Тест: 192-229


Список вопросов


1. Контрацепцияның барьерлік әдісінің ең ықтимал артықшылығы қандай?

1) Миометрий тонусының жоғарылауы
2) Овуляцияны басу
3) Инфекциялардан қорғау
4) Сперматоксикалық әсер
5) Овотоксикалық әсер

2. Науқас 30 жаста, үйленген, туберкулез бойынша есепте тұрады, бір баласы бар. Қандай контрацептив ең қолайлы?

1) Имплантанттар
2) Хирургиялық
3) Инъекциялық контрацептивтер
4) Біріктірілген пероральді контрацептивтер
5) Жатырішілік контрацепция

3. Гонорея кезінде ең ықтимал инкубациялық кезең ұзақтығы қандай?

1) 3-4 күн
2) 10-12 күн
3) 6-7күн
4) 8-9 күн
5) 1-2 күн

4. Гонококктар ең ықтимал қай мүшенің шырышты қабатын зақымдайды?

1) Уретраның шырышты қабатын
2) Мұрынның шырышты қабатын
3) Қынаптың шырышты қабатын
4) 12 елі Ішектің шырышты қабатын
5) Тік ішектің шырышты қабатын

5. Гонореяның диагностикасы үшін ең ықтимал қандай материал алынады?

1) Конъюктивадан жағынды
2) Венадан қан
3) Уретрадан жағынды
4) Лимфв түйіндерінен пунктат
5) Қынаптан жағынды

6. Урогенитальды трихомониаздың емі үшін ең ықтимал қандай препарат қолданылады?

1) Флюконозол
2) Доксициклин
3) Кетоконазол
4) Метронидазол
5) Азитромицин

7. Төменде келтірілгендердің қайсысы ең ықтимал урогенитальды хламидиоздың қоздырғышы болып табылады?

1) Gardnerella vaginalis
2) Trichomonas vaginalis
3) Treponema pallidum
4) Сhlamydia trachomatis
5) StreptobacilusHaemophillus

8. Хламидиоздың емінде ең ықтимал қандай препарат қолданылады?

1) Пенициллин
2) Фазижин
3) Метронидазол
4) Тетрациклин
5) Сумамед

9. Трихомониаздың емінде ең ықтимал қандай препарат қолданылады?

1) Тетрациклин
2) Сумамед
3) Кетонозол
4) Пенициллин
5) Фазижин

10. Аналық бездердің қатерсіз ісіктерін емдеу кезінде қай әдіс ең ықтимал қолданады?

1) Сәулелік терапия
2) Хирургиялық
3) Комбинирлі
4) Химиотерапия
5) Гормонотерапия

11. Репродуктивті жастағы әйелде аналық бездің қатерсіз ісігін емдеу үшін ең ықтимал қолданады?

1) Қынапүстілік жатыр ампутациясы
2) Овариоэктомия
3) Жатыр қосалқыларын біржақты алып тастау
4) Пангистерэктомия
5) Оменэктомия

12. Төменде келтірілген патологиялардың қайсысы шынайы аменореяның себебі бола алмайды?

1) Гипофиздің микроаденомасы
2) Жүйке анорексиясы
3) Қыздық перденің атрезия
4) Тестикулярлы феминизация синдромы
5) Гипотиреоз

13. Бұлшықетаралық жатыр миомасының инструментальды диагностикасы кезінде ең ықтимал информативты әдіс?

1) Лапароскопия
2) Гистеросальпингография
3) Гистероскопия
4) Ультрадыбыстық зерттеу
5) Қынаптық зерттеу

14. Жатыр миомасын консервативті емдеуге көрсеткіш болып табылады?

1) Миоманың тез өсуі
2) Аяқшадағы субсерозды миома
3) Гипертониялық аурудың ауыр сатысы
4) Ісіктің интрамуральды формасы
5) Көрші органдардың функциясын бұзу

15. Жатыр мойнының қандай патологиясы ең ықтимал рак алды процеске жатады?

1) Дисплазия
2) Эктропион
3) Полип
4) Эктопия
5) Жалпақ кондилома

16. 25 жасатағы әйел сыртқы жыныс мүшелерінің қышуына, ашуына, көптеген бөлінділерге шағымданады. Объективно: сыртқы жыныс мүшелері ісінген, гиперемирияланған. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты қызарған, бөлінділер көп. Қынаптық тексеруде: жатыр және оның қосалқылары қалыпты. Жағындыда саңырауқұлақтар анықталды. Ең ықтимал емду тактикасы?

1) Витаминотерапия
2) Антимикотикалық терапия
3) Антибактериальды терапия
4) Иммуномодуляторлар
5) Вирусқа қарсы терапия

17. Пациент іштің толғақ тәрізді ауру сезіміне, аздап қанды бөліністерге шағымданады. Анамнезінен: соңғы етеккірі 2 ай бұрын, жүктілікке тест-оң. Қынаптық зерттеуде: сыртқы ернеу жабық, жатыр 6 апталық жүктілікке сай ұлғайған, жатыр қосалқылары анықталмайды. Ультрасонография: анэмбриония. Ең ықтимал диагноз?

1) Басталған түсік
2) Толық түсік
3) Дамымаған жүктілік
4) Толық емес түсік
5) Түсік түсу қаупі

18. Пациент іштің толғақ тәрізді ауру сезіміне, аздап қанды бөліністерге шағымданады. Анамнезінен: соңғы етеккірі 2 ай бұрын, жүктілікке тест-оң. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны қысқарған, цервикальды канал 1 көлденең саусақ өткізеді, жатыр 6 апталық жүктілікке сай ұлғайған, жұмсақ, бөлінділер көп мөлшерде, ұйыған қанмен бірге бөлінуде. Ультрасонография: жатыр қуысы 20 мм-ге кеңейген, ұрық жұмыртқасы визуализацияланбайды. Ең ықтимал диагноз?

1) Толық түсік
2) Басталған түсік
3) Дамымаған жүктілік
4) Толық емес түсік
5) Түсік түсу қаупі

19. Пациент іштің толғақ тәрізді ауру сезіміне, көп мөлшерде қанды бөліністерге шағымданады. Анамнезінен: соңғы етеккірі 2 ай бұрын, жүктілікке тест-оң. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны қысқарған, цервикальды канал 2 көлденең саусақ өткізеді, жатыр 7 апталық жүктілікке сай ұлғайған, гипертонуста, бөлінділер қанды. Ультрасонография: жатыр қуысының төменгі бөлігінде сылынған ұрық жұмыртқасы визуализацияланады, ұрықтың жүрек соғысы жоқ. Ең ықтимал диагноз?

1) Басталған түсік
2) Түсік түсу қаупі
3) Толық түсік
4) Толық емес түсік
5) Дамымаған жүктілік

20. Пациент іштің тартып ауру сезіміне, аз мөлшердегі қанды бөліністерге шағымданады. Анамнезінен: соңғы етеккірі 2 ай бұрын, жүктілікке тест-оң. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны цилиндрлі, жабық, жатыр 8 апталық жүктілікке сай ұлғайған, гипертонуста, қосалқылары анықталмайды, артқы күмбез терең. Ең ықтимал диагноз?

1) Толық емес түсік
2) Түсік түсу қаупі
3) Үзілген жатырдан тыс жүктілік
4) Дамымаған жүктілік
5) Басталған түсік

21. Біріншілік бедеулігі бар пациентте етеккірі 4 айға кешіккен, жүктілікке тест-оң. Қынаптық зерттеуде: сыртқы ернеу жабық, жатыр нормадан сәл ғана ұлғайған, жатырдың оң жағында «қамырлы» консистенциялы түзіліс пальпацияланады, артқы күмбез бос, ауырсынбайды, бөлінділер қалыпты. Ең ықтимал диагноз?

1) Ерте өздігінен түсік
2) Аналық без кистасы
3) Прогрессирлеуші жатырдан тыс жүктілік
4) Сальпингоофорит
5) Үзілген жатырдан тыс жүктілік

22. Түтіктік жүктілікке байланысты әйелге лапароскопия, сол жақты тубэктомия жасалынды. Макропрепарат гистологиялық зерттеуге жіберілді. Жатырдан тыс жүктілікке ең ықтимал қандай гистологиялық өзгерістер тән?

1) Хорион бүршіктері
2) Атрофия
3) Безді-кистозды гиперплазия
4) Децидуальды трансформация
5) Пролиферация

23. 29 жастағы пациент етеккірі 4 айға кешігу фонында тік ішекке берілетін ауру сезіміне, жұқпалы қанды бөліністерге шағымданады. Қынаптық зерттеуде: сыртқы ернеу жабық, жатыр нормадан сәл ғана ұлғайған, жұмсақ, жатырдың оң жағында «қамырлы» консистенциялы түзіліс пальпацияланады, артқы күмбез ісінген, ауырсынады. Ең ықтимал диагноз?

1) Аналық без кистасының жарылуы
2) Аналық без кистасы аяқшасының бұралуы
3) Жедел аднексит
4) Аналық без апоплексиясы
5) Жатырдан тыс жүктілік

24. Пациентте келесі симптомокомплекс анықталды: тік ішекке берілетін ауру сезімі, етеккірдің кешігуі, ішке қан кету белгілері, жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөліністер. Ең ықтимал болжама диагноз?

1) Аналық без кистасы аяқшасының бұралуы
2) Жедел аднексит
3) Жатырдан тыс жүктілік
4) Аналық без кистасының жарылуы
5) Аналық без апоплексиясы

25. Көпсалалы клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне «жедел іш» симптомдарымен 32 жастағы пациент түсті. Анамнезінен: етеккірдің 5 аптаға кешігуі, жүктілікке тест – оң, жыныстық өмірі ретті, контрацепция қолданбайды, созылмалы аднекситі бар, 2 рет медициналық аборт жасатқан, 20 жасында аппендэктомия жасалынған. Ең ықтимал диагноз қандай?

1) Аналық без кистасы аяқшасының бұралуы
2) Аналық без апоплексиясы
3) Тубоовариальды түзілістің перфорациясы
4) Жатырдан тыс жүктілік
5) Жедел аппендицит

26. 25 жастағы пациентте етіккір циклінің 14 күні коитустан кейін тік ішекке берілетін қатты ауру сезімі пайда болды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері түсі бозғылт. АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ, пульс 100 рет минутына. Қынаптық қарау кезінде: жатыр қалыпты мөлшерде, ауырсынбайды, оң жақ қосалқылар аймағында ауырсыну бар, артқы күмбез ауырады. Ең ықтимал диагноз?

1) Үзілген түтіктік жүктілік
2) Аналық без апоплексиясы, анемиялық түрі
3) Аналық без апоплексиясы, ауырсыну түрі
4) Ерте өздігінен түсік
5) Сальпингоофорит

27. 23 жастағы пациентте етіккір циклінің 14 күні коитустан кейін тік ішекке берілетін қатты ауру сезімі пайда болды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері түсі бозғылт. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ, пульс 80 рет минутына. Қынаптық қарау кезінде: жатыр қалыпты мөлшерде, ауырсынбайды, оң жақ қосалқылар аймағында ауырсыну бар, артқы күмбез ауырады. Қан анализінде: гемоглобин 125 г/л, эритроциттер 3,9х1012/л. Ең ықтимал диагноз қандай?

1) Аналық без апоплексиясы, анемиялық түрі
2) Үзілген түтіктік жүктілік
3) Ерте өздігінен түсік
4) Сальпингоофорит
5) Аналық без апоплексиясы, ауырсыну түрі

28. 52 жастағы әйелде бір апта бойы іштің төменгі бөлігінің ауруы, соңғы үш күнде температураның 390С жоғарылауы, құсу, жүрек айну мазалайды. Анмнезінен: менопауза 1 жыл, жатырішілік спираль экспозициясы 10 жыл, алып тастамаған. Объективно: тері түсі бозғылт, іштің тітіркену симптомы оң. Қынаптық зерттеу кезінде: сыртқы ернеу жабық, спиральдың жіпшесі көрініп тұр, қатты ауырсыну мен іштің тітіркену әсерінен жатыр мен оның қосалқылары анықталмайды. Ең ықтимал диагноз?

1) Тубоовариальды абсцесс
2) Жедел сальпингоофорит
3) Жедел метроэндометрит
4) Жедел эндометрит
5) Пельвиоперитонит

29. Көп мөлшерде бөлінділер мен қышу шағымы бар әйелді қарап тексергенде: қынаптың шырышты қабатының гиперемиясы, көп бөлінділер, оң аминді тест, қынаптың рН – 7,5 екені анықталды. Қынаптан бөлінген бөліндіні микроскопиялық тексергенде - "кілтті жасушалар" бар. Ең ықтимал диагноз қандай?

1) Кандидозды вагинит
2) Трихомонадты кольпит
3) Бактериальды вагиноз
4) Қынаптағы бөгде зат әсерінен туындаған вагинит
5) Спецификалық емес вагинит

30. Көп мөлшерде бөлінділерге шағымы бар әйелді қарап тексергенде: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, қабыну белгілері жоқ. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты мен жатыр мойны гиперемияланған, ісінген, бөлінділер көп мөлшерде, іріңді, сыртқы ернеу жабық, цервикальды каналдан бөлінділер жоқ. Ең ықтимал диагноз қандай?

1) Пельвиоперитонит
2) Вагинит
3) Сальпингоофрит
4) Эндометрит
5) Параметрит

31. Агенезия – бұл?

1) Органның болмауы
2) Органның төмен түсуі
3) Органның жетілмеуі
4) Органның бөлігін алып тастау
5) Органның ығысуы

32. Аплазия–бұл?

1) Органның бөлігінің болмауы
2) Органның ұлғаюы
3) Органның жетілмеуі
4) Органның туа біткен болмауы
5) Органның екі еселенуі

33. Жатырдың алға қарай еңкеюін қандай байлам қамтамасыз етеді?

1) Кардинальды байламдар
2) Жұмыр байлам
3) Жатыр-сегізкөз байламы
4) Аналық бездік байлам
5) Жамбастық байлам

34. Жатырдың ортада орналасуын қамтамасыз ететін байламдар?

1) Кардинальды, жұмыр байламдар
2) Кардинальды, жамбастық байлам
3) Жамбастық байлам, аналық бездік байлам
4) Жамбастық байлам, жұмыр байлам
5) Аналық бездік байлам, кардинальды

35. Аналық бездік артерия қай артериядан бастау алады?

1) Жалпы мықын артериясы
2) Жатыр артериясы
3) Сыртқы мықын артериясы
4) Ішкі мықын артериясы
5) Аорта

36. Қыз балаларда ювенильді қан кету кезінде хирургиялық гемостаз қашан жүргізіледі?

1) Гормональды гемостаздың әсері болмағанда
2) Түскен кезде бірден
3) Гемостатиктердің әсері болмағанда
4) Утеротониктердің әсері болмағанда
5) Анемияның жеңіл дәрежесінде

37. Қыз балаларда менархе ең ықтимал қандай салмақ кезінде басталады?

1) 36-38 кг
2) 48-50 кг
3) 52-55 кг
4) 34-36кг
5) 42-44кг

38. Етеккір циклінің орташа ұзақтығы қандай?

1) 30 күн
2) 28 күн
3) 35 күн
4) 40 күн
5) 38 күн