмкін

1) жіңішке түтікшесінің жоғарылаған бөлігіне
2) жіңішке түтікшесінің төмендеген бөлігіне
3) тік дистальді
4) проксимальді
5) иректелген дистальді

30. Бүйректің қыртысты бөліміндегі, жиырылғыш түтікшелердің қабырғасын тыстайтын эпителиін көрсетіңіздер

1) бір қабатты жалпақ
2) көп қатарлы кірпікшелі
3) бір қабатты куб тәрізді
4) көп кабатты жалпақ мүйізделмеген
5) ауыспалы