Тест: пропед


Список вопросов


1. Науқас 65 жаста, әлсіздікке, терлегіштікке шағымданады, 2 жыл ішінде 12 кг салмақ тастаған. Объективті: гепатоспленомегалия, лимфоаденопатия. ЖҚА - эр.- 3,0х1012/л, НВ – 85г/л, лейк.- 135х109/л, п- 3%, лимф.-96%, м-1%, Боткин-Гумпрехт көлеңкесі, ЭТЖ- 32 мм/сағ. Болжам диагнозды атаңыз?

1) Созылмалы миелолейкоз
2) Созылмалы лимфолейкоз
3) Миелофиброз
4) Лимфосаркома
5) Апластикалық анемия

2. С. есімді науқас, 45 жас – әлсіздікке, сол жақ қабырға астының ауырсынуына, салмақ жоғалтуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы бозғылт, лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауыр кіндік деңгейінде, тығыз, ауырсынусыз. ЖҚА эр.-3,0х1012/л, лейкоциттер - 96х109/л, миелобласттар-2%, промиелоциттер-4%, метамиелоциттер-8%, пал.-2%, с- 52%,э-9%,б-11%,л-12%, тр.-200х109/л, ЭТЖ- 56 мм/ч.

1) Миелоидты типті лейкемиоидты реакция
2) Жедел миелобластты лейкоз
3) Созылмалы миелолейкоз
4) Созылмалы лимфолейкоз
5) Эритремия

3. Қан жасау жүйесі ағзалары мен жүйесі ауруларындағы қан кету жоғарылығының басты себебі:

1) терінің қышуы,тырнау
2) тромбоциттердің азаюы
3) тамыр қабырғаларының бұзылыстары
4) ағзадағы темір жеткіліксіздігі, тамыр қабырғаларындағы өзгерістер
5) ағзадағы темір жеткіліксіздігі

4. Қан жүйесінің патологиясы кезінде қолданылатын пункция түрі қалай аталады?

1) Люмбальді
2) Стернальді
3) Сүйек миының пунктаты
4) Плевральді
5) Абдоминальді

5. Эритроциттердің ... өзгеруі - Пойкилоцитоз деп аталады:

1) өлшемінің
2) жылжуының
3) түсінің
4) формасының
5) диаметрінің

6. Эритроциттердің қандай мәндегі өзгерістерін пойкилоцитоз деп атайды?

1) ұлғаюы
2) жылжымалылығы
3) пішіні
4) кішіреюі
5) түсі

7. 65 жастағы науқаста лимфоаденопатия. Қан анализінде – абсолютті лимфоцитозбен – лейкоцитоз, Боткин-Гумпрехт көлеңкесі. Сіздің диагнозыңыз:

1) лимфогранулематоз
2) лимфосаркома
3) жедел лейкоз
4) созылмалы лимфолейкоз
5) миеломды ауру

8. Берілген нұсқалардың қайсысы В12 – тапшылықты анемиясының басты белгісі болып табылады?

1) макроцитоз
2) ЭТЖ өзгеруі
3) Түстік көрсеткіштің өзгеруі
4) Микроцитоз
5) Эритроцитоз

9. Қандай жағдайда науқаста некротикалық ангина байқалады?

1) қан кетуден кейін
2) күшті гемолиз кезінде
3) лейкоз кезінде
4) ағзаға темір жеткіліксіздігі кезінде
5) ағзаға В12 витамині жеткіліксіздігінде

10. Қан жасау жүйесі ағзалары ауруларындағы қан кету жоғарылығының басты себебіне нені жатқызуға болады?

1) терінің қышуы, тырнау
2) тамыр қабырғаларының бұзылыстары
3) ағзадағы темір жеткіліксіздігі
4) қан ұю жүйесінің өзгерістері
5) ағзадағы темір жеткіліксіздігі, тамыр қабырғаларындағы өзгерістер

11. Қандай жағдайда қан ұю уақыты артады?

1) тромбоцитопенияда
2) плазмалық коагуляция факторларының жеткіліксізідігінде
3) тамыр қабырғаларының сынғыштығы кезінде
4) гемостаздың барлық компоненттерінің жеткіліксіздігінде
5) ағзадағы темір жеткіліксіздігінде

12. Науқас 68 жаста, шағымдары - әлсіздік, терлегіштік, 2 жыл ішінде 10кг-ға арықтаған. Бауыры, көкбауыры және лимфа түйіндерінің барлық тобы ұлғайған. Нв – 85 г/л, Э-3,0 х 1012/л, лейкоциттер-135,0х10 9 , П-3%; лимфоциттер –96%; моноциттер-1%; Боткина-Гумпрехт көлеңкесі . ЭТЖ- 28 мм/сағ.

1) Созылмалы миелолейкоз
2) Созылмалы лимфолейкоз
3) Жедел лейкоз
4) Лимфосаркома
5) Миелофиброз

13. Қай анемия түрінде түс көрсеткішінің артуы байқалады?

1) постгеморрагиялық
2) темір тапшылықты
3) В12 тапшылықты
4) гемолитикалық
5) апластикалық

14. Созылмалы лейкозда байқалатын белгілерді атаңыз:

1) қан жағындысында Жолли денешіктері мен Кебот сақиналарының болуы
2) абсолютті лимфоцитозбен лейкоцитоз
3) кардиологиялық зерттеу кезінде Ph'-хромосомасынның анықталуы
4) қан жағындысында Боткин-Гумпрехт көлеңкесі
5) анизоцитоз, пойкилоцитоз

15. Қандай ауру түрлері миелопролифератитвті ауруларға жатады?

1) тромбоцитопения
2) созылмалы миелолейкоз
3) созылмалы лимфолейкоз
4) миеломды ауру
5) лимфогранулематоз

16. Қандай синдромдар созылмалы лейкозға тән басты белгілер деп есептелінеді?

1) асқазан диспепсиясы
2) пролиферативті
3) бауыр жеткіліксіздігі
4) ішек диспепсиясы
5) цитолиз

17. В12 тапшылықты анемия симптомы қандай?

1) кілегей қабықтардың бозғылттануы
2) лимфа түйіндерінің ұлғаюы
3) Дәмнің бұзылуы
4) қызба
5) Фуникулярлы миелоз

18. Қандай тұжырымды созылмалы лимфолейкоздағы лимфоаденопатияға қатысты тұжырым деп айтуға болады?

1) іріңдеу кезінде фистулалардың пайда болуы тән
2) пальпация кезінде лимфа түйіндері ауырсынусыз лимфа түфіндері өзара және қоршаған тінмен жабысқан
3) лимфа түйіндерінің пальпациясы барысындағы ауырсыну
4) тас тәрізді лимфа түйіндері

19. В12 - тапшылықты анемия кезінде қанда қандай өзгерістер орын алады?

1) түстік көрсеткіштің төмендеуі
2) ЭТЖ-дағы өзгерістер
3) Микроцитоз
4) түстік көрсеткіштің жоғарылауы
5) Эритроцитов

20. Қай жауап нұсқасы В12 — тапшылықты анемиясының басты себебі болып табылады?

1) донорлық
2) ішкі Кастл факторының тапшылығы
3) геморрой
4) иондаушы саулелер
5) метрорагиялар

21. Жауап нұсқаларының арасынан қай нұсқаны созылмалы лимфолейкоз диагнозын растайтын тұжырымға сәйкес нұсқа деп есептейсіз?

1) сирек инфекциялық асқынулар болады
2) ауру көбінесе ерте жаста байқалады
3) бластемия
4) кардиологиялық зерттеу кезінде Ph'-хромосомасы анықталады

22. Қандай факторлар гемопоэтикалық жүйе патологиясының дамуына мейлінше ықпал етеді?

1) гипертермия
2) жүйкелік кернеу
3) гиподинамия
4) гипотермия
5) рентген сәулелері

23. Қан түзу ағзаларының патологиясы бар науқастар қандай қолайсыздықтарға шағымданады?

1) тіл күюі, сүйектер ауруы
2) тұншығу ұстамалары
3) қыжыл, эпигастрий аймағындағы ауырсыну
4) ұйқы бұзылуы
5) салмақтың ұлғаюы

24. Қан жасау жүйесіндегі бұзылыстарды анықтау кезінде, тері жамылғысы мен кілегей қабаттарын тексергенде қандай өзгерістер анықталады?

1) акроцианоз
2) қан кету
3) цианотикалық қызару
4) диффузды цианоз
5) гиперпигментация аймақтары

25. Гемопоэтикалық жүйе патологиясы бар науқастардың қандай негізгі шағымдары болады?

1) тәбеттің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі
2) жиі зәр шығару
3) тәбеттің артуы
4) никтурия
5) салмақ жоғалту, жүрек соғысы

26. Анемиялық синдромның дамуына қандай факторлар ықпал етеді?

1) гипертермия, қызып кету
2) қан жоғалту, дұрыс тамақтанбау
3) ісіну, аяқтардағы трофикалық бұзылыстар
4) ұйқы қанбау, шаршағыштық
5) тұқым қуалаушылық

27. Қандай қолайсыздық түрі анемиямен ауыратын науқастардың негізгі шағымдарына жатады?

1) әлсіздік, дене қызуының көтерілуі
2) ентігу, жөтел
3) бас айналуы, бас ауруы
4) тұншығу ұстамалары
5) салмақ жоғарылау

28. Қандай қолайсыздық түрі гемопоэз жүйесінің патологиясы бар науқастардың негізгі шағымдары болып табылады?

1) жиі зәр шығару
2) тәбеттің төмендеуі
3) тәбеттің жоғарылауы
4) дене қызуының жоғарылауы
5) салмақ жоғалту

29. Резус факторды және қан тобын анықтау үшін тамырдан қанды қай уақытта алады?

1) Таңертең, аш қарынға, венадан, таза құрғақ, ұюға қарсы центрифугалық пробиркаға, 8-10мл
2) Таңертең, аш қарынға, венадан, таза құрғақ, центрифугалық пробиркаға, 8-10мл
3) Кешке, тамақтан кейін, 10-20 мл
4) Тәуліктің кез келген уақытында таза, центрифугалық пробиркаға, 8-10 мл
5) Түнде тамақтан кейін

30. Қан және қан түзілу мүшелерінің ауруларында қан кету жоғарылауының қандай себептері болады?

1) тамыр қабырғаларының бұзылыстары
2) ағзаға темір жетіспеушілігі
3) тырнау, тері қышуы
4) ағзаға темір жетіспеушілігі, тамыр қабырғасының өзгерістері
5) тромбоциттердің азаюы, тамыр қабырғасының өзгерістері, қан ұю жүйеісінің өзгерістері