Тест: КЗ яз тест


Список вопросов


1. Еңбек туралы мақалды белгілеңіз.

1) Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.
2) Жігітті намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.
3) Еңбегіне қарай –құрмет, Жасына қарай –ізет.
4) Сөз атасы – құлақ, су атасы – бұлақ,
5) Ақыл –дария, ой –мұхит.

2. Тәуелдік жалғаулы сөз қандай жалғаулы сөзбен байланысады?

1) табыс септігі
2) ілік септігі жалғауы
3) көптік жалғауы
4) жіктік жалғауы
5) көмектес септігі

3. Бір заттың басқа бір затқа я адамға тәуелді, меншікті екенін білдіретін қосымша?

1) жұрнақ
2) септік жалғауы
3) көптік жалғауы
4) жіктік жалғауы
5) тәуелдік жалғауы

4. Тәуелдік жалғауларын белгілеңіз.

1) -лар, -лер
2) -ға, -ге, -қа, -ке
3) –ы, -ым, -ыңыз
4) –да, -де, -та, -те
5) -мын, -мін

5. Тәуелдік жалғаулы сөзді белгілеңіз.

1) еңбегің
2) жұмыссыз
3) кәсіпкерсің
4) меншіктің
5) сұранысқа

6. Оңаша тәуелденуді табыңыз.

1) балаларыңыз
2) кәсіптері
3) жеріміз
4) кәсіптерің
5) жерім

7. Ортақ тәуелденуді табыңыз.

1) баласы
2) жері
3) кәсіптері
4) тобың
5) кәсібім

8. «Кәсіпкер» деген – кім?

1) Жекеменшік иесі ретінде тарихқа жаңалық енгізетін, жаңа технологияны қолданатын субъект
2) Отбасылық кәсіпорындарды ұйымдастырумен айналысатын субъект
3) Пайда табу мақсатын көздейтін, өнерге жаңалық енгізетін субъект
4) Жекеменшік иесі ретінде экономикаға жаңалық енгізетін, жаңа тәсілді қолданатын субъект
5) Өз еңбегінің айналымымен ғана шектелетін өндірістегі қызметкер.

9. «Ешкімге айтпа», «Қара сандық», «Шайтанның шатағы», «Ақымақтың миы» шығармалар жинағының авторы, танымал жазушы.

1) Қаныш Сәтбаев
2) Ғабиден Мұстафин
3) Дулат Исабеков
4) Балғабек Қыдырбекұлы
5) Қадыр Мырза Әлі

10. Балғабек Қыдырбекұлының ауыл баласының теміржол құрылысына қалай келгендігін баяндайтын шығармасы

1) «Теміржолшының өмірі» әңгімесі
2) «Тарихи оқиғаның шежіресі» әңгімесі
3) «Теміржолшы – Әліш Үмбеталов» әңгімесі
4) «Қазақстан теміржолының тарихы» еңбегі
5) «Теміржолшы» әңгімесі

11. «Теміржолшы» әңгімесінің авторы, танымал жазушы.

1) Дулат Исабеков
2) Қаныш Сәтбаев
3) Балғабек Қыдырбекұлы
4) Ғабиден Мұстафин
5) Қадыр Мырза Әлі

12. Балғабек Қыдырбекұлының «Теміржолшы» әңгімесінің кейіпкері?

1) Аппақ Байжанов
2) Әліш Үмбеталов
3) Сергей Щербаков
4) Қамажай
5) Темірбек