Тест: 999


Список вопросов


1. Мәтіннің үзіндісі алынған авторға немесе дерек көзіне гиперсілтемені көрсету үшін пайдаланылатын жақшаның түрін анықта

1) [ ]
2) ( )
3) ( }

2. Браузерде веб-парақша ретінде ашуға болатын мәтіндік құжаттың форматын анықта

1) .html
2) .doc
3) .txt

3. Гиперсілтемені орнатуға болатын мәзір бөлімін анықта

1) Кірістіру – сілтеме
2) Сілтеме - Кірістіру
3) Сілтеме - Қойындылар

4. Тұжырымдаманың ақиқаттылығын анықта: Microsoft word мәтіндік редакторындағы бетбелгілер кітаптардағы, журналдардағы және т.б. бетбелгілер негізінде жасалады___________

1) Ақиқат
2) Жалған

5. Тұжырымдаманың ақиқаттылығын анықта: Мазмұн кестесін құру үшін алдымен мәтіндегі тақырыптар мен бет нөмірлерін анықтау керек ___________

1) Ақиқат
2) Жалған

6. Тұжырымдаманың ақиқат немесе жалған екенін анықта. Графикалық файл гиперсілтеме көрсеткіші бола алады.

1) Ақиқат
2) Жалған

7. Тұжырымдаманың ақиқат немесе жалған екенін анықта. Графикалық файл гиперсілтеме көрсеткіші бола алмайды.

1) Ақиқат
2) Жалған

8. Терминді оның сипаттамасы бойынша анықта: Кез - келген зияткерлік меншік, өнертабысты көшіруден, таратудан немесе өзгертуден қорғауға болады, ақпаратты қорғаудың бұл әдісі -____________ деп аталады

1) авторлық құқық
2) бетбелгі
3) плагиат
4) антиплагиат

9. Бос орынға тиісті терминді қойыңыз. ____________ сілтемелерді қолданып, бір бөлігінен екіншісіне тез ауыстыратын әдіс.

1) Гиперсілтеме
2) Қойындылар
3) Гиперсілтемелердің адрес бөлігі
4) Гипермәтін

10. Бос орынға тиісті терминді қойыңыз. ____________ үстін басқан кезде көрсетілген адреске ауысатын мәтін фрагменті немесе объект

1) Гиперсілтеме
2) Қойындылар
3) Гиперсілтеме көрсеткіші
4) Гиперсілтемелердің адрес бөлігі