Тест: Абай-дана


Список вопросов


1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.

1) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
3) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;
4) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;

2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?

1) 11жасында
2) 10жасында
3) 7жасында
4) 8жасында

3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?

1) Араб, парсы, өзбек
2) Араб, парсы, түркімен
3) Араб, парсы, иран
4) Араб, парсы, түркі;

4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?

1) 15 жаста
2) 13жаста
3) 11жаста
4) 10жаста

5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?

1) 1880ж.
2) 1871ж.
3) 1873ж.
4) 1870ж.

6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.

1) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»
2) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».
3) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»
4) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;

7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?

1) Шөже
2) Барлас
3) Көкпай
4) Байкөкше

8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз

1) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
2) «Ғылым таппай мақтанба»
3) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
4) «Интернатта оқып жүр»;

9. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?

1) «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»
2) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»;
3) «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»;
4) «Сегіз аяқ», «Жаз»;

10. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз.

1) «Қалың елім, қазағым»
2) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
3) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
4) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»

11. Абайдың қанша поэмасы бар?

1) 1
2) 4
3) 3
4) 2

12. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?

1) «Масғұт»
2) «Әзім әңгімесі»
3) «Еңлік - Кебек»
4) «Ескендір»

13. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?

1) «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»
2) «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»
3) «Қор болды жаным»
4) «Сегіз аяқ»;

14. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?

1) Ш. Құдайбердіұлы
2) А. Байтұрсынұлы
3) С. Сейфуллин
4) М. Әуезов

15. Абайдың руы кім?

1) Найман
2) Керей
3) Тобықты
4) Адай

16. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты?

1) Шәкәрім
2) Ахмет
3) Мұхтар
4) Қиясбай

17. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.

1) «Атың шықпаса, жер өрте»;
2) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;
3) «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»
4) «Қалауын тапса, қар жанар»

18. Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?

1) 8 жастан
2) 11 жастан
3) 10 жастан
4) 7 жастан

19. Абай оқыған медресе?

1) Ахмет - Риза медресесі
2) Медресе Рахманқұли
3) «Ғалия» медресесі.
4) Медресе Расуля

20. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?

1) 1896ж. Қазан
2) 1898ж. Орынбор
3) 1908ж. Петербург
4) 1909ж. Петербург