Тест: 39-77


Список вопросов


1. 39.26 жастағы босанушы әйел, босанудың I кезеңінде. Партограммада " 10 минут ішіндегі толғақтар саны " бағанында 5 ұяшық тұтас бояумен таңбаланған.Бұл нені білдіруі мүмкін,ең ықтимал нұсқа?

1) Жақсы күшті 5 толғақ
2) Орташа күшті 5 толғақ
3) Орташа күшті 4 толғақ
4) Әлсіз күшті 5 толғақ
5) Әлсіз күшті 4 толғақ

2. 40.26 жастағы жүкті әйел, босанудың I кезеңінде.Партограммада "10 минут ішіндегі толғақтар саны" бағанында 4 ұяшық қиғаш штрихпен боялған.Бұл нені білдіруі мүмкін?

1) 3 толғақ әлсіз күшті
2) 4 толғақ жақсы күшті
3) 4 толғақ әлсіз күшті
4) 4 толғақ орташа күшті
5) 3 толғақ орташа күшті

3. 41.26 жастағы босанушы әйел, босанудың I кезеңінде. Физиологиялық босану кезінде қан қысымы мен босанушы әйелдің пульсі партограммада қанша уақыттан сайын белгіленеді?

1) 1 сағат
2) 3 сағат
3) 4 сағат
4) 5 сағат
5) 2 сағат

4. 42.Алғаш босанушы 21 жаста , ретті толғақ басталғаннан 9 сағат өткен соң келіп түсті. Акушерлік статусы : жатыр толық жүктілікке сәйкес ұлғайған,ұрық қабы бүтін,басы кіші жамбас бөлігіне түскен. Толғақтары 2-3 минут сайын 40 секундтан, орташа күшті. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 118 соққы, айқын, ырғақты. PV: жатыр мойны ашылған, ашылуы 6 см. Мүмкін болатын диагноз қандай?

1) Босанудың I кезеңі,жасырын кезең
2) Босанудың I кезеңі, белсенді кезең
3) Босанудың I кезеңі, жедел ұрық гипоксиясы
4) Босанудың I кезеңі, шамадан тыс толғақтың күшеюі
5) Босанудың I кезеңі,толғақ күшінің әлсіздігі

5. 43.Алғаш босанушы 21 жаста , ретті толғақ басталғаннан 9 сағат өткен соң келіп түсті. Акушерлік статусы : жатыр толық жүктілікке сәйкес ұлғайған,ұрық қабы бүтін,басы кіші жамбас бөлігіне түскен. Толғақтары 2-3 минут сайын 40 секундтан, орташа күшті. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 120 соққы, айқын, ырғақты. PV: жатыр мойны ашылған, ашылуы 2 см. Мүмкін болатын диагноз қандай?

1) Босанудың I кезеңі, жедел ұрық гипоксиясы
2) Босанудың I кезеңі, белсенді кезең
3) Босанудың I кезеңі,жасырын кезең
4) Босанудың I кезеңі, шамадан тыс толғақтың күшеюі
5) Босанудың I кезеңі,толғақ күшінің әлсіздігі

6. 44.Ауруханаға ретті толғақпен қайта босанушы әйел келіп түсті. Босану-1, мед. аборт-1. ОЖ-100 см, ВДМ-42 см. Жорданио формуласы бойынша ұрықтың болжамды массасы қандай?

1) 3865 г
2) 4805 г
3) 3725 г
4) 3675 г
5) 4200 г

7. 45.Жатыр мойнының қынаптық тексеруіне сүйене отырып,жатыр мойнының "жетілуінің" ең ықтимал дәрежесі қандай: жатыр мойны жамбастың өткізуші осінде орналасқан, 1 см-ге дейін қысқарған, жұмсақ, жатыр мойны каналы 2 көлденең саусақты өткізеді,ішкі ернеуге дейін өтеді, өтпелі валик анықталады?

1) Толық жетілген
2) Жетілмеген
3) Жетілу барысында
4) Толық емес жетілген
5) Жетілген

8. 46.Жатыр мойнының қынаптық тексеруіне сүйене отырып,жатыр мойнының "жетілуінің" ең ықтимал дәрежесі қандай: жатыр мойны жамбастың өткізуші осінде орналасқан, 1 см-ге дейін қысқарған, жұмсақ, жатыр мойны каналы 2 көлденең саусақты өткізеді,ішкі ернеуге еркін өтеді?

1) Толық емес жетілген
2) Жетілген
3) Толық жетілген
4) Жетілу барысында
5) Жетілмеген

9. 47.Жатыр мойнының қынаптық тексеруіне сүйене отырып,жатыр мойнының "жетілуінің" Бишоп шкаласы бойынша қанша баллға сәйкес екенін анықтаңыз: жатыр мойны жамбастың өткізуші осінде орналасқан, 1 см-ге дейін қысқарған, жұмсақ, жатыр мойны каналы 2 көлденең саусақты өткізеді,ішкі ернеуге еркін өтеді?

1) 7-9 балл
2) 3-4 балл
3) 1-4 балл
4) 3-5 балл
5) 1-2 балл

10. 48.Жүкті әйелдің қабылдау кезінде аяқтарында, бетінде, іштің алдыңғы қабырғасында ісіну байқалады, қан қысымы 190/100 мм.сын.бағ. кенеттен бас ауруы пайда болды, көру қабілетін жоғалтты. Жатырдың қозғыштығы төмен. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы осы жағдайда емдеудің ең тиімді препараты болып табылады?

1) Нормодепин
2) Натрия нитропруссид
3) Допегит
4) Нифедепин
5) Магний сульфат

11. 49.Жеңіл дәрежелі преэклампсиямен жүкті әйел жанұялық-дәрігерлік амбулаторияға іштің өткір ауырсынуына шағымданып жүгінді.Пульс минутына 120 соққы. АҚ 100/60 мм сын.бағ.Жатыр қозған,босаңсымайды,жатырдың алдыңғы қабырғасында пальпация кезінде ауырсынатын ісіну анықталды.Қынаптан көп емес қанды бөлінділер көрінді.Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Ең ықтимал диагноз?

1) Миоматозды түйіннің некрозы
2) Плацентаның бөлінуі
3) Плацентаның жатуы
4) Жатырдың басталған жыртылуы
5) Қан тамырларының жатуы

12. 50.Алғашқы жүктілік, 17 жаста, ауруханаға үйде болған эклампсия ұстамасынан кейін жеткізілді. Жүктілік 36 апта, жағдайы ауыр,санасы тежелген. Анасарка. АҚ 160/100 мм сын.бағ. Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойны жетілуі -6 балл. Жүкті әйелді басқарудың ең тиімді тактикасын анықтаңыз?

1) Кешенді ем аясында 6-12 сағат ішінде босандыру
2) Кешенді терапия аясында окситоцинмен дереу босандыру
3) Кешенді ем аясында дереу абдоминальді босандыру
4) Жүктілікті 38 аптаға дейін ұзарту аясында кешенді терапия жүргізу
5) 24-48 сағат ішінде кешенді ем аясында босандыру

13. 51.28 жастағы жүкті әйелде толық мерзімді жүктілік, аяқтарында, бетінде, іштің алдыңғы қабырғасында ісіну байқалады, қан қысымы 190/100 мм сын. бағ. Босанудың I кезеңінде кенеттен бас ауруы, бетіндегі кішкентай құрысулар,көру қабілетінің бұзылуы пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы бұзылмаған,осы кезеңдегі ең тиімді тактика қандай?

1) Кесар тілігі
2) Өкпені жасанды желдету
3) Динамикадағы бақылау
4) Аймақтық анестезия
5) Жағдайды тұрақтандыру

14. 52.26 жастағы жүкті әйел, 34 аптадағы жүктілік кезінде үйде бірнеше рет эклампсия ұстамасы байқалған. Жедел жәрдем көлігімен перзентханаға жеткізілді. Жедел жәрдем фельдшері магнезияның жүктеме дозасын енгізді. Түскен кезде:санасы тежелген, АД – 180/110 және 170/100 мм сын.бағ. Сульфат магнезиясының ең тиімді болатын қосымша дозасы қандай?

1) 2 гр құрғақ зат немесе 10 мл 20% MgSO4
2) 20гр құрғақ зат немесе 80 мл 25% MgSO4
3) 500 мл физиологиялық ерітіндіге 40 мг
4) 250 мл MgSO4 және 200 мл физиологиялық ерітінді
5) 5 гр құрғақ зат немесе 20 мл 25% MgSO4

15. 53.26 жастағы жүкті әйел, 34 аптадағы жүктілік кезінде үйде бірнеше рет эклампсия ұстамасын байқаған. Жедел жәрдем көлігімен перзентханаға жеткізілді. Түскен кезде: сана тежелген, АД – 180/110 және 170/100 мм сын.бағ. Магнезия терапиясын жүргізу үшін ең тиімді бастапқы доза қандай?

1) 5 грамм құрғақ зат немесе 20 мл 25% MgSO4
2) 500 мл физиологиялық ерітіндіге 40 мг
3) 2 грамма құрғақ зат немесе 10 мл 20% MgSO4
4) 320 мл физ. е - ге 80 мл 25% MgSO4
5) 250 мл 25% MgSO4және 200 мл физиологиялық ерітінді

16. 54.Жүктілер патологиясы бөлімшесінен босану бөліміне 33 жастағы қайта босанушы әйел мына диагнозбен ауыстырылды: Жүктіліктің 39 аптасы. Босанудың I кезеңі. Жеңіл дәрежелі преэклампсия.Ауыстыру кезінде АҚҚ 140/95 мм сын.бағ.зәрдегі ақуыз 1,32 г/л, аяқтың пастозы бар. Жатыр мойнының ашылуы 3 см. Төменде берілгендердің қайсысы ең ықтимал босанушы әйелге жасалатын бірінші әрекет болып табылады?

1) Амниотомия
2) Эпидуральды анестезия
3) Динамикадағы бақылау
4) Қан кетуді алдын алу
5) Гипотензивті терапия

17. 55.Жүкті әйелді қабылдау кезінде аяқтарында, бетінде, іштің алдыңғы қабырғасында ісіну байқалды, қан қысымы 190/100 мм рт. ст. кенеттен бас ауруы пайда болды, көру қабілетін жоғалтты. Жатыр қозғыштығы төмен. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы осы жағдайда емдеудің ең тиімді препараты болып табылады?

1) Допегит
2) Нифедепин
3) Магния сульфат
4) Натрия нитропруссид
5) Нормодепин

18. 56.Босанған әйел 28 жаста, мерзіміне жеткен жүктілік және жеңіл преэклампсиясы бар,босану әрекеті басталған кезде іштің қатты ауыруы пайда болды. Пульс минутына 120 соққы. АҚ 100/60 мм сын.бағ. жатыр кернеулі, толғақ аралығында босаңсымайды. Қынаптан аз мөлшерде қанды бөлінділер байқалды. Ұрықтың жүрек соғысы бәсеңдеген. Ең ықтимал алдын-ала диагнозқандай?

1) Басталған жатырдың жыртылуы
2) Бала жолдасының толық жатуы
3) Мерзімінен бұрын бала жолдасының бөлінуі
4) Жатырдың қауіпті жыртылуы
5) Бала жолдасының толық емес жатуы

19. 57.Жеңіл дәрежелі преэклампсия диагнозымен жүкті әйел босанудың басталуымен қатар іштің өткір ауыруы пайда болды. Пульс минутына 120 соққы. АҚ 100/60 мм сын.бағ. жатыр кернеулі, толғақтар арасында босаңсымайды.Қынаптан көп емес қанды бөлінділер пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы бәсеңдеген. Ең ықтимал диагноз қандай?

1) Басталған жатырдың жыртылуы
2) Бала жолдасының бөлінуі
3) Бала жолдасының толық емес жатуы
4) Жатырдың қауіпті жыртылуы
5) Бала жолдасының толық жатуы

20. 58.20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 35 апта, 2-ші деңгейдегі перзентханаға келіп түсті. Шағымдары – бас ауру. Объективті: жалпыланған ісіну, пальпация кезіндегі бауырдың ауырсынуы. Қан қысымы 160/110 мм. сын.бағ., зәрдегі ақуыз мөлшері 1.0 г/л. Қандай әрекеттер ең тиімді?

1) Магнезия терапиясын бастау, жағдайы тұрақтанғаннан кейін 3 деңгейдегі перзентханаға жіберу , өйткені, гемодинамикасы тұрақты
2) Каталкада интенсивті терапия бөліміне ауыстыру, ауыр дәрежедегі преэклампсияны ескере отырып, Магнезиалдық терапияны бастау
3) Магнезиальды терапияны бастау, жағдайы тұрақтанғаннан кейін ауыр преэклампсияны ескере отырып, 3 деңгейдегі перзентханаға ауыстыру
4) Каталкада интенсивті терапия бөліміне ауыстыру, жеңіл дәрежедегі преэклампсияны ескере отырып, Магнезиалдық терапияны бастау
5) Каталкада интенсивті терапия бөліміне ауыстыру, ауыр дәрежедегі преэклампсияны ескере отырып, Магнезиалдық терапияны бастау, жүктілік мерзімі 35 апта

21. 59.28 жастағы жүкті әйел, мерзіміне жеткен жүктілік, аяқтарында, бетінде, іштің алдыңғы қабырғасында ісіну байқалады, қан қысымы 190/100 мм сын. бағ. Босанудың I кезеңінде кенеттен бас ауруы, бетіндегі кішкентай құрысулар, көру қабілетінің бұзылуы пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы бұзылмаған.Қандай алдын-ала диагноз қою ықтимал?

1) Артериальді гипертензия
2) Эпилепсия
3) Жеңіл преэклампсия
4) Эклампсия
5) Ауыр преэклампсия

22. 60.Преэклампсия диагнозы қойылған әйелдерге жүктіліктің қандай мерзіміне дейін ұрықтың респираторлы –дистресс синдромының профилактикасы жүргізіледі?

1) 32 апта +6 күн
2) 34 апта+6 күн
3) 33апта+6 күн
4) 36апта+6 күн
5) 35апта+6 күн

23. 61.Эклампсия ұстамасынан босану туралы мәселені қанша сағаттан кейін шешу қажет?

1) 12-24 сағаттан кейін
2) 24 сағаттан кейін
3) 6-12 сағаттан кейін
4) 24-48 сағаттан кейін
5) 3-6 сағаттан кейін

24. 62.Туберкулез кезінде жүктілікті үзудің ең ықтимал көрсеткіші мыналар болып табылады?

1) Жіті диссеминацияланған туберкулез
2) Өршіген ошақтық туберкулез
3) Сүйек-буын туберкулезі
4) Зәр шығару жүйесінің туберкулезі
5) Фиброзды-кавернозды туберкулез

25. 63.Жүкті әйелдерде гепаторенальды синдроммен В вирустық гепатитінің ең тиімді тактикасы?

1) Вирусқа қарсы терапия
2) Симптоматикалық ем
3) Жедел кезеңді тоқтату
4) Жоспарлы кесар тілігі
5) Жедел кесар тілігі

26. 64.Қалыпты жамбас өлшемімен қайта босанушы, жүктілік мерзімі 39 апта, толғақ әр 1-2 минут 50-55 секундтан, қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны толық ашылған,кіші жамбасқа кіреберіс жазықтығында сол жақ қиғаш өлшеміндегі жебе тәрізді тігіс, кішкентай еңбегі - алдыға бағытталған.Ұрықтың орналасуы мен позициясы қандай сипаттамаға ие?

1) Шүйдемен жатуы,2 позиция, артқы түрі
2) Шүйдемен жатуы,1 позиция, артқы түрі
3) Шүйдемен жатуы, 2 позиция, алдынғы түрі
4) Шүйдемен жатуы,1 позиция, алдыңғы түрі
5) Баспен жатуы, 1 позиция, артқы түрі

27. 65.Жүкті әйелдің қанындағы альфафетопротеин деңгейінің жоғарылауы қай кезде болады?

1) Ұрықтың жүрек-тамыр жүйесінің даму ақауы
2) Ұрықтың гипоксиясы
3) Ұрықтың қалыпты дамуы
4) Ұрықтың жүйке түтігінің даму ақауы
5) Ұрықтың зәр шығару жүйесінің дму ақауы

28. 66.Жаңа туған нәресте мен медицина қызметкерлерінің жұқтыру қаупін барынша азайту мақсатында АИТВ-инфекциясымен жүкті әйелді босандырудың неғұрлым дәлелденген әдісі қандай?

1) Босану жолдарының жарақаттануын төмендету үшін 36-37 апта мерзімінде индукцияланған босандыру
2) Персоналға арналған арнайы киімді пайдалана отырып индукцияланған босануды қолданып кіндікті тез кесу
3) Персоналға арналған арнайы киімді пайдалана отырып кесар тілігімен кіндікті тез кесу
4) Персоналға арналған арнайы киімді пайдалана отырып табиғы босандыру арқылы кіндікті тез кесу
5) Жатыр мойнының жетілуіне байланыста міндетті түрде болатын табиғи босануға бағытталған жолдар арқылы босандыру

29. 67.Жүктіліктің 28 аптасы. Жиі зәр шығару,дене температурасының 38 С дейін жоғарылауы туралы шағымдары бар. Анамнезінде -созылмалы пиелонефрит. Объективті -терісі қалыпты түсті. Көруі айқын, бас ауруы жоқ. Төменгі аяқтарда ісіну жоқ. Ұрғылау симптомы екі жағынан да оң. Жалпы зәр анализінде:р=1019, лейкоциттер – өте көп, ақуыз теріс, эпителий 5-6. Ең ықтимал диагноз қандай?

1) Жүктіліктің 28 аптасы. Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы
2) Жүктіліктің 28 аптасы. Созылмалы гломерулонефрит
3) Жүктіліктің 28 аптасы. Созылмалы пиелонефрит, ремиссия сатысында
4) Жүктіліктің 28 аптасы. Гестационды пиелонефрит
5) Жүктіліктің 28 аптасы. Жедел пиелонефрит

30. 68.Жүктіліктің қай кезеңінде қан айналымы жеткіліксіздігі жиі кездеседі,ең ықтимал нұсқа?

1) 13–18 апта
2) 24–32 апта
3) 19–24 апта
4) 32–38 апта
5) 8–12 апта

31. 69.Семіздікпен ауыратын жүкті әйелдерде жүктіліктің қай мерзімінде глюкоза-толерантты тест жүргізіледі?

1) 35-36 апта
2) 29-32 апта
3) 24-28 апта
4) 19-23 апта
5) 12-18 апта

32. 70.1 және 2 жоспарлы госпитализация кезіндегі қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерді аурухананың қай бөліміне жатқызу ең тиімді?

1) Реанимация және интенсивті терапия бөліміне
2) Терапия бөлімшесіне
3) Босандыру бөлімшесіне
4) Эндокринологиялық стационарға
5) Жүкті әйелдердің патология бөліміне

33. 71.ДДҰ жүкті әйелдердегі анемияның ауырлық дәрежесінің жіктелуі бойыншаорташа дәрежелі анемияда қандағы гемоглобин деңгейі сәйкес келеді,ең ықтимал нұсқа?

1) 75-85 г/
2) 80-90 г/л
3) 70-99 г/л
4) 70-89 г/л
5) 100-105г/л

34. 73.Иммундық тромбоцитопения кезінде сүйек кемігінің пунктатында не анықталады?

1) Миелокариоциттер санының көбеюі
2) Мегакариоциттердің көбеюі
3) Сүйек кемігіндегі ядролық жасушалар санының көбеюі
4) Мегакариоциттердің төмендеуі
5) Миелокариоциттер санының азаюы

35. 74.Жүктіліктің 20-21 аптасы бар науқаста Вергоф ауруы бар (идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура). Қанды зерттеу кезінде тромбоциттер саны 42х109/л екендігі анықталды. Ең ықтимал тактика?

1) Плазмаферезді қолдану
2) Эритроциттік масса трансфузиясы
3) Жүктілікті тоқтату
4) Тромбицитарлық масса трансфузиясы
5) Глюкокортикостероидтарды қолдану

36. 75.Орташа ауырлықтағы диффузды және түйінді уытты зобы бар жүкті әйелдерді басқарудағы дәрігердің ең ықтимал тактикасы?

1) Гормоналды емдеу үшін ауруханаға жатқызу
2) 1 триместрдің соңында хирургиялық емдеу
3) Жүктіліктің асқынуы кезінде ауруханаға жатқызу
4) 2 триместрдің соңында хирургиялық емдеу
5) Жүктілікті тоқтату

37. 76.Қандай тұжырым босанғаннан кейінгі жаппай қан кету мөлшеріне сәйкес келмейді?

1) Кез келген босану кезінде 1500 мл қан жоғалту
2) Кесар тілігі кезінде 1800 мл қан жоғалту
3) Қынаптан босану кезінде 1000 мл қан жоғалту
4) Қынаптан босану кезінде 500 мл қан жоғалту
5) Вагинальды босану кезінде 2000 мл қан жоғалту

38. 77.Босанғаннан кейінгі кезең, 3-ші күн. Босанған әйел сүттің аз бөлінуіне, сүт бездеріндің кернеулігіне, сүтті сауып үлгермейтініне шағымданып жатыр. Осы жағдайда лактогенездің қай кезеңі екенін көрсетіңіз?

1) Эндогендік сүт ингибиторының қалыптасу кезеңі
2) Сүттің пісу кезеңі
3) Сүт секрециясының мол бөліну кезеңі
4) Сүт өндіру компетенттілігін дамыту кезеңі
5) Эндогендік окситоцинді өндіру сатысы

39. 78.Лактогенез процесін бұзатын ятрогенді факторға мыналар жатады,ең ықтимал нұсқа?

1) Жеткіліксіз сору рефлексі
2) Нейроэндокринді ана аурулары
3) Лактогенезді тежейтін препараттарды негізсіз қолдану
4) Босану актісінің асқынулары
5) Босанған әйелдегі анемия