Тест: Жеке деректерге қатысты сауалнама


Список вопросов


1. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық адамның фундаменталды құқығы болып табылады ма?

1) Жоқ
2) Иә
3) Білмеймін
4) Адамның ондайқұқығы жоқ

2. "Дербес деректер" ұғымына не кіреді?

1) Адамның аты-жөні
2) Жасы
3) Барлық варианттар
4) Ұлты

3. Дербес деректерді қорғау туралы халықаралық немесе ұлттық заңдарды білесіз ба?

1) Жоқ
2) Тек халықаралық конвенцияларды білемін
3) Иә
4) Тек ұлттық заңдарды білемін

4. Сіздің жеке деректеріңіз ҚР Конституциясымен қорғалған деп ойлайсыз ба?

1) Иә, әрине
2) Жоқ
3) Конституцияның оған қандай қатысы бар?
4) Білмеймін

5. Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізге қаншалықты байыппен қарайсыз? Сіз өзіңіз туралы ақпарат қалдыратын сайттарда, сол ақпараттардың қаншалықты жақсы қорғалатынын зерттейсіз бе?

1) Байыпты қараймын, зерттеймін
2) Аса мән бермеймін, кейде зерттеймін
3) Мүлде қарамаймын
4) Бұл менің жеке өмірім, мұны айтқым келмейді

6. Мемлекет сіздің жеке деректеріңізді жинап, сақтай ала ма? Ал, жеке компания мұны жасай ала ма?

1) Мемлекет, заңмен реттелсе, жинап, сақтай алады, жеке компания жоқ
2) Ешкім жинай алмайды
3) Жеке компания, заңмен реттелсе, жинап, сақтай алады, мемлекет жоқ
4) Мемлекет те, жеке компания да жинай алады

7. Банктік карта тұлғаның дербес дерегі ретінде саналады ма?

1) Жоқ
2) Иә, әрине
3) Білмеймін
4) Банктік картам жоқ

8. Сіз әлеуметтік жүйелерде және өзге де интернет ресурстарда өзіңіздін аты-жөніңізді қолданасыз ба?

1) Иә
2) Кейде
3) Көбінесе қолданамын
4) Тек анонимділік

9. Дербес деректер адамдардың келісімінсіз таратылуы қаншалықты қауіпті болып келеді?

1) Қауіпті
2) Аса қауіпті емес
3) Өте қауіпті
4) Мүлде қауіпсіз

10. Сіздің келісіміңізсіз сізге, қашан-да болсын, бақылау жүргізілді деп ойлайсыз ба? Егер солай болса, нақты мақсаттарға қол жеткізу үшін осы тәсіл қаншалықты негізді болып табылады деп ойлайсыз?

1) Кейде сондай сезім болады
2) Әрдайым
3) Жоқ
4) Жүргізе берсін

11. Дербес деректерді қорғау әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі ме?

1) Иә
2) Жоқ, одан да маңызды мәселелер бар ғой
3) Жауап беруге қиналып тұрмын
4) Иә, маңызды мәселе алайда өзектілігі аса жоғары емес

12. Сіздің ойыңызша, азаматтардың дербес деректерінің ағып таралуы орын алса, кім жауапты болады?

1) Тұлғаның(лардың) өздері
2) Мемлекет
3) Таратқан субъект
4) Мемлекет те, таратқан субъект те