Тест: 3 деңгей – қолдану, талдау, жинақтау, бағалау (контекстік тест тапсырмалары


Список вопросов


1. V1 Организм оны қоршаған сыртқы ортадан, өзінің ішкі ортасынан түсетін ақпараттарды қабылдап, өңдеп, оларды бағалайды, мәнісін, мазмұны мен мағынасын айырады. Осының нәтижесі ретінде жағдайға лайықталған қарапайым-күрделі, іс-әрекеттер орындалады. Осы мүмкіндікті іске асыруды қамтамасыз ететін маманданған арнайы жүйелер анализаторлар немесе сенсорлық жүйелер деп аталады. 1. Анализаторлар жөніндегі ілімді жасаған ғалым: А. Прохаска И. В. Гельмголц С. Ломоносов М.В. Д. Павлов И.П. Е. Парин В.В. 2. Сенсорлық жүйе бөлімдерін көрсетіңіз: А. Рецептор, қыртыс асты құрылым және атқарушы мүше В.Перифериялық , өткізгіш және орталық С. Орталыққа тепкіш нейрон, ми қыртысы, орталықтан тепкіш нейрон Д.Перифериялық, аралық және қыртыс асты құрылым Е.Рецепторлар, ми бағаны, ми қыртысының ассоциативтік аймағы 3.Адам ағзасындағы талдағыштардың барлығын атаңыз: А. көру, есту, қозғалыс В. иіс, дәм сезу, тері С. Көру, есту, иіс, дәм сезу, тері,қозғалыс, вицеральді Д. Висцеральді, қозғалыс, дәм сезу. Е. Тері, дәм сезу, есту, көру

1) 1-С, 2-Д, 3-Е
2) 1-Д, 2-Е, 3-А
3) 1-В, 2-А, 3-Д
4) 1-А, 2-С,3-В
5) 1-Д, 2-В, 3-С 0

2. V1 Адамда екі сигнал жүйесі бар: 1-ші сигнал жүйесі - сыртқы ортаның табиғи әсерлері мен оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесі, ал 2-ші сигнал жүйесі – сөйлеу, сөзбен белгіленген сигналдарды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесі мен сөйлеумен, сөзбен байланысты ойлау қабілеттері. Болмыстың екі сигналды жүйесінің адамның өмірі, сыртқы ортамен байланысы үшін маңызы зор.Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір бірімен тығыз байланысты. 1. Болмыстың екі сигналды жүйесі туралы ілімді жасаған ғалым? А. Сеченов И.М. В. Введенский.Н.Е. С. Павлов И.П. Д. Анохин П.К. Е. Асратян Э.А. 2.Балада 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері қай кезден пайда болады? А. Туылған соң алғашқы күндер В. Жарты жастан асқанда С. Екі жасқа толғанда Д. Мектепке оқуға бара бастағанда Е. Ер жеткен шақта 3. Адам баласындағы екі сигнал жүйесінің даму дәрежесіне байланысты жоғары жүйке әрекетінің қандай типтерін ажыратады? А. Ойлы, ақылды, шешен В. Күшті, өжет, жылдам С. Әдемі, сымбатты, ақылды Д.Ойлы(саналы), көркемсуретті, аралас (орташа) Е. Салмақты, ойлы, тұйық. 4. Болмыстың бірінші сигналдық жүйесінің мәнісі: А. Жануарлар үшін тән болатын нақты сигналдарды анализдеу және синтездеу В.Жануарлар және адам үшін ортақ болатын,нақтылы (тікелей) сигналдарды анализдеу және синтездеу қасиеті С. Қоршаған дүниеден шығатын нақтылы сигналдарға анализ және синтез жасау Д.Жануарлар мен адамдардың сыртқы орта тітіркендіргіштерін жинақтауы Е. Сыртқы дүниенің заттары мен құбылысын қабылдау, анализдеу, синтездеудің адамға тән қасиеті

1) 1-Е, 2-Д, 3-С, 4-А.
2) 1-Д, 2-Е, 3-А, 4-Д
3) 1-С, 2-В, 3-Д, 4-В.
4) 1-В, 2-А,3-Е, 4-С.
5) 1-А, 2-С, 3-В, 4 – Е.

3. V1 Балаларда белгілі қажетті дағдыларды тудыру үшін динамикалы стереотиптің маңызы зор. Мысалы, таңертең тұрғаннан кейін баланың өз төсегін жинауы, жуынуы, тамақтануы, т.б.дағдыларын динамикалы стереотипке айналдыру арқылы тәртіпке үйретуге болады. 1. Сонымен динамикалықстереотип дегеніміз? А. Өмір сүру барысында пайда болған жүйе В. Ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты әсер еткен топты тітіркендіргіштерінің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын тұрақты жүйесінің жасалуы. С. Шартты тітіркендіргіштер кешені Д. Қозу мен тежелу жүйелерінен пайда болған шартты байланыстар Е. Шартты-рефлекторлық және шартсыз-рефлекторлық реакциялардың жүйелі мақсаты 2.Динамикалы стереотип адамда қай кезден бастап қалыптаса бастайды? А. Орта жастан асқанда В. Жасөспірімдік кезеңде С. Туылған соң алғашқы күндерден Д. Құрсақтық кезеңде Е. Ер жеткен шақта 3. Динамикалы стереотип ми қыртысының қандай жұмысымен байланысты? А. Өте күрделі синтездеу жұмысы В. Бірігіп (бірлесіп) әерекеттесу жұмысы С. Абстракциялық қабылдау Д. Оң және теріс шартты рефлекс жасалу Е. Сөздерге жауап реакцияларын дайындау.

1) 1-Е, 2-Д, 3-Е.
2) 1-Д, 2-А, 3-Д
3) 1-С, 2-Е, 3-В
4) 1-А, 2-В,3-С
5) 1-В, 2-С, 3-А

4. V1 Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жоғары ж.йке әрекетінің типтері деп жинақтайды. И.П. Павлов жоғары жүйке әрекетін ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі қасиеттеріне байланысты 4 топқа бөледі. 1. Жоғары жүйке әрекеті топтарының негізіне ми қыртысындағы нерв процесстерінің жататын қасиеттері? А. Күші, лабильдігі, жылжығыштығы, теңдігі В. Хронаксия, реобаза, жылжығыштық. С Күші, теңдігі, алмасуы Д. Реобаза, сезімталдылық Е. Күші, пластикалығы, шартты рефлекстердің жасалу жылдамдығы 2.И.П. Павлов бойынша жоғары жүйке әрекетінің топтары? А. Күшті, әлсіз, орташа В. Күшті, ұстамсыз: күшті, ұстамды, ширақ; күшті, ұстамды, алмасуы баяу; әлсіз С. Ұстамсыз, ширақ, лабильді, әлсіз Д. Ұстамсыз, инертті, ширақ, әлсіз Е. Әлсіз ұстамсыз, ұстамды, меланхоликтау 3. Жоғары жүйке әрекетінің топтарын сипаттайтын нерв құбылыстарының негізгі қасиеттері қай жаста толық жетіледі? А. Бір жаста В. 2-3 жаста С. Жеті жаста Д.14-17 жас аралығында Е. 20-22 жаста.

1) 1-Д, 2-Е, 3-С
2) 1-В, 2-А, 3-В
3) 1-С, 2-В,3-Е
4) 1-А, 2-С, 3-А
5) 1-Е, 2-Д, 3-Д.

5. V1 Ес – орталық жүйке жүйесінің қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстар мен оқиғаларды қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнені, ізді әр түрлі мерзімге, оларды тудырған әсерлер тоқтаған соң да сақтай алатын қасиеті. Ес арқылы организмде өмірлік тәжірибе баю және оны пайдалану жүреді. 1. Ес құралу процестері? А. Түсіріп алу, сақталу, ұмыту В. Түсіріп алу есте сақтау, еске түсіру, консолидация (нықталу). С.Түсіріп алу, сақтау, еске түсіру Д. Түсіріп алу, есте сақтау, өшу, нықтау Е. Сақталу, есте сақтау, нықтау, ұмыту, еске түсіру 2.Қысқа мерзімдік ес балада қай кезден бастап іске қосылады? А. Туылған кезде В. 3-4 айдан бастап С. Екі жаста Д. Бес жасқа толғанда Е. Жасөспірімдік кезеңде 3. Бастауыш сынып оқушыларындағы естің ерекшеліктері? А. Сенсорлық ес В. Еске сақтау жылдамдығы жоғары С. Еріксіз еске сақтау Д.Абстрактылы ес дамымаған, сөздерді жаттап алуға байланысты ес бірінші орында болады, еске сақтау жылдамдығы төменірек болады Е. Ұзақ мерзімді ес.

1) 1-А, 2-С, 3-В
2) 1-С, 2-В,3-Д
3) 1-В, 2-А, 3-С
4) 1-Д, 2-Е, 3-А
5) 1-Е, 2-Д, 3-Е

6. V1 Адамның көңіл-күйі немесе латын тілінде «эмоция» (эмовере – қобалжу, қозу деген мағынада) бет әлпетінен, денесінің қалпынан, мимикасынан, сөз интонациясынан, дауыс ырғағынан білініп тұрады. Бұл – жоғары жүйке әрекетінің күрделі, қиын зерттелген қызметінің бір түрі. 1. Эмоция дегеніміз не? (қысқа анықтамасын көрсет): А. Адамның өзіне және сыртқы орта жағдайына ішкі сезімін білдіріп, белгілі бір тітіркендіргіштің әсеріне көрсететін организмнің жауабы. В. Қажеттілік пен мотивацияға негізделген адамның айналаға және өзіне қатынасы С. Мотивацияның бір түрі Д. Адам қажеттілігін қанағаттандыру нәтижесі Е. Мотивациялық ниеттену реңі 2.Эмоцияны ғылыми тұрғыдан зерттеуде көп еңбек сіңірген ғалым: А. Рене Декарт В. У. Кеннон С. Сеченов И.М. Д. Брехман И.И. Е. Лесгафт П.Ф. 3. Эмоцияның ең жоғарғы орталығы жүйке жүйесінде қайда орналасқан? А. Жұлында В. Сопақша мида С. Вароли көпірінде Д.Ми қыртысының маңдай аймағында Е. Мишықтың ортаңғы бөлімінде 4.Үш жасқа дейінгі балаларда эмоцияның қалыптасуына күшті әсер ететін фактор: А. Ағзаның вегетативті реакциялары Б.Дене салмағы В.Дұрыс тәрбиелеу С. Өзін шексіз сүйетін анасымен тікелей қарым-қатынас Д.Оң әсерлі тітіркендіргіштер Е.Әкесінің көз қарасы.

1) 1-А, 2-В, 3-Д, 4-С
2) 1-В, 2-А,3-В, 4-Д
3) 1-С, 2-Е, 3-Д, 4-А
4) 1-Д, 2-С, 3-Е, 4-В
5) 1-Е, 2-Д, 3-С, 4-Е

7. V1 Оқытушы «Сенсорлық жүйелердің физиологиясының жас ерекшеліктері» тақырыбындағы семинарлық сабақта студенттерге есту мүшесінің құрылысы, дыбысты қабылдау функциясы және балаларда есту кемшіліктерінің алдын алудың гигиенасы туралы сұрақтар қойды. 1. Есту талдағышының шеткі бөлімі – құлақ неден тұрады: А. Сыртқы және ішкі құлақ В. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ С. Сыртқы, ортаңғы құлақ және ішкі жартылай дөңгелек каналдар Д. Сыртқы, дабыл жарғағы, сопақша терезе Е. Құлақ қалқаны, евстахи түтігі 2. Сыртқы құлақ: А. Құлақ қалқаны, дабыл жарғағы В. Құлақ қалқаны, есту сүйекшелері С. Құлақ қалқаны және сыртқы есту жолы Д.Жартылай дөңгелек каналдары және сыртқы есту жолы Е.Құлақ қалқаны, евстахи түтігі 3.Ортаңғы құлақ тұрады: А.Есту сүйекшелерінен В.Дабыл қуысынан, евстахи түтігінен С.Дабыл жарғағы және есту сүйекшелері орналасқан дабыл қуысынан Д.Балғашық, төс және үзеңгі орналасқан дабыл қуысынан Е.Есту сүйекшелері, евстахи түтігі, сопақша және дөңгелек терезе орналасқан дабыл қуысынан 4.Ішкі құлаққа жататындар: А. Перилимфа және эндолимфа В. Ұлу түтік, жартылай дөңгелек каналдар С. Жартылай дөңгелек каналдар және кіреберіс (босаға) Д. Сүйекті және жарғақты лабиринт Е. Кіреберіс (босаға) , ұлу түтік, жартылай дөңгелек каналдар. V1 Оқытушы «Сенсорлық жүйелердің физиологиясының жас ерекшеліктері» тақырыбындағы семинарлық сабақта студенттерге есту мүшесінің құрылысы, дыбысты қабылдау функциясы және балаларда есту кемшіліктерінің алдын алудың гигиенасы туралы сұрақтар қойды. 1. Есту талдағышының шеткі бөлімі – құлақ неден тұрады: А. Сыртқы және ішкі құлақ В. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ С. Сыртқы, ортаңғы құлақ және ішкі жартылай дөңгелек каналдар Д. Сыртқы, дабыл жарғағы, сопақша терезе Е. Құлақ қалқаны, евстахи түтігі 2. Сыртқы құлақ: А. Құлақ қалқаны, дабыл жарғағы В. Құлақ қалқаны, есту сүйекшелері С. Құлақ қалқаны және сыртқы есту жолы Д.Жартылай дөңгелек каналдары және сыртқы есту жолы Е.Құлақ қалқаны, евстахи түтігі 3.Ортаңғы құлақ тұрады: А.Есту сүйекшелерінен В.Дабыл қуысынан, евстахи түтігінен С.Дабыл жарғағы және есту сүйекшелері орналасқан дабыл қуысынан Д.Балғашық, төс және үзеңгі орналасқан дабыл қуысынан Е.Есту сүйекшелері, евстахи түтігі, сопақша және дөңгелек терезе орналасқан дабыл қуысынан 4.Ішкі құлаққа жататындар: А. Перилимфа және эндолимфа В. Ұлу түтік, жартылай дөңгелек каналдар С. Жартылай дөңгелек каналдар және кіреберіс (босаға) Д. Сүйекті және жарғақты лабиринт Е. Кіреберіс (босаға) , ұлу түтік, жартылай дөңгелек каналдар.

1) 1-В, 2-С, 3-Д, 4-Е
2) 1-А, 2-А,3-С, 4-Д
3) 1-С, 2-В, 3-Е, 4-А
4) 1-Д, 2-Е, 3-А, 4-С
5) 01-Е, 2-Д, 3-В, 4-В

8. V1 Көру анализаторы миға барлық рецепторлардан түсетін ақпараттың 90 пайыздан артығын қамтамасыз етеді.Оның перифериялық сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Көз баланың айналасындағы дүниені танып білуінде, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызды роль атқарады. Оның құрылысы өте күрделі, нәзік сезім мүшесі. 1. Көз алмасының қабықтары: А. Қасаң қабық , көз бұршағы, торлы қабық В. Ақшыл қабық, ішкі қабық, тамырлы қабық және торлы қабық С. Сыртқы, белокты, ортаңғы түсті және ішкі Д. Ақшыл, тамырлы және торлы қабық Е. Белокты, түсті және рецепторлы қабық 2. Көздің оптикалық жүйесі: А. +Қасаң қабық, көздің алдыңғы және артқы камерасының сұйық заты, көз бұршағы және шыны тәрізді дене В.Қасаң, түсті қабық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене С. Қасаң қабық, көз бұршағы, торлы қабықтағы сары дақ Д.Қасаң қабық, түсті қабық, көз бұршағы, торлы қабық Е.Қасаң қабық, көз бұршағы, көз қарашығы 3. Көздің рецепторлық аппараты қай бөлімде орналасқан А. Тамырлы қабық В. Көз бұршағы С.Торлы қабық Д.Ақ қабық (склера) Е. Түсті қабық 4.Аккомодация құбылысы дегеніміз: А. Заттарды жарықта және қараңғыда көздің анық ажырата білуге бейімделуі В. +Көздің әртүрлі қашықтықта тұрған заттарды анық көруге бейімделу қабілеті С. Әртүрлі көлемдегі заттарды көздің анық ажыратуға бейімделу қабілеті Д. Заттарды түстері бойынша көздің анық ажыратуға бейімделуі. Е. Әртүрлі тіршілік жағдайында көздің заттарды анық көруге бейімделу қабілеті.

1) 1-Д, 2-А, 3-С, 4-В
2) 1-А, 2-С,3-В, 4-Д
3) 1-В, 2-Д, 3-Е, 4-С
4) 1-С, 2-Е, 3-А, 4-А
5) 1-Е, 2-В, 3-Д, 4-Е

9. V1 Төртінші сынып оқушысы Асқар Айтбаев дене шынықтыру сабағынан кейін аяқтарының шаршап, бұлшық етттерінде ауырсыну сезініп жүрді. Кейіннен ұзақ жүргенде, кешке қарай аяқтарында ауырсыну пайда болып, шаршайтын болды, басы ауырып, сабақтан үлгерімі нашарлады. Ауырсыну әсіресе табанда, күмбез аумағында, тірсек еттерінде сезіледі. Әкесі емханаға апарып көрсеткенде, дәрігер Асқарда жалпақ табан бар екенін, тексеріліп ем шараларын жасау қажеттігін айтты. 1. Жалпақ табан болғанда байқалатын өзгерістер: А. Табан иінінің ұзындығы немесе көлденеңінің жартылай немесе толық төмен түсуі В. Табан тірек беті көлденеңінің 1/3-ін алып жатады С. Табан алдыңғы бөлімімен еденге жанасады Д. Табан артқы бөлімімен еденге жанасады Е. Табанның ортаңғы бөлімі жермен жанасады 2. Табан күмбезі қай жасқа дейін қалыптасады? А. Бір жасқа дейін В.Үш жасқа толғанда С. Жеті жасқа дейін Д.13-17 жасқа дейін Е.30 жасқа дейін 3.Жалпақ табанның алдын алу шаралары: А. Биік өкшелі аяқ киім кию, тыныс алу гимнастикасы В. Жалаңаяқ жер басып жүру, бұлшық еттерді күшейтетін жаттығулар, спорт ойындары С. Кеуде мен арқа бұлшық еттерін нығайтатын жаттғулар,табиғи құрсау жасау Д. Басқа бір ауырлау зат (кітап) қойып жүру, уақыттың көбін таза ауада өткізу Е. Күн ваннасын қабылдау, суық сумен жуыну

1) 1-Е, 2-Д, 3-В
2) 1-А, 2-В,3-С
3) 1-В, 2-С, 3-Д
4) 1-Д, 2-Е, 3-А
5) 1-Е, 2-А, 3-Е

10. V1 Адам организмінде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Ішкі секрециялық бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесі эндоокриндік жүйеге жатады. Олардың өндіретін секреттері тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңіп, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. 1. Эндокриндік жүйенің бездері: А. Ферменттерді жасаушы бездер В. Витаминдерді жасаушы бездер С. Гормондар жасаушы бездер Д. Сыртқы секреция мүшелер Е. Ішкі мүшелер 2. Ішкі секреция бездеріне жататындар: А. Сілекей, қарын, бауыр, ұйқы безі В. Бауыр, ұйқы безі, гипофиз, қалқанша без, сілекей безі, тимус С. Гипофиз, қалқанша без, айыршық, ұйқы, бүйрек үсті, эпифиз Д.Эпифиз, гипофиз, қалқанша, қалқанша маңы безі, тимус, ұйқы, бүйрек үсті, жыныс бездері Е.Гипофиз, эпифиз, қарын, бүйрек, жыныс бездері 3.Қандай бездер екі түрлі қызмет атқарады? А. гипофиз, эпифиз В. қалқанша без, айыршық С. бүйрек үсті, ұйқы безі Д. қалқанша маңы безі, тимус Е. ұйқы, жыныс бездері

1) 1-С, 2-Д, 3-Е
2) 1-А, 2-В,3-С
3) 1-В, 2-С, 3-Д
4) 1-Д, 2-Е, 3-А
5) 1-Е, 2-А, 3-В