Тест: фарм


Список вопросов


1. Гипохромды анемия кезінде қандай дәрілік заттар тағайындалады?

1) ферамид, метилурацил
2) фолий қышқылы, темірдің тотыққан сульфаты
3) ферковен, ацетилсалицил қышқылы
4) феррум-лек, имифос
5) ферроплекс, ферковен

2. Қандай дәрілік зат эритропоэзды тежейді?

1) темірдің тотыққан сульфаты
2) имифос
3) ферковен
4) феррум лек
5) ферамид

3. Қандай дәрілік заттар фибринолиз ингибиторларына жатады?

1) тромбин, викасол
2) натрий нуклеаты, метилурацил
3) аминокапрон қышқылы, контрикал
4) фолий қышқылы, ацетилсалицил қышқылы
5) адроксон, фибриноген

4. Қандай дәрілік заттар простациклиндік рецепторларды ынталандырады?

1) тиклопидин, клопидогрел
2) абциксимаб, метилурацил
3) дипиридамол, гепарин
4) эпопростенол, карбациклин
5) фраксипарин, эпопростенол

5. Берілген нұсқалардың қайсысы тиклопидиннің әсер ету механизміне сәйкес келеді?

1) III антитромбинмен байланысуына негізделген
2) пресинаптикалық ұштардың көпіршіктерінде норадреналиннің байланысуы мен сақталуын тежейді
3) ЦОГ-1 мен ЦОГ-2 ингибирлейді!
4) АДФ-тың тромбоцит мембранасындағы рецепторларымен байланысуын қайтымсыз бұзады
5) синокаротидты аймақтағы хеморецепторларды стимуляциялайды

6. Қайсы препарат гепариннің антагонисті болып табылады?

1) налоксон
2) имифос
3) АЦЦ
4) протамин сульфат
5) дипиридамол

7. Аталған нұсқалардың ішінен қайсы препарат тікелей әсерлі тромболитикалық зат болып табылады?

1) стрептодеказа
2) фибринолизин
3) урокиназа
4) адроксон
5) альтеплаза

8. Қандай дәрілік зат тромбоциттердің фосфодиэстеразаларын ингибирлейді?

1) фраксипарин
2) неодикумарин
3) фенилин
4) синкумар
5) дипиридамол

9. Қандай антиагреганттық затты ұзақ уақыт бойы қабылдау асқазанның шырышты қабығына ульцерогенді әсер етеді?

1) ацетилсалицил қышқылы
2) тиклопидин
3) кеторолак
4) гепарин
5) викасол

10. Аталған нұсқалардың ішінен қайсы препарат коагулянттардың жергілікті түріне жатады?

1) гепарин
2) фибриноген
3) стрептокиназа
4) тромбин
5) ацетилсалицил қышқылы

11. Берілген нұсқалар ішінен қай тұжырым викасол препаратының әсер ету механизмін дәл сипаттайды?

1) кальций иондарын байланыстырады
2) протромбиннің тромбинге айналуына кедергі келтіреді
3) тромбиннің белгенділігін төмендетеді
4) протеолитикалық ферменттерді тежейді
5) бауырдағы протромбин синтезін ынталандырады

12. Фибринолитикалық заттар қандай жағдайда қолданылады?

1) тромб түзілуінің алдын алу үшін
2) қан кетуді тоқтату үшін
3) фенилинді тым артық қолданғанда
4) жаңа тромбтарды еріту үшін
5) гепаринді артық қолданғанда

13. Қандай дәрілік зат неодикумарин препаратының антагонисті болып табылады?

1) аминокапрон қышқылы
2) тиклопидин
3) викасол
4) пентоксифиллин
5) гепарин

14. Қандай препараттың әсері тез, 4-5 сағатқа созылып, кумуляцияланбайды?

1) варфарин
2) неодикумарин
3) викасол
4) фенилин
5) гепарин

15. Төменде көрсетілген қайсы препарат тромбоксан А₂ синтезін тежейді?

1) аминокапрон қышқылы
2) фраксипарин
3) викасол
4) ацетилсалицил қышқылы
5) тромбин

16. Аминокапрон қышқылы қай топқа жатады?

1) тікелей емес әсерлі антикоагулянт
2) антиагрегант
3) коагулянт
4) фибринолизді тежегіш
5) тікелей әсерлі антикоагулянт

17. Ацетилсалицил қышқылы қандай фармакологиялық әсер иеленеді?

1) бронхолитикалық әсер
2) қан қысымын төмендетеді
3) ауыру сезiмiн басады
4) қан қысымын жоғарылатады
5) аллергияға қарсы

18. Темір препараттарын қабылдағанда ағзада қандай жанама әсерлер пайда болады?

1) тахикардия, ульцерогенді әсер
2) тәбеттің төмендеуі, тістерде қара түстің пайда болуы
3) инфильтрат, пирогенді әсер
4) бұлшықеттердің ауырсынуы, қан кету
5) тәбеттің жоғарылауы, есекжем

19. Қандай жағдайда темір препараттарын парентеральды қолдануға болмайды?

1) қан кету, коронарлық жеткіліксіздік
2) неврит, гипохромды анемия
3) анемия, панцитопения
4) артериальды гипотония, тұмау
5) жедел гломерулонефрит, артериальды гипертензия

20. Қандай препаратты темір препараттарымен бірге қолдануға болады?

1) ацетилсалицил қышқылы
2) бор қышқылы
3) аскорбин қышқылы
4) гепарин
5) налидикс қышқылы

21. Берілген нұсқалардың ішінен қандай дәрілік препаратты темір препараттарымен уланғанда қолданады?

1) дипиридамол
2) фраксипарин
3) фенобарбитал
4) дефероксамин
5) этамзилат

22. Темір препараттарын парентеральды енгізгенде қандай жанама әсерлер пайда болады?

1) неврит, есекжем
2) тахикардия, ульцерогенді әсер
3) диарея, температураның төмендеуі
4) бұлшықеттердің ауырсынуы, қан кету
5) температураның жоғарылауы, флебит

23. Берілген дәрілік заттардан қайсысы лейкопоэзды ынталандырады?

1) метотрексат
2) эпоэтин альфа
3) ферамид
4) фолий қышқылы
5) метилурацил

24. Макроцитарлы гиперхромды және пернициозды анемияда В12 дәруменімен бірге қандай дәрілік препарат қосымша тағайындалады?

1) викасол
2) фолий қышқылы
3) метотрексат
4) налоксон
5) ацетилсалицил қышқылы

25. Берілген нұсқалардың ішінен қандай дәрілік препарат жүйелік әсер ететін коагулянтқа жатады?

1) тромбин
2) контрикал
3) пирацетам
4) фибриноген
5) фолий қышқылы

26. Мегалобласттық анемияда байқалатын қандай келесі өзгерістерді фолий қышқылын енгізу арқылы қалпына келтіруге болады?

1) тәбеттің жоғарылауын
2) сүйек кемігінің мегалобласттық гиперплазиясын
3) шаршауды
4) тәбеттің жоғарылауын
5) неврологиялық өзгерістерді

27. Кейбір созылмалы аурулардан туындайтын анемияларда қандай дәрілік зат тағайындалады?

1) эпоэтин альфа
2) тромбин
3) пирацетам
4) ферамид
5) контрикал

28. Жүйелік әсер ететін коагулянттық затты көрсетіңіз:

1) пирацетам
2) тромбинн
3) викасол
4) контрикал
5) фолий қышқылы

29. Қандай кезде метаболизмдік және гемопоэздік әсерге ие цианокоболамин қолданылады?

1) жүрек тұсындағы ауыру
2) тахикардия
3) гиперхромды анемия
4) гипохромды анемия
5) жүйкенің қозуы

30. Қандай дәрілік зат тромбоциттердің фосфодиэстеразаларын тежейді?

1) фраксипарин
2) натрий гидроцитраты
3) неодикумарин
4) синкумар
5) дипиридамол