Тест: преп


Список вопросов


1. окклюзиялық таңғыш қандай патоологияда салынады?

1) артериалды қан кету
2) ашық пневмоторакс
3) құрсақ құысының өтпелі жаралануы

2. Аталғандардың қайсысы тіндерді ажырату құралдарына жатады?

1) Фарабеф жара кеңейткіші
2) Бильрот қысқышы
3) Купер қайшысы

3. АҚ күрт төмендеуі, терінің айқын бозаруы, пильстің жиілеуі қандай ненің көрінісі болуы мүмкін?

1) ішкі қан кету
2) токсикалық шок
3) операция кезінде инфекция түсуі

4. Вишневский бойынша инфильтрациялық анестезия жүргізу үшін нені қолданады?

1) 0,25% новокаин ерітіндісі
2) 1% лидокаин ерітіндісі
3) 1% новокаин ерітіндісі

5. Аталған сынықтардың қайсысы асқынған омыртқа сынығы болып есептеледі?

1) Омыртқа өскіндерінің болған сынуды
2) Жұлын зақымдануымен
3) Сегізкөз бен кұйымшақтың зақымдануымен болған сынуын

6. Жұлын зақымдану белгісі:

1) Сал мен тырысулар
2) Қылқан өсіндісінің тұсындағы крепитация
3) Омыртқа аймағында ісіну мен деформация

7. Ми шайқалуының мидың соғылуынан айырмашылығы:

1) артериальды қысымның төмендеуі
2) артериальды қысымның жоғарылауы
3) ошақтық симптомдардың болмауы

8. Ашық пневмоторакспен науқасқа қандай шұғыл көмек көрсету керек?

1) Тасымалдық жақтауларды салу
2) Окклюзионды таңғыш салу
3) Кеуде торын қысып таңып тастау

9. Бұғананың ортаңғы 1/3 бөлігінде "батырма" симптомын анықтағанда қандай зақымдануды күдіктенесіз?

1) Бірінші қабырғаның сынуы
2) Бұғана шығуы
3) Бұғана сынығы

10. Аталған симптомдардың қайсысы жамбас сүйегінің сынығына тән?

1) Жабысқан өкше симптомы
2) Санның жоғарғы үштігінде крепитация
3) Шат аралықта гематома

11. Шок дамыған кезде науқасқа қандай қалып беру керек?

1) Жартылай отырған қалып
2) Аяқ жағы көтеріңкі
3) Бүйіріне жатқызу

12. Қарау кезінде тері жамылғысының бүтіндігі бұзылмаған, жергілікті ауырсыну, крепитация және аяқ-қол деформациясы анықталса қандай тұжырым жасайсыз?

1) Байлам аппаратының зақымдалуы
2) Ашық сынық
3) Жабық сынық

13. Құрсақ қуысының жабық жарақаты мен қуысты ағза зақымдануының алғашқы симптомы қандлай?

1) Іш перденің тітіркенуі
2) Перкуторлы дыбыстың тұйықталуы
3) Пневмоторакс

14. Құлаған соң науқаста жамбас буынының қозғалысының шектелуі, "жабысқан өкше" синдромы, табанның сыртқа ротациясы пайда болды. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

1) Жіліншіктің сынығына
2) Ортан жілік сынығына
3) Үлкен жіліншік жүйкесінің зақымдалуына

15. Жара шетіндегі тері некрозға ұшыраған. Не істеу қажет?

1) Терінің өлі еттенген бөлігін кесіп алып тастау
2) Вишневский жақпа майымен таңғыш қою
3) Гипертониялық ерітіндімен таңғыш қою

16. Мойын омыртқасының зақымдануы кезінде транспорттық иммобилизация үшін не қолданылады?

1) Мақта-дәкелі Шанц жағасын
2) Дельбе мақта-дәкелі сақинасын
3) Сегіз тәрізді таңғышты

17. Сирақ-табан буыны сіңірінің тартылуы кезінде таңғыштың қандай түрі қолданылады?

1) Масақ тәрізді
2) 8-тәрізді
3) Дезо

18. Төменгі жақ сынығы кезінде қандай таңғыш қолданылады?

1) Масақ тәрізді
2) Сақпан тәрізді
3) Дезо

19. Аталғандардың қайсысы қан кетуді толық тоқтатудың биологиялық заты болып табылады:

1) Гемостатикалық губка
2) Сутегі асқын тотығы
3) Дицинон

20. Паренхиматозды мүшелер зақымдалғанда құрсақ қуысына қан жиналу:

1) Гемоперикард
2) Гематокраниум
3) Гемоперитонеум

21. Науқас құсығының "кофе қоюы" түстес екенін көрген жағдайда нені күдіктенесіз?

1) Асқазаннан қан кету
2) Өкпеден қан кету
3) Сыртқы кеш біріншілік қан кету

22. Санның жоғарғы үштен бір бөлігі пышақпен жарақаталған соң сан артериясынан қан кетуді уақытша тоқтату үшін не қолданылады?

1) Жарадан төмен бұрау салу
2) Жарадан жоғары бұрау салу
3) Басып таңғыш салу

23. Қан құю кезінде науқас жағдайы нашарлады, бел аймағында және төс артында ауырсыну, бас ауру, бас айналу, жалпы әлсәздік пайда болды. Аталған симптомдар ненің белгісі?

1) Геморрагиялық шоктың
2) Гемотрансфузиялық шоктың
3) Анафилактикалық реакцияның

24. Донор мен реципиент қанының резус сәйкестігін анықтау сынамасын жасаған кезде құтыда агглютинация реакциясы болды. Бұл ненің белгісі?

1) Резус фактор бойынша сәйкес келеді
2) Резус фактор бойынша сәйкес келмейді
3) Оң резус фактор

25. Донор мен реципиент қанының топтық сәйкестігін анықтау сынамасын жасағанда агглютинация болған жоқ. Ол не туралы болжайды?

1) Топтық сәйкестігіне жатады
2) Резус фактор бойынша сәйкессіздігі
3) Топтық сәйкессіздігіне жатады

26. Науқаста күйіктің қай дәрежесінде қызару, ауырсыну, ісіну,сұры түсті серозды көпіршіктердің пайда болуы байқалады?

1) I
2) III B
3) II

27. Электрожарақаттың 4 дәрежесі сипаталады:

1) Есін жоғалтумен бірге тырысу
2) Есі сақталған, тынысы бұзылған
3) Клиникалық өлім

28. Егер реактивтіге дейінгі кезеңде гиперемия, ісіну, теріде мөлдір сұйықтықтарға толы көпіршік пайда болса, үсіктің қай дәрежесі?

1) II
2) III B
3) III A

29. Егер күйіктің жалпы аймығы 30%,соның ішінде 10% терең күйік болғанда,күйіктің ауырлық индексі қандай(Франк индексі)?

1) 0,7
2) 0,5
3) 0,9

30. Егер бикс бір рет болса да ашылған болса, биксте сақталған материалдар қанша уақыт аралғында қолдануға жарамды болып есептеледі:

1) 3 тәулікке дейін
2) 48 сағ.
3) 24 сағ

31. Таудан шаңғымен түсу барысында құлаған адамда балтыр аймағында ауырсыну қатты ауырсыну пайда болды, ауырсыну қалпін өзгерту кезінде күшееді. Аяғына баса алмайды, табаны сыртқа қараған. Қарау кезінде оң жақ балтырының деформациясы анықталады, тері қабаты зақымдалмаған. Қандай зақымдану туралы айтылған?

1) сынық
2) Буын шығуы
3) қан кету

32. Қандай жарақат кезінде құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының "тақта тәрізді" болуы анықталады?

1) бауырдың жарақаты
2) қуықасты ағзалардың жыртылуы
3) жамбас сүйегінің сынуы

33. Аталғандардың қайсысы ми шайқалуының жеңіл дәрежесінің негізгі белгісі болып табылады?

1) бас ауру және АҚ жоғарылауы
2) бас ауру, лоқсу, әлсіздік
3) құсу, АҚ төмендеуі, ретроградты амнезия

34. Қандай зақымдануда науқасты "бақа қалпына" келтіреді?

1) жамбас сүйегінің сынығы
2) балтыр сүйекерінің сынығы
3) сан сүйегінің сынығы

35. Аталғанның қайсысы буын шығуының абсолютті көрсеткіші болып табылады?

1) Буындағы белсенді және пассивті қозғалыстың болмауы
2) Крепитация, патологиялық қозғалғыштық
3) жұмсақ тіндердің ісінуі

36. Гемотрансфузиялық шоктың алғашқы блгілеріне жатады?

1) гемотрансфузиядан кейін бір сағаттан соң қүрт қалтырау, температураның 39,5°C дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік
2) бір тәуліктен соң жайсыздық, бас ауру, бұлшықет ауырсынуы, бас айналу.
3) Алғашқы минуттарда бел және төс артында ауырсыну пайда болады, лоқсу, қалтырау, тахикардия, тырысу

37. Бауыр жарақаты кезіндегі ең ақпаратты арнайы әдістердің бірі

1) құрсақ қуысының шолу регнгенграфиясы
2) фиброгастродуоденоскопия
3) лапороскопия

38. Несеп қуық зақымдануымен құрсақ қуысының тұйық жарақаты кезіндегі ең ақпаратты әдіс болып табылады:

1) құрсақ қуысының шолу регнгенграфиясы
2) контрастты цистография
3) ректороманоскопия

39. Тыныс алу жиілігі - минутына 30-32, пульс 110-120 соққы, АҚ 90-80/50-40 мм.сын.бағ. Аталған көрсеткіштер травматикалық шоктың қандай ауырлық дәрежесіне сәйкес?

1) орташа
2) преагоналді
3) травматикалық токсемия

40. Эластикалық дәкелеу қандай жағдайдда көрсетілген?

1) артериалық қан кету болғанда
2) бастан жарақат алғанда
3) аяқ қол көк тамырларының варикоздық кеңейюі болғанда

41. Дезо таңғышын қандай жағдайда қолдану қажет?

1) жамбас сүйектері сынғанда
2) иық сүйектері сынғанда
3) сан сүйегі сынғанда

42. Қысқыш таңғыш не үшін қажет?

1) көк тамырлық қан кетуді тоқтату үшін
2) сүйек сынықтарын репозиялау мақсатымен
3) жарада дәрілік препараттарды ұстап тұру үшін

43. Қан кетудің термиялық тоқтауы немен шартталған?

1) қан тамыры қабырғасын бекітуге
2) ақ уызды коагуляциялауға
3) эритроциттердің агрегациясына

44. Мұрыннан қан кету кезінде науқасқа алғашқы көмекті неден бастау қажет?

1) дұрыс дене қалпын беруден;
2) пращевидтітаңу салудан;
3) басқа препарат енгізу

45. Кеуде құысы жарақаты кезінде негізгі өлім себебі неде?

1) қанның қоюлануы
2) интоксикация
3) тіндердегі оттегі жетіспеушілігінің

46. Төмендегі келтірілген гормондардың қайсысы қалыпты жүктілік маркері ретінде қолданылады?

1) прогестерон
2) гипофиз гонадотропин
3) хорионды гонадотропин

47. Физиологиялық дамыған жүктілікте жүкті әйелдің гемостазында қандай өзгерістерді байқайсыз?

1) тұтыну коагулопатиясы
2) гипокоагуляция
3) гиперкоагуляция

48. А, 21, әйелдер консультациясына 2 апта бойы менструацияның кешігуі себебімен жүгінеді. Емдеу кезінде: қынап шырышты қабығының цианозы, жатырдың жұмсаруы, сәл кеңейтілуі, секреция әдеттегі болып табылады. Әйелге:

1) әйелдер консультациясындағы байқау
2) іштің қуысын артқы қабырға арқылы тесуге болады
3) 17 керостероид үшін зәр анализі

49. Қалыпты менструалді циклі бар әйелдің етеккірі 20 күнге кешігуінен кейін, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуымен, аз мөлшерде қанды бөліністер пайда болу себебі неде болуы мүмкін?

1) басталған аборт
2) гипоталамус-гипофиздік-веналық жүйенің бұзылған функциясы
3) патология болып есептелмейді

50. Сүт бездерінің ұлғаюы мен емізікшелердің пигментациясы қашан басталады?

1) 8-9 жас аралығында
2) 10-11 жас аралығындағы
3) 12-13 жасында

51. 9 жасқа дейінгі қыздардың жыныс жолынан қан кеткенде орындау қажет:

1) қан тоқтатушы және жатыр тарылтушы заттарды тағайындау
2) қан кетудің жергілікті «органикалық» себептерін жою
3) гормональдық гемостаз

52. Контрацепция қолданусыз жыныстық қатынастағы неке қашан бедеу болып есептеле бастайды?

1) 1 жыл
2) 2,5 жасқа толған
3) 0,5 жас

53. Жасөспірім жасында контрацепцияның қай түрі ең тиімді болып есептеледі?

1) оральды контрацептивтер
2) жатырішілік спираль
3) презерватив

54. Комбинирленген оралді контрацептивтердің негізгі әсер ету механизмі қандай?

1) фолликулалардың өсуін және овуляцияны болдырмау
2) жатыр мойны шырышының тұтқырлығының артуы
3) жұмыртқаға сперматозоиттардың түсуін бұзу

55. Эктопиялық жүктілік кезінде ең жиі ұрық жұмыртқасының имплантациясы қайда жүреді?

1) жатыр түтіктің ишемиялық бөліміне
2) жатыр түтігінің ампулярлық бөліміне
3) жатыр түтіктің интерстициалды бөліміне

56. Түтіктік аборт типі бойынша түтікті жүктілікті үзу ең жиі қай уақытты болады?

1) 9-10 апта
2) 7-8 апта
3) 4-6 апта

57. Жатырдан тыс жүктілік кезіндегі эндометрий өзгерістері қандай?

1) децидуалдық трансформация
2) темір-кистоздық гиперплазия
3) эндометриялық полипі

58. Жүкті әйелде қан глюкозасының бір рет көтерілгенінде не істеу керек?

1) түскі астан 2 сағаттан кейін қан қантың мөлшерін анықтау
2) глюкозаға төзімділік үшін стандартты сынақ өткізу
3) қуаттылығы 200 ккал болатын диета

59. Бірінші рет босанаты әйелдердегі босанудың бірінші периордының орташа ұзақтығы қандай?

1) 10-14 сағат
2) 6-9 сағат
3) 3-5 сағат

60. Жүктілік аяқталғаннан кейін, бірінші рет босанған әйелде жатыр мойнының нормасы:

1) толығымен тегістелген
2) ішінара тегістелген
3) қысқартылған

61. Қалыпты босану үрдісінің көрінісі болып табылады?

1) жатыр мойнының қысқаруы және ашылуы
2) іштің ауырсынуының артуы
3) қасаға үсті мен бел аймағындағы ауырсыну

62. Жатыр мойнын айнамен қарау жүктіліктің қай мерзімінде жүргізіледі?

1) Жүктіліктің әр аптасында
2) Алғаш келгенде, 30, 38 аптада
3) 20 аптаға дейін 2 рет

63. Леопольд әдісінің 3-ші тәсілінің мақсаты неде?

1) Жатыр түбінде орналасқан бала бөлігін анықтау
2) Кіші жамбасқа қараған бала бөлігін анықтау
3) Ұрықтың майда бөліктерін анықтау

64. Аталғандардың қайсысы шұғыл контрацепция әдісіне жатады?

1) постинор
2) депо-провер
3) антеовин

65. Аталғанның қайсысы таза прогестиндік инъекциялық контрацепцияға жатады?

1) марвелон
2) депо-провер
3) постинор

66. Көрсетілген гормоналді контрацепцияны қолданудағы нұсқаларының қайсысы дұрыс?

1) 21 күн ішеді, 7 күн үзіліс
2) 30 күн ішеді, үзіліс болмайды
3) 2 апта ғана ішеді

67. Жеңіл дәрежелі преэклампсияға тән АҚ көрсеткіштері қандай?

1) 140/90 мм.сын.бағ
2) 120/80 мм.сын.бағ
3) 170/110 мм.сын.бағ

68. Ауыр дәрежелі преэклампсияға тән АҚ көрсеткіштері қандай?

1) 110/70 мм.сын.бағ
2) 160/110 мм.сын.бағ
3) 100/60 мм.сын.бағ

69. Холераға тән симптомдардың бірігуі

1) лоқсу, құсу, белдемелі ауырсыну
2) лоқсу, құсу, сол жақ қабырға доғасының астындағы ауырсыну
3) көп мөлшерлі иіссіз нәжіс, іштің ауырсынуы мен лоқсу болмайды

70. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы АИТВ/ЖИТС дәлелдеу әдісі болып табылады?

1) бактериологиялық
2) серологиялық
3) биологиялық сынама

71. Гепатит А вирусына арналған инкубациялық кезең

1) 14 - 60 күн
2) 7 -17 күн
3) 2-7 күн

72. Аталған таралу жолдардың қайсысы сифилиске тән?

1) алиментарлы, байланыс арқылы
2) жыныстық, трансплантаттық
3) ауа тамшылары

73. Сібір жарасының жұғу көзі болып табылады

1) Шошқалар
2) ірі қара мал
3) Жылқылар

74. Миға қан құйылу кезіндегі науқастың сыртқы көрінісіне тән

1) беті кәдімгідей
2) беті бозарған
3) беті қызарған

75. Спастикалық гемипарезге тән қозғалыс бұзылысы

1) бір жақтағы қол мен аяқтың
2) бір қолдың
3) екі қолдың

76. Перифириялық салдануға қандай симптом тән?

1) сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы
2) бұлшықет гипертонусы
3) патологиялық рефлекстердің болуы

77. Препаратты қолданғанда тоникалық құрыспа, көздің алаюы, мойынның қисаюы кездеседі:

1) галоперидол
2) барбамил
3) амтриптилин

78. Тыныш, баяу, монотонды сөйлеу қандай науқасқа тән?

1) ізге түсу сандырағы
2) катотониялық қозу
3) депрессия

79. Кіші истериялық ұстамада байқалады:

1) тоникалық ұстама денесінің доға тәрізді майысуымен
2) күліп, жылау ұстамасы
3) тоникалық клоникалық құрысулар

80. Шұғыл маниакальді ұстаманы тию және аффективті ұстаманың алдын алуда қолданылады:

1) нормотимиктер
2) седативті препараттар
3) транквилизаторлар

81. Жабысқақ күйлер неврозында кездеседі:

1) обсессия
2) сандырак идеялар
3) галлюцинациялар

82. Үзілісті ойлау қандай ауруға тән?

1) эпилепсия
2) шизофрения
3) олигофрения

83. Паралогикалық ойлау қандай ауруға тән?

1) невроз
2) неврастения
3) шизофрения

84. «Шұлық типі сезімтіліктің қандай ауруға тән белгісі:

1) алкогольдық полиневрит
2) алкогольды сандырақ
3) диабеттік полиневрит

85. Алкоголизмде ноотроптар қолдануға көрсеткіш:

1) шұғыл алкогольдық мастану
2) интеллекттің төмендеуі, есте сақтау қабылетінің бұзылуы
3) алкогольды параноид

86. Жағдайлық ойлау қандай ауруға тән?

1) неврастения
2) олигофрения
3) эпилепсия

87. Реабилитацияның амбулаториялық-емханалық деңгейінің негізгі міндеті не болып табылады?

1) еңбек ету қабілетін қалпына келтіру
2) организмнің ауа-райының өзгеруіне деген тұрақтылығын көтеру
3) организмнің иммунды жауабын жоғарылату

88. Сүйек сүйелінің пайда болуын жылдамдатуға қандай массаж техникасы әсер етеді?

1) дірілдету
2) ысқылау
3) созғылау

89. Науқастарды реабилитациялаудың қанша деңгейі болады?

1) 3
2) 4
3) 2

90. Өмірлік қиын жағдайда қалған науқастарға қандай заң аясында әлеуметтік көмек көрсетіледі?

1) Қазақстан Республикасының "Әлеуметтік қызмет туралы" заңы
2) Қазақстан Республикасының "Оқу туралы" заңы
3) Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" заңы

91. Өмірдің қиын жағдайына шалдыққан адамға (отбасыға) туындаған әдеуметтік қиындықтардан өту және басқа азаматтармен тең мүмкіндік құруға бағытталған шаралар кешені қалай аталады?

1) Мемлекеттік көмек
2) Басқаларға қолдау көрсету
3) арнайы әлеуметтік қызметтер

92. Саяси дезадаптация түсінігіне не кіреді?

1) Индивидтің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуін бұзу
2) Жеке тұлғаның отбасымен өзара әрекеттесуін бұзу
3) бағынысты адамдармен өзара әрекеттесуді бұзу

93. Мүмкіндігі шектеулі балалардың реабилитациясының жеке бағдарламасы кіммен құрастырылады.

1) Мектеп педагогикалық кеңесі медицина қызметкерімен бірге
2) Бала бақшасының педагогикалық кеңесі медицина қызметкерімен бірге
3) Психо-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК)

94. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ХОБЛ) пайда болуы үшін қандай қауіп факторлері маңызбы лболып саналады?

1) жоғары холестерин
2) тиімсіз тамақтану
3) темекі шегу

95. Жасөспірімдерді психобелсенді заттарды қолданудан сақтаудың факторлары болып саналады?

1) Жанама әсерлер туралы білімі жеткіліксіз
2) Отбасында денсаулыққа қамқор болу
3) Аулада әлеуметтік-тұрмыстық орта

96. Организмнің бұзылған қызметтерін қалпына келтіруге бағытталғын шаралар кешені қалай аталады?

1) Оңалту
2) Транслокация
3) Ампутация

97. Жасөспірімдерде мінез-құлық бұзылуларынан қорғау факторы

1) төмен мектептегі көрсеткіштер
2) жаман компания
3) мектептегі белсенді қоғамдық өмір

98. Аталған факторлардың қайсысы отбасын сақтауға, нығайтуға әсер етеді?

1) Көптеген балалар
2) Рухани қарым-қатынас
3) Білім беру

99. ВБИ жасанды берілу жолын көрсетіңі:

1) Байланыс-шаруашылық
2) Артифициалды
3) Фекальды-оральды

100. Жүрек қан тамырларының ауруы, ентігу бар науқастарға жартылай отыру қалпын қабылдау, мына мақсатпен тағайындалады:

1) Кіші қан айналым жүйесіндегі кептелуді азайту
2) Емізу кезіндегі ыңғайлылық
3) Киімін ауыстыру ыңғайлығы

101. Науқаста күнделікті диурез 350 мл болса, қандай симптом бар?

1) Полиурия
2) Олигурия
3) Анурия

102. Науқасты тексеру барысында жүрек қағу жиілігі минутына 96 болса, тамыр соғысының жиілігі 86 болды. Бұл жағдайға анықтама беріңіз:

1) Пульс тапшылығы
2) Экстрасистолия
3) Брадикардия