Тест: 2 тақырып


Список вопросов


1. Материалдық емес өндіріс саласын көрсетіңіз:

1) Материалдық-техникалық жабдықтау
2) Денсаулық сақтау
3) Өнеркәсіп
4) Ауыл щаруашылығы
5) Құрылыс

2. Қоғамдық өнім деп:

1) Мемлекетімізге қажетті өнімді атайды
2) Бөлшек саудамен қоғамдық тамақтану саласындағы тауарларды айтады
3) Қоғамда белгілі бір уақыт ішінде өндірілетін материалдық игіліктерді атайды
4) Ұлттық өнімді сатудан түскен табысты айтамыз
5) Халық тұтынатын тауарларды айтамыз

3. Ұдайы өндіріс – бұл:

1) Еңбек және өнім айырбастау қатынастары
2) Жыл сайын өндіріліп отыратын өнімдер тобы
3) Алдағы уақытта өндірілетін өндіріс
4) Үнемі қайталанып және жанғырып отыратын өндіріс
5) Халыққа қажетті өнімдер өндірісі

4. Өндірістің түпкі мақсаты неде?

1) Шығындарды азайтуда
2) Тұтынуда
3) Өндірісті ынталандыруда
4) Өнімдердің сапасын арттыруда
5) Пайда табуда

5. Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну – бұл ненің қозғалысы:

1) Кәсіпорынның ішкі ресурстарының
2) Өндірістік қатынастардың
3) Кез келген жеке игіліктің
4) Қоғамдық өнімнің
5) Қоғамдық өндірістің

6. Өндірістің басты мақсаты неде?

1) Максималды пайда табуда
2) Шектеусіз ресустарды көбірек пайдалануда
3) Уақытты үнемдеуде
4) Қажеттіліктерді қанағаттандыруда
5) Өнім көлемін арттыруда

7. Өндіріс дегеніміз – бұл:

1) Еңбек заты мен қаражаты
2) Басқару нысаны
3) Материалдық игіліктер мен қызметтер пайда болатын бастапқы кезең
4) Ғылыми-техникалық прогресстің нысаны
5) Материалдық игіліктер

8. Қажеттіліктер дегеніміз – бұл:

1) Сатып алушылық қабілет
2) Бір нәрсені керек ету немесе белгілі бір затқа деген мұқтаждық
3) Белгілі бір затты немесе игілікті сатуға деген мұқтаждық
4) Адам мен заттың арасындағы қатынастар
5) Тұтынушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынастары

9. Экономикалық тиімділік дегеніміз – бұл:

1) Минималды шығындардың максималды табыстардан көп болуы
2) Ресурстарды толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсету
3) Алынатын нәтижеге кеткен шығындармен мен өндірістік шығындардың арасындағы қатынас
4) Минималды шығындар мен максималды табыстардың теңесуі
5) Пайдаланылмаған мүмкіндіктердің артуын болдырмау

10. Өндірістік қатынастар дегеніміз не?

1) Адамды адаммен қанаудағы қатынастар
2) Технологияны пайдаланудағы қатынастар
3) Адамның адамға деген қатынасы
4) Материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынастар
5) Табиғи және материалдық ресурстарды пайдаланудағы қатынастар

11. Шектеулі ресурстар жағдайында:

1) Таңдау мәселесі туындайды
2) Өндірісте сарқылмайтын ресурстар басым болады
3) Пайда мәселесі қиындайды
4) Қажеттіліктер дұрыс қанағаттандырылмайды
5) Ресурстар сапасына қарай ғана пайдаланылады

12. Адамның өмір сүруінің негізі болып не табылады?

1) Оның тәжірибесі
2) Қажеттіліктер
3) Оның ақыл-ойы мен білімі
4) Оның мәдениеті
5) Қоғамдық өндіріс

13. Төмендегілердің қайсысы өндіріс факторларына жатпайды?

1) Капитал
2) Кәсіпкерлік қабілет
3) Сауда
4) Еңбек
5) Жер

14. Мыналардың қайсысы жеке тұтынуға жатады:

1) Кинотеатрлар
2) Бала-бақшалар
3) Тұрғын үйлер
4) Университеттер
5) Саябақтар

15. Өндіріс факторларын атаңыз:

1) Жер, еңбек
2) Квпитал, кәсіпкерлік қабілеттер
3) Өндірістік құрал-жабдықтар
4) А,В
5) Экономикалық ресурстао

16. Еңбек дегеніміз не?

1) В, С
2) Адамның ақыл-ой және дене қызметтерінің көрінісі
3) Адамдардың құрал-жабдықтар арасындағы қатынасы
4) Жұмысшы күші
5) Адамдардың материалдық , рухани игіліктер өндіріоуі мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметң

17. Бір уақыт бірлігінде өндірілген өнім көлемін сипаттайды:

1) Капитал
2) Еңбек
3) Еңбек өнімділігі
4) Жер
5) Уақыт

18. Табыс әкелетін құндылықтар, материалды игіліктерді өндіру үшін қажет құралдар қоры:

1) Капитал
2) Сауда
3) Кәсіпкерлік
4) Пайда
5) Жер

19. Негізгі капиталдың өндіріс процесінде пайдалануына жарамай қалуы, істен шығуы:

1) Аппатты жағдайдан
2) Өндіру кезіндегі ұзақ уақыт пайдалану процесінен
3) Жер сілкінісінен
4) Моральды тозу
5) Физикалық тозу

20. Негізгі капиталдың оның жаңа түрінің пайда болуы салдарынан құнсыздануы, оны пайдалану шығынды деп есептелетін тозу түрі:

1) Физикалық тозу
2) Жер сілкінісінен
3) Аппатты жағдайлардан
4) Өндеу кезіндегі ұзақ пайдалану
5) Морвльды тозу

21. Ұсынысы шектеусіз өндіріс факторінен алынатын табыс:

1) Жер
2) Су
3) Төлем
4) Рента
5) Пайда

22. Өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар:

1) Құрал-жабдықтар, ғимарат, қондырғы, аппараттар және т.б,
2) Өндіріс
3) Кәсіпорын
4) Су
5) Жер