Тест: Майра 5


Список вопросов


1. 1. Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық жанрлар: ән, би, маршпен таныстыру.

1) Ерте жас тобы, музыка
2) Ортаңғы топ, музыка
3) Ересек топ, құрастыру
4) Ортаңғы топ, мүсіндеу
5) Мектепалды топ, би өнері

2. 1. Қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдермен жауап беруге, өзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді және жауаптың дұрыстығын ажырата білуге және дұрыс жауабын ұсынуға үйрету

1) Ерте жас тобы, қазақ тілі, тілдің грамматикалық құрылымы
2) Кіші топ, қазақ тілі, сөздік қор
3) Ортаңғы топ, қазақ тілі, тілдің грамматикалық құрылымы
4) Ересек топ, қазақ тілі, сөздік қор
5) Ересек топ, қазақ тілі, Тілдің грамматикалық құрылымы.

3. 1. Музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдауға, музыканың сипатын түсінуге, музыкалық шығарманың неше бөлімнен тұратынын білуге және ажыратуға үйрету.

1) Ерте жас тобы, музыка тыңдау
2) Ортаңғы топ, музыка тыңдау
3) Ортаңғы топ, би өнері
4) Мектепалды топ, би өнері
5) Ересек топ, музыка тыңдау

4. 1. Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.

1) Ерте жас тобы, математика негіздері, жиын
2) Ортаңғы топ, математика негіздері, шама
3) Кіші топ, математика негіздері, сан және санау
4) Ересек топ, математика негіздері, шама
5) Ересек топ, математика негіздері, сан және санау

5. 1. танымдық қызығушылықты дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, талдау жасай білуге, қорытынды шығаруға баулу; сенсорлық қабілеттерін, бастапқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

1) Ерте жас тобы, Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытудың мақсаты
2) Ортаңғы топ, Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытудың мақсаты
3) Кіші топ, Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытудың міндеті
4) Ересек топ, Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытудың міндеті
5) МАД топ, Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытудың міндеті

6. 1. Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу

1) Ересек топ, құрастыру
2) Ерте жас тобы, жапсыру
3) Ортаңғы топ, мүсіндеу
4) Мектепалды топ, құрастыру
5) Ортаңғы топ, құрастыру

7. 1. Ұзындығы, ені, және биіктігі бойынша екі затты салыстыру, екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып, жуандығы бойынша заттарды салыстыру

1) Ерте жас тобы, математика негіздері, жиын
2) Кіші топ, математика негіздері, сан және санау
3) Ортаңғы топ, математика негіздері, шама
4) Ересек топ, математика негіздері, сан және санау
5) Ересек топ, математика негіздері, шама

8. 1. Құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап зерттеуге және кірпіштерді, тақтайшаларды тігінен қатарға орналастырып, бір-бірімен мықтап бекіту тәсілдерін қолданып, өз бетінше құрастыруға мүмкіндік беру, өзінің тұрғызған құрылысын талдауға баулу

1) Ерте жас тобы, жапсыру
2) Ортаңғы топ, мүсіндеу
3) Ортаңғы топ, құрастыру
4) Ересек топ, құрастыру
5) Мектепалды топ, құрастыру

9. 164. Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу

1) Ерте жас тобы, математика негіздері, жиын
2) Ересек топ, математика негіздері, геометриялық фигуралар
3) Ересек топ, математика негіздері, сан және санау
4) Кіші топ, математика негіздері, геометриялық фигуралар
5) Ортаңғы топ, математика негіздері, геометриялық фигуралар

10. 1. Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, бұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу.

1) Ерте жас тобы, жапсыру
2) Ересек топ, құрастыру
3) Мектепалды топ, құрастыру
4) Ортаңғы топ, құрастыру
5) Ортаңғы топ, мүсіндеу

11. 1. Мақсаты балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, олардың өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау болып табылады.

1) Ерте жас тобы, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
2) Кіші топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
3) Ортаңғы топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
4) МАД топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
5) Ересек топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты

12. 1. Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру

1) Ерте жас тобы, жапсыру
2) Ортаңғы топ, құрастыру
3) Ортаңғы топ, мүсіндеу
4) Ересек топ, құрастыру
5) Мектепалды топ, құрастыру

13. 166. түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту;

1) Ерте жас тобы, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
2) Кіші топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
3) Ортаңғы топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
4) МАД топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
5) Ересек топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті

14. 1. Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір- біріне арақатынасын беру.

1) Ерте жас тобы, сурет салу
2) Кіші топ, сурет салу
3) МАД топ, сурет салу
4) Ортаңғы топ, сурет салу
5) Ересек топ, сурет салу

15. 1. Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу.

1) Ерте жас тобы, жапсыру
2) Ересек топ, мүсіндеу
3) Мектепалды топ, мүсіндеу
4) Ортаңғы топ, жапсыру
5) Ортаңғы топ, мүсіндеу

16. 1. қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту; өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалау арқылы көркем- эстетикалық талғамды дамыту;

1) Ерте жас тобы, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
2) Ересек топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
3) Ортаңғы топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
4) МАД топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
5) Кіші топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты

17. 90. Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу.Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.

1) Ерте жас тобы, сурет салу
2) Ортаңғы топ, сурет салу
3) Ересек топ, сурет салу
4) Ортаңғы топ, жапсыру
5) Мектепалды топ, сурет салу

18. 1. Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). Музыканың сипатын сезінуге үйрету, таныс шығармаларды білу, тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу,

1) Ерте жас тобы, музыка тыңдау
2) Кіші топ, музыка тыңдау
3) Ортаңғы топ, музыка тыңдау
4) МАД топ, ән айту
5) Ересек топ, музыка тыңдау

19. 1. Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту

1) Ерте жас тобы, музыка тыңдау
2) МАД топ, ән айту
3) Ересек топ, ән айту
4) Кіші топ, музыка тыңдау
5) Ортаңғы топ, ән айту

20. 1. Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.

1) Ерте жас тобы, сурет салу
2) Ересек топ, сурет салу
3) Ортаңғы топ, құрастыру
4) Мектепалды топ, сурет салу
5) Ортаңғы топ, сурет салу

21. 176. Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру

1) А.Ерте жас тобы, Музыкалық-ырғақты қимылдар
2) Кіші топ, музыка тыңдау
3) Ересек топ, Музыкалық-ырғақты қимылдар
4) Ортаңғы топ, ән айту
5) МАД топ, Музыкалық-ырғақты қимылдар

22. 1. қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;

1) Ерте жас тобы, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
2) Ортаңғы топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
3) Ересек топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
4) Ортаңғы топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
5) Мектепалды топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеттері

23. Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау

1) Ерте жас тобы, Музыкалық-ырғақты қимылдар
2) Кіші топ, билер
3) Ересек топ, Музыкалық-ырғақты қимылдар
4) Ортаңғы топ, ән айту
5) Ересек топ, билер

24. 1. Мақсаты жалпы адами нормалар мен ережелер және экологиялық білім негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

1) Ерте жас тобы, Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты
2) Ортаңғы топ, Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты
3) Кіші топ, Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты
4) Ересек топ, Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты
5) Ересек топ, Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты

25. 1. балалардың қалауы бойынша материалдарды, бейнелеу техникасын (саусақпен, алақанмен, мақтамен, сазбалшықпен, ермексазбен, қағазбен) таңдауға мүмкіндік беру;

1) Ерте жас тобы, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
2) Ортаңғы топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
3) Ортаңғы топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
4) Ересек топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
5) Мектепалды топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеттері

26. 1. ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастарымен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту;

1) Ерте жас тобы, Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың міндеті
2) Ортаңғы топ, Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың міндеті
3) Ересек топ, Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың міндеті
4) Кіші топ, Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың міндеті
5) Ересек топ, Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың міндеті

27. 84. қарапайым заттарды, құбылыстарды, пішіндерді, түстерді, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру, көз бен қолдың үйлесімін дамыту;

1) Ерте жас тобы, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
2) Ортаңғы топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың мақсаты
3) Ортаңғы топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
4) Ересек топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеті
5) Мектепалды топ, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудың міндеттері

28. 5. Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

1) Ерте жас, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
2) Ортаңғы топ, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
3) Кіші топ, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
4) МАД. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
5) Ересек топ, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

29. 1. Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу.

1) Ортаңғы, қазақ тілі, Тілдің грамматикалық құрылымы.
2) Ортаңғы топ, қазақ тілі, Сөздік қор.
3) Ортаңғы топ, қазақ тілі, Байланыстырып сөйлеу
4) Ересек топ, қазақ тілі, Байланыстырып сөйлеу
5) МАД. қазақ тілі, Байланыстырып сөйлеу

30. 1. ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін зат есімдермен байыту;

1) Ортаңғы топ, Сөздік қорды қалыптастыру.
2) МАД. Сөздік қорды қалыптастыру.
3) Ерте жас, Сөздік қорды қалыптастыру.
4) Ересек топ, Сөздік қорды қалыптастыру.
5) Кіші топ, Сөздік қорды қалыптастыру.

31. 1. Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).

1) Ерте жас, қазақ тілі, Тілдің грамматикалық құрылымы.
2) МАД. қазақ тілі, Тілдің грамматикалық құрылымы.
3) Кіші топ, қазақ тілі, Тілдің грамматикалық құрылымы.
4) Ересек топ, қазақ тілі, Тілдің грамматикалық құрылымы.
5) Ортаңғы топ, қазақ тілі, Тілдің грамматикалық құрылымы.

32. 1. еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу- жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау, көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін етістіктермен байыту;

1) Ерте жас, Сөздік қорды қалыптастыру.
2) МАД. Сөздік қорды қалыптастыру.
3) Кіші топ, Сөздік қорды қалыптастыру.
4) Ортаңғы топ, Сөздік қорды қалыптастыру.
5) Ересек топ, Сөздік қорды қалыптастыру.

33. 1. Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу

1) Ерте жас, қазақ тілі Сөздік қор.
2) Ортаңғы топ, қазақ тілі, Сөздік қор.
3) Кіші топ, қазақ тілі, Сөздік қор.
4) Ересек топ, қазақ тілі, Сөздік қор.
5) МАД. қазақ тілі, Сөздік қор.

34. 1. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу, балаларға бесік жырын күнделікті ұйықтар алдында тыңдатуды әдетке айналдыру, топтағы барлық баланы ересектердің жақсы көретінін сездіру.

1) МАД. Сөздік қорды қалыптастыру.
2) Кіші топ, Сөздік қорды қалыптастыру.
3) Ерте жас, Сөздік қорды қалыптастыру.
4) Ересек топ, Сөздік қорды қалыптастыру.
5) Ортаңғы топ, Сөздік қорды қалыптастыру.

35. 1. Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту. Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.

1) Ерте жас, қазақ тілі, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
2) Ортаңғы топ, қазақ тілі, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
3) МАД. қазақ тілі, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
4) Кіші топ, қазақ тілі, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
5) Ересек топ, қазақ тілі, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

36. 1. Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

1) Ерте жас, Байланыстырып сөйлеу.
2) Кіші топ, Байланыстырып сөйлеу.
3) МАД. Байланыстырып сөйлеу.
4) Ортаңғы топ, Байланыстырып сөйлеу.
5) Ересек топ, Тілдің грамматикалық құрылымы.

37. 1. Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу.

1) Ортаңғы топ, көркем әдебиет, кітаптарға қызығушылықты ояту
2) МАД. көркем әдебиет, кітаптарға қызығушылықты ояту
3) Ерте жас, көркем әдебиет, кітаптарға қызығушылықты ояту
4) ересек топ, көркем әдебиет, кітаптарға қызығушылықты ояту
5) Кіші топ, көркем әдебиет, кітаптарға қызығушылықты ояту

38. 1. Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу. Балаларды бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерін, авторлық шығармаларды тыңдауға үйрету.

1) Ерте жас, көркем әдебиет
2) Ересек топ, көркем әдебиет
3) Кіші топ, көркем әдебиет
4) МАД. көркем әдебиет
5) Ортаңғы топ, көркем әдебиет

39. 12. Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру. Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.

1) Ерте жас, сурет салу
2) Ересек топ, сурет салу
3) Кіші топ, сурет салу
4) МАД. сурет салу
5) Ортаңғы топ, сурет салу

40. 1. Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.

1) Кіші топ, көркем әдебиет, кітаптарға қызығушылықты ояту
2) Ортаңғы топ, көркем әдебиет, кітаптарға қызығушылықты ояту
3) Ерте жас, көркем әдебиет, кітаптарға қызығушылықты ояту
4) Ересек топ, сөйледі дамыту, кітаптарға қызығушылықты ояту
5) МАД. қазақ тілі, кітаптарға қызығушылықты ояту

41. 1. Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.

1) Ерте жас, сурет салу
2) Кіші топ, сурет салу
3) Ортаңғы топ, сурет салу
4) МАД. сурет салу
5) Ересек топ, сурет салу

42. 1. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру. Екеуден, үшеуден бірінің артынан бірі қатарға тұру, бағыт бойынша түзелу; оңға, солға бұрылу, орнында айналу; араларын алшақ ұстау және жақын тұру.

1) Ерте жас, Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру.
2) Кіші топ, Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру.
3) Ересек топ, Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру.
4) Ортаңғы топ, Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру.
5) МАД. Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру.

43. 1. Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу.

1) Ерте жас, мүсіндеу
2) Ересек топ, мүсіндеу
3) Кіші топ, мүсіндеу
4) МАД. мүсіндеу
5) Ортаңғы топ, мүсіндеу

44. 1. Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.

1) Ерте жас, Байланыстырып сөйлеу.
2) Ересек топ, Байланыстырып сөйлеу.
3) Ортаңғы топ, Байланыстырып сөйлеу.
4) Кіші топ, Байланыстырып сөйлеу.
5) МАД. Байланыстырып сөйлеу.

45. 1. Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

1) МАД. мүсіндеу
2) Ересек топ, мүсіндеу
3) МАД. мүсіндеу
4) Кіші топ, мүсіндеу
5) Ортаңғы топ, мүсіндеу

46. 68. допты бір-біріне төменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 метр қашықтықта), қағып алу; допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 метр қашықтықтан); допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет).

1) Ерте жас, дене шынықтыру, Лақтыру, домалату, қағып алу
2) Кіші топ, дене шынықтыру, Лақтыру, домалату, қағып алу
3) Ортаңғы топ, дене шынықтыру, Лақтыру, домалату, қағып алу
4) Ересек топ, дене шынықтыру, Лақтыру, домалату, қағып алу
5) МАД. дене шынықтыру, Лақтыру, домалату, қағып алу

47. 1. Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.

1) Ерте жас, Байланыстырып сөйлеу.
2) МАД. Байланыстырып сөйлеу.
3) Кіші топ, Байланыстырып сөйлеу.
4) Ортаңғы топ, Байланыстырып сөйлеу.
5) Ересек топ, Байланыстырып сөйлеу.

48. 1. дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.

1) Ортаңғы топ, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
2) Ересек топ, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
3) Ерте жас, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
4) Кіші топ, Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
5) МАД. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

49. 1. сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.

1) Ерте жас, Сөздік қор. .
2) МАД. Сөздік қор
3) Кіші топ, Сөздік қор.
4) Ересек топ, Сөздік қор.
5) Ортаңғы топ, Сөздік қор

50. 67. 4–5 сызықтан аттап (сызықтардың арақашықтығы 40–50 сантиметр) секіру, 20–25 сантиметр биіктіктен секіру, орнынан ұзындыққа (шамамен 70 сантиметр), қысқа секіргішпен секіру.

1) Ерте жас, дене шынықтыру, секіру
2) Кіші топ, дене шынықтыру, секіру
3) Ересек топ, дене шынықтыру, секіру
4) Ортаңғы топ, дене шынықтыру, секіру
5) МАД. дене шынықтыру, секіру