Тест: Қазақ тілі 7класс


Список вопросов


1. Үндестік заңы сақталып жазылған сөзді белгілеңіз.

1) әсемпаз
2) сәнқой
3) дәптер
4) кітап

2. Бірыңғай жуан дауысты дыбысты сөздер қатарын табыңыз.

1) емхана, зиянкес
2) әкетай, апатай
3) кабинет, мектеп
4) орындық, парта

3. Қазақ тіліндегі сөз таптаптарының санын анықтаңыз.

1) 8
2) 7
3) 9
4) 6

4. Айтылуы жіңішке сөзді белгілеңіз.

1) бақылау
2) еріншек
3) қолдау
4) балалық

5. Кісі есімі бар сөйлемді табыңыз.

1) Айбары асқан Алатауымыз бар
2) Айбарлы туымыз желбіреп тұр.
3) Көк байрағымыз ерекше айбарлы.
4) Айбар биыл ауылға барды.

6. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз. Келесі көше... үлкен кітап дүкені бар.

1) -де
2) -мен
3) -ден
4) -нің

7. «Нешінші?» сұрағына жауап беретін нұсқаны табыңыз.

1) Кітап екі жүз беттен тұрады екен.
2) Ойын шартымен екі-екіден бөліндік.
3) Біздің пәтеріміз жетінші қабатта.
4) Әр оқушыға он бестей оқулық керек.

8. Заттың дәмін білдіретін сөзді белгілеңіз.

1) қою
2) ащы
3) қатты
4) жұмсақ

9. Жалқы есімді сөйлемді көрсетіңіз.

1) Хандардың жанында жыраулар болған.
2) Қазақ хандығы 15-ғасырда құрылды.
3) Абылайхан үш жүздің басын қосқан.
4) Халық қаласа, хан тағынан түседі.

10. Қарсы мағыналы сөздерді белгілеңіз.

1) ұзын, биік
2) ыстық, жылы
3) арзан, қымбат
4) белгілі, білімді

11. Асты сызылған сөзге қарсы мәнді сөзді белгілеңіз. Мектеп оқушыларының үлгерімі жоғары.

1) аз
2) төмен
3) жақсы
4) дұрыс

12. Сызықшамен жазылатын сөзді анықтаңыз.

1) Ауызба ауыз
2) Он күндік
3) Оқ жетпес
4) Түйе құс

13. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді белгілеңіз. Биыл жазда жаңбыр жиі жауды.

1) аз
2) көп
3) қатты
4) жақсы

14. Екі сөзден жасалған күрделі сөзді көрсетіңіз.

1) аудан
2) мұғалім
3) кітапхана
4) балабақша

15. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

1) ата ана
2) бос уақыт
3) ас қазан
4) әке шеше