Тест: Тест-сауалнама: ТАБИҒАТТЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕСІЗ


Список вопросов


1. Далада, табиғат аясында, қырда қыдырып жүріп, атын білмейтін өте әдемі гүл тауып алдыңыз. Сіздің әрекетіңіз...

1) - Гүлді мұқият кесіп алып, әдемі вазаға салып қоямын.
2) - Қызықтап қараймын да, ары қарай жүре беремін.
3) - Мектептің биология кабинетіне арнап, гүлді үйге әкеліп кептіріп қоямын.

2. Құстың ұясын тауып алдыңыз. Не істейсіз?

1) - Алыстан тамашалаймын.
2) - Құстарға жем беремін.
3) - Қасымдағы адамдарды да шақырамын, олар да көрсін.

3. Достарыңыз қайың шырынын ішуге орманға (тоғайға) жиналды. Олармен бірге барасыз ба?

1) - Алдымен ол туралы биология мұғалімімен ақылдасып сұраймын.
2) - Бармаймын, басқаларды да жібермеймін.
3) - Барамын, бірақ қайың шырынын өте мұқият жинаймын.

4. Табиғат аясына демалуға шыққан соң, соңында көптеген бөтелкелер мен бос ыдыстар қалып қалды. Жолға жиналардан бұрын ол ыдыстарды не істейсіз?

1) - Жерге көміп тастаймын.
2) - Ешкімге зиян тимесін деп, бір талдың түбіне мұқият жинап қоямын.
3) - Қалада өткізу үшін оларды өзіммен бірге жинап аламын.

5. Қоршаған ортаны қорғау туралы біліміңізді қалай бағалайсыз?

1) - Бәрін білемін және табиғатты әрдайым қорғаймын.
2) - Бірқатар білімім бар, дегенмен әлі де толықтыра түсу керек.
3) - Табиғатты жанымдай сүйемін, бірақ нақты бұл тақырыпты әлі оқыған жоқпын