Тест: Экономика сессия №1


Список вопросов


1. 1.Экономикалық теория нені зерттейді:

1) Шектеулі ресурстаржағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну барысындағы адамдардың іс-әрекеттерін зерттейді
2) ұйымдық- экономикалық қатынастарды
3) тауар өндірісінің технологиясын

2. 2.Экономикалық теорияда негізінен келесі өндіріс факторларын бөліп көрсетеді:

1) еңбек, капитал, ақпарат, технология
2) табиғи ресурстар, еңбек және капитал
3) еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет

3. 3.Экономикалық ресурстар – бұл:

1) Барлық табиғат пен адам ресурстары және капитал
2) Адам өндірген ресурстар
3) Өнер туындылары

4. 4.Кез келген экономикалық жүйе, қандай негізгі мәселелерді шешуге тырысады?

1) Қажеттіліктерді қанағаттандыру
2) Не, қалай, кім үшін
3) Кім, қанша және қандай ресурстарды пайдаланып

5. 5.«Меншік» категориясы қандай экономика қатынастарын білдіреді:

1) тұлғаның объектіге қатынасын
2) топ белгілері бойынша адамдар арасындағы қатынастарды
3) өндіріс факторларымен нәтижелерін иемдену қатынастарын

6. 6.Айырбас немесе сату үшін өндірілген еңбек өнімі:

1) Тауар
2) ақша
3) шығындар

7. 7.Сұраныс заңы нені білдіреді:

1) сұраныстың бағадан басқа факторларға тәуелділігі
2) тауар бағасы мен осы тауарға деген сұраныс көлемің арасындағы кері байланысты
3) сұраныстың тауар бағасына тікелей тәуелді болуын

8. 8.Ұсыныс заңы білдіреді:

1) баға мен сатылушы тауар көлемінің арасындағы тікелей байланысты
2) бірін бірі толықтырушы және алмастырушы тауарлардың байланыстарын
3) баға мен сатылатын тауар көлемі арасындағы кері байланысты

9. 9.Меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі – ол:

1) Бизнес
2) Кәсіпкерлік
3) Тәуекел

10. 10.Жұмыскерлердің жылдық орташа саны 100 адамнан, жылдық орташа табысы300 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерліктің түрі:

1) Ірі кәсіпкерлік
2) Орта кәсіпкерлік
3) Шағын кәсіпкерлік

11. 11.Жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілік арқылы табыс табуға бағытталған бастамашылық қызмет – бұл:

1) Отбасылық кәсіпкерлік
2) Дара кәсіпкерлік
3) Шаруашылық серіктестік

12. 12.Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда жүзеге асырыла алады:

1) Ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік
2) Ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншігі және өзіндік кәсіпкерлік
3) Жеке, бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік

13. 13.Ұдайы өндірістік және шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы көрініс табатын кәсіпкерлік функциясы:

1) жалпы экономикалық функция
2) инновациялық функция
3) ресурстық функция

14. 14.Дара кәсіпкерге лицензия берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы:

1) ҚР Парламенті
2) ҚР Үкіметі
3) Жергілікті атқару органы

15. 15.Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген және оның міндеттемелері бойынша толық жауап бермейтін серіктестік:

1) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
2) Сенім (коммандитті) серіктестігі
3) Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

16. 16.Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға :

1) Мемлекеттік кәсіпорын
2) Акционерлік қоғам
3) Өндірістік кооператив

17. 17.Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым-ол:

1) Шаруашылық серіктестік
2) Өндірістік кооператив
3) Акционерлік қоғам

18. 18.Сату – сатыпалу объектісі ақшаайналымы, бағалы қағаздар, валюталық қатынастар болып табылатын кәсіпкерлік:

1) Коммерциялық кәсіпкерлік
2) Кеңес беру кәсіпкерлігі
3) Қаржылық кәсіпкерлік

19. 19.Жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы:

1) Айқынсыздық
2) Тәуекел
3) Тәуекелді басқару

20. 20.Кәсіпкердің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындай алмауымен байланысты туындайтын тәуекел:

1) Қаржылық тәуекел
2) Банктік тәуекел
3) Іскерлік тәуекел

21. 21.Стратегиялық мақсаттарды іске асыруға арналған алғышарттарды жасау үрдісі:

1) Бизнес – жоспарлау
2) Тактикалық(ағымдағы) жоспарлау
3) Стратегиялық жоспарлау

22. 22.Ұзақ мерзімге жасалатын және болжамдарға негізделетін жоспарлау түрі:

1) Оперативті – күнтізбелік жоспарлау
2) Кешенді жоспарлау
3) Стратегиялық жоспарлау

23. 23.Баға белгілеу, өнімді өткізу және оны ынталандыру әдістерін қарастыратын бизнес – жоспардың бөлімі:

1) Өндірістік жоспар
2) Маркетингтік жоспар
3) Ұйымдастырушылық жоспар

24. 24.Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесін қарастыратын бизнес-жоспардың бөлімі:

1) Нарықты талдау
2) Өндірістік жоспар
3) Ұйымдастырушылық жоспар

25. 25.Жоспарланған істің (жобаның) нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық түрде негізделген аналитикалық құжат:

1) Бизнес – жоспар
2) Бизнес идея
3) Инновациялық жоба

26. 26.Инвесторларға кәсіпорынның белгіленген мерзімде белгілі бір сапада және қажетті көлемде өнім өндіре алатындығын көрсететін бизнес – жоспардың бөлімі:

1) Ұйымдастырушылық жоспар
2) Өндірістік жоспар
3) Резюме

27. 27.Алға қойылған нәтижеге жетуге бағытталған өзара байланысты шешімдер жүйесін сипаттайтын құжат:

1) Кәсіпорын жоспары
2) Кәсіпорынның табыстары мен шығыстары туралы есебі
3) Кәсіпорынның еңбек туралы есебі

28. 28.Жоспарлау мерзімі бойынша келесідей түрлерге бөлінеді:

1) Стратегиялық, тактикалық және экономикалық
2) Директивті және индикативті
3) Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді

29. 29.Жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз етушарттары мен қағидаларының, нысандары мен әдістерінің жиынтығы:

1) Кәсіпкерлік қызметті несиелеу
2) Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
3) Кәсіпкерлік қызметті бағалау

30. 30.Қаржыландыру жүйесі келесілерден тұрады:

1) Қаржыландыру көздері мен қаржыландырудың ұйымдық нысандарынан
2) Қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінен
3) Демеушілік көмектер мен меншікті қаражаттардан