Тест: Экономикалық теория пәні және әдістері


Список вопросов


1. Жалпы экономика келесі тұжырымдамалардың қайсысын оқытпайды?

1) Ресурстарды тиімді пайдалануды
2) Шектеусіз өндіріс ресурстарын
3) Қолдағы ресурстарды ұтымды пайдалануды
4) Материалдық және рухани қажеттіліктерді
5) Шығынды аз жұмсап, пайданы жоғарылатуды

2. Микроэкономика келесілердің қайсысын оқытады?

1) Ұтымды экономикалық шешімдерді
2) Баға қалыптастыруды
3) Ресурстарды үйлесімді таратуды
4) Барлық жауап дұрыс
5) А және В жауаптары

3. Экономистер "сирек кездесетін" деп нені айтады?

1) Басқа ресурчтардың қорына қарағанда осы ресурс қорының шектеулілігін
2) Пайдалы қазбалардың қайнар көзінің таусылуын
3) Ресурстарға жолдың шектеулілігін
4) Біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандыру үшін ресурстардың жеткіліксіздігін
5) Барлық жауап дұрыс

4. Экономикалық қатынастар - бұл:

1) Адамдардың күнделікті өмірімен байланысты ллардың арасындағы қатынастар
2) Жеке елдер арасында қалыптасатын халықаралық қатынастар
3) Тауарлар мен қызметтерді өндіру, тарату және тұтыну процесінде қалыптасатын адамдар арасындағы қатынастар
4) Қоғамның саяси, әлеуметтік және рухани өмірінде қалыптасатын қатынастар
5) Дұрыс жауап жоқ

5. Төмендегі түсініктердің қайсысы микроэкономикада қарастырылмайды?

1) Жоғарғы пайда табу мақсатындағы жеке фирманың қызметі
2) Баламалы (альтернативті) шығындар
3) Нарықтық жеке қатысушыларына мемлекеттің көрсететін әсері
4) Инфляция
5) Жеке нарықтағы бағаның қалыптасуы

6. Төмендегі түсініктерлің қайсысы макроэкономикада қарастырылмайды

1) Жеке тұтынушының нарықтағы әрекеті
2) Халықаралық экономикалық қатынастар
3) Экономикалық өсу
4) Инфляция
5) Қаржы-несие саясаты

7. Экономикадағы "ресурстардың шектеулілігі" түсінігі нені білдіреді:

1) Ресурстардың көп болғандығы соншалықты, оларды тауарлар мен қызметтер өндірісіге толықтай қатыстыруға қоғамның мүмкіндігі жоқ
2) Қоғамда бар ресурстарды жоғары табыстылықпен пайдалану мүмкін емес
3) Қоғамда бар ресурстар оның барлық мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз
4) Экономикалық ресурстср толықтырылмайды
5) Дұрыс жауап жоқ

8. Ресурстардың шектеулілігі және таңдау қажеттілігі .... қатысты?

1) Тек кедей еьдерге
2) Кедей елдерге де, бай елдерге де
3) Қандай елдер үшін екендігі бәрі бір, тек сол елдердегі кедей адамдарға
4) Бай адамдарға қатысты, өйткені олардың қажеттіліктері шектеусіз

9. Ежелгі грек тілінен аударғанда "экономика" сөзі қандай мағынаны білдіреді?

1) Игіліктерді дұрыс тарату жөніндегі заңдарды
2) Мемлекет жөніндегі заңдарды
3) Үй шаруашылығындағы заңдарды
4) Меншік жөніндегі заңдарды
5) Барлығы дұрыс

10. Экономика жүйесіндегі бағаның жалпы деңгейі мен жұмыссыздық қай бөлімде оқытылады?

1) Макроэкономика
2) Микроэкономика
3) Менеджмент
4) Халықаралық қаржылар
5) Дұрыс жауап жоқ

11. Экономикалық теорияның болжамдық міндеті нені білдіреді?

1) Экономикалық білімдерді тәжиребеде қолдануды
2) Экономикалық процестерге дұрыс баға беруді
3) Экономикалық жағдайлардың болашағын алдын-ала болжауды
4) Шынайы экономикалық процестерді танытуды
5) Барлық жауап дұрыс

12. Индукция әдісі - бұл:

1) Ойлардың жалпы жағдайын жеке фактілерге өтуінен тұрады
2) Экономикалық құбылыстарды нақты талапқа сай қарастырады
3) Ойлардың жеке фактілерден жалпы теорияға өтуінен тұрады
4) Дұрыс жауабы жоқ
5) Барлығы дұрыс

13. Математикалық үлгілеу әдісі:

1) Экономикалық қызметті онтайлы нысандалған түрде көрсетуге мүмкіндік береді
2) Шындықтан бөліп абстракциялауға мүмкіндік береді
3) Экономикалық құбылыстарды сызба түрінде көрсетуге мүмкіндкк береді
4) Ойлардың жалпы жағдайдан жеке фактілерге өтуінен тұрады

14. Дедукция әдісі:

1) Экономикалық қызметті онтайлы нысандалған түрде көрсетвге мүмкіндік бередң
2) Шындықтан бөліп абстракциялауға мүмкіндік береді
3) Экономикалық құбылыстарды сызба түрінде көрсетуге мүмкіндік береді
4) Ойлардың жалпы жағдайдан жеке фпктілерге өтуңнен тұрады

15. Экономикалық теорияның қай әдісі заттарды іс жүзінде қандай болса, солай қарастырады?

1) Нормативтік әдіс
2) Талдау әдісі
3) Позитивті әдіс
4) Синтез әдісі