Тест: Ата-аналарға арналған сауалнама


Список вопросов


1. 1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.

1) Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.
2) Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
3) А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз

2. 2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.

1) Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.
2) Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз
3) А) Сіз ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз

3. 3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.

1) Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгенше енді онымен ойнаудан бас тартасыз
2) Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз
3) А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін

4. 4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.

1) Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз
2) А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз
3) Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз

5. 5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.

1) Б) Балаңыз үшін кейбірін тыңдайсыз
2) Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз
3) А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.

6. 6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.

1) Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз
2) А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз

7. 7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады

1) А) Бәрін сол қалпында қалдырасыз
2) Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз
3) Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.

8. 8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді

1) Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз
2) Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
3) А) Есесін қайтаруға үйретесіз

9. 9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды

1) А) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)
2) Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға
3) Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз