Тест: фарм2


Список вопросов


1. Қандай темір препараттары парентеральді қолданылады?

1) урокиназа, темір сульфаты
2) ферроплекс, ферковен
3) ферковен, феррум Лек
4) альтеплаза, темір лактаты
5) гепарин, феррум Лек

2. Иммунитетті тежеу мақсатында қандай дәрілік зат қолданылады?

1) оксолин
2) интерферон
3) анаферон
4) анальгин
5) азатиоприн

3. Азатиоприннің уытты әсерінің негізгі көрінуі:

1) тромб түзілуінің жоғарылауы
2) сүйек кемігінің қызметі тежелуі
3) сүйек кемігінің қызметі жоғарылауы
4) тромбоциттердің жоғарылауы
5) лейкоциттердің көбейіп кетуі

4. Қандай препарат бауыр, бүйрек аллотрансплантат реципиенттерінде трансплантат ажырауының алдын алуда қолданылады?

1) метотрексат
2) дипиридамол
3) такролимус
4) димедрол
5) дексаметазон

5. Қандай препарат кальцийневрин тежегіші мен иммунодепрессантқа жатады?

1) метотрексат
2) пирацетам
3) преднизолон
4) бор қышқылы
5) такролимус

6. Төменде берілген қайсы антигистаминдік препараттың әсері 2 тәулікке созылады?

1) диазолин
2) тавегил
3) лоратадин
4) димедрол
5) супрастин

7. Берілген препараттардың ішіндегі синтетикалық иммуностимуляторды табыңыз:

1) метилпреднизолон
2) дексаметазон
3) левамизол
4) контрикал
5) циклосферон

8. Берілген жауап нұсқаларының арасынан қандай нұсқа антиагреганттық препараттар қатарына жатпайды?

1) ацетилсалицил қышқылы
2) апротинин
3) тромбо АСС
4) клопидогрел
5) тиклопидин

9. Жүктілік кезінде қандай гемофильді фактордың жетіспеушілігі жүйке түтігінің ақауына алып келеді?

1) цианокоболами
2) антиоксиданттар
3) темір
4) фолий қышқылы
5) аскорбин қышқылы

10. Берілген жауап нұсқаларының арасынан қандай нұсқа фибрин талшықтарын ұйындылар мен тромбтарда ерітетін дәрілік затқа жатады?

1) клопидогрел
2) тиклопидин
3) стрептокиназа
4) ацетилсалицил қышқылы
5) дипиридамол

11. Қандай препарат макроцитарлық анемия шақырмайды?

1) фенитоин
2) пириметамин
3) метотрексат
4) ципрофлоксацин
5) пеметрексид

12. Қандай препаратты метотрексаттың жанама әсерін азайту үшін бірге тағайындайды?

1) тиамин
2) пирацетам
3) цианокоболамин
4) ретинол
5) фолий қышқылы

13. Қандай жағдайда темір препараттарын бұшықетке қолданлыады?

1) шұғыл хирургия
2) босанғаннан кейінгі кезең
3) пероральды темірді көтереалмаушылық
4) жүктілік
5) эритроцитоз

14. Төмендегі препараттардың қайсысы мегалобластық анемия шақырмайды?

1) метотрексат
2) примидон
3) N2O
4) ацетилсалицил қышқылы
5) триамтерен

15. Филграстим қай кезде тағайындалады?

1) Анемия кезінде
2) Несеп шығарудың бұзылуында
3) Свит синдромы кезінде
4) Ревматоидты артрит емінде
5) Нейтропения кезінде

16. Қандай препарат иммуностимуляторға жатады?

1) преднизолон
2) циклоспорин
3) димедрол
4) аскорбин қышқылы
5) тималин

17. 8-12 сағат бойы әсер ететін антигистаминдік зат қалай аталады?

1) лоратадин
2) тавегил
3) димедрол
4) супрастин
5) дипразин

18. Берілген нұсқалардың қайсысы иммунитетті төмендететін дәрілік затқа жатады?

1) циклоферон
2) цефепим
3) анаферон
4) циклоспорин
5) циметидин

19. Қан айналымы жүйесінің қандай бұзылыстары кезінде антикоагулянттар тағайындалады?

1) панцитопения, тромбоцитопения
2) гипотония, анемия
3) гипертензия, қан кету
4) тромбофлебит, тромбоэмболия
5) жедел қан жоғалту, тромбоз

20. Қайсы препарат аминокапрон қышқылына қарағанда ұзақ әсер етіп, профибринолизиннің белсенділігін тежейді?

1) ацетилсалицил қышқылы
2) гепарин
3) транексам қышқылы
4) контрикал
5) фолий қышқылы

21. Тромбинді тікелей тежейтіндер затты көрсетіңіз:

1) дабигатран
2) ривароксабан
3) фраксипарин
4) эноксапарин
5) фондапаринукс

22. Қандай препарат гликопротеиндік рецепторлардың тежегішіне жатады?

1) тиклопидин
2) абциксимаб
3) клопидогрел
4) эпопрестенол
5) дазоксибен

23. Берілгендердің қайсысы лейкопоэзды ынталандыратын синтетикалық затқа жатады?

1) цианокоболамин
2) пентоксил
3) ферковен
4) миелосан
5) новэмбихин

24. Лейкопоэзды тежейтін дәрілік затқа жатады:

1) пентоксил
2) филграстим
3) меркаптопурин
4) молграмостим
5) контрикал

25. II буын антигистаминдік заттардың I буыннан қандай айырмашылығы бар?

1) қысқа уақыт әсер етеді
2) М холиноблокаторлық әсері бар
3) тыныштандырғыш әсері бар
4) седативті әсері жоқ
5) пероральды түрі жоқ

26. Қандай препарат антигистаминдік заттардың III буынына жатады?

1) диазолин
2) хлоропирамин
3) фексофенадин
4) лоратадин
5) тавегил

27. Қандай препарат антигистаминдік заттардың II буынына жатады?

1) димедрол
2) лоратадин
3) диазолин
4) фенкарол
5) фексофенадин

28. Қайсы препарат антигистаминдік заттардың I буынына жатады?

1) астемизол
2) фексофенадин
3) лоратадин
4) тавегил
5) дифенгидрамин

29. Стрептокиназаның қандай жанама әсерлерін білесіз?

1) қан ұю жоғарылауы
2) ЭТЖ төмендеуі
3) гипертермия
4) АҚҚ жоғарылауы
5) гипотермия

30. Антикоагулянттық әсері in vivo және in vitro жағдайында анықталатын затты көрсетіңіз?

1) фраксипарин
2) тромбин
3) кардиомагнил
4) гепарин
5) аскорбин қышқылы