Тест: пропед2


Список вопросов


1. Берілген нұсқалар ішінен қандай белгілерді жедел лейкозға тән емес деп есептейсіз?

1) геморрагиялық синдром
2) бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндерінің ұлғаюы
3) тері бөртпелерінің болуы
4) аурудың жедел басталуы қызба

2. Ағзаға темір жетіспеушілігі қандай патологияға әкеледі?

1) Қантты диабет
2) Анемия
3) Эндемиялық зоб
4) Паркинсон ауруы
5) Остеопороз

3. В12 тапшылықты анемияға тән симптомды анықтаңыз:

1) лимфа түфіндерінің ұлғаюы
2) тері гиперемиясы
3) тіл аймағындағы күйдіру және ауырсыну
4) тері мацерациясы, ұйымалар дене қызуының көтерілуі

4. Жедел лейкоз кезінде пациенттерге арнайы күтім қажет. Аталған мәселеге орай, жедел лейкозда күтімнің қандай түрлерінің қамтылуы аса маңызды?

1) тазарту клизмасын қою
2) қалта ингаляторын қолдану
3) ерекше күтім қажет емес
4) жылыту ванналары
5) тері жамылғысын, қызбамен ауыратын науқастарды күту

5. Қан аурулары кезінде үлкейген лимфа түйіндері қандай сипатта болып келеді?

1) ауырсынусыз, бір-біріне жабыспайтын, жылжымалы
2) ауырсынумен, тығыз, қаптар түзеді, іріңдейді
3) ауырсынусыз, тығыз, түйнек тәрізді, қозғалмайтын
4) ауырсынумен, жұмсақ, олардың үстіндегі тері ыстық, гиперемияланған

6. Көкбауырды пальпациялау барысында науқас қандай қалыпта болуы керек?

1) сол жақ қырымен жату
2) түрегеп тұру
3) оң жақ қырымен жату
4) шалқасынан жату
5) жүрелеп отыру

7. Түстік көрсеткіштің ұлғаюы анемияның қай түрінде көздеседі?

1) постгеморрагиялық
2) В12 тапшылықты
3) теміртапшылықты
4) гемолитикалық

8. Қандай жағдайда қан ұю уақыты артады?

1) тромбоцитопения
2) тамыр қабырғасының сынғыштығы
3) гемостаздың барлық компоненттерінің жеткіліксіздігі.
4) ұюдың плазмалық факторларының жеткіліксіздігі.
5) тромбоцитопатия

9. Жедел қан кетуден кейін қандай зертханалық параметрлер бірінші болып өзгереді ?

1) қанның түсті көрсеткіші
2) қан формуласы
3) эритроциттердің шөгу жылдамдығы
4) Лейкоциттік формула
5) Гемоглобин және гематокрит

10. Тіндерге оттегінің жетіспеуі қан құрамындағы қандай көрсеткіштердің төмендеуінен орын алады?

1) Лейкоциттердің, эритроциттердің
2) Түстік көрсеткіш, ЭТЖ
3) Гемоглобин және эритроциттердің
4) Тромбоциттердің, эритроциттердің
5) Лейкоциттердің, ЭТЖ

11. Қандай себептерге байланысты қан және қан түзілу мүшелерінің ауруларында көп қан кету қаупі әсіресе жоғарылайды?

1) тырнау, тері қышуы
2) тамыр қабырғаларының бұзылыстары
3) тромбоциттердің азаюы, тамыр қабырғасының өзгерістері, қан ұю жүйесінің өзгерістері
4) ағзаға темір жетіспеушілігі, тамыр қабырғасының өзгерістері
5) ағзаға темір жетіспеушілігі

12. Қандай жағдайларда жүре пайда болған гемолитикалық анемия синдромы дамиды?

1) бүйрек аурулары
2) гемолитикалық улардың әсері
3) лейкоциттерге антиденелердің түзілуі
4) лимфоциттерге антиденелердің түзілуі
5) өкпе аурулары

13. Анемиялық синдромның дамуына әкелетін ең басты ықтимал себепті атаңыз:

1) амилаза тапшылығы
2) Кастлдің ішкі факторының тапшылығы
3) бронх өткізгіштігінің бұзылуы
4) созылмалы коронарлық жеткіліксіздік
5) артериялық гипертензия

14. Тіл және ауыз қуысының шырышты қабатындағы қандай өзгерістерді теміртапшылықты анемияға тән белгілер деп санаймыз?

1) ауыз қуысы шырышты қабатындағы ойық жаралар
2) ауыз қуысы шырышты қабатындағы ұсақ нүктелі қан құйылулар
3) тіл емізікшелерінің айқын атрофиясы
4) қызыл иек гипертрофиясы мен қызаруы
5) езулерінің жарылуы

15. Төменде көрсетілген себептердің қайсысы В12 тапшылықты анемиясының дамуына әкелетін ең ықтимал себеп болып табылады?

1) Инфекциялық әсерлер
2) Эритроциттердің даму бұзылыстары
3) Гемолитикалық улармен улану
4) Касл факторының тапшылығы
5) Тағамда темір жеткіліксіз болуы

16. Ағзадағы қандай патологиялық өзгерістер анемия синдромының даму себебі болып табылады?

1) жүрек жеткіліксіздігі
2) лейкоциттердің ыдырауының жоғарылауы
3) эритроциттердің ыдырауының жоғарылауы
4) тыныс алу жеткіліксіздігі
5) эритроциттердің түзілуінің жоғарылауы

17. Теміртапшылықты анемияның қандай синдромында бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы анықталып, анемияның ауыр түрі өтеді?

1) эпителиальды
2) жүрек-тамырлы
3) астено-вегетативті
4) гепатолиенальды
5) иммунды тапшылықты

18. Теміртапшылықты анемияның қай синдромында тырнақ, шаш, терінің шырышты қабықтарының дистрофиясы мен атрофиясы орын алады?

1) эпителиальды
2) иммунды тапшылықты
3) астено-вегетативті
4) жүрек-тамырлы
5) гепатолиенальды

19. Ер адам, 47 жаста, анамнезінде – ойық жара ауруына байланысты асқазанның субтотальды резекциясы. Бұл адамда қандай анемия дамуы мүмкін?

1) созылмалы постгеморрагиялық
2) апластикалық
3) гемолиздік
4) темір тапшылықты
5) В12 тапшылықты

20. 1 мл гепариннің ерітінді құрамында неше бірлік гепарин болады?

1) 10000 бірлік
2) 25000 бірлік
3) 500 бірлік
4) 40 бірлік
5) 5000 бірлік