Тест: 1 часть


Список вопросов


1. АИВ инфекциясы кезінде инкубациялық кезеңнің аяқталуы немен сипатталады?

1) шырышты қабаттар мен тері жамылғыларында кандидоздың болуы
2) АИВ - ке қарсы антиденелердің пайда болуы
3) дене температурасының жоғарлауы

2. "Эндемия (эндемиялық)" термині нені білдіреді?

1) осы аймаққа тән емес кез келген инфекциялық аурулармен ауыру
2) сырттан әкелінген жағдайлармен байланысты, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауыру
3) сырттан әкелінген жағдайлармен байланыссыз, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауыру

3. Қай инфекциялық ауруларды убиквитарлы деп атайды?

1) жаһандық таралатын
2) белгілі бір кең аймақтарда таралған
3) белгілі бір табиғи аймақтарда таралған

4. Қабылдау бөліміне түскен науқаста педикулездің белгілері анықталғанда мейірбикенің іс-әрекеті:

1) педикулез анықталған жағдайда бас дәрігерге хабарлау
2) педикулезға қарсы тазалауды емдеу бөлімінде өткізу
3) педикулезға қарсы тазалауды санитарлық өткізу бөлмесінде жүргізу

5. Сальмонеллез анықталған науқасты соматикалық бөлімшесінен ауыстырғаннан кейін қандай шаралар орындау қажет:

1) дезинсекцияны
2) дегельментизацияны
3) қорытынды дезинфекция жүргізуді

6. Пациент медициналық көмек алу, ал қызметкер – кәсіби қызметінің барысында жұқтырған жұқпалы аурулар қалай аталады

1) Карантиндік
2) Аса қауіпті
3) Ауруханаішілік

7. Қабылдау бөліміне 3 күн бойы су тәрізді сұйық нәжістің болуына шағымданып науқас келді. Клиникалық белгілері: АҚ- 100/60 мм.с.б.б., пульс- 98/мин., шырышты қабаттары құрғақ. Осы жағдайда қандай ерітіндіні тамырішілік енгізуге болады?

1) гипертониялық крситаллоидты ерітінді
2) изотониялық кристаллоидты ерітінді
3) коллоидты ерітінді

8. Патогенді қоздырғыштардың макроорганизмге ену жолы:

1) эпидемиялық процесс
2) инфекцияның резервуары
3) инфекцияның кіретін жері

9. Іш сүзекпен ауыратын науқаста өршу кезеңінде байқалады?

1) жалпы жағдайы өзгермейді
2) ұйқының қалыптасуы
3) тежелу және адинамия

10. Жұқпалы ауруханаға ауыз жұтқыншағының дифтериясы, жамылғы формасы диагнозымен науқас түсті.Науқасты тексергеннен кейін қандай бөлімшеге жібереді ?

1) тифоздық
2) диагностикалық
3) бокс

11. Қалалық аурухананың жұқпалы бөлімшесіне қатты бас ауруы, құсу, гипертермия, 39ᴼС шағымдармен науқас түсті. Болжам диагнозы: менингококк инфекциясы, менингококты менингит. Менингиттің диагностикасы кезінде менингиалдық белгілерді анықтайды, олардың бірі болып табылады:

1) Штернберг симптомы
2) Розенберг симптомы
3) желке бұлшықеттерінің сіресуі

12. Науқасқа ботулизм болжамды диагнозы қойылды. Медбикеге асқазанды жуу керек. Асқазан-ішек жолдарындағы ботулотоксинді белсенсіздендіруде қолданатын ерітіндіні көрсетіңіз:

1) калий перманганатының әлсіз ерітіндісі
2) натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісі
3) натрий гидрокарбонатының 5% ерітіндісі

13. А вирусты гепатит аурушаңдылығы анықталғанда бірінші кезекте жасалатын әрекетті көрсетіңіз:

1) шүғыл хабарлама жіберу, инфекциялық ауруханаға жатқызу
2) шүғыл түрде инфекциялық ауруханаға жатқызу
3) шұғыл хабарлама жіберу және қалалық ауруханаға жатқызу

14. Әйелді дене температурасының 37,9 °С дейін жоғарлауы, ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, шырыш пен қан аралас 15 ретке дейін нәжіс, тенезм, жалпы әлсіздік, жүрек айну, құсу мазалайды. Қарау: терісі бозарған. Тілі құрғақ. Пальпация кезінде сигма тәрізді ішек спазмдалған, қатты ауырсынады. Пульс 98 соққы/мин, АҚ-110/70 мм.с.б.б. Қай ауру жайлы болжауға болады?

1) жедел эшерихиоз
2) жедел шигеллез
3) сальмоноллез

15. № 058/у формасы бойынша шұғыл хабарлама санитарлы эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік мекеменің аймақтық бөлімшесіне ауру тіркелгеннен кейін неше сағатта жіберілу керек?

1) 3 сағат
2) 12 сағат
3) 1 сағат

16. Іш сүзегімен ауыратын науқастың потенциальды спецификалық мәселесі:

1) миокардтың диффузды зақымдануы
2) пневмония
3) ішек ойық жарасының перфорациясы

17. "Жедел жәрдем" қызметкерлері науқаста ботулизм анықтады. Біріншілік медициналық көмекті көрсетіңіз:

1) антитоксикалық ботулинге қарсы поливалентті сарысуды енгізу
2) глюкоза ерітіндісімен инфузиялық-дезинтоксикациялық ем
3) асқазанды шаю және жоғары сифонды клизма

18. Токсикодермияның патогенетикалық ем үшін қолданылатын дәрілік заттарды көрсетіңіз:

1) антибиотиктер
2) кортикостероидтар
3) анаболитикалық гормондар

19. Қабылдау кезінде науқас қынаптағы қышуға, жағымсыз иісі бар көпіршікті бөлінділерге шағымданады. Бұндай өзгерістер тән:

1) гонореялық кольпитке
2) микоплазмалық кольпитке
3) трихомонадалық кольпитке

20. Науқас 24 жаста, мейірбике, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөтрпелерге шағымымен келді. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:

1) фотодерматоз
2) шынайы экзема
3) аллергиялық дерматит

21. 8 жасар бала іш және қолдарының терісінде 2 апта бұрын кейде жеңіл қышумен ұласатын бөртпелер пайда болды. Объективті: қалыпты тері түсіндей ортасында кіндік тәрізді басылған жылтыр байламы бар, сипағанда тығыз, көптеген бөртпелер көрсетілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

1) тегіс теміреткі
2) өткір ұшты кондиломалар
3) контагиозды моллюск

22. Мерездің біріншілік белгісі:

1) лейкодерма
2) қатты шанкр
3) лимфаденопатия

23. Күлдіреуік (пузырчатка) патогенезінде жатыр:

1) аутоиммунды реакция
2) лимфа айналымының бұзылысы
3) некрозды қабыну

24. Бозғылт трепонема қандай антибактериялық препараттарға сезімтал?

1) стрептомициндер
2) пенициллиндер
3) фторхинолондар

25. Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди-джей, екі күн бойы дене температурасының 38°С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл-сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда: жаныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?

1) гарднереллез
2) жедел гонорея
3) урогенитальды трихомониаз

26. Студент сол жақ бел аймағында ашық қызыл түсті, конус тәрізді ауыратын тығыз түйіннің пайда болуына және ісінуіне шағымданады. Ұшында аздаған ірің жиналған, ортасында қара дақ орналасқан. Берілген симптомдармен көрінетін ауруды көрсетіңіз:

1) флегмона
2) инфильтрат
3) фурункул

27. Медициналық пунктке 32 жастағы еркек оң ернінің үстіндегі фурункулға шағымданып келді. Медбикенің әрекеті:

1) хирургиялық бөлімшеге шұғыл жатқызу
2) асептикалық байлам салу
3) Вишневский майымен жақпамайлық байлам салу

28. Әйел бұрын екіншілік мерезбен ауырған. Тіркеуден алынғаннан 1 жылдан кейін жүкті болды. Туа пайда болған мерездің алдын алу үшін жүкті әйелге не жүргізу қажет?

1) ем жүргізуді талап етпейді, өйткені есептен шығарғаннан кейін жүкті болған
2) алдын ала емдеуді қажет етеді, өйткені қазіргі жүктілік есептен алынғанна кейін болған
3) ем жүргізілмейді, өйткені ем жүкті болғанға дейін жүргізілген

29. 54-жасар науқас дерматологқа башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Моншада жұмыс істейді. Болжамды диагноз:

1) табан эпидермофитиясы
2) дисгидротикалық экзема
3) алақан-табан кератодермиясы

30. Глазго шкаласы бойынша бағалауда 15 балл сәйкес келеді:

1) сопорға
2) анық еске
3) клиникалық өлімге

31. Геморрагиялық инсульті бар науқасты тасымалдау кезінде қажет:

1) басын төмен түсіру
2) бас қалпын жиі өзгерту
3) басының қалпын өзгертуді болдырмау

32. Стационарға түскен қыз 18 жаста келесі шағымдармен: дене қызуының 39 С, басының қатты ауыруы, жарықтан қорқу, спонтанды құсу және денесінде бөртпе пайда болуымен келді. Қараған кезде байқалады: желке бұлшықетінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң, көп қимылдағыш, беттің гиперемиясы, терісі ыстық, денесінде геморрагиялық бөртпе анықталды. Болжам диагноз:

1) менингококк инфекциясы
2) энцефалит
3) желшешек

33. Бас ми жарақаты кезінде «жарық» аралықтан кейін неврологиялық симптомдардың күшеюі пайда болуы мүмкін:

1) Бас миының ісігінде
2) Бас миының шайқалуында
3) Бас миының қысылуында

34. Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

1) Самай бөлігінің ісігі
2) Рейно ауруы
3) Мишық ісігі

35. 60 жастағы науқаста артериялық қысым жоғарылауы аясында дизартрия, аяқ қолының дистальды бөлімдерінің әлсіздігі мен парастезиялар пайда болды. Сіздің әрекетіңіз:

1) нифедипин, эуфиллин, магний сульфаты
2) нифедипин, фуросемид, нитроглицерин
3) нитроглицерин, аспирин, гепарин, морфин

36. Төменде көрсетілгендердің қайсысы шашыранды склероздың клиникалық сипаттамасы болып табылады?

1) деменция
2) бұлшықет атрофиясы
3) көрудің нашарлауы

37. Паркинсон ауруымен ауыратын науқас бәтеңкесінің бауын өздігінен байлай алмайтынын байқады. Пайда болған шағымның себебі қай нейромедиатор бұзылысынан болады?

1) триптамин
2) дофамин
3) серотонин

38. 40 жастағы сырқатта АҚ 210/ 130 мм.сын. бағытына көтерілгенде бас айналу, жүрісінің бұзылысы байқалды. Обьективті: нистагм, координаторлық сынақты орындауда атаксия байқалды. 3 сағаттан соң аталған симптомдар жойылды. Сіздің болжам диагноз:

1) транзиторлы ишемиялық шабуыл
2) паренхиматоздық қан құйылу
3) геморрагиялық инсульт

39. Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті бала дені сау болып туылып босану асқынусыз өткен әйел қозулы айқайлайды киімдерін шешіп жүгіруге тырысады.Іштей баланың жылаған дауысын есітеді. Сұраққа жауап бермейді ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады болжам диагноз:

1) деменция
2) босанудан кейінгі психоз
3) шизофрения

40. Өз істерінің мәнін түсінбейтін және олармен басқара алмайтын психикалық бұзылысы бар адамның сотпен анықталады:

1) әлеуметтік қауіптілігінің дәрежесі
2) ақыл-есі дұрыстылығы
3) әрекеттілігі

41. 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй, жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түнеріңкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:

1) катоникалық
2) депрессивті
3) апато-абулиялық

42. Резонерлік тән:

1) параноялық тұлғаның дамуына
2) эпилепсияға
3) шизофренияға

43. 18 жастағы ересек бала бас- ми жарақатынан кейін есте сақтаудың нашарлауына, сөйлеудің қиындауына, сөз тауып сөйлеудің нашарлауына, қиын тапсырмаларды орындай алмайтынына шағымданады. Қандай синдром жайлы ойлауға болады?

1) ақымақтық
2) психоорганикалық
3) астениялық

44. Жүйке ауруларының негізгі симптомдарын атаңыз

1) бас ауру және АҚҚ төмендеуі
2) агрессия, дабыл, ұйқы бұзылысы
3) бас айналу және АҚҚ жоғарылауы

45. Қабылдау бөліміне даладан ересек бала келді, көп сөйлейді, көңілді, тежеусіз күлкі ұстамалары қорқынышпен кезектескен, ымдауы жанданған, бетінің гиперемиясы, көзі жылтыр, склера тамырларының инъекциясы, қарашықтары кеңейген, аузынан және киімімен тәтті иіс, аузы құрғақ, инъекция орны жоқ, гипертензия, тахикардия. Улану себебін көрсетіңіз:

1) тағамдық
2) психостимулятор
3) гашишті

46. Эпилепсиялық статустың 1 сатысында шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік препаратты көрсетіңіз:

1) 10 мг диазепам т/і
2) 2,0-4,0 мл фуросемид т/і
3) 40% глюкоза ерітіндісі т/і

47. 32 жастағы героиндік наркоманиямен зардап шегетін науқас Х., соңғы 3 күнде еріксіз наркотик қабылдауды тоқтатқан. Нарколог қарауы кезінде бүкіл денесіндегі күшті ауру сезіміне, жүрегі мен асқазанындағы жағымсыз сезімге, жүрек айну және іш өтуіне шағымданады. Қозғалыс мазасыздығы жағдайында, сұрақтарға тітіркеніп жауап береді, үнемі наркотик немесе қандай да бір дәрі беруді сұрайды. Осы жағдайда емдеуді бастау керек

1) психоактивті заттарға мүлдем тиым салудан
2) психофармакотерапиядан
3) психотерапиядан

48. 55 жастағы ер адам көңіл-күйдің төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Науқаста барлығына пессимисттік көзқарас анықталады. Жанұясында өзінен басқа ешкім үй жұмыстарымен айналыспайтындығын айтады. Жағдайы көршілерімен жанжал шыққаннан кейін нашарлаған. Болжам диагноз:

1) психогенді депрессия
2) атипті депрессия
3) маникальді психоз

49. Науқас оңай тітіркендіреді, басқалардан тыныш сөйлеуді сұрайды, перделерді жабуды сұрайды, себебі «күндізгі жарық көруді нашарлатады». Аурудың бұзылушылығын анықтаңыз:

1) Дереализация
2) Гиперстезия
3) Гипостезия

50. Науқас айналаға қарап тұрып, терезеден тыс біреу оны шақырып тұрғанын айтады және оған жауап қайтарады.Дәл осы жағдай басқалардың да бірдей еститініне сенімді. Бұзылушылықты анықтаңыз:

1) Рефлекторлы галлюцинация
2) Психосенсорлық бұзылулар
3) Шынайы галлюцинация

51. Халязион- бұл:

1) созылмалы мейбомеит
2) қабақтың паразиттік ауруы
3) жіті мейбомеит

52. Жіті иридоциклит кезінде алғашқы көмек көрсету келесі ерітіндіні тамшылауды қамтиды:

1) гентамицин
2) атропин
3) пилокарпин

53. Мидриатиктерді тамызғаннан кейін науқаста көз алмасындағы ауырсынудың басының жартысына берілуі, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің қызаруы байқалды. Болжамалы диагноз:

1) көру жүйкесінің невриті
2) хориоидит
3) жіті глаукома ұстамасы

54. Глаукома ұстамасы кезінде көрсетілетін шұғыл көмек:

1) көзге 1% пилокарпин ерітіндісі
2) 10% альбуцид ерітіндісі
3) 0,1% дексаметазон ерітіндісі

55. Катарактаның туындауына жатқызады:

1) көз рефракциясының өзгеруі
2) көру өткірлігінің біртіндеп төмендеуі
3) көру өткірлігінің тез төмендеуі

56. 23 жастағы А. есімді науқас екі көзінің бірдей айқын қышуына, жас ағуға, ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Анамнезінен: науқас 1 күн бұрын үй тазалығымен айналысқан. Сіздің болжамды диагнозыңыз

1) тұқымқуалаушылық катаракта
2) серозды иридоцикилит
3) аллергиялық конъюнктивит

57. 33 жастағы науқас Б. оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады:

1) орбита флегмонасы
2) онкологиялық ауру
3) глаукоманың жедел ұстамасы

58. Көзішілік қысымның тәуліктік амплитуда ауытқуын көрсетіңіз:

1) 7 мм c.б.б.
2) 1 мм с.б.б дейін
3) 5 мм с.б.б дейін

59. Көру алаңының өзгеруі глаукоманың белгісі болып саналады. Глаукомада перифериялық көру алаңы қай жағынан тарыла бастайды?

1) жоғарыдан
2) астынан
3) ішінен

60. Мұрын аралық перде деформациясы кезінде отаға көрсетілім болып табылады:

1) созылмалы гайморит
2) мұрын тыныс алуының бұзылысы
3) атрофиялық ринит

61. Қан кету кезіндегі мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы жүргізіледі:

1) дәкелі салфеткамен
2) пневматикалық тампонмен
3) поролонмен

62. Дифтериялық круп негізінде қандай патогенетикалық механизм жатыр?

1) көмей шырышты қабатының созылмалы қабынуы
2) көмей фиброзды қабатының жедел қабынуы
3) көмей шырышты қабатының жедел қабынуы

63. 20 жастағы науқаста мұрын жарақатынан кейін мұрнынан қан кетті. Сіздің әрекетіңіз:

1) науқасты отырғызу, басын төменге және алдыға еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрнына новокаин ерітіндісіне малынған тампон қою
2) науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауыларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою
3) науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауыларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою

64. Кіші жастағы балаларда көмей патологиясын диагностикалауда қандай зерттеу әдісі "алтын стандартқа" ие?

1) тікелей ларингоскопия
2) Фиброларингоскопия
3) тікелей емес ларингоскопия

65. Балада жедел риниттің екінші сатысында мұрыннан бөлінетін сұйықтықтың сипаты қандай?

1) шырышты бөлініс
2) шырышты іріңді бөлініс
3) серозды бөлініс

66. Әдеби ақпараттарда мұрыннан қан кетудің көздері анық көрсетілген. Мұрынның қай бөлігінен жиі қан кетеді?

1) алдыңғы-жоғары
2) алдыңғы-төмен
3) артқы аралықтық

67. Қабылдау бөліміне 8 жастағы ер бала келді, футбол ойнау кезінде мұрнынан жарақат алған. Мұрын аймағындағы ауырсынуға және мұрыннан қан кетуге шағымданады. Сіз қандай алғашқы көмек көрсетесіз?

1) артқы тампонада
2) мұрын аймағына суық қою
3) алдыңғы тампонада

68. Алыс аймақта дифтерия белгілерімен науқас анықталды. Көмей дифтериясына тән белгі?

1) тығыз кірлі-сұр түсті жағындылар
2) байламастылық кеңістіктің шырышты қабатының ісінуі
3) тұншығу ұстамасы

69. Балалардағы баспаның жалпы асқынуына жатады?

1) жұтқыншақ артылық абсцесс
2) тонзилогенді абсцесс
3) паратонзиллярлы абсцесс

70. Науқас 2 күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін даусыныың қарлығуына, жөтелге, дене қызуының жоғарылауына шағымданады.Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5 С. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған,дауыс саңылауы кең.Тыныс алуы еркін. Сіздің болжамды диагнозыңыз

1) жедел ларингит
2) жедел аденоидит
3) жедел фарингит

71. Бронхты демікпе кезінде физикалық жаттығулар бағытталған:

1) жылдамдыққа
2) тепе-теңдікке
3) дем шығару екпініне

72. Электро ұйқының ауырсыздандыру механизмінің негізгі рөлі тиесілі:

1) қанда ақуыздың глобулинді фракцияларының жоғарылауына
2) биологиялық белсенді заттардың туындауына (гистамин, серотонин)
3) бас миының лимбиялық жүйесінде эндорфиндердің түзілуіне

73. Қант диабеті кезінде емдік дене шынықтыру келесі мақсатпен тағайындалады:

1) ангиопатияның алдын алу
2) құрсақ қуысындағы микроциркуляцияны жақсарту
3) ішектің моторлы функциясының қалпына келуі

74. Гальванизация әдісінің негізінде не жатыр?

1) жоғары жиілікті тоқтың әсері
2) аз күшті және кернеулі электрлік тоқпен үздіксіз әсер ету
3) тұрақты тоқтың әсері

75. Электрофорез кезінде дәрілік заттарды енгізу мүмкіндігін не анықтайды?

1) жоғары жиілікті тоқ
2) тоқ күші
3) электродтардың полярлығы

76. Бұлшық етті жүйенің даму сатысын бағалайды:

1) бұлшық ет топтарындағы бұлшық ет санымен
2) бұлшық ет күшімен
3) бұлшық ет бедерінің айқындылығымен

77. Қырмызгүл (календула) тұнбасы сұйықтығын соғылу орнына қолдану ... жатады:

1) дәрілік заттарды сырттай қолдануға
2) дәрілік заттарды қолданудың инвазивті әдістеріне
3) дәрілік заттарды қолданудың парентеральді әдістеріне

78. Медбике паравертебралды аймаққа ультрадыбыспен әсер еткенде, омыртқаның қылқанды өсіндісінен кейін қандай арақашықтықты қадағалау керек?

1) кемінде 1 см
2) кемінде 2 см
3) кемінде 3 см

79. "Пациентке бел аймағына физиотерапиялық емшара-электрофорез тағайындалды. Медбике жастықшаларды қоятын жерде тырналған ізді анықтады. Медбикенің әрекеті:"

1) тырналған жерді клеенкамен орап, емшараны жүргізу
2) тырналған жерді йодпен өңдеп, емшараны жүргізу
3) енгізілетін дәрінің мөлшері мен концентрациясын азайтып, емшараны жүргізу

80. Дәрілік электрофорездің әсер ету ерекшілігі?

1) Бұлшық еттердің электрлі ынталануымен
2) Дәрілік препараттың көп мөлшерінің түсуімен
3) Дәрілік препараттың әсер ету аймағында жинақталуымен

81. Науқас 30 жаста. Ауруханада бет нервісінің невриті ауруымен емделуде. Мимикалық бұлшықеттердің қимыл қозғалысы шектелген. Науқас бұл ауруды инсульт алуымен байланыстырады. Дәрігерлік бақылау негізінде келесі жаттығулар тағайындалады:

1) пассивті жаттығулар
2) белсенді жаттығулар
3) идеомоторлы жаттығулар

82. Науқас Е. 50 жаста. Қант диабетінің орташа дәрежесімен сырқаттанады. Шағымы: аяқтарында сыздап ауырсынуы, әлсіздік, жиі шөлдегіштік, ентікпе. Емдік жаттығулардың әсері тиімді болу үшін жаттығулар келесі уақытқа созылу керек:

1) 20-30 минут
2) 30-40 минут
3) 25-35 минут

83. ДСҰ анықтамасы: "Мақсаты ауру немесе жарақат салдарынан бұзылған қызметтерін толық қалпына келтіру болып табылатын белсенді үрдіс, егер ол мүмкін болмаса- мүгедектің физикалық, психикалық және әлеуметтік потенциалын тиімді орындау, оның қоғамдағы адекватты интеграциясы" сай келеді:

1) санитарлы-шипажайлық ем
2) медициналық реабилитация
3) паллиативті көмек

84. Денсаулық сақтауда маркетингтің маңызы мен ерекшелігі келесі жағдайды қамтиды:

1) денсаулық сақтаудағы қажеттілікті талдау
2) медициналық қызметтердің бағасын анықтау
3) медициналық қызметтерге сұранысты білу

85. Тұрғындарға жедел көмекті көрсету сапасының мониторингы іске асады:

1) дәрігердің өлім туралы куәлігі арқылы
2) жаңа туылғандардың даму тарихы арқылы
3) жедел жәрдем шақыру картасы арқылы

86. Инфекциялық аурушаңдықты зерттеу үшін қолданылатын құжат:

1) Амбулоториялық науқастың талоны
2) Ауру тарихы
3) Шұғыл хабарлама

87. ЖКС диагнозындағы науқасқа алғашқы диагностика және жағдайының қауіптілігі жедел жәрдемнің келуімен қай аралықта көрсетілуі керек

1) 10 мин
2) 15 мин
3) 1сағ

88. Мүгедектердің мүмкіндігі үшін жағдай жасау, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың әлеуметтік және тұрмыстық бейімделуіне бағытталған шаралардың жиынтығы – бұл:

1) Медициналық және әлеуметтік сараптама
2) Мүгедектерді әлеуметтік оңалту
3) Қалпына келтіру операциялары

89. Тұрғындардың келесі типі прогрессивті тип деп аталады:

1) 0-8 жас аралығындағы балалар саны жасөспірімдер санынан басым
2) 0-14 жас аралығындағы балалар саны 50 жастан асқандар санынан басым болса
3) ҚР тұрғындарының саны басқа елдер тұрғындарының санынан басым

90. Балалар саны 0-4 жасқа дейінгі 8000, 0-4жасқа дейінгі балалар арасында 320 қызылша жағдай тіркелген. Таралуы қоршаған ортада 40%. Бұл көрсеткіш:

1) Экстенсивті көрсеткіш
2) Қатынастар көрсеткіші
3) Интенсивті көрсеткіш

91. Әйелдер кеңесі жұмысының тиімділігін бағалайтын көрсеткішті көрсетіңіз:

1) фертильді жастағы 1000 әйелде түсік саны
2) фертильді жастағы 1000 әйелде қабыну ауруларының саны
3) фертильді жастағы 1000 әйелде өздігінен болатын түсік саны

92. Қарау кезінде науқаста жайылған ісінулер анықталды. Бұл патология қалай аталады.

1) Анасарка
2) Гидроторакс
3) Гидроперикардит

93. Қандай патологияда өкпенің төменгі шекарасының жоғары қарай ығысуы байқалады?

1) Бронх демікпесінде
2) Асцит кезінде
3) Пневмония кезінде

94. Қандай патологияда Сіз перикард үйкеліс шуын естисіз?

1) Құрғақ плеврит
2) Құрғақ перикардит
3) Крупозды пневмония

95. Қандай патологияда Сіз науқаста дыбыс ырғағының күшеюін байқайсыз?

1) Өкпе эластикалығының төмендеуі кезінде
2) Өкпе тінінің тығыздалуы
3) Сұйықтықтың болуы

96. Қанқақыру қандай аурыға тән симптом

1) Гайморит
2) Пневмосклероз
3) Өкпе туберкулезі

97. Науқас қақырығында атипті жасушалар анықталды. Қандай аурыды күдіктенесіз?

1) Өкпе туберкулезі
2) Өкпе абсцессі
3) Өкпе ісігі

98. Резинадан жасалған бұйымдардың сапасы сақталу үшін бөлмеде қандай шарттарды ұстану керек?

1) күн сәулесі мен жарықтан сақтау
2) Ағынды ауа болуын қамтамасыз ету
3) Ауа ылғалдығының 20%дан кем болмауын қамтамасыз ету

99. Қандай жағдайда пульс жеткіліксіздігі дамиды?

1) тахикардияда
2) жыпылықтайтын аритмияда
3) брадикардия