Тест: Жалпы тәжірбиелі тәрігер, педиатрия


Список вопросов


1. Мерзімінде дүниеге келген баланың өмірінің алғашқы аптасында сарғаю дамып, 4 апта бойына тұрақты сақталды, және іш қатуы, брадикардия пайда болған. Қандай диагнозды шектеу керек

1) сепсис
2) гипотиреоз
3) пилоростеноз
4) нәрестенің гемолитикалық ауруы
5) нәрестенің физиологиялық сарғаю

2. Балада алғашқы күннен бастап құсу және іш өту, сүтті көтере алмаушылық, гепатомегалия, сарғаю, гипогликемия, катаракта анықталған. Көмірсу алмасуының тұқымқуалаушылық ауруларының қайсысы туралы ойлауға болады?

1) пентозурия
2) гликогеноздар
3) фруктоземия
4) галактоземия
5) агликогеноз

3. Табиғи тамақтандырылудағы 3 апталық бала, дене салмағы 3350.0 (туылғанда 3000.0), тамақтанғаннан кейін күн сайын лоқсып, фонтанды құсуының ең ықтимал себебі

1) артық емізу
2) аэрофагия
3) пилороспазм
4) пилоростеноз
5) лактазды жетіспеушілік

4. 1 жастағы балада айқын токсикоз, аралас сипаттағы ентікпе, дене қызуының 38оС-қа көтерілуі байқалады. Перкуссияда оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың тынықталуы. Аускультацияда: әр жерден сырылдар, оң жақ жауырын астында – тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Алғашқы диагноз

1) альвеолит
2) бронхиолит
3) пневмония
4) обструктивті бронхит
5) тыныс демікпесі, ұстама

5. Ерасыл 13 жаста, ювенильді ревматоидты артритке байланысты 2-ші ай индометацин қабылдайды. Эпигастрий аймағында ауырсыну, әлсіздік, қайталамалы қою қоңыр түсті құсу пайда болды. Қарағанда: бозғылт, РS- 120 рет минутына, АҚҚ- 90/70 мм.с.б. Іші пальпацияда жұмсақ, бұлшықет керілуі жоқ. Ең ықтимал диагноз

1) жедел холецистит
2) жедел панкреатит
3) тағамдық токсикоинфекция
4) жедел эрозивті гастрит
5) бейарнамалы жаралы колит

6. Қыз бала, 12 жаста. Эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылды кекіруге, іш қатуға шағымданады. 1 жылдай ауырады. Қарағанда бозғылт, мазасыз, қызыл дермографизм, көп тершеңдік. Тілі түбіріне жақын ақшыл-сары жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздап ауырсыну бар. Бауыры мен талақ ұлғаймаған. Болжам диагноз

1) жара ауруы
2) созылмалы гастродуоденит
3) созылмалы холецистит
4) созылмалы панкреатит
5) өт шығару жолдарының дискинезиясы

7. 10 жасар қыз бала жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында шаршағыштыққа, тітіркенгішке, ұйқышылдыққа, құлағының шулауына, бас айналуына шағымданды. Бор және шикі картопты жегенді жақсы көреді. Объективті: терісі мен кілегей жамылғысы бозғылт, ауызында езуліктер. Аускультативті: жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, тахикардия. Клиникалық диагноз қою үшін тексеру әдісін таңдаңыз

1) аудиограмма
2) иммунограмма
3) коагулограмма
4) стернальды пункция
5) темір алмасуын тексеру

8. 8 айлық балаға патронаж кезінде, сол жақ қолтық астында тығыз, көлемі ұлғайған, ауырсынусыз лимфа түйін анықталады. Пальпация кезінде флюктуация анықталады. Екпелері күнтізбе бойынша жасалған. Алғашқы диагноз

1) лимфоаденопатия
2) лимфа түйінінің ісігі
3) лимфа түйін гиперплазиясы
4) жайылмалы БЦЖит
5) регионарлы лимфоаденит

9. 5-жасар баланың денсаулық деңгейін анықтаңыз. Қарау барысында анасы шағымданбайды. Обьективті қарағанда: дене дамуы (ДД) және жүйке-іс әрекетінің дамуы (ЖІӘД) жасына сай; мүшелер бойынша патологиялық өзгерістер жоқ, физиологиялық бөліністер қалыпты

1) бірінші
2) екінші
3) үшінші
4) төртінші
5) бесінші

10. Бала I жүктілік, уақытында босанудан, туылған кездегі салмағы 2900.0, ұзындығы - 49см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh() , баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-). Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл. Тері жамылғысының сарғаюы 3-ші тәулікте пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Билирубиннің тура емес фракциясы - 90 мкмоль/л, трансаминазалар қалыпты. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз

1) фетальды гепатит
2) коньюгациялық сарғаю
3) физиологиялық сарғаю
4) АВО сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру
5) Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

11. 2 айлық балаға экссудативті-катаральды диатез диагнозы қойылды. Белсенді иммунизация жоспары бойынша дәрігердің тактикасы

1) алдын ала егу аурухана жағдайында
2) вакцинация ата-ананың өтінішімен
3) баланың «дайындықсыз» вакцинациясы
4) вакцинация баланың «дайындығымен»
5) ECD - вакцинацияға қарсы көрсетілім

12. 12. 6-күндік нәресте. Сүт бездерінің екі жақтан ісінуі байқалды, басып қарағанда ақ - сүт тәрізді сұйықтық бөлінеді. ЖТД тактикасы

1) хирург кеңесі
2) антибиотик тағайындау
3) +күнделікті күтім
4) эндокринолог кеңесі
5) сүт безінен сөл шығару

13. 5 жасар балаға ауруханадан тыс пневмония қойылды. Төмендегілердің ішінен қайсысы пероральды антибактериальды емнің бірінші таңдауы ретінде ұсынылады?

1) ровамицин
2) фуразолидон
3) азитромицин
4) амоксоциллин
5) ко-тримоксазол

14. 14. Асия, 15 жаста, созылмалы гастритпен 5 жылдан бері бақыланады. Тамақтан соң пайда болатын эпигастрий аймағында ауырсыну және ауырлық сезімі, кекіру, жүрек айну, ауыздан шығатын жағымсыз иіс, іштің кебуі, диарея байқалады. Баланы қарағанда бозғылт, склерасы субиктериялық, тілі «лакталған». Тілінің «ашуына», қол-аяқтарында «құмырсқа жүргендей» сезімге шағымданады. Қан анализінде - гиперхромды, макроцитарлы анемия. Созылмалы гастриттің ықтимал эндоскопиялық түрі

1) эрозивті
2) аралас
3) беткей
4) атрофиялық
5) гипертрофиялық

15. Балаға 1 жасында қызылша, қызамық және эпидпаротитке қарсы вакцинация (ККП) жүргізілген. Бір аптадан соң дене қызуының 37,2ºС көтерілуі байқалған, бетінде, денесінде көп емес қызылша тәрізді бөртпелер бір мезетте пайда болған. ЖТД қорытындысы мен тактикасы

1) қызылша, симптоматикалық ем
2) ЖРВИ, симптоматикалық ем
3) жедел пневмония, госпитализация
4) вакцинациядан кейінгі асқыну, емдеу
5) вакцинациядан кейінгі реакция, ем қажет емес

16. 3 күндік нәресте. Дене салмағы 1000,0-мен шала туылған. Перзентханадағы алдын ала егу жоспары бойынша дәрігер тактикасы

1) вакцинация схемасы: ВГВ, БЦЖ
2) вакцинация схемасы: ВГВ, БЦЖ, ИПВ
3) бұл кезеңде вакцинация жасалмайды
4) вакцинация схемасы: ВГВ, БЦЖ, ОПВ
5) 2 апта бойы вакцинация жасалмайды

17. 6 жасар қыз бала, жасына сай дамыған. Схема бойынша егілген (ҚР ұлттық күнтізбегі бойынша). Алғаш рет 4 жасында Манту сынамасының нәтижесі - 8 мм папула. «Туб вираж» диагнозы қойылған, соған байланысты 3 ай бойына химиопрофилактика жүргізілген. Осы кездегі алдын ала егу схемасы

1) БЦЖ АДС
2) АбКДС ККП
3) АДС-М ККП
4) БЦЖ АДС ККП
5) БЦЖ АДС-М ККП

18. Нәрестенің 6-шы күні табиғи қыртыстар аймағындағы терінің қызаруы мен ұсақ эрозиялар байқалады. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Ең ықтимал диагноз

1) пысынау
2) пемфигус
3) баздану
4) везикулопустулез
5) Риттер эксфолиативті дерматиті

19. 13 жасар қыз бала, іштің ауырсынуы, асқазанның толу сезімі, жүрек айну, ауамен кекіру, диетада кемшілік болса іштің өтуіне шағым жасайды. Уақытылы тамақтанбағаннан кейін 10 жасында эпигастрий аймағында ауырсыну, ауамен кекіру, кейін - іш өту мазалады. Болжам диагноз

1) созылмалы гастрит
2) созылмалы гепатит
3) созылмалы холецистит
4) созылмалы панкреатит
5) асқазанның жара ауруы

20. 4 жасар қыз балада жоғары температура фонында бір апта бойы ішінің ауырсынуы байқалады. ЖЗА – лейкоцитурия, бактериурия. ЖҚА – лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы анықталады. Ең ықтимал диагноз

1) жедел цистит
2) жедел пиелонефрит
3) созылмалы пиелонефрит
4) жедел гломерулонефрит
5) созылмалы гломерулонефрит

21. Ана сүтімен қоректендіруге бала жағынан абсолютті қарсы көрсеткіштерді таңдаңыз

1) жедел психикалық бұзылыстар
2) фенилкетонурия, галактоземия, лейциноз (алмасу бұзылыстары)
3) бацилла бөлінуімен туберкулездің ашық түрі
4) сифилис (жүктіліктің 3 триместрінде жұқтырылу)
5) созылмалы аурулардың декомпенсациясы ( жүрек, бүйрек...)

22. Балада АбКДС вакцинасынан кейін дене қызуының 37,3º С-қа дейін жоғарылауы анықталды. Инъекция орнында әлсіз ауырсынатын ісіну пайда болды. Төмендегі көрсетілген қорытындылардың ең ықтималы?

1) вакцинаны сақтау бұзылысының нәтижесі
2) балаға вакцинаны енгізу техникасының бұзылысы
3) бұл вакцинаға баланың жоғары сезімталдығы
4) вакцинаны тасымалдаудың бұзылуының нәтижесі
5) вакцинаға болуы мүмкін поствакцинальды реакция

23. 7 жасар балада жүрек шекарасы көлденең ұлғайған, жүрек тондары тынықталған. Жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу, ретсіз экстарсистолия. Екі апта бұрын ауыр формалы ЖРВИ-ді басынан кешірген. Болжам диагноз

1) жедел миокардит
2) туа пайда болған жүрек ақауы
3) инфекциялық эндокардит
4) митральды қақпақшаның пролапсы
5) жедел ревматикалық қызба

24. 10-жастағы бала ылғалды жөтел, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Өкпе аускультациясында қатқыл тыныс, жөтелген кезде мөлшері азаятын құрғақ және әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада түбір маңы аймағында өкпе суретінің күшейгенін көруге болады. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер- 12,0 х 109/л (т/я - 8%, с/я - 66%, л - 20%, м - 6%); ЭТЖ - 16 мм/сағ. Клиникалық диагноз

1) бронхиолит
2) жедел бронхит
3) бронхопневмония
4) созылмалы бронхит
5) обструктивті бронхит

25. 25. Бала 2 жас 10 айда. Дене дамуы бойынша (ДД) – 1 дәрежедегі салмақ жетіспеушілігі, жүйке-іс әрекетінің дамуы (ЖІӘД) бойынша – III топ, 1- дәрежесі. Бір жыл ішінде жедел респираторлы аурулармен ауырмаған, Hb - 85г/л. Бала қай денсаулық тобында бақыланады?

1) бірінші
2) екінші
3) үшінші
4) төртінші
5) бесінші