Тест: Динара


Список вопросов


1. Тотықтырғыштар тобына жататын:

1) Күміс нитраты
2) Хлоргексидин
3) Сутегінің асқын тотығы
4) Фурацилин

2. Нитрофуран туындыларына жатады:

1) Этазол
2) Сулема
3) Фурацилин
4) Хлоргексидин

3. No18 36 жастағы науқас Д. құрсақ арты кеңістігінің флегмонасына жасалған операциясынан кейін 10 тәулік бойы массивті антибактериальді ем қабылдаған. Емдеу курсынан кейін науқасты диспепсиялық құбылыстар мазалады

1) Естудің төмендеуі
2) Дисбактериоз
3) Артериялық қысымының жоғарылауы
4) Аллергиялық реакциялар

4. No27 Кабылдау бөліміне 30 жастағы әйел оң аяқ тізесінің жайылған анаэробты флегмонасымен келіп түсті. Қандай емдеу шараларын жүргізесіз?

1) Некротомия ферментотерапия
2) Кең лампасты тілікгангренаға қарсы сарысуантибиоти
3) Аяқ ампутациясыантибиотикті терапия
4) Антибиотикті терапия гангренаға қарсы сарысу

5. No33 Операция бөлмесінде операция алдында 1 м3 ауада рұқсат етілген микробтардың саны қаншадан аспау керек?

1) 1000-нан
2) 300-ден
3) 500-ден
4) 100-ден

6. No40 Жанаспа инфицирленуін алдын алу үшін жүргізіледі.

1) Таңғыш заттарды залалсыздандыру
2) Маска тағу
3) Тігіс заттарды залалсыздар

7. No46 Хирург операция кезінде қанға малынған салфетканы еденге түсіріп алды. Операциялық санитар тез арада салфетканы көтеріп, шылапшынға салды. Санитардың іс-әрекеті қандай жинастыру түріне жатады?

1) Қорытынды
2) Ағымдық
3) Алдын ала

8. No48 Хирург құрсақ артының флегмонасына операция жасады. Операциялық мейірбике қолданылған құрал-саймандарды залалсыздандыру алдындағы дайындық мақсатында 30 мин ерітіндіге батырып қойды. Мейірбике қандай ерітіндіні қолданды?

1) Лизол
2) Этил спирті
3) Мүсәтір спирті

9. No52 Сан эпидемиология мекемесінің қызметкерлері құрал саймандардың, тігіс және таңғыш материалдардың залалсыздығын тексерді. Заттардың залалсыздығын тексеруде қандай тест сынамасы қолданылд

1) Бензой қышқылы
2) Тиомочевина
3) Бактериологиялық

10. No57 Хирург бригадасы холецистэктомия операциясын аяқтады. Осы бригадаға асқазан резекциясын жасау үшін келесі науқасты әкелді. Хирургтарға не істеу керек?

1) Қолдарын толықтай қайта жуу және халаттарын ауыстыру
2) Қолғаптағы қолдарын 96% этил спиртімен өңдеу
3) Қолғаптағы қолдарын сулема ерітіндісімен қайта жуу

11. No60 Көп жағыдайларда аяқтың тромбофлебиттен кейінгі синдромының себебі болып табылады:

1) Теріастылық көк тамырларының кеңеюі
2) Терең көк тамырлар тромбозы
3) Беткейлік көк тамырлар тромбозы

12. No63 Құрғақ гангрена сипатталады

1) Айқын интоксикациямен
2) іріңді инфекцияның дамуымен
3) Демаркациялық жолақтың болуымен

13. No67 Трофикалық ойық жараның тиімді емдеу әдісі.

1) Патогенетикалық ем жүргізу
2) Симптоматикалық ем жүргізу
3) Екіншілік тігіс салу

14. Жыланкөздер құрылысына байланысты бөлінеді

1) Туа біткен
2) Жасанды
3) Грануляциялық

15. No71 Теріде ойылудың пайда болуы мүмкін жерлерді қандай ерітіндімен сүртеді.

1) Сулема
2) Диоксидин
3) Камфор спирті

16. No75 35 жастағы науқас, жүрген кезде балтыр бұлшық еттің ауырлық сезіміне және ауруына шағымданады (ауыспалы ақсаңдаушылық). 16 жасынын темекі шегеді. Табан артериясының соғуы байқалмайды. Науқастағы тамыр жетіспеушіліктің қай түрі?

1) Аяқ көк тамырларының варикозды кеңеюі
2) Аяқтың облитерациялық эндартериит
3) Аяқ көк тамырларының терең тромбофлебиті

17. No78 Реинфузияны қандай жағдайда жасауға болады?

1) Тоқ ішек пен мезоколонның жыртылуында
2) Өт қапшығының жыртылуында
3) Көк бауырдың жыртылуында

18. No80 Консервіленген қанды құйғанда цитраттық уланудың алдын-алу шарасы қандай?

1) Антигистаминді заттарды енгізу
2) Кальций хлоридін енгізу
3) Натрий хлоридін енгізу

19. No83 Гемотрансфузионнды шок кезінде болады:

1) Артериалдық қысымның жоғарылау
2) Бел аймағының ауыруы
3) Артериалдық қысымның жоғары

20. No87 Резус-фактор бойынша сәйкессіздіктің салдарынан дамитын асқынулардың себебі қандай?

1) Резус-теріс реципиентке резус-оң донордың қанын қайталап құйғанда дамиды
2) Резус-теріс әйел резус-оң ұрықпен бірінші рет жүкті болғанда дамиды
3) Резус-теріс реципиентке резус-оң донордың қан сарысуын қайталап құйғанда дамиды

21. No90 Дезинтоксикациялық қаналмастырушылардың негізгі әсері қандай

1) Бүйрек фильтрациясын тежеу
2) Қанның физико-химиялық қасиетін өзгерту
3) Абсорбциялық жоғары қасиет

22. No94 Жеке-дара (топтық) сәйкестік сынамасы жүргізіледі

1) Донордың плазмасы мен науқастың плазмасының арасында
2) Науқастың плазмасы мен донордың қаны арасыда
3) Науқастың қан түйіршіктері мен донордың қанының арасында

23. No98 Осмодиуретикалық әсер көрсететін затты атаңыз:

1) Маннитол, сорбитол
2) Аминопептид, полиамин
3) Полифер, реоглюман

24. No101 Қаналмастырушы заттарды құйғанда дамитын асқынуды атаңыз

1) Эритроциттердің гемолизі
2) Аллергиялық реакция
3) Токсикоанемиялық реакция

25. No102 Онкопатологиялық ауруы бар науқасқа химиотерапия жүргізгеннен соң лейкопения дамыды. Қан құю бөлімінде 5 тәулік бұрын дайындалған лейкоцитарлы масса бар. Осы лейкомассаны құюға бола ма?

1) Иә, құюға болады
2) Антибиотиктермен қосып құюға болады
3) Жоқ, құюға болмайды

26. No106 Науқасқа 450 мл эритроцитарлы масса құйылды. 10 мин өткен соң науқас ыстығының көтерілуіне, белі мен ішінің ауыруына және төстің артында ауыру сезімінің пайда болуына шағымданады. Қандай асқыну жайлы ойлау керек?

1) Гемотрансфузионды реакция
2) Пирогенді реакция
3) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

27. No109 Асқазанынан тоқтамай қатты қан кетіп жатқан науқасқа өмірлік көрсеткішпен қан құю қажет. Науқастың қан тобы А(II) Rh(). Қан құю бөлімінде тек 0(I) Rh() қан бар. Мұндай жағдайда осы қанды құюға бола ма? Егер болса, онда қандай мөлшерде?

1) Болады, 1 литрға дейін
2) Болады, бірақ 500 мл-ден көп емес
3) Болады, сәйкестік сынамаларын жасағаннан соң

28. No115 Гемостаз мақсатында тамырлық тігіс қандай тамырдың жарақатында салынады?

1) Венулалардың
2) Магистральді тамырлардың
3) Капиллярлардың

29. No123 Қан кетуден болған жедел гиповолемия кезінде трансфузионды емнің кезектілігін (реттілігін) атаңыз.

1) Аминокровин – қан құю – полиглюкин
2) Полиглюкин – қан құю – реополиглюкин
3) Гипертониялық ерітінді – қан құю – полиглюкин

30. No130 Асқазан-ішектен кан кетумен 45 жастағы науқас түсті. ЭФГДС-та асқазанның ойық-жарасынан массивті түрде үдемелі қан кету анықталды. Сіздің емдеу тактикаңыз қандай болмақ

1) Блэкмор сүңгі түтігін қою және гемостатикалық консервативті ем жүргізу
2) Шұғыл лапаротомия және асқазанның 2/3 бөлігінің резекциясын жасау
3) Эпигастрий аймағына суық басу, парентеральді гемостатикалық ем жүргізу

31. No141 Қатерлі iсiктерге тән емес не?

1) қабығының бар болуы
2) құрылымының өзгешелігі
3) көшіктенуі

32. No147 Абластика – бұл жүйелі бағытталған шара

1) науқасты маңайындағылардан алшақтауға;
2) медицина қызметкерлері арасында аурудың алдын алуға;
3) операция кезінде рак жасушаларының жайылуын болдырмауға;

33. No154 Сіңір күбірткесінің хирургиялық емін неден бастау керек?

1) иммобилизациядан
2) секвестрді жоюдан
3) тілуден

34. No160 Пандактилиттегі хирургиялық ем?

1) тілікпен ашу мен дренаждау
2) тырнақтық пластинканы алып тастау
3) саусақтың ампутациясы

35. No165 Газды гангренаның қоздырғышы болмайды:

1) Cl. septicum
2) Cl. Tetani
3) Cl. perfringens;

36. No172 Тризм деп аталады:

1) жарақаттану аймағындағы тоникалық тырысулары
2) шайнау бұлшықеттерінің тоникалық тырысулары
3) диафрагманың тоникалық тырысулары

37. No177 Микроорганизмдердің қанға өтуіне біріншілік іріңді ошақтың осындай ерекшелігі бейімдейді, қалай:

1) орналасу тереңдігі
2) қоздырғыш вируленттілігі
3) қанмен қамтамасыз ету қабілеті

38. No182 Плевра қусына пункция жасағанда 1,0 литр серозды экссудат алынды, пункцияны қалай аяқтау керек?

1) Антибиотик енғізу және инені шығару
2) Тұрақты аспирациялық вакуум орнату
3) Плевра ішілік лаваж жүйесін орнату

39. No190 Ауыр перитониттен болатын гипопротеинемия кезінде тамыр ішіне жіберу керек:

1) физиологиялық ерітінді
2) полиглюкин, реополиглюкин;
3) альбумин, вамин, полиамин

40. No195 Анаэробты гангренаны жоғары нәтижелі емдеу әдісі болып табылады:

1) антибиотиктерді енгізу
2) жараны ультракүлгін сәулемен өңдеу
3) жоғары қысыммен оттегімен байыту

41. No203 Сорғыш пен қармаушысы бар ұрық:

1) екі мұртты бауыр құрты;
2) эхинококк
3) аскарида

42. No209 Описторхозды жұқтыру болады

1) сүтқоректі жануарлармен қатынасқанда
2) балықты қыздырып өңдеудің толық жасалмауы
3) шөпқоректі жануарлармен қатынасқанда

43. No162 Экссудативті плеврит кезіндегі көкірек аралық ығысуының себебі:

1) плевральды қуыста экссудат жиналуы
2) байлану процессі
3) плевральды қуыста газ жиналуы

44. No156 Интрамаммарлы маститте тілік қалай жасайды:

1) радиарлы, ареолмен түйіспей
2) радиарлы, ареолмен түйіскен
3) доға тәрізді, сүт астылық

45. No140 Қатерсiз iсiктер үшiн не тән?

1) метастаз беруге қабiлеттiлiктiң жоқтығы
2) тінге еніп өсуі
3) операциядан кейiн қайталануға бейімділігі;

46. No129 Жарақат алғаннан кейін сол жақ тізе аймағындағы ауру сезіміне шағымданып қабылдау бөліміне науқас жеткізілді. Буыны шар тәрізді домбыққан, тізелік тобықтың былқылдап қозғалуы анықталады. Рентгенограммада сүйектің зақымдалу белгілері жоқ. Сіздің диагнозыңыз бен емдеу шараларыңыз қандай болмақ?

1) Тізе буынының соғылуы. Тыныштық пен анальгетиктер тағайындау керек
2) Тізе буынының гемартрозы. Буынға пункция жасау, басып таңу, суық басу және аяқтың иммобилизациясын жасау керек
3) Тізе буынының байламдарының созылуы. Басып таңу, суық басу және тыныштық қалыпты сақтау керек

47. No113 Қыс мезгілінде аяққа қанша уақытқа дейін бұрау салуға болады

1) 3 сағатқа
2) 1,5 сағатқа
3) 0,5 сағатқа

48. No105 25 жастағы ер адамда жедел гематогенді остеомиелит сепсиспен асқынған. Жалпы улануды азайту үшін қандай қаналмастырушы затты құйған дұрыс.

1) Полидезді
2) Аминопептидті
3) Глюкозаны

49. No99 Қанның стабилизаторын атаңыз:

1) Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі
2) Глюцид
3) Протаминсульфат

50. No20 40 жастағы науқас З., оң жақ білегіндегі жайылған іріңді-некрозды жарасымен қабылдау бөліміне түсті. Қабылдаған хирург механикалық антисептика мақсатында жүргізу керек

1) Біріншілік ерте хирургиялық өңдеу
2) Біріншілік кеш қалдырылған хирургиялық өңдеу
3) Некрэктомия