Тест: 1 тақырып


Список вопросов


1. Экономикалық теория нені зерттейді?

1) Адамдардың қарым-қатынастарын
2) Қоғамдық өндірістегі адамдар арасындағы қатынастарды
3) Өндіргіш күштерге қатынасын
4) Адамның қоғамға қатынасын
5) Адамның табиғатқа, затқа қатынасын

2. Экономикалық теориядағы бірінші мектеп:

1) Марксизм
2) Маржинализм
3) Классикалық саяси экономия
4) Меркантилизм
5) Физиократизм

3. Институционализм бағытының негізгі өкілдері кімдер?

1) Т. Веблен, У. Митчелл, Д. Гэлбрейт
2) К. Менгер, У. Джевонс
3) У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо
4) А. Маршалл, Л. Вальрас, А. Пигу
5) Дж. Кейнс, Р. Харрод

4. Экономикалық теориядағы талдау әдісі – бұл:

1) Зерттеу объектісінде бастыны белгілеуде және мәнсіз кездейсоқ, өткінші, жекелеген құбылыстардан тазартып, олардағы берік, тұрақты, типтік қасиеттерді тауып, зерттеу әдісі
2) Модельдерді зерттеу негізінде қалыптасқан ғылыми қоры­тындылар мен шешімдер
3) Құбылыстың жекелеген бөліктерін біртұтас біріктіруге негізделген тану әдісі
4) Белгілі құбылыстың қасиеттерін белгісіз құбылыстарға ауыстыруды көрсететін тану әдісі
5) Біртұтас құбылыстарды жекеленген құрамдас бөліктерге бөліп, олардың әрбіреуін зерттейтін тану әдісі

5. Төмендегі аталған мектептердің қайсысы ең алғаш рет өндіріс үдерісін талдауды өзінің пәні ретінде қарастырды?

1) Меркантилизм
2) Физиократтар
3) Классикалық саяси экономия
4) Марксизм
5) Маржинализм

6. Экономикалық заңдар деген не?

1) Экономика туралы үстіртін ұғым
2) Экономикалық қатынастар мен іс-әрекеттерді реттейтін қылмыстық және азаматтық заңдар жүйесі
3) Экономикалық құбылыстың мән-мазмұнын анықтайтын ғылыми ұғым
4) Себеп-салдарлық байланыстар
5) Өндірістік қатынастардың тұрақты ішкі байланыстары

7. «Физиократия» түсінігі нені білдіреді?

1) Экономикалық талдауды
2) Сауда еркіндігін
3) Индустриализмді
4) Сыртқы сауданы
5) Табиғат билігін

8. Төмендегі мектептердің қайсысы сыртқы сауда және елге ақша жинаумен байланысты қызметтерді экономикалық теорияның пәні деп есептеді:

1) Классикалық саяси экономия
2) Маржинализм
3) Марксизм
4) Физиократтар
5) Меркантилизм

9. Дж.М. Кейнстің «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегі қай жылы жарыққа шықты?

1) 1969 жылы
2) 1936 жылы
3) 1941 жылы
4) 1938 жылы
5) 1956 жылы

10. Экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты қайталанатын байланыстар – бұл:

1) Экономикалық саясат
2) Экономикалық ойлау
3) Экономикалық категориялар
4) Экономикалық заңдар
5) Экономикалық теорияның пәні

11. Экономикалық тарих экономикалық ғылымдардың қай түріне жатады?

1) Қоғамдық тарихи ғылымдарға жатады
2) Ерекше ғылымдарға
3) Қолданбалы экономикалық ғылымдарға
4) Жалпы экономикалық ғылымдарға
5) Интегралды экономикалық ғылымдарға

12. Төмендегі мәселелердің қайсысы тек микроэкономикалық деңгейде шешіледі?

1) Экономикалық өсуді қалай ынталандыру қажет
2) Жекелеген субъектілер деңгейінде ресурстарды қалай тиімді бөлуге болады
3) Инфляциядан қалай құтылуға болады
4) Төлем балансын қалай реттеуге болады
5) Толық еңбекпен қамту деңгейіне қалай жетуге болады

13. «Көрінбейтін қол» қағидасын кім ашты?

1) А. Смит
2) Д. Рикардо
3) Аристотель
4) В. Ленин
5) А. Маршалл

14. Жекеден жалпыға қорытынды шығаруға негізделген тану әдісі – бұл:

1) Экстраполяция
2) Индукция
3) Абстракция
4) Дедукция
5) Логика

15. Индукция әдісі қалай сипатталады?

1) Көптеген жеке деректерді зерттеу нәтижесінде жалпы қорытынды жасау
2) Болашаққа лайық деп танылатын экономикалық болжам
3) Теорияны фактілер арқылы тексеру
4) Фактілерді бақылау және жинақтау
5) Жалпы ережелер негізінде жеке қорытынды шығару

16. Дедукция – экономикалық теориядағы тану әдісі ретінде қалай сипатталады?

1) Құбылыстарды алдын ала талдау және болжап білу
2) Теория негізінде қоғам өміріне тән қөзқарас қалыптастыру
3) Көптеген деректерді зерттеуде маңызды фактілерге көңіл бөлу
4) Көптеген мәліметтерді қарастыру тұрғысынан ортақ пікір қалыптастыру
5) Жалпы ережелер мен деректерге сүйене отырып жеке қорытынды шығару

17. Жеткіліксіздік дегеніміз не?

1) Адами қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мүмкін еместігі туралы тұжырымдама
2) Нарықта тауар тапшылығының орын алуы
3) Экономикалық тиімділікті қамтамасыз ете алмау құбылысы
4) Бюджет тапшылығының белгілі бір уақытқа дейін орын алуы
5) Еңбек факторының қоғамға жеткіліксіздігі

18. Маржинализм теориясының мәнін ашып қарайтын болсақ, бұл теория негізінен:

1) Шекті шамаларды қолданады
2) Экономикалық заңдарды қолданбайды
3) Экономикалық категорияларды жалпы-жиынтық көрсеткіштер деп қарастырады
4) Экономикадан гөрі саясатты бірінші орынға қояды
5) Жүйелік бағыттарды қолданады

19. Экономикалық теория қызметіне жатпайтын қызметті таңдаңыз:

1) Сыншыл
2) Делдалдық
3) Танымдық
4) Тәжірибелік
5) Методологиялық

20. Төмендегі әдістердің қайсысы экономикалық теорияның жалпы әдісіне жатады?

1) Экономикалық-математикалық модельдеу
2) Функционалдық әдіс
3) Абстракция
4) Баланстық әдіс
5) Экстрoполяция

21. «Саяси экономия трактаты» еңбегін кім және қай жылы жазды:

1) Дж. Кейнс 1936 жылы
2) Ф. Кенэ 1694 жылы
3) А. Монкретьен 1615 жылы
4) А. Смит 1776 жылы
5) А. Монкретьен 1665 жылы

22. Экономикаға мемлекеттің араласуы қажет деп санайтындар

1) Институционализм өкілдері
2) Маржиналистер
3) Физиократтар
4) Классиктер
5) Кейнсшілдер