Тест: Ис кагаз 2


Список вопросов


1. «Назначить» сөзінің қазақ тіліндегі дұрыс аудармасы қалай?

1) тағайындау
2) ауыстыру
3) көтерілсін
4) шығарылсын
5) түсірілсін

2. Кәмелетке толған адамның жеке басын растайтын құжат...

1) туу туралы күәлік
2) мінездеме, еңбек кітапшасы
3) жеке куәлік, төлқұжат
4) диплом, аттестат
5) жеке іс парағы

3. «Текст» сөзінің дұрыс аудармасы...

1) дәлелдеме
2) арыз
3) шағым
4) үлгі
5) мәтін

4. Жиналыстар, кеңестер мен отырыстарда қарастырылған мәселелер мен шешімдердің талқылау барысы туралы мәлімет беретін құжат:

1) жолдама хат
2) хаттама
3) бұйрық
4) түйіндеме
5) келісімшарт

5. «Справка» сөзінің дұрыс аудармасы:

1) тіркеу
2) қолхат
3) арыз
4) анықтама
5) басқару

6. Анықтама беруші жауапты адамның қолы немен расталады?

1) ұйым жетекшісі
2) мөрмен
3) ұйыммен
4) басшымен
5) орындаушымен

7. Телеграфтық байланыс арналары бойынша ақпарат беретін құжат түрі бұл –

1) тапсырыс хат
2) телеграмма
3) сенім хат
4) жедел хат
5) қуаныш хат

8. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен безендірілуіне жауапты...

1) әдіскер
2) бас директор
3) хатшы
4) бөлім меңгерушісі
5) кафедра меңгерушісі

9. Актінің түрлері:

1) коммерциялық, түгендеу, істі жою
2) кепілдік беру, ақпараттық
3) адресат, қарар
4) штаттық кесте, құрылтай құжаттары
5) бұйрық

10. Кәсіпорын қызметкерлерінің функциялары, міндеттері мен құқықтары айқындалатын бұл...

1) жарғы
2) ереже
3) арыз
4) лауазымдық нұсқаулық
5) бұйрық

11. «Трудовое соглашение» тіркесінің дұрыс аудармасы:

1) ұжымдық еңбек шарты
2) еңбек келісімі
3) жауапкершілік шарт
4) куәлік
5) жеке еңбек шарты

12. «Заявление» сөзінің дұрыс аудармасы...

1) бұйрық
2) анықтама
3) мінездеме
4) өтініш
5) баяндама

13. «Заверить» сөзінің аудармасын көрсетіңіз?

1) тағайындау
2) куәләндіру
3) босату
4) қабылдау
5) бұйыру

14. Құжатта мөрдің болмауы немесе қойылмауы нені көрсетеді?

1) бұрыштаманы
2) заңдылықты
3) заңсыздықты
4) келісімді
5) сенімхатты

15. Бұйрық қашан күшіне енеді?

1) сөйлеген күні
2) қол қойылған күннен бастап
3) жиналыс болған күнінен бастап
4) айтылған күні
5) жазылған күні

16. «Дать гарантию» сөз тіркесінің қазақ тіліндегі аудармасын табыңыз...

1) кепілдік беру
2) құқық беру
3) бостандық беру
4) азаматтық беру
5) дауыс беру

17. Жеке адамның өмір жолы хранологиялық тәртіпте қысқаша жазылатын құжат...

1) анықтама
2) бұйрық
3) өмірбаян
4) хаттама
5) жеделхат

18. «Ғылыми дәреже» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз:

1) научные достижения
2) научное наследие
3) научный труд
4) научное звания
5) научная степень

19. Бұйрықта кездесетін етістіктер:

1) өтінемін, сұраймын
2) сенім білдіремін
3) босатылсын, қабылдансын
4) келісемін, міндеттенемін
5) білім алу, оқу

20. «Келісім шарт» тіркесінің орыс тіліндегі аудармасы:

1) кредит
2) характеристика
3) договор
4) залог
5) грант

21. «Повестка дня» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз:

1) уақытында өткізу
2) мерзім мен тәртібі
3) өткізілген күні
4) қатысқандар
5) күн тәртібі

22. «Объяснительная записка» сөз тіркесінің қазақ тіліндегі дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

1) жедел хат
2) сенім хат
3) баяндау хат
4) түсінік хат
5) қолхат

23. «Доверенность» сөзінің дұрыс аудармасы:

1) баяндау хат
2) сенімхат
3) жедел хат
4) қолхат
5) хабарлама

24. «Физическое лицо и юридическое лицо» қазақ тіліндегі баламасы:

1) физикалық тұлға және заңгерлік тұлға
2) физикалық адам және заң адамы
3) жеке тұлға және заңды тұлға
4) жеке адам және заңды адам
5) физика тұлғасы және заң тұлғасы

25. Хаттамаға кездесетін тұрақты сөздер

1) айы күні, мінезі
2) ұжым, қол, акт
3) дауыс, сөз сөйлесу, анықтама
4) күн тәртібі, төраға, хатшы
5) өмірбаян, хат, жыл

26. Қандай құжатты жұмысқа қабылдағанда толтырады?

1) жеке іс парағы
2) акт
3) анықтама
4) түсініктеме
5) хаттама

27. Еңбек кітапшасы дегеніміз не?

1) құрылтай құжаттары
2) анкеталық мәліметтер
3) жұмысқа қабылдау туралы өтініш
4) жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат
5) жекешелендіру

28. «Приватизация» терминінің қай баламасы дұрыс?

1) меншікті сату
2) меншікті беру
3) жекешелендіру
4) міндеттелу
5) куәләндыру

29. «Тәжірибелі маман» тіркесінің синонимін көрсетіңіз

1) ұқыпты маман
2) білікті маман
3) тианақты маман
4) белгілі маман
5) атақты маман

30. «Квалификация» сөзінің қай баламасы дұрыс:

1) мәртебе
2) біліктілік
3) дәреже
4) лауазым
5) жігерлік

31. «Тыңдалды», «Қаулы» деген сөздер қай іс қағазында кездеседі?

1) анықтама
2) акт
3) түсінік хат
4) бұйрық
5) хаттама

32. Дубликат қай кезде беріледі?

1) құнды затты алғанда
2) жұмысқа тұру кезінде
3) тұрғылықты орын ауыстырғанда
4) құжатты жоғалтқанда
5) куәләндырамын

33. «Жұмыстан босатуыңызды...» сөйлемді аяқтаңыз.

1) сұраймын
2) айтамын
3) тапсырамын
4) куәләндырамын
5) міндеттеймін

34. «Объектіні, кескінді сызып, штрих жарық көлеңкесі арқылы алынған бейнелеу құжат» қандай құжат атауына жатады?

1) фотоқұжат
2) таза құжат
3) ресми құжат
4) кескіндемелік құжат
5) құжаттың сыртқы белгілері

35. «Басқаруды құжаттармен қамтамасыз ету» қандай құжат атауына жатады?

1) мәтіндік құжат
2) іс-жүргізу
3) қызметтік құжат
4) істі қалыптастыру
5) кескіндемелік құжат

36. «Құжаттар уақытында орындалуын қамтамасыз ететін іс-қимылдар жиынтығы»...

1) құжат айналымы
2) келісім белгісі
3) бекіту белгісі
4) құжаттардың орындалуын бақылау
5) тіркеу

37. Сақтау мерзімдері көрсетілген, тәртіппен рәсімделген, ұйымда жүргізілген істер атауларының жүйеге келтірілген тізбесі ол...

1) іс
2) мұрағаттың істері
3) құжаттар
4) құжаттар жинағы
5) номенклатура

38. Қызметтік хаттың жөнелтілетін нөмірі бұл:

1) адресат қойған тіркеу нөмірі
2) индексі
3) орындаушы қойған тіркеу нөмірі
4) нөмірі
5) күні, жылы, айы

39. Акты жасайтын уәкілді тұлға:

1) ұйым басшысы
2) ревизор, инспектор, комиссия мүшесі
3) төраға, хатшы
4) орынбасар, бухгалтер
5) қызметкер

40. Актінің кіріспе бөлімінің құрылымы:

1) негізі, комиссия құрамы, қатысқандар
2) төраға, хатшы, күн тәртібі
3) негізгі, құжатқа сілтеме
4) қосымша, ұсыныс, негізі
5) шығарылған жері