Тест: Химия 1 курс. Термодинамика


Список вопросов


1. Энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалып та кетпейді, тек бір түрден екінші түрге ауысады -

1) термодинамиканың бірінші заңы
2) термодинамиканың екінші заңы
3) термодинамиканың үшінші заңы

2. Ішкі энергия -?

1) Химиялық реакциялар мен физикалық құбылыстар нәтижесінде бөлінетін заттардың жасырын энергиясы
2) Затты құрайтын барлық бөлшектер
3) Энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалып та кетпейді, тек бір түрден екінші түрге ауысады

3. Ішкі энергия қандай әріппен белгіленеді:

1) Е
2) Еk
3) Еn
4) U

4. Ішкі энергия неге тәуелді

1) зат күйіне
2) зат көлеміне
3) зат формуласына

5. Энтальпия —

1) Химиялық реакциялар мен физикалық құбылыстар нәтижесінде бөлінетін заттардың жасырын энергия
2) Тұрақты қысымда жылуға айналдыруға болатын энергия.
3) Затты құрайтын барлық бөлшектер энергиясы

6. Энтальпияның өлшем бірлігі:

1) кДж · г
2) кДж · моль
3) кДж · моль–1

7. Химиялық реакция мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу -

1) энтальпия
2) жұмыс
3) энергия

8. Химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелсіз, өнім мен реагенттердің энергетикалық күйлерінің айырмасымен анықталады-

1) Гесс заңы
2) Энергияның сақталу заңы
3) Термодинамиканың үшінші заңы

9. Жүйенің ретсіздігін сипаттайтын термодинамикалық функция—

1) Ішкі энергия
2) Гесс заңы
3) Энтальпия
4) Энтропия

10. Максимал жұмысты орындау үшін қолданылатын жүйенің жалпы энергиясының бір бөлігі—

1) Ішкі энергия
2) Гиббстің еркін энергиясы
3) Кинетикалық энергия
4) Потенциалдық энергия

11. Егер химиялық реакцияда Гиббс энергиясы төмендесе, яғни ΔG < 0 болса

1) процесс өздігінен жүреді
2) процесс термодинамикалық тұрғыдан мүмкін емес
3) реакция тура және кері бағытта жүре алады