Тест: проб


Список вопросов


1. Ересектерге жел шығару түтігін ішекке енгізу тереңдігі

1) 40-50см
2) 20-30см
3) 5-10см

2. Сифонды клизманы қою көрсеткіші

1) босану алдында
2) улану
3) спастикалық іш қату

3. Иығында іріңді флегмонасын ашу кезінде, хирургқа ассистент болған мейіргер терісіне науқастың жарасынан ірің және қан түсті. Мейіргердің келесі тактикасын анықтаңыз

1) Терінің ағынды сумен жуп,антисептикпен өңдеу
2) теріні антисептиктің ерітіндісімен өңдеу
3) теріні ағынды сумен жуу

4. Іріңді хирургиялық бөлімшесінде санның абсцессі бар науқастың таңғышын ауыстыру барысында, мейіргердің қолғаптары жыртылып қалды. Мейіргердің келесі тактикасын анықтаңыз:

1) Терінің ағынды сумен жуп,антисептикпен өңдеу
2) қолғаптарды антисептикпен өңдеп, емшараны әрі қарай жалғастыру
3) жұмысты әрі қарай қолғапсыз жалғастыру

5. Асқазанды шаю үшін дайындау қажет

1) ұзындығы 120 см сүңгіні (зонд), воронканы, шылапшынды, суды
2) Эсмарх құырғысын «кружка», штативті, марганцовка ерітіндісін,дәрет ыдысын «судно»
3) Жане шприцін 5 пробирка,33% магний сульфат ерітіндісі

6. Тұрғындардың келесі типі прогрессивті тип деп аталады:

1) 50 жастан асқандар саны балалар санынан басым болса
2) 0-8 жас аралығындағы балалар саны жасөспірімдер санынан басым
3) 0-14 жас аралығында балалар ссаны ғқ жастан асқандар санынан басым болса

7. Халыққа ауруханалық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым

1) диагностикалық медициналық орталық
2) қалалық көп бейінді аурухана
3) фельдшерлік- акушерлік пункт

8. Травматологиялық пункте автокөлік апатынан кейінгі ер адам жеткізіледі. Қарау барысында иегіндегі кішкентай жара анықталды. Жараны өңдегеннен кейін, медбике науқастың иегіне дәкелі салфетканы бекіту үшін таңғышты салды. Медбике қандай таңғышты салды?

1) Крест тәрізді таңғыш
2) Сақпан тәрізді таңғыш
3) Жаулық таңғышы

9. Қабылдау бөліміне асқазаннан қан кетуге күмәнді пациент түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пациентті тасымалдау түрін атаңыз:

1) мейіргермен бірге жаяу жүру
2) каталкамен тасымдалу
3) кресло- каталкамен

10. Камералық дезинфекцияның ең жұмсақ әдісімен булы формалиндік әдісі болып есептеледі. Осы әдістің жетіспеушілігі дезинфекция сеанысынан кейін жағымсыз иістің болуы. Булы формалиндік камерада формалин иісін бейтараптандыру үшін қандай затты пайдаланады?

1) Метил спирті
2) Этил спирті
3) Нашатыр спирті

11. Кальций каналдарын тежейтін заттардың қолданылуы:

1) артериалды гипертензияда, стенокардияда
2) артериалды гипотонияда , тахикардияда
3) жүректің ишемиялық ауруында, қарыншалардың жыпылықтауында

12. Нитроглецерин мынадай қосымшы әсерелер шақыруы мүмкін:

1) брадикардия, бронхоспазм, миокардтың жиырылу белсенділігінің күшеюі
2) импульстардың өткізгіштігінің бұзылуы, бас ауруы
3) бас ауруы, бастың айналуы, рефлекторлы тахикардия, қан қысымның кенеттен төмендеуі

13. Жүрек гликозидтерінің фармакотерапевтикалық әсері

1) систоланың күшеюі, импульстардың өткізгіштігінің баяулауы, диурез ұлғаяды
2) систоланың әлсіреуі, диастоланың және импульстардың өткізгіштігінің күшеюі
3) жүректің соғысының жиілеуі , миокардтың жиырылу белсенділігінің төмендеуі

14. Глюкокортикоид препараттарының фармакоогиялық әсерлері:

1) негізгі алмасуды, дене температурасын төмендетеді, тахикардияны болдырмайды
2) анаболикалық әсер көрсетеді, өсуді, жүрек-қан тамыр жүйесін ынталандырады
3) қабынуға қарсы, аллергияға қарсы , иммунодепрессивті әсер

15. Анемия кезінде қанда қандай өзгерістер болады?

1) ЭТЖ жылдамдауы
2) лейкоциттер санының көбеюі
3) гемоглабин деңгейінің төмендеуі

16. Қарау кезінде науқаста жайылған ісінулер анықталады. Бұл патология қалай аталады.

1) гидроперикардит
2) Асцит
3) Анасарка

17. Қарау кезінде науқас тері жамылғысының бозғылттылығы анықталды. Аталған симптомның себебі неде?

1) қантамырлардың кеңеюі
2) қантамырлардың тарылуы
3) Қанның оттегіге қанығуының төмендеуі

18. Эритроциттер мен гемоглабин организмде қандай негізгі қызметті атқарады?

1) қан кетуді тоқтатады және алдын алады
2) тіндерге оттегі тасмалдайды
3) қалыпты гемостазды қамтамасыз етеді

19. Науқас терісі мен көрінетін шырышты қабаттары сары түсті.Тері мен шырышты қабаттардың сарғаю себебі неде?

1) қандағы оттегінің жоғарлауы
2) Қандағы биллирубиннің жоғарлауы
3) тері қантамырларының тарылуы

20. Тыныс алу қимылының тереңдігі мен жиілігінің артуымен жүретін субъективті ауа жетпеу сезімі қалай аталады:

1) ентікпе
2) тұншығу
3) жөтел

21. Экссудативті плеврит кезінде өкпеден қандай тыныс естіледі:

1) қатаң
2) тыныс естілмейді
3) везикулярлық

22. Эпигастрий аймағындағы ашқарынға және түнде болатын ауырсынуға шағымдану келесі ауруға тән:

1) жедел холецистит
2) асқазанның ойық – жарасы
3) 12 елі ішектің ойық- жарасы ауруы

23. Науқас 24 жаста. Тамақ ішкеннен кейін, 1,5-2 сағаттан соң эпинастрий аймағында болатын ауырсынуға, қыжылдауға шағымданады. Диагноз қою үшін қандай тексеру әдістерін өткізу керек?

1) ЭФГДС
2) УДЗ
3) Холецистография

24. 20 жастағы науқас кезеңмен «периодты» ұстайтын экспираторлы тұншығуға, құрғақ жөтелге, ауа жетіспеушілік сезіміне шағымданады. Анағұрлым ықтимал болжамалы диагнозды атаңыз:

1) бронх демікпесі
2) жүрек демікпесі
3) өкпенің созылмалы обструкциялық пневмониясы

25. Тұрақты кернеулік стенокардия кезінде ауырсыну пайда болады:

1) ұйқы кезінде
2) тыныштықта
3) Физикалық күш түскенде

26. Асқазан жарасы бар науқастың приоритетті проблемасы- ол эпигастралді аймақтағы ауырсыну. Бұл ауруға қандай ауырсыну тән?

1) ерте
2) кешкі
3) аш қарынға ауырсыну

27. созылмалы жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдары

1) қан қысымының көтерілуі, пульс тапшылығы
2) ентігу, жүрек қағуы
3) жүрек тұсындағы қысатын ауырсыну, тұншығу ұстамасы

28. Қарау кезінде дененің жоғарғы бөлімдерінде «медуза басы», асцит пен «тамырлы жұлдызшалар» симптомдарының анықталуы қандай ауыруға тән?

1) бауыр циррозы
2) жара ауруы
3) холецистит

29. 43 жасар жұмысшы К, зауыттың пунктіне келді, абайсызда оң қолына концентрацияланған тұз қышқылын төгіп алды. Науқас қатты күйдіру сезіміне және ауырсынуға шағымданады. Қараған кезде қол терісі ісінген, бұлыңғыр сұйықтықпен толтырылған көпіршікткрмен жабылған. Бірінші көмекті көрсетудің тактикасы:

1) жараны асқын тотықтың 3% ерітіндісіммен жуу
2) 10-15 МИНУТ БОЙЫ АҒЫНДЫ СУМЕН ЖУУ
3) антисептиктің әлсіз ерітіндісімен жуу

30. Науқас реанимация бөлімшесінде аппараттық вентиляцияда жатыр. Трахеостомиялық түтікшенің трахеямен төмен ығысуын қандай көрсеткіш көрсетеді?

1) сырылдардың пайда болуы
2) артериялық қысымның жоғарлауы
3) кеуде клеткасының бір жағында тыныстың төмендеуі

31. 17 жасар колледж студенті К, аязды және желді ауа райында коньки тепкен. Көмекке 10 сағаттан кейін жүгінді. Екі бетінің, қолдарының, құлақ қалқандарының ауырсынып, күйдіру сезіміне шағымданады. Қарау барысында бет және қол терісі тығыз, ісінген, қызарған. Құлақ қалқандарында ашық түсті сұйықтықпен толтырылған көпіршіктер бар. Көмек көрсетудің тактикасы:

1) спиртпен өңдеп стерильді таңғыш салу
2) Қармен немесе қолғаптармен ысу
3) Зақымдалған жерлерге жылытқышты қою

32. Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындауы қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет

1) хирургиялық
2) гигиеналық
3) әлеуметтік

33. DOTS- стратегиясы бойынша өкпе туберкулезінің негізгі диагностика әдісі:

1) өкпенің компьютерлік томографиясы
2) өкпе рентгенотомографиясы
3) қақырықтың бактериоскопиясы

34. ТРавматологиялық пункте тайып, сол аяғына құлаған 55 жасар әйел адам әкелінді. Сол жақ тобық аймағын қараған кезде 15*8см көлеміәнде терең емес жара бар, топырақпен ластанған, қан кету жоқ, жара шеттері тегіс. Медбике жараның біріншілік хирургиялық өңдеуін жүргізді : ластануларды алып тастады, жараны асқын тотық ерітіндісімен өңдеді, құрғатты, стерильді дәкені салып, оны бекітті. Жараны өңдеудің қандай кезеңі жасалмады?

1) Тегіс емес шеттерді қайшымен қию
2) жара шеттерін өңдеу
3) Тігістерді салу

35. Бір сыныпта оқитын 7 оқушының арасынан бір жасөспірімге жедел А гепатиті диагнозы қойылды. Онымен қатынаста болған басқа жасөспірімдерге тағайындау қажет?

1) А гепатитіне қарсы рекомбинантты вакцинаны
2) Иммуноглобулинді
3) С витаминін

36. Менингит диагностикасындағы маңызды:

1) Жұлын сұйықтығын зерттеу
2) қанның биохимиялық анализі
3) қызудың жоғарылауымен жүретін аурудың жіті бастамасы

37. Станционарға түскен қыз 18 жаста келесі шағымдармен: дене қызуының 39С*, басының қатты ауыруы, жарықтан қорқу,спонтанды құсу және денесінде бөртпе пайда болуымен келді. Қараған кезде байқалады: желке бұлшықеттінің ригидтілігі , Кернинг симптомы оң , көп қимылдағыш , бетінің гиперемиясы, терісі ыстық денесінде геморрагиялық бөртпе анықталды. Болжам диагноз:

1) тұмау
2) менингококк инфекциясы
3) энцефалит

38. 63 жасар ер адам,бақшада жұмыс жасаған кезде қолын жарақаттап алды. Травматологиялық пунктке келді. Сол қолының алақандық беткейін қараған кезде, көлемі 5см болатын терең кесілген жара анықталады, топырақпен ластанған, жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жараны біріншілік хирургиялық өңдегеннен кейін, науқасқа қандай екпе жасалуы тиіс?

1) Кенелік энцефалитке қарсы иммуноглобулин
2) Сіреспеге қарсы сарысу
3) Сіреспе қарсы вакцина

39. Науқас Г., 53 жаста, аппендэктомиядан кейін 5-ші тәулікте отадан кейінгі жара аймағында тартушы ауырсыну сезімдері пайда болды, температурасы 38,7 С* дейін көтерілді. Қарау барысында жара шеттері ісінген, пальпацияда ауырсынады. Іші кеппеген, перистальтика естіледі. Науқаста қандай асқыну дамыды?

1) Отадан кейінгі жараның іріңдеуі
2) Ішкі қан кету
3) Тігістердің ажырауы

40. Сіз жас ер адамның мотоциклдан құлағандығының куәгері болдыңыз. Сізден көмек көрсетуді сұрады. Қарау барысында сол жақ снының сыртқы беткейінде ірі көлемді соғылған – жыртылған жара аныөталады, құммен ластанған, қан кету белгілері жоқ. Сізде тек қана автокөліктік медициналық қорапша бар. Сіздің тактикаңыз?

1) Науқасты тыныштандыру, аяғын байлап, стационарға госпитализациялау
2) Ауырсынуды басушы дәрілік заттарды беру, жара шеттерін йод ерітіндісімен өңдеп, дәкені салу, госпитализациялау
3) Ауырсынуды басушы дәрілік заттарды беру, жараға йод ерітіндісін құйып дәкемен орау

41. Іріңді жарақатқа дренажды қандай мақсатпен енгізеді?

1) қан кетуді тоқтату
2) бөлініс ағысын қамтамасыз ету
3) жылдамдатылған эпителизация

42. Ауыр дәрежедегі сусызданумен жүретін диарея кезінде, егер бала су іше алмаса, сұйықтықты көктамарішілік енгізу тағайындалады. Ауыр дәреждегі сусызданумен жүретін диарея кезінде қандай ерітінді көктамырішілік енгізіледі?

1) Рингер лактат
2) Регидрон ерітіндісі
3) глюкоза 5%

43. 13 жасар ер бала. Шағымдары: әлсіздік, шөлдеу, бас ауруы, зәр шығаруының жиілеуі, тәбетінің жоғарлауы. 1,5 айдан бері ауырады, басының жарақатымен байланыстырады. Анасының айтуы бойынша әжесінде де осындай ауру бар. Объективті: жағдайы ауыр, сөйлегенде аузынан ацетон иісі шығады, байланысқы селқос түседі. Терісі боз, құрғақ, бет ұшы қызарған. Теріде көптеген қасыған іздері бар. ТАЖ-20, ЖСЖ-96мин, АҚҚ-90/50мм.с.б. Төменде аталғандардың осы аурудың анағұрлым ықтимал себебі болып табылады:

1) күйзелістік жағдайлар
2) тұқым қуалаушылық
3) бас жарақаты

44. 13 жасар ер бала. Шағымдары: әлсіздік, шөлдеу, бас ауруы, зәр шығаруының жиілеуі, тәбетінің жоғарлауы. 1,5 айдан бері ауырады, басының жарақатымен байланыстырады. Анасының айтуы бойынша әжесінде де осындай ауру бар. Объективті: жағдайы ауыр, сөйлегенде аузынан ацетон иісі шығады, байланысқы селқос түседі. Терісі боз, құрғақ, бет ұшы қызарған. Теріде көптеген қасыған іздері бар. ТАЖ-20, ЖСЖ-96мин, АҚҚ-90/50мм.с.б. Төменде аталғандардың осы аурудың анағұрлым ықтимал себебі болып табылады:

1) қант диабеті
2) пиелонефрит
3) фосфатдиабет

45. Бала 1,5 жаста. Болмашы Жарақат алған балада қан тоқтамай ағуда. Анамнезінде белгілі болғандай отбасындағы бірінші бала қан кетуден қайтыс болғаны анықталды. Болжамды «Гемофилия» диагнозы қойылды. Гемофилия кезінде қанның ұюы неліктен бұзылады?

1) антигемофильді фактордың жеткіліксіздігі
2) тромбоциттер жеткіліксіздігі
3) қанды сұйылтатын препараттарды қолдану

46. Нәрестеге 7 ай. Қосымша тамақтанудың 2 түрін алуда. Мейірбике анасына құрамында еттегі гемдік темір бар тағамдар қосуды ұсынды. Қандай ауруларға алдын алу мақсатында баланың тамағына гемдік темір қосу керек.

1) анемия
2) атопиялық дерматит
3) гипотрофия

47. Гипергликемиялық команың анағұрлым ықтимал даму себебі:

1) диетаның бұзылуы
2) инсулиннің жеткіліксіз мөлшері
3) инсулиннің артық мөлшері

48. Леопольд әдісінің 3-ші тәсілінің мақсаты:

1) Жатыр түбінде орналасқан бала бөлігін анықтау
2) Кіші жамбасқа қараған ірі бөлігін анықтау
3) Ұрықтың майда бөліктерін анықтау

49. Аталғандардың қайсысы шұғыл контрацепция әдісіне жатады?

1) постинор
2) триквилар
3) антеовин

50. Жаңа туған нәрестелерде асфиксия дамуының антенатальдық қауіп факторын көрсетіңіз:

1) көп сулы жүктілік, мерзімінен кеш босану
2) прэкламсия, көп сулы жүктілік
3) планцентаның ажырауы, иықтар дистоциясы

51. Жатыр мойнын айнамен қарау жүктіліктің қай мерзімінде жүргізіліеді?

1) 20 аптаға дейін 2 рет
2) Алғаш келгенде, 30,38 аптада
3) жүктіліктің әр аптасында

52. Бұрын босанған 30 жастағы жүкті әйел мерзімінде босанды, салмағы 3500,0гр. Қыз бала, тұншығусыз дүниеге келді. Босанудың 3-ші кезеңін өткізу мақсатындағы сіздің жасайтын әрекетіңіз?

1) босанудыың 3-ші кезеңін белсенді өткізу үшін бұлшық етке 10МЕ окситацин енгізу
2) бала жолдасының ажырау және бөліну белгілерін күту
3) гипотониялық қан кетудің алдын алу үшін 1,0мл метилэргометрин венаішілік енгізу

53. Науқасты оң жақ үлкен жыныс ерінің аймағындағы ауырсыну мазалайды. Жыныс ерні ісінген, күрт ауырсынады, оның үстіндегі терісі қызарған, тығыздану білінеді. Сіздің диагнозыңыз:

1) бартолин безінің абсцесі
2) бартолин безінің кистасы
3) жедел вульвит

54. Төменде берілгендердің қайсысы егде жәе қарт жастағы науқастарда болатын миокард инфарктінің ерекшелігіне жатады?

1) атипті түрі
2) асқыну сирек дамиды
3) ауырсыну түрі

55. Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігмен асқынған ЖИА жөнімен түсті.Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне,жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Төсектегі қалпы мәжбүрлі –ортопноэ. Тері жабындары көкшілденген. Аяқ басы мен балтыры ісінген, АҚ 140/90мм сынап бағана, Ішінің көлемі үлкейген. Төменде берілген ем- шаралардың қайсысын науқасқа үйрету қажет?

1) пульсті анықтау ережесімен
2) су баланысын анықтау ережесімен
3) дене температурасын өлшеу ережесімен

56. Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігмен асқынған ЖИА жөнімен ауруханаға емделуге жатты. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне,жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Ентікпесі көлденең жатқанда күшейе түседі, соның себебінен нашар ұйықтайды. Осы мәселе кезінде қандай біріншілікті іс-шара мейірбикелік күтіп-қарау жоспарына кіреді?

1) науқастың денсаулығын нығайту}
2) науқасқа ыңғайлы отыру қалпын жасау
3) асқынулардың алдын-алуды қамтамасыз ету
4) науқастың отбасына кеңес беру

57. Науқастардың ауырсынуды сезінуінің сыртқы белгісіне не жатады?

1) сөйлесуден бас тарту
2) тежелген күй
3) терең әжімдердің пайда болуымен маңдайының тырысуы

58. Науқас 52 жаста, «Асқазанның қатерлі ісігі» диагнозымен онкологиялық бөлімшеде ауруханалық емделеіп жатыр. Мейірбикелік тексеру кезінде жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына, ет тағамдарына жиренуге, ауық-ауық болатын құсуға,эпигастрий аймағында тамақ ішкеннен соң күшейе түсетін көрнекті ауырсынуға, сасық иісті кекіруге, ішінің қампиғанына , дене салмағының азайғанына шағымданады. Сөйлесу кезінде науқас адинамиялық, айналасындағылармен қиын байланысқа түседі, томаға-тұйық және жабырқаңқы, себебі өлімнен қорқу сезімін сезінеді. Төменде берілгендердің қайсысы басым мәселе болып табылады:

1) эпигастралды аймақтағы көрнекті ауырсыну
2) метеоризм
3) дене салмағының азаюы

59. Науқас 46 жаста, онкология бөлімшесіне эпигастрия аймағындағы тұрақты түрдегі сыздап ауырсынуға шағымданып түсті, ауруын басатын жағдайын жақсартпайды, тәбеті нашарлаған, жүрегі айниды, құсады, дене темп. Субфебрильді, соңғы айда 6 кг-ға жүдеген. Тексеру кезінде жағдайы ауыр, темп. 38,1*С, тері жабындары бозарған, жер түстес реңкте. Науқастың қатты жүдеуі көңіл аудартады. Эпигастрий аймағын пальпациялау кезінде күрт ауырсыну және құрсақтың алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің ширығуы байқалады. Төменде берілгендердің қайсысы мейірбикелік іс-шараның басым мақсаты болып табылады:

1) науқас үшін жоғары калориялы диета құрастыру
2) жағдайының нашарлау қатерін анықтау
3) ауырсыну қарқынының әлсіреуі

60. Науқас 22 жаста. Бетінің сол жақ жағының ұстама тәрізді ауырсынуына, жас ағуға, мұрынынан шырыштың бөлінуіне, сілекеідің ағуына шағымданады. Берілген диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?

1) үшкіл нервтің невралогиясы
2) мойын остеохадрозы
3) бет нервінің невриті

61. Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

1) Мишық ісгі
2) Рейно ауруы
3) Миастения

62. К есімді науқас, 55 жаста, дәрігерге қимыл- тірегі әлсірегеніне, қолы дірілдейтініне, жүріп- тұруы қиындағанына шағымданып дәрігерге қаралады. Объективтік тексеруде: қалыпты жағдайда қолдың треморы «тиін санау» типті, аяқтарының тонусы сәл күшейген «тісшелі дөңгелек» типті, денесін сәл алдыға жіберіп, жәй –жәй жүреді. Терең рефлекстер өзгермеген, патологиялық рефлекстері жоқ. Осындай жағдай қандай ауруға тән?

1) Бас маңдайы бөлігінің қатерлі ісігі
2) Альцгеймер ауруы
3) Паркинсон ауруы

63. Науқаста «қоян көз» симптомы, маңдай және зақымдалған жағында мұрын-ерін қатпарларының тегістелуі, ауызының дені сау жаққа қисаюы байқалады. Осы симптомдар қандай ауруды сипаттайды?

1) бет нервінің невриті
2) ми қан айналымының жедел бұзылысы
3) бас миының ісігі

64. Шұғыл маниакальді ұстаманы тию және аффективті ұстаманың алдын алуда қолданылады:

1) транквилизаторлар
2) нейролептиктер
3) нормотимиктер

65. Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті бала дені сау болып туылып босану асқынусыз өткен, әйел қозулы айқайлайды, киімдерін шешіп жүгіруге тырысады. Іштей баланың жылаған даусын естейді. Сұраққа жауап бермейді, ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады. Болжам диагноз?

1) босанудан кейінгі психоз
2) шизофрения
3) депрессия

66. Жабысқақ күйлер неврозында кездеседі

1) обсессия
2) сандырақ идеялар
3) галлюцинациялар

67. 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй, жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түңіреңуі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:

1) апато-абулиялық
2) катоникалық
3) депрессивті

68. 20 жастағы науқаста мұрын жарақатынан кейін мұрнынан қан кетті. Сіздің әрекетіңіз:

1) науқасты отырғызу, басын шалқайту және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою
2) науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою
3) науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою

69. Балада жедел риниттің екінші сатысында мұрыннан бөлінетін сұйықтықтың сипаты қандай?

1) шырышты бөлініс
2) серозды бөлініс
3) шырышты іріңді бөлініс

70. Мұрын аралық перде деформациясы кезінде отаға көрсетілім болып табылады:

1) мұрын тыныс алуының бұзылысы
2) атрофиялық ринит
3) созылмалы гайморит

71. 33 жастағы науқас Б. Оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне , жиі қызаруына , бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады:

1) глаукоманың жедел ұстамасы
2) онкологиялық ауру
3) орбита флегмонасы

72. Көру алаңының өзгеруі глаукоманың белісі болып саналады. Глаукомада перифериялық көру алаңы қай жағынан тарыла бастайды?

1) ішінен
2) жоғарыдан
3) сырттан

73. Жедел иридоциклит кезінде алғашқы көмек көрсету келесі ерітіндіні тамшылатудан тұрады:

1) пилокарпин
2) атропин
3) тимолол

74. Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди –джей, екі күн бойы дене температурасының 38*С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл- сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда: жыныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?

1) жедел гонорея
2) урогенитальды хламидиоз
3) урогенитальды кандидоз

75. Мерездің біріншілік белгісі:

1) лимфаденопатия
2) қатты шанкр
3) лейкодерма

76. Науқас 24 жаста, мейіргер, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөртпелерге шағымымен келді. Бұл препатпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:

1) шынайы экзема
2) аллергиялық дерматит
3) фотодерматоз

77. Науқаста төмендегілердің қайсысы анықталса, сіз бронх демікпесінің ұстамасы туралы ойлайсыз:

1) стридор, тұншығу,қан араласқан шырышты қақырық бөлінумен жүретін жөтел
2) ентікпе, кеуде қуысының күрт ауырсынуы, жөтел, қан қақыру
3) дем шығарудың қиындауымен тұншығу, қашықтан естілетін сырыл

78. Фельдшерлік- акушерлік пунктте көрсетілген медициналық көмек түрі:

1) қалпына келтіріп емдеу және оңалту
2) алғашқы медициналық-санитарлық көмек
3) мамандандырылған көмек

79. Гипертониялық кризбен науқас неге шағымданады?

1) бас ауруы, бел ауруы,дизурия
2) жалпы әлсіздік, бас айналу, ауыз құрғауы
3) бастың қатты ауруы, құлақтағы шуыл, көз алдында «шіркейлер»

80. Жіті бүйрекүсті жетіспеушілігінің госпиталь алды кезеңінде жедел жәрдем көрсету енгізуді құрайды

1) глюкокортикоидты препараттарды
2) кальций хлоридін
3) норадреналинді

81. Анамнезінде 1-типті қантты диабеті бар 22 жастағы науқасты қабылдау бөлімшесіне алып келді. Диабеттік кетоацидоздың дамуына тыныс алудың қандай түрі сәйкес келеді?

1) жиі үзіліс жасаталатын
2) терең, сирек шулы тыныс
3) ретсіз қысқа деп шығарулармен беткейлі тыныс

82. Клиникалық өлімнен шығару кезінде негізгі іс-шараға не жатады?

1) өкпеге жасанды желдету жасау «ӨӨЖ»
2) ӨӨЖ мен жүрекке жабық массажды бір мезетте жасау
3) Оксигенотерапия

83. Науқас 46 жаста,аяқатырында веналардың варикозды кеңеюі бар, кенеттен кеудесінде ауырсыну, ентікпе, денесінің жоғарғы бөлігінің цианозы байқалған. Анағұрлым ықтимал болжады диагнозды атаңыз:

1) артериялық гипертония
2) Спонтанды пневмоторакс
3) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

84. 17 жастағы жасөспірім реанимация бөлімшесіне түсті. Есі шатысқан, артериялық қысымы 70/40 мм.с.б., шеткері артерияларда пульс анықталмайды, тынысы жиі. Осы жағдай өлімнің қай сатысына сәйкес келеді?

1) преагония
2) ақтық үзіліс
3) агония

85. Клиникаға 26 жастағы пациент жол апатынан кейін 30 минуттан соң жеткізілді. Ішінің барлық бөлігінің ауруына , әлсіздікке шағымданды. Объективті: терісі бозарған, пульс минутына 110 рет, ырғақты, әлсіз. Артериальды қан қысымы 90/60мм.с.б.б. Ішінің барлық аймағы аздап кернеген, сол жақ қабырға астында ауырсынады. «Шалпыл шуылы». «ваньки-встаньки» симптомдары анықталады. Болжамалы диагноз

1) көк бауырдың жарылуы
2) іштің алдыңғы қабырғасының зақымдалуы
3) жыныс мүшесінің жарылуы

86. Кардиогенді шокпен асқынған жіті коронарлы синдром кезіндегі тиімді препарат болып табылады

1) нитроглицерин
2) допамин
3) клопидогрель

87. Сіз науқаста асқаннан қан кетіп жатыр деп күдіктенесіз, егер:

1) науқаста «қарамай тәрізді нәжіс» және «кофе тұнбасы» тәрізді құсық болса
2) науқастың нәжісі алқызыл қан қоспаларымен болса
3) науқастың зәрі «ет жуындысы» тәрізді болса

88. Науқаста төмендегілердің қайсысы анықталса, сіз бронх деміпесінің ұстамасы туралы ойлайсыз:

1) стридор, тұншығу,қан араласқан шырышты қақырық бөлінуімен жүретін жөтел
2) тұншығу, тынысы тарылуымен жүретін ентікпе, бетінің гиперемиясы, қозу
3) дем шығарудың қиындауымен тұншығу, қашықтықтан естілетін сырыл

89. Науқасқа көктамырға дәрі енгізу кезінде ентігу, АҚ төмендеуі, бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз:

1) енгзуді жлғастыру,дәрігерді щақырмау
2) енгізуді жалғастыру және дәрігерді шақыру
3) енгізуді тоқтату және дәрігерді шақырту

90. Қанды көрген пациент әйел ес-түссіз құлап қалды. Осы жағдайдағы жөтел көмекті атаңыз:

1) ортопноэ жағдайында жайғастыру
2) бас жағын көтеріңкі қылып жатқызу
3) мүсәтір спиртін иіскету

91. Мүмкіндігі шектеулі балалардың реаблитациясының жеке бағдарламасы кіммен құрастырылады

1) мектеп педагогикалық кеңесі медицицна қызметкерімен бірге
2) психо- медициналық –педагогикалық кеңес «ПМПК»
3) медицицналық консультативтік комиссия

92. Әлеуметтік дезадаптация түсінігіне не кіреді?

1) командадағы жеке тұлғаның өзара әрекеттесуін бұзу
2) индивидтің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуін бұзылуы
3) жеке тұлғаның отбасымен өзара әрекеттесуін бұзу

93. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы «ХОБЛ» пайда болуы үшін қандай факторлары маңызды болып саналады?

1) тиімсіз тамақтану
2) стресс
3) темекі шегу

94. Науқас З. 25 жаста, 8 күн бұрын ауру басталған. Дене температурасы 38 градуска көтерілген. Мұрыны бітіп қалған, тамағы жыбырлайды. Тамаққа тәбеті қашқан,диарея,жүрегі айниды,іш қуысында өзгеріс барын сезінеді.Өздігіннен емделген,дене температурасы қалпына келген,бірақ қал-жағдайы нашарлап кеткен:әлсіздік күшейген,зәр түсі қоңырлаған.Кешке қарай көздің склеросы сарғайғанын байқаған,сондықтан дәрігер шақырды,науқасқа жұқпалы ауруханаға жолдама берді.Науқас өз ауруын екі апта бұрын даладағы дәмханада қолдарын жұмастан тамақтанғанмен байланыстырды.Обьективті тексеруде:терісімен көздің склеросы сарғайған,шеткері лимфа түйіндері,тыныс алу везикулярлы,жүрек қағысы тоны қалыпты,ритм дұрыс,АҚ 120-80 мм.рт.ст. Іші жұмсақ,ауырмайды,байыры қабырға доғасы шетінен екі см шығып тұр, Ауырмайды, жұмсақ тегіс консистенцияда, шеттері тегіс. Кіші дәретінің түсі қоңыр. Науқаста қандай ауру дамыған

1) Вирусты гепатит А
2) Вирусты гепатит В
3) Бөртпе сүзегі

95. Көрсетілген көрсеткіштердің арасында қайсысы ашқарынға глюкозаның қалыпты деңгейін көрсетеді?

1) 1,2-3 ммоль/л
2) 3,3-5,5 ммоль/л
3) 5,6-7,2 ммоль/л