Тест: Химия 7 - сынып, ІІІ тоқсан


Список вопросов


1. Жиі қолданылатын индикаторларды ата?

1) Ализарин сарысы, метилен көгі
2) Тимолфталеин, бромтимол көгі
3) Метил қызылы, тропеолин
4) Лакмус (азолитмин), фенолфталеин

2. Na2O + H20 реакциясының нәтижесінде не түзіледі?

1) натрий оксиді
2) натрий гидриді
3) натрий гидроксиді
4) натрий карбонаты

3. Сілтілік ортада метилоранж индикаторының түсі қандай болады?

1) сарғаяды
2) көгереді
3) қызарады
4) түссізденеді

4. Металдардың белсенділік қатарын құрастырған ғалымды атаңыз

1) Д.И.Менделеев
2) Н.Н.Бекетов
3) Э.Резерфорд
4) И.В.Дёберейнер

5. Элементтердің көлденең қатары не деп аталады?

1) период
2) топ
3) реттік номер
4) топша

6. Жай заттардың қасиетіне қарай химиялық элементтерді металдар және бейметалдар деп жіктеуді ұсынған ғалым кім?

1) Дж.А.Ньюлендс
2) И.В.Дёберейнер
3) Н.Н.Бекетов
4) Й.Берцелиус

7. Металдар қатарын табыңыз

1) B, Al, Br, At
2) Na, Zn, Cr, Ni
3) Be, Cs, Ne, P
4) S, Pb, Ag, C

8. Бейметалдар қатарын табыңыз

1) Al, B, Ca, N
2) Ti, Ga, Cl, I
3) Si, F, C, O
4) K, B, F, Cu

9. Хлор, барий, оттек, марганец және т.б. элементтерді ашқан рекордсмен ғалымды атаңыз

1) Д.И.Менделеев
2) Г.Кавендиш
3) А.Лавуазье
4) К.Шееле

10. Швед ауылы Иттербюдің құрметіне аталған элементтерді атаңыз

1) Тербий, иридий, талий, дубний
2) Иттербий, сиборгий, ниобий, рений
3) Иттрий, тербий, эрбий, иттербий
4) Эрбий, иттербий, цирконий, хассий