Тест: ҰБТ сұрақтары 1


Список вопросов


1. Мейоздың ерекшеліктерін белгілеңіз:

1) бір диплоидты жасушадан төрт гаплоидты жасуша пайда болады
2) өсу процесінің маңызды кезеңі
3) дене жасушалары бөлінеді
4) Гомологты хромосомалардың конъюгациясы жүреді
5) Кроссинговер жүрмейді, хиазма түзілмейді
6) интерфаза тән
7) Генетикалық тұрақтылық сақталады
8) Тірі ағзалардың жыныссыз көбеюінде маңызды

2. Митоздың ерекшеліктерін белгілеңіз:

1) Гомологты хромосомаларда конъюгация жүреді
2) Нәтижесінде спора немесе гамета түзіледі
3) Гомологты хромосомаларда кроссинговер жүрмейді
4) Тірі ағзалардың жынысты көбеюінде маңызды
5) Кейбір ағзаларда регенерация жүруінде маңызды
6) Бөлінуге дайындық кезеңі интерфаза жүреді
7) Екі кезеңі белгілі
8) Еншілес жасушаларға генетикалық өзгергіштік тән

3. Ағзада ақуыздың қорытылуына жауап беретін ферменттер:

1) амилаза
2) лизоцим
3) липаза
4) пепсин
5) лактаза
6) трипсин
7) мальтаза
8) химотрипсин

4. Негізгі ұлпадан қандай жапырақ құрылымы түзіледі?

1) кутикула
2) эпидермис
3) мезофилл
4) флоэма
5) ксилема
6) лептесік
7) жапырақ тақтасы
8) жапырақ сағағы

5. Жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі:

1) қарашықты кішірейтеді
2) қан қысымын жоғарылатады
3) дене температурасын төмендетеді
4) асқорыту мүшелерінің қызметін күшейтеді
5) қантамырларды тарылтады
6) сілекейдің бөлінуін арттырады
7) жүрек соғысы баяулайды
8) зәрдің түзілуі артады

6. Қалқанша безінің қызметі бұзылғанда пайда болатын аурулар:

1) кретинизм
2) аддисон
3) миксидема
4) қола ауруы
5) базедов ауруы
6) ергежейлілік
7) алыптылық
8) қант диабеті

7. Сүйекті балықтарға тән қасиеттер:

1) клоакасы бар
2) қанқасы шеміршекті
3) плакойдты қабыршақ
4) қаңқасы сүйекті
5) іштей ұрықтанады
6) торсылдағы болады
7) кәсіптік мәні жоқ
8) жалпақ ірі қабыршақты

8. Вирус тудыратын ауру түрлері:

1) тұмау
2) баспа
3) шешек
4) іш сүзегі
5) оба
6) ұшық
7) туберкулез
8) топалаң

9. Шартты рефлекстің шартсыз рефлекстен айырмашылығы:

1) түшкіру, жөтелу секілді қорғаныш рефлекстері жатады
2) бір түрдің барлық дарақтарына тән
3) тұқым қуаламайды
4) туа пайда болады
5) әрбір түрдің жеке өзіне тән
6) өмір бойы өзгермейді
7) жүре пайда болады
8) тұқым қуалайды

10. Вена қан тамырының ерекшелігі:

1) ең ірі қантамыр - қолқа
2) қанды жүрекке тасымалдайды
3) 3 қабатты қабырғасы жұқа бұлшықетті
4) 2 қабатты қабырғасы қалың бұлшықетті
5) жүректен шыққан қанды тасымалдайды
6) өте ұсақ қантамыр
7) қақпақшалары бар
8) бір қабатты эндотелийден тұрады

11. Балықтардың қанайналым жүйесі:

1) бір шеңберлі
2) жүрегі төрт қуысты
3) жүрегі үш қуысты
4) екі шеңберлі
5) вена қаны ғана болады
6) жүрегі екі қуысты
7) тұйық қанайналым
8) ашық қанайналым

12. Митохондрияның құрылысына тән белгі:

1) ішкі мембрана иірімді
2) ішкі сұйықтығы-строма
3) тилакоидты мембрана
4) тилакоидты граналар
5) құрамында днқ болады
6) граналар ламелла арқылы байланысқан
7) жарықты сіңіреді
8) ішкі кеңістігі матрикс деп аталады

13. Дәнекер ұлпасының түрлері:

1) эпителий
2) лимфа
3) бірыңғай салалы бұлшықет
4) миокард ұлпасы
5) сүйек
6) қан
7) жүйке
8) көлденең жолақты бұлшықет

14. Лимфаның қызметі:

1) асқорытуға қатысады
2) ішектің бүрлеріндегі майды сіңіреді
3) дене температурасын көтереді
4) қимыл-қозғалысты реттейді
5) микроағзаларды сүзеді
6) қан қысымын төмендетеді
7) ұлпа сұйықтығын қанайналым жүйесіне қайтарады
8) қанды ұйытады

15. Топтасып жиналған спорангийлер тобы:

1) эндосперм
2) тұқымбүршік
3) фитонцид
4) вайя
5) ризоид
6) микориза
7) сорус
8) бүржидек

16. Адам ағзасындағы эпителий ұлпасының түрлері:

1) жалпақ
2) текшелі
3) тығызталшықты
4) кірпікшелі
5) борпылдақ
6) бірыңғай салалы
7) көлденең жолақты
8) шеміршекті